Ар - ұят
Ар-ұят
Ар-ұят өмірдің әр түрлі көріністерінде шатасқан түрінде көрінетін
феномен. Ар-ұят түрлері мазмұнының айырмашылықтары бар ма? Тарихтың бүкіл
өн бойында қарама-қайшы қондырғыларды ұстанатын адамдар өз ар-ұятымыз
бойынша әрекет еттік деп есептеді: Конфуций мен Сократ, Заратуштра мен
Платон, Иса мен Мүхаммед адамдарды руханилыққа, ар-ұят пен ар-ождан үніне
құлақ түруге шақырса, инквизиторлар мен ксенофобтар, басқыншылар мен
тирандар, фашизм мен болыневизм фанатиктері де өз ар-ұяттары бойынша әрекет
еттік деп санады.
Этикалық әдебиет бұл сұрақтарға әр түрлі жауап береді. Сенеканың
пікірінше, өз этикалық қасиеттерімізге орай біздің қылықтарымызды сынайтын
немесе қорғайтын ішкі дауыс ар-ұятты білдіреді. Стоиктік философия оны
өзіндік сақтанумен (адамның өз-өзіне қамқорлығымен) байланыстырады. Діни
философияда ар-ұят құдайдың адамға жіберген ақыл-ойының зандылығы. Фихтенің
айтуынша, ар-ұят адамдардың қоғамдық жағдайынша байланысты емес, ол ішкі
Меннің дауысы және моральдың нағыз беделі болып табылады. К.Маркс бойынша
ол ішке қарай бағытталған ашуыза. Ж.П.Сартр ар-ұятты адамға қоғам тарапынан
қойылатын сыртқы талаптар мен тыйымдарға қарсы тұратын ішкі тұлғалық
әрекеттің жалғыз аралы деп жариялайды.
Ар-ұят адамгершілік сананың моральдық-психологиялық тетігі ретінде
қоғамдағы моральдың императивті (бұйрықты), байланыстырушы күшіне ұқсас. Ол
қоғамдық қатынастарда, мәдениетте, әлеуметтік субъектілер әрекеті мен өмір
сүру тәртібінде объективті бекітілген адамгершілік құндылықтардың белгілі
бір жүйесін тұлғаның рухани ішкі әлемінде қорғайды. Ар-ұяттың адамгершілік-
психологиялық ерекшелігі, адамның психикалық өмірінің ең алуан түрлі
элементтерін органикалық тұрғыда өз құрамына біріктіретін бүтіндей механизм
ретінде көрінуімен сипатталады. Ол барлық психика қабаттарының өзара
әрекеті нәтижесінде қалыптасады: рационалдылықтың, интуитивтіліктің,
ойлаудың салқын есебі ғана емес, өмірлік тәжірибе бейнеленетін
субъективизмдер даналығына, моральдық интуицияға сүйенеді.
Ар-ұяттың өзгешелігі қатарына оның тылсымдылығы, бүркемеленуі және
таңдамалылығы жатады. Ар-ұят — бұл ішкі монолог, кейде онда диалог, тіпті
көп дауысты дискуссия да жүзеге асып жатады. Латыш даналығы былай дейді:
Ар-ұят дегенің мыңдаған куәгерлер. Адам бойында мәңгі оппонент пен мәңгі
қорғаушы рухқа ұйқы бермей пікірталасып жатады. Адамдағы мәңгі төреші
қоғамдық пікірден жасырын жатқан нәрселерді көріп, ойлап және сезіп
отырады (А.Милтс. Со-весть.— Этическая мыслъ. М., 1999. 274-275 беттер).
Күнделікті өмірде ар-ұят сезімі адам қылығы әдеттегі және
автоматтандырылған үлгідегі шеңберінен шығьш кеткен кезде қосылатын
өзіндік адамгершілік компас рөлін атқарады. Әрине, ар-ұят барлығын
қамтитындай құдіретті емес. Адамгер-шілік компромисс жағдайында немесе
адамгершілікке жатпайтын сарындар басым болған жағдайында еркін таңдау
мүмкін-дігі бар кезде ар-ұят өз бойына өзге текті сіңіріп, өзін-өзі теріске
шығару үрдісін қабылдайды. Ар-ұяттың өзін-өзі мүжуі, әдетте, бастапқыда
адамгершілікке жатпайтын қылықты сезінумен сипатталады, уақыт өте келе
тұлғаның өзі жасықтанып, адамгершілік атрофия жолымен жүреді және өз
қылығын моральдық реттеу шеңберінен сырт қалады.
Ар-ұят адамның ішкі дауысы, қайырымдылықты іштей анықтау үдерісі
(Гегель) болғанымен, ол жан-жағын аңғаруы тиіс. Мынадай қайшылық болуы
мүмкін: моральға жатпайтын қылық білместікпен сипатталатын адамгершілік
максимализм күшімен тандалуы мүмкін. Ақиқат пен жоғары адамгершілік
талаптар үйлесімділігінің өзі де ар-ұятқа сай қылықты еркін талдауға
кепіл бола алмайды. Еркіндік пен демократия жойылып, сыбайлас және
бюрократтық күштер үстемдігі жағдайында индивид міңдетті түрде қуыршақ
рөлінде көрінеді. Мәдени аномалия, қоғамның маргиналдануы мен люмпеңденуі
жағдайында оның мүшелерінің ар-ұяты ұйқыға кеткен тәрізді бо-лады... Ар-
ұятсыз билік — бұл өзін-өзі жоятын билік. Ал оның деструктивті табиғаты
адамдарға шексіз зиянын тигізеді. Тирандар мен баскесерлердің ең тиімді
ақталуы — заманның каталдығына сілтеме жасау. Қандай да бір эталондық
топтық үлгілері деңгейіне дейін моральды төмендету ар-ұяты бар адамдарды
қудалаумен тікелей байланысты. Жалған жүйеде адал адам аномалия тәрізді
көрінеді. Тоталитарлық және сыбайлас қоғамдардағы нақты практика мүның
мысалдарына толы. Жалпы қолдаймыз жағдайы ар-ұятқа аномалиялық құбылыс
ретінде төзбейді. Айуандық, садизм, демагогия, егер осылардың көмегімен
қара бас мүдделеріне септігі тиіп жатса, қайсыбіреулерді қуантады. Сонымен
қатар өзгелердің адал және бақытты өмірі қызғаныш пен көре алмаушылық
туғызуы мүмкін. Көптеген тарихи қайраткерлер мен халықтар өкілдері
қоғамдық пікірді бағындыру арқылы өздеріне қолайлы моральды қалыптастыруға
ұмтылады. Көбіне бұл мораль көсемдік үлгілері мен утилитарлық мақсаттарға
қызмет ететін есепке құрылған мораль. Олар үшін ең бастысы — имансыздықтың
жалпы фонында оңай қол жеткізуге болатын жақсы көріну және мақтау есту.
Посттоталитарлық қоғамдағы адамгершілік ахуалды талдау үшін Э.Фроммның
авторитарлы және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz