Үкімді бұзу мен өзгертудің негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

3. Үкімді бұзу мен өзгертудің негіздері. 7

3. 1. Сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі. 9

3. 2. Соттың үкімде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының істің нақты мән- жайына сәйкес келмеуі. 12

3. 3. Қылмыстық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуы18

3. 4. Қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы. 22

3. 5. Жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуі. 24

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 422-ші бабына сәйкес қаулысының кіріспе бөлімінде:

  1. қаулының шығарған уақыты мен орны;
  2. қаулыны шығарған соттың атауы мен апелляциялық алқа құрамы;
  3. апелляциялық шағым немесе наразылық білдіретін тұлғалар;
  4. апелляциялық сатыдағы істі қарауға қатысқан тұлғалар;

Сипаттама-дәлелдеу бөлімінде апелляциялық шағым, наразылық және оларға қарсылықтың қысқаша дәлелі, апелляциялық сатыда қатысатын тұлғалардың ойлары, сонымен қатар қабылданған шешімнің дәлелдері көрсетіледі.

Егер шағым немесе наразылық қанағаттандырылмаса, онда сипаттама- дәлелдеу бөлігінде осы шағым, наразылықты дәлелсіз және мағынасыз екендігін көрсететін негіздер болады.

Үкім өзгертіп немесе бұзған кезде қаулыда қарсылық және Қылмыстық іс жүргізу кодексі заңдарының қай баптарының міндеттемелері бұзылғанын, бұл бұзылушылықтың негіздері көрсетеді.

Егер іс жаңа сот талқылауына жіберілсе, қаулы істі қайта қарау кезінде қандай кемшіліктерді жою керек, сол нұсқалады. Осы жерде апелляциялық саты айыптаудағының дәлелденген не дәлелденбегені не байланыс сұрақтарды алдын- ала анықтамауы тиіс.

Қаулының қорытынды бөлімінде апелляциялық сатыдағы соттың шағым және наразылық бойынша шешімі көрсетіледі.

Апелляциялық қаулы кеңесу бөлімінде шығарған, сот отырысы залында жарияланады. Апелляциялық сатының қаулысы үш күннен кешіктірілмей үкім шығарған сотқа жіберіледі.

Егер іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 303- ші бабына сәйкес қайта тергеумен жіберілсе, осы қаулы іс материалдарымен арнайы прокурорға жіберіледі. Осындай жағдайда I-ші сатыдағы сотқа апелляциялық сатының қаулысының көшірмесі жіберіледі.

Егер де қаулы бойынша сотталған адамды босату мәселесі шешілсе, онда ол бірден босалуы тиіс. Осы жағдайда апелляциялық қаулының көшірмесі немесе оның қорытынды бөлімінің үзіндісі қамаудағы сотталған адамның әкімшілігіне бүл адамды қамаудан босату туралы шешімін жібереді.

Сонымен, апелляциялық өндіріс заңмен көзделген шағымдану мәселесін, іс материалдарын зерттеуді, мәні бойынша негізді және әділ шешім шығару үшін арналған қылмыстық процессиік қызметтің бірнеше этаптарын қамтиды.

Бірінші этап ретінде тікелей шағымданады, бірінші сатыдағы сот шешіміне наразылық келтіруді айтуға болады. Қатысушының қылмыстық іс жүргізу қызметінің негізін заң талаптарына сай берілген шағымы немесе наразылығы құрайды.

Екінші этап - шағымды (наразылықты) қабылдап апелляциялық сатының сот отырысын тағайындап, соттың заңмен көзделген қатынастардың құқ пен бостандықтарын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, екінші сатыда іс қарау үшін жағдайлар жасауы табылады.

Үшінші этап - істі тікелей қарап, шағымның мәні бойынша шешім шығару болып табылады.

Осы бөліктегі апелляциялық өңдеулердің негізгі бағыты болып- келтірілген шағымды толық және жан- жақты қырыу, ұсынылған дәлелдерді зерттеу, тараптардың пікірлерін тыңдау, соңында әділ, заңды және объективті шешім шығару болып табылады.

Осы заңды күшіне енгізген сот үкімдері қаулыларын қайта қарау туралы айтқанда бұл өңдеулердің мазмұны мен процестің нысаналық өзгергендігі туралы айта кеткен жөн.

Біріншіден, 2001- ші жылдың 11- ші шілдесіндегі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне түзетулер енгізу апелляциялық өңдеулердің мәнін кеңейтті. Енді соттың шешімдері мен үкімдері осы процедура шеңберінде қайта қарала алады.

Екіншіден, заң шығарушы апелляциялық сатының іс материалдарын зерттеудегі өкілеттігін шектейді. Зерттеуді тек қана шағымда немесе наразылықта көрсетілген процеске қатысушы тұлғаның дәлелдері қаралады.

Үшіншіден, апелляціиялық саты қайта қаралған іс бойынша үкім шығармайды, ол қабылданған шешімді қаулы түрінде рәсімдейді.

Төртіншіден, апелляциялық негіздердің тізімі кеңейтілген. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 412- бабына біржақтылық және сот тергеуінің толық еместігі қосылған.

Бұл айтылған толықтырулар заңды күшіне енбеген сот қаулылар мен үкімдердің қайта қараудың процесстерінің нысанының унификациясына әкелді. Бұл қылмыстық сот өндірісінің осы этапының ары қарай дамуына, шығынның азаюына және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының одан да жақсы сақталуына әкеледі деген сенімдемін.

Жалпы, істі апелляциялық талқылау процедурасы қылмыстық процестердің фундаменталды қағидаларға негізделіп, тұлға құқықтарының кепілдіктерінің кешенін құрап, алға қойған мақсаттар мен міндеттердің рационалды жетістіктерін қамтамасыз етіп, қылмыстық іс жүргізу қызметін дамытуға өз әсерін тигізуде.

Соттың үкімдері мен қаулыларын апелляциялық қайта қараудың құқықтық табылатын зерттеу- бұл институттардың тарихи дамуы мен өзге мемлекеттердің заңдылықтарымен салыстырусыз мүмкін емес. Өкінішке орац осы мәселеге байланысты теоретикалық және құқықтық қайнар көздердің жетіспеуі, отандық қылмыстық процестегі апелляциялық өндірістің жақында пайда болған революцияға дейінгі қазақ, ресей және шетел заңдарындағы бойынша толық масштабты экскурс жасауға мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты қысқаша, анықтамалық материалдар негізінде айта кетейін.

Қазақтардың апелляциялық өндірісіндегі жай құқығы өзге елдердегі сияқты заңды жүйелеп жинақтамады. Шағымдану құқығы қатаң шктеуге ұшырамады. Би соттарының шешімдері билердің съезіне және хан сотына шағымдалды. Егер де хан бидің шешімін бекітсе, онда шағымданушы судъяны жаманатты етуге ақталғаны үшін дене жазасына тартылған. Ал, егер де хан бидің шешімімен келіспесе, онда іс қайта қаралуға жіберілген.

Қазақстанды отарлағаннан кейін де бұл жағдай өзгермеді. 1864 жылы Ресей империясының қылмыстық сот өндірісі жарғысының ережелеріндегі I- ші сатысы сот үкімдеріне апелляциялық шағымдану бұратаналарға, яғни бөтендерге, соның ішінде қазақтарға таратылмады.

1854 жылы «Сібір ведомстволарындағы қазақтарға Ресей империясының жалпы заңдарын қолдану» туралы Сібір комитеті ережесінің қабылдауымен және 1867жылы «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша ереже» бекітілгеннен кейін би соттарының шешіміне разы болмағандар орыс номиналды сот жүйесіне хабарласа алды. Бірақ, сол заманғы жүйедегі сот шешімдерін қайта қарау қазіргі таңдағы өндірістен алыс жатқандықтан аса назарға алынып, құштарлыққа әкелмейді1.

Кеңес заманындағы қылмыстық процестерінің заңдарының сот өндірісінің инквизициялық бастауларын күшейтуді мақсат етіп, осы институтты қолданудан бас тартты.

  1. ші сатыдағы сот қаулылары мен үкімдерін апелляциялық тәртіппен қайта қарау 1864 жылы Ресей империясының қылмыстық сот өндірісі Жарғысының 890, 891, 168 және өзге де баптарында қарастырылды. Осы ережелерге сәйкес, апелляциялық өндіріс тәртіптері мен төменгі сатыдағы сот үкімдері прокурормен шағымдалып немесе наразылық келтірілді.

Акт берген заседательдердің (присяжные засидатели) қатысуынсыз шығарылған округтік соттың үкімдеріапелляциялық тәртіппен Сенатқа шағымдалды. Халықаралық судтардың үкімдері халақаралық съездке шағымдалуға жатты. Қалалық судъяның үкімдері- уездік съездке шағымдалды.

Ерекшк жағдайларда, кейбір қызмет бабындағы қылмыстарды I- ші сатыдағы сот ретінде Сенат қарады. Сенаттың үкімдері Сенаттың кассаңдық департаментінің жалпы жиналысына шағымдалды2.

Апелляциялық шағымның пәні ретінде істің фактілік және заңды жағы табылды. Сонымен қатар, шағымданушы қылмысиық- заңи сұрақтармен қатар толықтырушы мәселелерді де дауға салды. Шағымдану көлемі толық және жартылай болды3.

Апелляциялық сатыдағы талқылау шағымданушының шағымы көлемінде немесе прокурордың наразылығы шенінде ғана болды. Апелляциялық сот жаңа дәлелді қабылдап, бұрын жауап бере алынған куәлардан жауап ала алды. Бірақ, тәжірибеде өндіріс жазбаша іс- материалдарымен танысумен тамамдалды. Аса қатаң жаза тағайындау тек қана егер оған прокурордың наразылығы келтірілсе немесе жеке айыптаушының шағымы болғанда орын алды4.

Қазіргі таңдағы РФ-ның заңдылығы заңды күшіне енбеген халықаралық судъялармен шығарылған істі қысқарту туралы үкімдері мен қаулыларын қарауда.

Сондықтан да апелляциялық өндіріске жататын істер шеңбері отандық заңдылыққа қарағанда аздау болып табылады.

Шағымды сотталған, ақталған адам, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдері, жәбірленуші азаматтық талапкер мен жауапкер бола алды.

Прокурор заңсыз және негізсіз үкімге наразылық келтірді.

Ресей Федерациясының апелляциялық өндірісі қазақстандыққа ұқсайтындықтан мен оған аса көп тоқталмаймын. Бірақ, жақын арада заңды күшіне Ресей Федерациясының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі енеді, сонымен бірге осы салада өзгертулер енгізілуі мумкін.

Великобританияда қылмыстық апелляция туралы заң 1907 жылғы заң актілерімен нақтыландырылды. Оған дейін присяжныйлардың үкімі соңғы шешім болып, шағымдануғажатпады. Присяжныйлар өзге де судъялар сияқты өз қызметінде күнәдан айырыла алмады. Қоғамды әділетсіз шешімдерден қорғау және оларға қосымша кепіл беру үшін осы нормативтік актілерді қабылдауға тура келді.

Айыптау үкімі құқықтың әртүрлі сұрағы бойынша сотталушымен шағымдануға берілді. өзге сөзбен айтқанда, шағымдану құқығы тек қана сотталушыға берілді.

Ағылшындық сот өндірісіне шағым беру тәртібі бойыша сотталушы сотталғаннан кейін 10 күн ішінде шағымдануы туралы хабарлауы тиіс. Егер сотталған кедей ортадан шыққан болса, оған мемлекеттің атынан қорғаушы берілді. Қылмыстық апелляциялық сот лорд құрамымен, яғни, Англияның Бас судъясымен апелляциялық тәртіппен, істі апеллянттың және көпшілік қудалау директорының (мемлекеттік айыптаушы) қатысуымен қарады. Апелляциялық сот дәлелді талап етуге, I- сатыда жауап алынатын куәгерге қайта жауап алуға құқылы. Қажет болған жағдайда ол іске маман, сарапшыларды таррты.

Апелляциялық сот шағымды мынандай жағдайларда қанағаттандырды:

  1. присяжныйлардың үкімі дәлелге сай және негізді болғанда;
  2. егер үкім сот өндірісі қағида бұзу арқылы жүзеге асырылған жағдайда шағым қанағаттандырылуға жатты;

Қылмыстық апелляциялық соттың шешімі ақырғы болып табылады. Британдық заңдылық бойанша апелляцияға негізсіз шағымданудың кепілі болып апелляциялық өндіоіс кезінде қамауда болу жаза мерзімінің ішіне кірмейді5.

Апелляциялық шағымды реттеу тәртібінің негізгі ережелері ағылшын заңдылығында осындай. Осындай институт АҚШ-тың қылмыстық процессінде де орын алады.

Америкалық сот өндірісінің процедурасы отандықтан түбегейлі өзгешеленеді. Өйткені ондағы құқық жүйесі континенталды қағидалар негізінде жүзеге асырылады. АҚШ- тың әділ сот органдарының құрылысы сот билігі жағынан да процессуалдық нысаны жағынан да дифференциялды болып келеді. Қылмыстық процессoр штатта жеке жергілікті тәртібімен белгіленеді, сондықтан да бүкіл мемлекетке тән қылмыстық процессуалдық жүйедегі апелляциялық өндірістің жалпы ерекшеліктерін айту қиынға соғуда.

Америкалық сот өндірісінің ережелері бойынша апелляциялық сот- жоғары тұрған сатыдағы сот ретінде саналып, көптеген жағдайларда істі қайта қарамайды. Жоғары соттар іс бойынша қателіктерді тауып, қадағалауды жүргізеді6.

Апелляциялық сот отырысы хаттамасына негізделеді. Апелляциялық сот деңгейінде куәлар тартылып, жаңа куәлік көрсетімдер беріле алмайды. Тәртіп бойынша жаңа мәселелер көтерілмейді. I- сатыдағы соттарға қарағанда, апелляциялық өндіріс алқалы түрде жүзеге асырылады. Апелляциялық соттар I- сатыдағы сот қозғаған мәселелерді қарайды. Апелляциялық соттың жалғыз бір функциясы ол I- сатыдағы сот шешімін қалдыру, бұзу, өзгерту болып табылады. Егер апелляциялық сот I- сатыдағы сот қателіктер жіберді деп шешсе, онда ол төменгі тұрған соттың шешімін бұзады. Ал, бұзбайтын жағдайы мынадай кезде орын алады: егер де жоғары тұрған сот төменгі соттың шешімінде іске әсер етпейтін, ұсақ кемшілік болған кезде7.

Францияда апелляциялық шағымдануға төменгі сатыдағы соттардың үкімдері жатады. Француз заңдарының апелляциялық талқылауы- бұл II-сатыдағы соттың тараптардың заңды күшіне енбеген үкімдерге шағымдануы. Екінші рет зерттелуге үкімнің фактілік және заңдылық жақтары жатады. Тараптар апелляциялық сатыдағы соттан жаңа дәлелдемелерді, жаңа куәлардан жауап алуды, құжаттарды енгізуді сұрай алады. Апелляциялық сот қайтадан дәлелдемелерді бағалап, I-сатыдағы соттың шешіміне баға береді. Апелляциялық сот тараптардың шағымының шектері ретінде істі қарайды, яғни үкімге шағымдалған бөлікті ғана қарастырады. Сотталғанның шағымын қарап, апелляциялық сот жазаны тек қана жеңілдете алады. Егер де прокурордың үкімінің жеңілдігіне наразылық білдірсе, сот қылмыстың заң шегінде қылмыстық заң шегінде жазаны ауырлата алады.

Апелляциялық соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін жоғары тұрған сот мүшелерімен тексеріледі8.

Жоғарғы айтылғандарды ескере отырып, мынандай тұжырым жасауға болады:

  1. қылмыстық процестегі апелляциялық өндіріс көптеген Еуропа мемлекеттерінде сот процедурасының жеке сатысы ретінде XIX-XX ғасырларда қалыптасып, адамзат пен қоғамды сот қателіктерінен қорғаудың қосымша элементі болды.
  2. Көптеген мемлекеттерде апелляциялық өндірістің пәні болып- төменгі, сатыдағы соттардың үкімдері мен шешімдері табылады.
  3. Апелляциялық саты апелляциялық шағым шеңберінде қаралады.
  4. Көптеген жағдайларда іс материалдары толық көлемде қаралмай, істің фактілік жағы қайта қаралмайды.
  5. Апелляциялық сатыдағы сот әділдігі органдарының жүйесінде ортаңғы сатыны алып отырғандықтан, оның шешімі жоғары тұрған сатыға шағымданылуға жатады.

3. Үкімді бұзу мен өзгертудің негіздері.

Қылмыстық істер бойынша заң бұзушылықты табу және оны жою, апелляциялық және қадағалау өндірісінің негізгі мақсаты болып табылады. Осы жоғарыда айтылған қылмыстық процестің сатылары процессуалдық әдебиеттерде спецификалық қадағалаушы бағытты ұстанушылар деп нұсқалады. Олардың процессуалдық нормаларын реттеуші жиынтығы, әрине, процесстің алдыңғы сатысына қарағанда құқық қорғаушы болып табылып, әділ соттылықты жүзеге асырады.

  1. сатыдағы сот актілерін тексеріп, бағалау- барлық сот жүйесі алдында тұрған басты мақсатқа жетуді көздейді.

Қылмыстық прцессуалдық процедураны бағалау процессі заңда көрсетілген процессуалдық қызмет үлгілерін қаралған және шешілген қылмыстық іс нәтижелерімен салыстыру болып табылады. Осындай салыстыру барысында атқарылған қылмыстық процессуалдық қызметтің тек заң нормаларына сәкестігі ғана емес, сонымен қатар, әділ сот актісі- үкімнің осы заң тәртібінің сәйкестігі тексеріледі.

В. Н. Кудрявцев осы сот тәжірибесіндегі дұрыс және қате шешім бұзылған және өзгертілген шешім деген түсініктердің болуын әділ деп санайды9.

Сот үкімі- қылмыстық іс жөніндегі бүкіл өндірістің қортындысы шығарылатын құқықты қолданудың аса маңызды кесімі болып табылады. Конституциялық қағидаларға сәйкес үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады, әрі заңды және негізді болуға тиіс.

Үкімдерді дайындау практикасын зерделеу олардың көбінің заң талаптарына сәйкес қабылданатынын көрсетті. Сонымен қатар, кейбір соттар үкімдерді дайындаған кезде олардың нысаны мен мазмұны жөнінде қойылатын заң талаптарын әрдайым сақтай бермейді. Оның өзі үкімдердің өзгертілуіне және бұзылуына әкеп соғуда.

Өзім жоғарыда айтып кеткендей үкім - Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-тарауында көрсетілген әділ сот принциптерін сақтай отырып, сотталуға қатысты оның кінәлілігі немесе кінәлі еместігі қылмыстық жазаны оған қолдану немесе қолданбау туралы I- сатыдағы соттың сот мәжілісінде Қазақстан Республикасының атынан шығарған қылмыстық іс бойынша шешімі болып табылады.

Үкімнің мемлекет атынан шығарылуы, оның маңыздылығы судъялардан оның заңдылығы мен негізділігі үшін ерекше жауапкершілік сезінуді талап етеді.

Үкім, егер ол оның сотқа қарастылығы ережелері сақталып, тараптарға дәлелдемелерді тең негізде зерттеуге мүмкіндік беру қамтамасыз етіле отырып, тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы принциптерінің негізінде сот талқылауын жүргізу туралы қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес, құқық нормалары дұрыс қолданыла отырып, соттың заңды құрамымен шығарылса заңды болып табылатынын соттардың ескергені жөн.

Заң талаптары сақтала отырып жиналған және тікелей сот отырысында толық жан-жақты және объективті тексеріліп, талданған, тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделген, ттұжырымдары дәлелденген үкім негізді болып табылады.

Сот қабылдаған шешімдердің мазмұнын неғұрлым толық ашуға әсер ететін үкімнің процессуалдық нысанын сақтау маңыздылығына соттардың назары аударылуы қажет. Ол нысаны мен мазмұны бойынша Қылмыстық іс жүргізу кодксінің 377-383- баптарына сәйкес келуі тиіс.

Егер д осы айтқан талаптар судъялармен орындалмаса, онда I- сатыдағы сот үкімін бұзу мен өзгерту негіздерін жүзеге асыруға тура келеді.

Үкімді бұзу мен өзгертудің апелляциялық негізі дегеніміз - бұл белгілі қылмыстық іс бойынша үкімнің заңсыздығы мен негізсіздігін көрсететін және оны өзгерту мен бұзуға міндеттейтін негіздер болып табылады. Яғни апелляциялық негіздер апелляциялық өндірістің мазмұны мен шегін анықтайды.

Жоғарыда айтылған сот үкіміне қойылатын талаптармен бірге Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодксінің 412-бабы үкімді бұзу мен өзгертудің нақты мынадай бес негізін белгілейді:

  1. сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі;
  2. соттың үкімде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының істің нақты мән жайына сәйкес келмеуі;
  3. қылмыстық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуы;
  4. қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
  5. жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуі I- сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға не оны өзгертуге негіз болып табылады.

Енді, осы айтылған бес негіздің әрқайсысын жеке-жеке талдап өтейін.

3. 1. Сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау өндірісінің тәртібі
Үкімді шығару
“Сот үкімі - сот әділдігін жүзеге асырудың негізгі актісі ретінде”
Қадағалау сатысындағы соттың өкілеттігі
Қадағалау сатысындағы іс жүргізу мәселелері
Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау институты
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізуіндегі үкім және оның түрлері
Кылмыстық іс жүргізу туралы
Қадағалау сатысындағы соттың қылмыстық істі қарау тәртібі
Қазақстандағы сот жүйесiнiң мәнiн анықтайтын негiзгi актілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz