Шетелдік элементтермен отбасылық қарым-қатынас түсінігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

§1. Шетелдік элементтермен отбасылық қарым-қатынас түсінігі және оның құқықтық реттелу жолдары .

1. Шетел мемлетімен байланысты отбасылық қарым-қатынастар әдетте шетелдік элементті отбасылық қарым-қатынас деп танылады. "Шетелдік элемент" термині көбінесе доктриналарда қолданылады және үнемі бірізді түсініле бермейді, ол 1186 РФ МК 1бабында көрсетілгендей жоғары заңнамада бекітілген (тек 1999 жылғы теңізде жүзу саудалық Кодексі оны РФ МК үшінші бөлімі ретінде қабылдағанға дейін қолданып келді) . «Шетел азаматы немесе шетелдік заңды тұлғалардың қатысуымен болған азаматтық құқықтық қарым -қатынасқа шетел элементімен күрделенген жағдайда яғни, егер азаматтық құқықтың нысаны мемлекеттен тыс жерде болып табылса» РФ МК 1186 бабы құқық енгізуді қарастырады. Осы жағдайда, шетелдік элемент азаматтық құқықтық қатынастарда былай көріне алады:

  1. Олардың қатысушылары шетелдік азаматтық жағдайында болса.
  2. Азаматтық құқық нысанының мемлекеттен тыс жерден табылған жағдайында болса.
  3. Басқа жағдайларда.

Заң көріп тұрғанымыздай тізімді ешқашан жасырмайды. Мысалы, шетел элементі ретінде заңдық факт мемлекеттен тыс жерде орналасса да оның тууымен, өзгеруімен және аяқталуымен байланысты жағдай ретінде көріне алады.

Көбінесе шетел мемлекетінің құқықтық қарым-қатынас байланысының ықпалында кететін отбасылық құқық шетелдік субъектілердің құқықтық қатынасына тән болып кетеді. РФ ОК VII тарауында шетел элементті отбасылық қарым-қатынасқа арналған «отбасылық заңнамалықты шетел азаматы және азаматтық алмаған тұлғалы отбасылық қатынастарға енгізу» деп аталатын шетелдік элементті отбасылық қатынастарға арналады. Әрине, РФ ОК «шетел элементі» түсінігі РФ МК 1186 статьясындағыдан гөрі жоқтың қасы деп тануымыз әбестік болар еді. Мүмкін, дәл осы жерде шетелдік құқықтық қатынастың сипаты олардың қатысушыларының шетелдік азаматтық (немесе азаматтық емес) аясынанда тым артып кеткен болар. РФ ОК VII тарауында енгізілуге қажетті құқықтық байланыс тек қана азаматтықпен шектелмей, сонымен қатар қатысушылардың мекен -жайы немесе некеге тұру актісін жүзеге асырған орны алынады.

Ал, жеке баптарда шетелде тұратын немесе некеге шетелде тұрған ресейлік жұбайлар жайлы сөз қозғалынады.

РФ МК 1186 бабының 1-қосымшасын есепке алғанда және РФ ОК VII тарауында нормаларды талқылау негізінде (РФ МК үшінші бөлімі РФ ОК қабылданғаннан кейін алты жылдан кейін заңды күшке ие болды) РФ ОК VII тарауының мазмұнын аша отыра оның аясының кең екеніне көзіміз жетті.

Шетелдік элемент отбасылық қарым- қатынаста жекеше былай көрінуі де мүмкін:

  1. Шетелдік азаматтықта олардың қатысушыларының біреуі болған жағдайда.
  2. Қатысушыларының біреуі азаматтық алмаған жағдайда.
  3. Құқықтық қатынас мүшелерінің шетелде өмір сүрген жағдайында.
  4. Құқық нысандарының шетелде орналасқан жағдайында (мысалы, жұбайларға қатысты қозғалмайтын мүліктің шетелде орналасуы. )
  5. Шетелдегі заңдық факт локализациясы (мысалы, шетелде некеге тұру) .

РФ МК енгізуге дейін «шетел элементі» қолдануға қарсы әдебиеттерде белгілі бір аргументтер келтірілді, олардың ішінде бәрінен де жиі қолданылатын әрі қалыптасқан құқықтық қатынас құрылымын, өңделген құқық теориясын бұзады деген түсінік (субъект, объект, құқық және міндеттер) тағы бір элемент ретінде қосылды. Шетелдік элементтер құқықтық жоспарда құқықтық қарым- қатынастың бір элементі ретінде көрінеді. Қарастырылып отырылған термин заңнамалық әдебиеттерде (РФ МК, одан бұрын теңізде жүзу сауда Кодексінде) мұндай «шабуылдарын» тоқтатқан жоқ. Тіпті, кейбір жақтастары оны пайдалана отырып «жалпы қабылданған құқықтық қарым-қатынастың құрылымы ретінде » мойындайды.

Бірақ, шетел элементі түсінігін (әдебиет және заңда қолданылатын термин ретінде) оны құқықтық қатынастың элементі ретінде емес, белгілі бір деңгейдегі «бояу», «сипат» ретінде, оның шетел мемлекетімен байланысын білдіретін және құқықтық қатынасқа енгізуге қатысты сұрақ ретінде түсінуіміз керек. Қазіргі жағдайда жалпы қабылданған құқықтық қатынас құрылымы сөз болмайды. А. А. Рубанованың айтуы бойынша «шетелдік сипаттарды өзіміздің азаматтық құқықтық қарым- қатынасымызға енгізудің еш негізі жоқ». Ал, А. Л. Маковсийдің пікірінше шетелдік элемент түсінігі халықаралық жеке құқықтарда белгілі бір мақсат үшін азаматтық құқықтық категориясын заңда квалификациялауға, әрі отандық қана емес сонымен қатар шетелдік құқықты енгізуге пайдаланады дейді.

Шетелдік элемент нақты түсінік емес шартты алынған, әрі оны көптеген авторлардың кейбір терминдерімен алмастырып айтуымызға да болады -«шетелдік сипат», немесе «заңдық байланыстың әсері», бірақ бұл терминдерді пайдалануға жарамсыз, өйткені заңгерлер тұрғысынан бұл баяғыда қабылданып қойған.

Сонымен қатар ең басты назарды шетел элементі нақты құқықтық қатынастарда ғана қолданатынына аударамыз керек. Сондықтанда мысалы, шетел азаматы ретінде қатысушы өкіл немесе сотқа шетел билігі тарапынан берілген құжат тапсырылған кезде құқықтық қатынастарды қарастыру негізі шетелдік элементті құқықтық қатынас ретінде қарастырылады.

1. Шетелдік элементті отбасылық қарым-қатынасының кем дегенде екі мемлекетпен байланыстылығы (шетелдік элементтер бірнешеу болуы мүмкін, мысалы егерде жұбайлардың біреуі Германия азаматы болып, ал өздері Ресейде тұрса, Францияда оларға тиесілі тұрғын үйлері бар) отбасылық құқықты енгізуге алып келді.

Мұндай отбасылық құқықтылық сұрақ жеке мемлекеттерді де мазалауы қажет. Қай мемлекеттің заңы жетекшілік танытатынына (сот болатын ел ме әлде басқа екі мемлекеттің қайсысы) көптеген пікір таластардан кейін бірақ жетеміз. Бұл айырмашылықтар көптеген жылдар бойы қалыптасып қалған ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлерге қатысты. Неке формасы әртүрлі шешіледі (некеге тұрудың әртүрлі тәртібі, некені мойындау немесе мойындамау, дінге қатысты некеге тұру), некеге тұру шарттары (некеге тұру жасының әртүрлілігі, көп әйелдік некенің енгізілуі, шетел азаматымен некегеге тұруға тыйым салу және т. б. ), жұбайлардың жеке және мүліктік қарым-қатынасы, ата-аналар мен балалар, бала асырап алудың заңы мен тәртібі.

Дәл осы жағдайлардың салдарынан некедегі қиыншылықтар туып жатады, бір мемлекетте мойындалатын некеге қатысты заң екінші мемлекетте мүлдем ескерілмеуі мүмкін (тұрақты емес неке) . Тұрғындар миграциясының кеңеюі және отбасы мүшелері -белгілі бір мемлекеттің азаматтары мүлдем басқа мемлекетте өмір сүріп, жұбайлардың мүлкі өмір сүріп жатқан мемлекеттен тыс жерде болып табылса, онда аралас неке санының өсуі әрі отбасы мүшелерінің азаматтық санының әртүрлілігі отбасы құқығын енгізу сұрағына ерекше қышқылдықпен әсер етеді.

1. Аталынған мемлекеттердің қайсысының отбасы құқығы жетекшілікке алынатыны, қайшылас нормалардың қатысуы, заңға «қарсы» бірақ, реттеуші күші бар қайшыластықтар. Құқықты орнату кезінде коллизия нормалар нақты бір отбасылық қарым-қатынастағы міндеттер мен құқықтарды анықтамайды, тек отбасылық құқықты екі мемлекеттің біреуіне сілтейді, әрі оған қалыптасқан жағдайды реттеуді жүктейті. Егерде әртүрлі азаматтық некедегі жұбайлар арасындағы неке бұзылатын пікір таласқа келетін болсақ, онда әр түрлі мемлекетте өмір сүруші жұбайлардың мәселесін коллизия норма жұбайлар ең соңғы рет өмір сүрген мекен жайға әрі материалдық отбасылық құқығын реттеуші мемлекет құқығына береді.

Отбасылық құқықтың коллизиялық нормалары халықаралық жеке құқықтық сферасына қатысты. Л. А. Лунцтың айтуы бойынша «кеңестік отбасылық құқық кеңестік азаматтық құқық тізіміне енбеді, отбасылық құқықта өркениет категориясының бір тұтас қатары қолданылады: құқыққабілеттілік, дееқабілетілік, некені аяқтау, бұл формаларды бақыламаудың салдары және т. б. Отбасындағы мүліктік қарым-қатынас өркениетті категорияларды енгізу қатарымен реттеледі. Әрине халықаралық деңгейдегі шарттармен отбасы құқығын реттеу талай мемлекеттердің жекелеген құқық категориясын енгізуге алып келеді. » Өркениетті концепцияның бір бөлігі ретінде халықаралық жеке құқық азаматтық құқықтық сипатта кең мағынада араласады. Бірақ, кейбір авторлар (заңдық нормаларды қабылдап отырған заңгерлердің табиғаты немесе бағалауына қатысты ) мұндай позициялардың дұрыстығына күмәнданып халықаралық қарым-қатынас сферасына араласып кеткен шетелдік отбасылық қарым-қатынасқа енгізілмеуі де мүмкін. Л. П. Ануфриева РФ МК VI тарауындағы «Халықаралық жеке құқыққа» ерекше назар аударып оны азаматтық құқықтың ең соңғысы ретінде талқылады (отбасылық қары-қатынасты алып тастағанда) .

Халықаралық жеке құқықтың құқықтық табиғаты туралы сұрақ өз уақытында доктринада жан-жақты қарастырылды, бірақ қазіргі кезде де детальді қайта қарауларды қажет етеді. Автор халықаралық жеке құқықтың өркениеттік концепциясына сүйене отыра ешқандай да «ұлттық халықаралық жеке құқық туралы көне анахронизмалық әсіресе «шетел элементіне қатысты» халықаралық жеке құқықтың реттеу пәнін »енгізе алмайды.

РФ МК VI тарауындағы ресми емес талқылауларды халықаралық жеке құқықты азаматтық құқықтың бір бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Доктринада жекеше айтқанда РФ МК комментарийлерінде бұл тараудың мазмұны оның атында ғана берілген әрі өзінің арнасына көптеген реттеуші, материалдық құқықтық әдістермен және барлық коллизиялық нормаларды қамтымайды, тек Ресей заңнамалығын басқаша айтқанда отбасылық құқықтың коллизиялық нормасын құрайды.

Реттеудің коллизиялық әдісі шетел элементті отбасылық қарым-қатынасқа жарамды, отбасылық қарым-қатынастар реттеудің ең негізгі ерекшелігігі болып табылады.

1. Халықаралық жеке құқықта реттеудің материалдық құқықтық әдісі қолданылады, басқаша айтқанда, әр түрлі құқықтық жүйелердің теке- тіресін қамтамасыз етудің басқа әдісі. Мәселе бұл жерде коллизиялық нормалар сияқты құқықты енгізуді сілтеу емес, кезектегі сұрақты материалдық құқықтық норманың көмегімен шетел элементті жеке құқықтық міндеттер мен құқықтарды реттеуге кіріседі. РФ МК 1186 3-бабында мынадай жазу кездеседі: « Егер де Ресей Федерациясының белгілі бір жағдайда қабылданатын материалдық-құқықтық нормасы бар халықаралық келісім-шарты құқықтың коллизиялық нормасының негізінде анықталса онда ол материалдық-құқықтық реттелу тұрғысынан жарамды болып табылады. »

Тек қана халықаралық келісімнің ережелері ғана емес, сонымен қатар материалдық-құқықтық нормалар анық түрде коллизиялық реттелуді «ығыстырып тастайды».

РФ ОК кейбір материалдық нормаларды енгізуге деген құлшыныс халықаралық сипаттағы қарым-қатынасты есепке ала отыра, жекеше алғанда Г. Ю. Федосеева көрсеткендей реттеуге бағытталған ата-ана мен оның баласы арасындағы олардың ажырасу жағдайындағы Ресей териториясынан ата-анасының біреуі кеткен кезде баланың кімге өтуі анықталынады.

Сонымен қатар, ол осы сияқты көптеген қарым-қатынастың халықаралық сипатты материалдық нормасын есептей отыра оларды РФ ОК құрамына енгізу арқылы әлі сәйкес келе алмай жатқан регламентацияға ие болу мүмкіндігін айтып өтті. Мұндай позициялар болашақта халықаралық жеке коллизиялық реттелу тағдырына берген пікірлерінің негізінде жатыр. Е. В. Кабатова «классикалық коллизиялық әдіс белгілі бір деңгейдегі түзетулер мен корректировкаларды талап ететіндігіне» ерекше назар аударды. Және қазіргі кездегі халықаралық жеке құқық классикалық коллизиялық рөлін бірте-бірте төмендетуі негізінде айтылып және оны біраз негізгі принциппен алмастыруды да қарастыруда. Мұндайға жататындар: нақты құқықтық реттеушімен құқықтық қарым-қатынас байланысын одан сайын нығыздай түсетін принцип табу, неғұрлым қайырымды құқықтық тәртіптің принципін табу. Алыс болашақта толықтай классикалық коллизиялық әдісін алып тастау көзделініп отыр.

Халықаралық жеке құқықтағы реттелуді білдіретін көптеген өзгерістердің бүгінгі күнде қайсысының реттеп, ал қайсысының бейімделуге неғұрлым «ұтымды» болып жатқанын анықтау мүмкін емес. Бірақ коллизиялық нормалардың мүмкіндігін жеткілікті деп есептеуімізге бола ма? Тіпті алыс келешектің өзінде коллизиялық реттелудің толық орындалатынына сенеміз бе? Халықаралық жеке хұқықтың 2004 жылғы Бельгия құқығы жаңа өзгертулерді ескере отыра коллизиялық реттелудің классикалық әдістерін қолданады. Оның бір ерекшелігі отбасылық құқыққа арналады, соның ішінде терең тарихи, діни, адамгершілік және этникалық түбірлес болып келеді. Отбасылық құқық саласына келетін болсақ, реттеудің коллизиялық нормалары негізгі реттеуші болып табылады. "Классикалық" реттеуден басталған іс жедел сотпен аяқталуы мүмкін. Ал, ресейлік сотқа әрдайым сенімділік арта аламыз ба? Қазіргі кезде отбасылық қарым-қатынаста коллиз реттеуге әкеліп отыру әсіресе ресейлік құқыққа таяту

Шетел азаматының қатысуымен отбасылық қарым- қатынастың жеке түріне қолданылатын құқық.

§1. Некеге тұру және бұзу туралы коллизиялық сұрақтар.

  1. Некеге тұру

1. 1 . Адам құқығының жалпы декларациясының 16 бабында некеге тұру құқығы туралы жазылған: «1) Әйелдер мен ерлер кәмелеттікке толған шағында ешқандай нәсіл, ұлт немесе дінге қарамастан некеге тұрып отбасын құруға құқылы. Олар некеге тұру кезінде, некеде тұрған уақытта да әрі некені бұзу кезінде де тең құқықты болып табылады. 2. Неке екі жақтың толық және ерікті келісімімен ғана жүзеге асырылады ».

Шетел азаматымен некеге тұру үшін халықаралық жеке құқықтың маңызды екі сұрағы бар: қандай жағдайда некеге тұруға болады және ол некеге болып санала ма, бір мемлекетте тіркелген неке басқа бір мемлекетте мойындалады ма? Отбасылық құқықтағы айырмашылық: мысалы, Германияда неке мемлекеттік органда тіркелген болса ғана заңды болып табылады, ал басқа елдерде мысалы, Ұлыбританияда шіркеулік неке азаматтық нысанымен тең құқықты болып табылады. Италия, Польша, Хорватия, Чехияда некенің шіркеулік нысаны альтернативті болып табылса да АХАЖ бөліміне тіркелу міндетті болып табылған. Басқа мемлекеттерде азаматтарының шетел азаматтарымен некеге тұруына байланысты арнайы шарттар мен шектеулер орнатылған. Некеге тұратын шарттар да әртүрлі анықталынады: некеге тұру жас мөлшері әр елде әртүрлі, некеге тұруға бөгет жасайтын туыстық қарым-қатынас деңгейі бірдей болып табылмайды. Кейбір елдерде мысалы, Швейцарияда бұрын ажырасқан жұбайлардың кіналы жағы үшін жаңадан некеге тұру шектеулі, ал Германия және басқа да мемлекеттерде жесір немесе ажырасқан әйел үшін жаңа некеге өтуге уақыт шектеулі. Ал, кейбір мемлекеттерде некеге тұруға қатысты шарттар ата-ананың рұқсаты, үйлену, жергілікті биліктің рұқсаты сияқты қағидаларға сүйенеді. Мұсылман мемлекеттерінде мұсылман әйелдерге арналған құқық мынадай шарт орнатқан: олар мұсылман емес ер адамға күйеуге шыға алмайды. Некеге тұрған жағдайдағы жаңа некеге өту мүмкіндігі, көптеген елдерде моногамия, ал мұсылман елдерде полигамия құқығына ерік бар (көп әйелдік) . Қазіргі кезде көптеген мемлекеттерде (мысалы, Дания, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швецияда) бір жынысты одаққа ерік берілген. Басқа мемлекеттегі некенің мойындалмауы тұрақсыз неке деп аталатын түсінікті тудырады. Сондықтанда әртүрлі мемлекет азаматтарын некеге отырғызу кезінде екі мемлекеттің қайсібірінің де заңдылығынан да көп нәрсенің әсерін байқаймыз, тіпті некенің өмір сүру жағдайының өзі де тікелей осы мемлекеттің тармақтарына байланысты.

Құқық енгізуді анықтайтын коллизиялық нормалар әртүрлілігімен ерекшеленеді. Алайда, көбінесе, неке нысаны ретінде некеге тұратын орынға құқық беріліп жатады. Сонымен қатар мемлекеттен тыс жерде жерде некеге тұру өзіне қосымша коллизиялық сұрақтарды жабыстырып алады. Мысалы Австриядя некеге тұру нысаны ел ішіндегі жергілікті нысан жазумен шектеледі. Некеге тұру нысаны осы мүшелердің әр қайсысына таңылады да, осы мемлекеттен тыс жерде ойнайтын зор рөлі бар, әр формаға тұлғаларды бақылау туралы жазылған. (§16 халықаралық жеке құқық туралы Австрия заңы) . Швейцарияда тек біржақты ғана норма заңды әрі (бұл мемлекетте отырған неке нысаны Швейцария заңына бағынады (халықаралық құқық туралы Швейцария заңы 44 бап)

Халықаралық жеке құқық туралы Эстония заңына байланысты (55бап) Эстониядағы некеге тұру тәртібіне байланысты эстониялық құқық таңылады; басқа мемлекетте отырғызылған неке Эстонияда шынайы болып танылады, егер де жұбайлардың екеуінің де тұрғын мекендерінің заңдық шарттарына бағынышты жасалса некеге тұрудың шарттары заңның 56-бабында келтірілген. Шетел азаматымен некеге тұрудың құқықты нысаны ағылшындықтарда некеге тұрған орынның заңы жетекшілік орынға өтеді.

« Некеге отырудың материалдық шарттары жетекшілік доктринада болашақ жұбайлардың жеке заңын қолданудан шыққан, ал басқа жерлерде жергілікті жердің заңы қызығушылық танытушылар үшін ғана (37 бапты қараңыз) . Бұл байланыс өз мағынасын заңдылықта да тауып жатыр. Мысалы, 1995 жылғы Италия Заңының 27-бабын қараңыз. Некеге өтудегі дееқабілеттіліктің барлығы әрі басқа да мысалы, некеге отыру кезде сақтауға қажетті негізгі шарттар әрбір тұлғаның ұлттық заңымен сәйкес анықталынады. Алайда бойдақ немесе тұрмыс құрмаған әйел Италия териториясынан басқа мекенге кету үшін арнайы шешім қажет. »

Швейцарияда некеге тұру құқығы Швейцария заңымен анықталынады.

Бірақ, шетелдіктердің некеге тұру заңдылықтары швейцариялық құқықпен қаралған шарттардың орындалмаған жағдайында да орындала береді, егер некеге отырушылардың бірі азаматтық құқықты басты негізге алатын болса. (Халықаралық жеке құқық туралы Швейцария заңының 44- бабы ) 2004 жылғы Бельгияның жаңа халықаралық жеке құқық туралы заңында некеге өтуші жұбайларды өз заңдарына бағынышты ұстау көрсетілген: әр некеге отырушы жұбайлар өздеріне жүктелген ұлттық заңда көрсетілген шарттарды орындауға міндетті. Швейцария заңының 46- бабында берілгендей бір жынысты некеге отырушыларға қатысты өз шарттары да бар: бұл неке туралы хабары жоқ елдің азаматы немесе бұл некеге рұқсат берілмеген елдің азаматы некеге өте алмайды., ал осы мемлекеттің тұрғыны әрі мекен-жайлары да осы жерде тіркелген болса, онда мұндай некеге рұқсат етіледі. Бұрынғы КСРО мемлекеттеріндегі неке туралы заң кейіннен жаңа сипатқа ие болды. Грузияда некеге отырушы азаматтар осы елдің азаматы болып табылуы міндеттелінген, бірақ халықаралық жеке құқықтың шарттарына байланысты енгізілу көзделініп отыр. 1998 жылғы Грузияның заңын қайта қарау кезінде өзгертулер мен толықтырулар 44-бапқа енгізілінді. Қазақстан және Тәжікстан республикаларында неке туралы заңға бұл шарттардың енгізілуі көзделініп отыр. 2005жылғы Украинадағы халықаралық жеке құқық туралы өзгерістер мен толықтырулар негізінде бұл елдегі некеге өтуші жұбайлар міндетті түрде Украинаның отбасылық кодексінің талаптарын сақтауға міндетті. (55бап) . Эстониядағы некеге отырушы жұбайларға Эстонияда тұру мекен-жайы қатаң талап болып есептелінеді, егер де ондай талап орындалмаған жағдайда оған эстондық құқық таңылады. Тек осы шарт орындалған жағдайда ғана некеге тұруға құқылы болып есептелінеді. Бұрын ажырасқан жқбайлардың біреуі Эстон заңы бойынша заңды, ал тіпті өз елінде заңсыз болып табылса да бұл Эстон заңының некеге қатысты кедергісі болып табылмайды. ( Халықаралық жеке құқық туралы Эстония заңының 56 -бабы)

Некеге өтудегі құқықты анықтаудағы кең көзқарас тұрақтылықпен байланысты. Көптеген елдерде (мысалы, АҚШ штаттары, Латын Америкасы елдері, ОАР және т. б. ) некеге тұрудың орнына басқа критерий қолданылады. Өз мемлекетінің заңы, некеге тіркеуші мекемелерді пайдалану неғұрлым ақталынған, егер бір-бірінен алшақ емес мемлекеттер жүйесі туралы айтатын болсақ: оған мысал ретінде Скандинавия елін келтіруімізге болады тіпті АҚШ штаттары туралы айтпағанның өзінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік лингвистика. Әлеуметтік лингвистикаға қатысты көзқарастар
Құқықтық мінез - құлық туралы ақпарат
Шағын кәсіпорынның экономикалық дамуындағы алатын орны мен рөлі
Халықаралық жеке құқық
Қоғамдағы құқықтық қатынас түсінігі
Әлемнің когнитивтік суреті
Азаматтық құқық - құқық саласы ретінде
Студенттерді кәсіби қызметке дайындау барысында өзіндік сана - сезімді дамыту
Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы ақпарат
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz