Араб халифатынын пайда болуы, құқығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
1. Араб халифаты

Араб халифатының тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: Мұхаммед
пайғамбар (570-632 ж.ж.) мен алғашқы төрт халифтің ( Әбу Бәкір (632-634
ж.ж.), Омар (634-644 ж.ж.), Осман (644-656 ж.ж.), Әли (656-661 ж.ж.))
билігі; Омейядтар династиясының билігі (661-750 ж.ж.); Аббасидтер
династиясының билігі (750-1258 ж.ж.).
VІІ ғасырда араб тайпаларында рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы
басталды. Араб тайпаларының негізгі бөлігін малшы-көшпенділер (бәдеуиндер)
мен сулы жерлерде, қалаларда өмір сүрген жер өңдеушілердің аз бөлігі
құрады. Аталған уақыттан бастап әлеуметтік теңсіздікке алып келген мүліктік
теңсіздік басталды. Шейхтар (тайпа басшылары) мен саидтар (тайпа
ақсақалдары) жақсы сулы жерлер мен малдың көптеген бөлігін өздеріне
иемденіп алды. Рулық-тайпалық ыдыраушылықты жеңу мен біртұтас араб
мемлекетін құру талпынысы әртүрлі уағыздаушылардың көбеюіне алып келді.
Олардың ішіндегі аса әйгілісі — ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед
пайғамбар болды. Мұхаммед барлық арабтарды бір дінге және пайғамбары — “жер
бетіндегі жалғыз құдайдың жердегі елшісі” басында тұрған теократиялық
мемлекетке (діни қауым түріндегі) бірігуге шақырды.
VІІ ғасырдың ортасында Аравияның бір исламдық мемлекетке — халифатқа
бірігуі аяқталды.
Омейядтардың басқару жылдарында халифаттың қуатты әрі гүлдену кезеңі
болды, көптеген елдер жауланып, ислам дініне тартылды.
640 жылы арабтар Сирияны, Палестинаны, Египетті, ал 649 жылы бүкіл
Солтүстік Африканы жаулап алды. 651 жылы Иранды бағындырды. 658 жылы
Арменияны, Грузияның бір бөлігін, Азербайжанды, ал Кавказдың арғы жағынан
Хазар жерлеріне де қол жеткізді. 715 жылы Хорезмді толығымен және
Мауераннахрдың (Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығы) басым көпшілік
аумағын жаулап алды. 751 жылы бүкіл Орта Азияны өздеріне бағындырды. 712
жылы Үндіс-танға басып кіріп, Синд қаласын жаулап алды. 711 жылы Испа-нияны
өздеріне бағындырды. Арабтармен жаулап алынған ұлан-ғайыр аумақта
халықаралық тіл болып араб тілі танылды. Ислам құқығы — шариғат жергілікті
әдет-ғұрып нормалары мен институттарына еніп, оларды да өзінің бойына
сіңіре бастады. Ислам халифаттың бүкіл аумағында үстемдік құрушы дінге
айналды.
Халифаттың мемлекеттік құрылымы. Мемлекеттік билік орталықтандырылған
сипатта болатын. Мемлекет басында жоғарғы діни (имамат) және мемлекеттік
(эмират) билікті жүзеге асыратын халиф тұрды. Мемлекеттік басқарудың
орталық органдары ретінде диуандар (ведомстволар) қызмет етті:
1) диуан-әл-джунд — әскерді қаруландыру мен жабдықтау бойынша
ведомствосы;
2) диуан-әл-харадж — қаржылық-фискальдық (салықтық) ведомствосы;
3) диуан-әл-барид — жол және пошта бойынша ведомствосы.
Жоғарғы шенеунік болып уәзір табылды, ол тек халифтың алдында ғана есеп
беретін болған. Провинцияларды әмірлер басқарған. Кезкелген империя сияқты
халифатқа да бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінуге тура келді, оған сонымен
қатар халифаттың тұрғылықты халықтарының үздіксіз көтерілістері де әсер
етті. Жергілікті әмірлер қол астындағы әскери күштерін нығайтып, өздерін
дербес басшы ретінде жариялауға тырысты. Мұндай жағдай Хорасандағы (Иранның
бір бөлігі) тахиридтар-да, Орта Азиядағы саманидтарда, Египеттегі
тулунидтарда, Армениядағы және Грузияның бір бөлігіндегі багратидтарда,
Ирандағы буидтарда кездесті. Х ғасырдың басында Аббасид-тердің қолында иек
Араб Ирагы мен орталығы Бағдаттағы Батыс Иран ғана қалды, мұның алдында,
VІІІ ғасырдың аяғын-да Испаниядағы Кордова әмірлігі (астанасы Кордова
қаласы) бөлініп шықты. Нәтижесінде Аббасид халифтері саяси билік-тен
айырылды, оларда тек қана діни билік сақталып қалды.
Халифаттың құқығы. Шариғаттың діни ережелер жиынты-ғы екенін ескере
отырып, шариғатты құқық пен діннің тоғысуы ретінде түсінуге болады.
Шариғаттың негізгі қайнар көздері болып мыналар табылған:
Құран — діни-моральдық ережелерден құралған, мұсылман-дардың басты
қасиетті кітабы;
Сүннет — Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен жүріс-тұрысы туралы хадистердің
(аңыздардың) жиынтығы, мұнда отбасылық-мұрагерлік және сот құқығының
ережелері көрініс тапқан, ол белгілі бір дәрежеде сот прецедентіне ұқсас
болып келеді, яғни, Мұхаммед пайғамбардың белгілі бір істерге қатысты
шығарған шешімдері кейінгі соған ұқсас істерге үлгі ретінде қолданылатын;
Иджма — беделді ислам заңгерлерінің шығарған шешім-дері, ол жоғарыда
аталған қайнар көздер қамтымай өткен мәселелерге қатысты шығарылатын, бұл
жағдайда судьялар-дың (иджтихад) дербес қалауы қолданылатын.
Фетва — қоғамдық өмірдің жекелеген мәселелеріне қатыс-ты ақсүйектер
билігінің шығарған шешімдеріне қатысты беделді жоғарғы дінбасыларының
жазбаша қорытындысы.
Шариғаттың ережелері жеткіліксіз болған жағдайда, әдет құқығын (әсіресе,
бағындырылған жерлерде) немесе исламға қайшы келмейтін басқа да жергілікті
заңдарды қолдануға рұқсат етілетін. Мұсылманның әрекеттері төмендегідей
болып бөлінетін: қатаң міндетті (орындауға міндетті діни рәсімдер және
ережелер); қалаулы (діни тұрғыдағы жағымды жүріс-тұрыс); рұқсат етілген
(мысалы, исламның жауларын өлтіру); қалаусыз, алайда жазаланбайтын (мысалы,
әйелін ұрып-соғу); тыйым салынған және қатаң жазаланатын (діни нанымға
қарсы және дінге қарсы басқа да қылмыстар). Исламның басты құндылықтары
болып дін, өмір, сана, жеке меншік және отбасы табылған.
Жауапкершілік сипатына қарай барлық қылмыстар шартты түрде үш топқа
бөлінген:
1) дінге, отбасына, жеке меншікке және мемлекетке қарсы қылмыстар, олар
үшін қылмыскер дене жазаларымен немесе өмірімен жауап беретін. Мысалы,
ұрлық қолды шабумен жазаланатын; әйелдің зинақорлығы, құдайға күмән келтіру
— өлім жазасымен жазаланатын. Мұндай қылмыстар үшін нақты жазалар — хадд
қолданылған;
2) жекелеген тұлғаларға қарсы қылмыстар, бұлар үшін әдетте айыппұл немесе
құн төлеу (қан үшін төлем) түріндегі жазалар қолданылатын. Қылмыстардың бұл
түріне, ең алды-мен, қасақана және абайсызда адам өлтіру, дене жарақаттары
мен зақым келтіру жататын. Қан үшін кек алу рұқсат етілетін, бірақ, аса кең
қолдау таппаған — бұған қарағанда құн төлеу жөн деп саналатын.
3) жазасы соттың қарауымен тағайындалатын (тазир) қыл-мыстар мен
құқықбұзушылықтар.
Шариғатта міндеттемелік құқық жақсы дамыған. Шарттан шығатын
міндеттемелер екі топқа бөліп қарастырылады: бі-рінші топқа — затты
біреудің пайдалануына берумен байла-нысты міндеттемелер, оған айырбас,
қарыз, сыйға беру, жалға алу, сату-сатып алу шарттары жатады; екінші топқа
— затты біреудің пайдалануына беру міндеті жоқ шарттар жатады, ол сақтау,
серіктестік және тапсырыс шарттары.
Исламдағы меншік құқығының өз ерекшелігі бар. Мұнда меншік иесінің
мүлікті пайдалану және билік ету құқығы бар, ал иелік ету құқығы тек
құдыретті құдайға ғана берілген.
Отбасылық қатынаста шариғат еркек пен әкенің билік жүргізуін толық
қолдаған. Ер адамдарға заңды некемен төрт әйелге дейін және саны
шектелмеген некеден тыс әйелдерді алуға рұқсат берілген. Мұрагерлік
қатынаста мұра беруші мүліктің тек үштен бір бөлігімен билік еткен, сонымен
қатар, мұрагерлерге мұра қалдырушының міндеттері емес, тек құқықтары ғана
беріліп отырған, яғни, қайтыс болған адамның мүлкі барлық қарыздары өтелген
соң ғана берілетін. Сонымен, мұраның үштен екі бөлігі заңға сәйкес
мұрагерлікке (заңды мұрагерлеріне) және үштен бір бөлігі мұра берушінің
тілегі бойынша (өсиет бойынша) берілетін.
Жердің құқықтық режимі де мәртебесінің әртүрлілігімен ерекшеленетін:
1) хиджаз — Мұхаммед пайғамбар өмір сүрген жерлер, ол жерде тұратын
мұсылмандардан ондық салық алынатын;
2) вакуф — діни мұсылман ұйымдарына тиесілі жерлер;
3) мүлік — мұсылмандардың жеке жерлері;
4) икта — қызметі үшін уақытша берілген жерлер, бұл жерлерді пайдаланғаны
үшін халықтан салық алынатын.
Сот өндірісі кәсіби судьялармен — кадилармен жүргізі-летін. Судья қатаң
іс жүргізушілік ережелерін сақтамайтын. Исламдық іс жүргізуде прокурор мен
адвокат болмаған. Судья барлық істерді өзі дербес шешетін. Осыған сәйкес
кассациялық және апелляциялық инстанциялар мұсылман құқығында орын алмаған.
Дәлеледемелердің ішінде ант беру, куәлардың көрсе-тулері мен айыпталушының
мойындауы ерекше маңызға ие еді. Куә ретінде әдетте ер адам ғана қатыса
алатын, әйелдер мен басқа дін өкілдері куә ретінде көрсету бере алмайтын,
үкімнің айыптылығын анықтауда ұқсастық бойынша талқы-лауға рұқсат етілетін.
Анттар қасиетті кітапты ұстай тұрып берілетін, және әдетте шынайы болып
табылатын, себебі, бұл жерде мұсылмандардың құдайдан қорқумен сипатталатын
дүниетанымы мен түсінігі көрініс табатын.

Араб халифаты

Араб халифаты мемлекеті және оның қүқыгының тарихын оқып үйрену
маңызды. Мүсылман қүқығының принциптері бүгінгі саяси өмірде кеңінен
қолданылады. Кейде ислам қағидалары догмаға да айналып кетуі мүмкін.
Мүсылман қүқығы кеңінен тарап, түрақтап қалған мүндай елдерге: Марокко,
Тунис, Сирия, Мавритания, Иран, Пәкістан, Ирак т. б. жатады.
Қоғамдық өмірдегі жалғыз ғана реттеуші заң ретінде шариғатты үзақ
мерзімге орнықтыруға бірнеше себептер ьгқпал жасады. Шығыс елдеріндегі
өлеуметтікэкономикалық жағдайларға көптеген ғасырлар бойы ислам діні
жетекшілік етті және оның батыс діндерден елеулі айырмашылығы бодцы.
Феодализм дәуірінен бері қарай ислам діні мыңдаған жылдар бойы қоғамдық
қозғалысқа мүрындық болды.
Айтарлықтай маңызды орын алатын жагдайдың бірі мешіт үзак уақыт бойы
діни орын ретінде қызмет етті. Онымен қатар шариғаттың тірегін әрқашанда
адатпен байланыстырған жөн, халықтың күнделікті түтынатын ислам қағидалары
діни қүқық болып қалыптасқан.
Арабтар жаулап алу кезіндегі шариғат шарттары қүқық ретінде Египет,
Сирия, Месопотамия, Кавказ бен Орта Азия елдерінде қабылданған. Адат
шариғаттың, шариғат адаттың сақталуына мүмкіндік тугызып отырған.
Үзақ уақыт бойы ақсүйектер мен діни үкімет бір адамның (халифтын,,
сүлтанның, әмірдің) крлында болып келді.
Бүл жағдай сапасы жагынан алғанда шариғат қодданыстағы бірден бір заң
ретінде мүсылмандардың қоғамдык өмірдегі қүқына байсалды түрде эсер етіп
отырды. Ол тіпті капиталистік қарымқатынас пен тәртіптщ орнауына айтулы
ықпал етті. Бірақ буржуазиялық қарымқатынастардың дамуы шариғат
монополиясын бүзды.
Осы күндері мүсылман елдерінің көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер
үйымдары қүрылған, бірақ олар діни соттарды сақтайды. Шариғат сотының
сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық қүқығына араласуына кең
жол ашты. Бүндай жағдай қоғамдықфилософиялык ойдың дамуына, өмірге
материалистік түрғыдан қарауға кедергі жасады. Кезқарастары демократиялық
түрғыда қалыптасқан адамдар да дін иелерінің қудалауына түспес үшін
өздерінің пікірлерін ислам діні қағидаларымен тиянақтап отыруларына тура
келді. Ислам мен шариғат осы күнге дейін Азия мен Африка мемлекеттерінде
өзінің үлкен ықпалын жүргізуі, кейбір жағдайларда еддердің дамуына кері
әсерін де тигізді.
Көбіне ислам дінінің прогрессивті рөлі де болатынын ескеру керек.
Мысалы, 19781979 жылғы Иран төңкерісінде Иран дін иелері төңкерісті
басқарды. Шах өзінің мемлекетті басқарған соңғы жылдарында дін иелерінің
үстінен бақьшау қоюға тырысты. Бүл, әрине, дінге сенуші халықтың қобалжуын,
наразылығын туғызды. Бүл кездерде мешіт бүқара халыққа әсерін тигізе алатын
және Иранда қалың жүртшылықта ежелден келе жатқан байланысы бар үйымдасқан
ресми күш еді.
Мүсылман күқығының қазіргі қоғамға икемделуі. Мүсылман қүқығы осы
күнге дейін әлемдегі ықпадды жүйелердің бірі болып отыр және ол миллиардқа
жақын мүсылманның өзара қатынастарын ретгейді. Мүсылман халқы қоныстанған
көптеген мемлекеттер ислам дінінің принциптеріне адал екендігін жариялайды.
Бүл жариялық Марокко, Египет, Индонезия мемлекеттерінің конституцияларында
бекітілген.
Мүсылман қүқығы озгеріссіз. Бірақ оның қолданылу мүмкіндігі өте кең.
Себебі, ол өмір талаптарына байланысты икемделе алады. Қүқықты өзгертпей,
қарама-қарсы жақтардың келісуі арқылы, әдет ғұрыптың жаңғыруына, қоғамның
дамуына әсер ететін жағдайларды кіргізуге мүмкіндіктер табылады.
Қазіргі кезде діни факторлардың әсер етуі едәуір күшейіп, ол ислам
дінінің әр елдерінде қоғамдық дамудың дәстүрлі кезеңі ретінде қалай
таралса, әлемдік саясатта да сондай жағдайда. Ислам факторы Иран
төңкерісінің бірінші кезеңінде шахқа қарсы және империализмге қарсы
бағыттың күшеюіне мүмкіпдік туғызды.
1979 жылдың басында ЗияульХактың жар салуымен Пәкістандағы қоғамдық-
саяси және экономикалық қүрылысты исламдық негізде ұйымдастыру
буржуазиялық саяси билеуші одақтың мақсатына қызмет етті. Исламды президент
А. Садат қолданды, исламды социализм жүйесіне де қарсы қолданғаны мәлім.
Ислам дінінің қолдануы қазіргі заманда жанжақты.
Бүгінгі танда мүсылмандар жер жүзі бойынша бір миллиардқа жакын адамға
жуық деп есептеледі. 35 елдің негізгі түрғындары мүсылмандар, ал 18 елде
олардың ықпалы аз. Ислам бірсыпыра елде мемлекеттік дін ретінде
жарияланған.
Ислам теңірегіне он үш ғасыр бойы белсенді түрде үздіксіз эсер етіп
келе жатыр. Ислам жай діни жүйе ғана емес, ол "өмірдің бейнесі".
Араб мәдениеті философия ғылымына, әдебиет пен көркем онерге зор үлес
қосты. Буржуазиялық оқымыстылар ІХХ ғасырларда мүсылман дәуірінің
оркендегенін айтады. Араб медицинасы, астрономиясы, математикасы, музыкасы,
сәулет енері жанжақты дамыды. (ИбнСина, Хорезми, Бируни, Ферғани,
ӘлФараби).
Араб халифатынын пайда болуы. VIVII ғғ. Аравиядағы әлеуметтік
қатынастар Мүхаммед нанымының қарсаңында өте күрделі жағдайда болды. Рулық
қарымқатынастардың арасында (отбасы мүшелерімен рулық байланыс, кек алу
салты, жерді иелену) ру ақсақалдарының бөлініп шығу кезеңі жүріп жаггы.
Сауда және өсім алушылық, ірі қалаларға тән түрмыс сипаттары кең таралды.
Өзара әлеуметтік тендік жағдайында шаруалар қауым болып өмір сүрді.
Аса бай сауда қалалары үнемі тәуелсіздікке үмтылып отырды.
Мүндай жағдайда оқудың кең таралуы табиғи нәрсе. Дін әділетсіз ру
аксақаддарының қолына шоғырланғанын жариялап, бостандыктағы азаматтардың
тендігін формальды түрде мойындады. Жаңа дінге байланысты (тайпаларға
қарайтыннан тәуелсіз) және әлеуметтік кезеңнен жаулап алу жолы да актадды,
сойтіп дін жалауы астында соғысты іске асырғысы келді. Аравияның бірігуі
және жалпы Араб мемлекетінің қүрылуы таптык қоғамның қалыптасуынан
туындады. Осы кезендегі бірігуге ислам діні үйытқы болды.
Исламның дамуы кезеңінде Аравияның қоғамдық күрылысы өзінің белгілі
бір дағдарысты жағдайын бастан көшіріп жаткан еді. Мүндағы қүл иленушілік
қоғам әлі жетекші билікке ие болған жоқ. Ол кезде Египет, Сирия,
Месопотамия сияқты елдерді арабтың жаулап алу кезеңі ислам дінінің дамыған
феодалдық қоғамда таралуына эсер етті. Аяқталған жүйе сапасында исламның
пайда болуы, феодалдық катынастың басшылығымен жөне бүл басшылықты тікелей
қайталауы, қоғамдық қарымқатынаста қолданатын жағдай туғызды. Бірақ, қүл
иеленушілік тәртіп те, тайпалардыц қауымдық қатынастары да үзақ уақыт
сақталды. Айтарлықтай маңыздылығы, шариғаттың жалғау заң ретінде бекітілуі,
мынаған дәлел береді: үзақ уақыт бойы мешіт діни және ақсүйектер
жүмыстарын, оның ішінде сот істерін де шешетін орын ретінде қызмет етті.
Орта ғасырдағы мүсылман елдерінде заң шығарушылар болып тек қүдай сөзін
айтатын адамдар ғана танылды. Діни нанымның кезеңінің қаншалықты ықпалды
екенін араб тайпаларының орталықтану кезеңі көрсетті.
Зарен күрейіш тайпалары басымырақ шоғырланған Мекке аймағында ол
ерекше керінді, олар керуен саудасын жақсы жүргізіп, көрші тайпаларды
бағындырып алу барысында нәтижелерге жеткен.
Алдыңғы қатарлы жағдайды олар қүдай Алла атымен иемденді және қалайда
ірі пүтпен Хүбалаға қосылып кетті.
Арабияның географиялық жағдайы, оның саудаға ежелгі уақыттан араласуы
Шығыс пен Батыстағы басқа мемлекеттер мен саяси және мәдени байланыстарды
дамытуға ықпал жасағаны сөзсіз. Сол сияқты араб ортасын монотеизмге тартуға
икемдегені айқын. Ескіден келе жатқан библия аңыздары мен інжілдік атқару,
ежелгі грек философиясы мен рим юриспруденциясы, зороастризм жэне буддизм,
шығыс деспотизмнің өткен кезеңі мен ежелгі патшалыктардың
орталықтандырылған бюрократиялық нормалары, сондайақ арабтарда исламның
пайда болуы да белгілі бір рөл ойнады. Исламды тікелей уағыздаушылар
козғалысының "шындықты іздеушілері" ханафизм болды. Олар рулык дінге қарсы
шықты және жалғыз рахман қүдайына ғана бағынды.
Ислам Мүхаммедтің атымен байланысты және оған дейінгі жергілікті
пайғамбардың атынан, қүдайдың атынан қатысқандар "уақыттың" келгенін
білдірді, осылардан кейін барлық бақытсыздық тоқтатылады. Тек бір ғана
Мүхаммедтің таратуы табысқа жеткізді. Оның өмірбаяны сегізінші ғасырда
жазылған. Ол Банухашим деген рудан шықты, тайпасы күрейіш, жастайынан жетім
қалып, ағасының малын баққан. 25 жасында 40 жасар Меккелік Хадиша деген
әйелге үйленген.
Түрмысын түзеп алғаннан кейін сауданы тастап діни, тәртіп жүмысына
тереңірек кірісті. Оның көзіне түрлі қүбылыстар көрініп, біреулердің
дауыстарын естіді. Рамазанның бір түнінде, күнтізбенің тоғызыншы айында
түріктің оразасының 30 күнінің бірінде (рандарузе, фаттардасаум. ) оған
жаналғыш әзірейіл келіп, аспандағы Алланың тағының астына жасырьшған
Ифиннің мазмүнын ашып береді.
Мүхаммедтің дін уағыздау жүмысының табысы бьшай келесумен болды, жаңа
дін оқу қарапайым халықты феодалдық дәуірдегі тайпа басшыларына және
көпестік өсім алушылықтың қабатгалуына қарсы күрестің бір түрі болды. Ал
тендік және туысқандық идеясы бүл оқуды үстап түрып, ең кедей аймақтарының
талаптарына, үмтылыстарыыа жауап беру езушілердің ретінде катысты. Оның
уағыз жүмыстары Меккенің ірі басшыларын және Қаабаның әулие
қызметкерлерінің наразылығын туғызды. Әйелі мен ағасы қайтыс болғаннан
кейін Мухаммед қауымды қүрған және жергілікті араб, үнді тайпаларын
біріктіріп түрған көрші Ясрибке (Медине) кетуге мәжбүр болды. Бүл 622
жылмүсылмандардың жыл санауының бірінші жылы.
Арабтардың атақты адамдары бір қүдайға бағыну идеясының артықшылығын
түсінді, оның көмегімен көпшілік бүқараны өзара татуластыруға, бағындыруға
болатын еді. Ал шындап келгенде, "діни төңкерісті аяқтап", Мүхаммед
қоғамның бейнесіне езгеріс жасады жөне дін жасағы қызмет етті, саяси
жағынан жаулап алып, тәртіпке келтірді. Ислам діні мемлекеттік дін ретінде
осындай маңызға ие болды. Оның әсерімен көп үзамай Оңтүстік және Батыс
Арабиядағы қарсылық басылды.
Медииелік пайғамбар жағындағылар бейбіт түрде қалаға кірді, ал күрейші
басшылары исламды қабылдап, пайғамбардың серіктерінің ортасынан орын алды.
Меккенің басшы топтары Мүхамедті билеуші ретінде қабылдады. 632 жылы
Меккені мүсылмандардың әулие астанасы деп жариялады. Мухаммед ол жаққа
қажылық жасады және бірінші қожа болды. Мединеде бейіті аса күрметті
Қаабаның артында жерленген. Оның қайтыс болуынан кейін Халифтікке
ӘбуБекірді сайлады (632634), одан кейін Омар (634644), Осман (644656)
болды. Мүхамедтің ізбасары кезінде "пайғамбар туы астында" көрші
мемлекеттерді жаулап алу кезеңі өтті. Жер орта теңізін және Орта Азияны,
Сирияны, Палестинаны, Египетті, Иранды, Закавказьені, Солтүстік Африканы,
Ауғанстанды, Орта Азияны, Испанияны жаулап алу нәтижесінде үлкен жерді алып
жатқан мүсылман империясы халифат иайда болды. JQ ғасырда ислам діні
Солтүстік Үндістанға тарайды. XIV ғасырда оны АлхынОрдалықтар қабылдады,
кейікГСолтүстік Кавказ бен Батыс Сібір қабылдады. Ислам дінін тарату әскери
өрекеттің нәтижесінде болып өтті. §ейбіт түрде ол Индонезияға енді. (Араб
және үнді саудагерлерінің насихатымен бүл елден индуизм және буддизм
біртіндеп ығыстырыдды).
Жаулап алу соғысының негізгі оңай баюға ынталандыру болды. Жаулап
алуды көпқүдайлық, феодалдар арасындағы үзіліссіз араздық және жаулап
алынған халықтардың саяси бытыраңқылығы жеңілдетті. Исламдандыру мен
экономикалық ынталандыру Месопотамияда, Сирияда, Палестинада, Египетте,
Ливияда арабтар қоныстанған және басқа жерлерде оңай жеңіске жетті.
Ислам діні қабыдданған аймақтарда арабтандыру жүмысы жүргізіліп,
жергілікті тіл мен мәдениет арабтардікімен араласып, ассимиляцияға түсе
бастады.
Иранда, Закавказьеде, Орта Азияда және Ауғанстанда арабтардың
экономикалық саясаты басым түсе бастады: жер мемлекеттікі деп жарияланды,
мүсылмандар үшін салықтар қысқартылды, шаруалардың айыптары жеңілдеді.
Феодалдардың үздіксіз қанауынан шаршаған аймақтарда бейбіт түрғындар
исламның көпшілігінде мүддесіне жауап екенін тез түсінді. Оның қол жетерлік
парыздары мен әдет ғүрыптарын қабылдау оңай еді, олар ешқандай арнайы
дайындықты талап етпеді. Шариғаттың ережелері жаңа заманның
дәстүрсалттарымен астасып жатгы. Қарапайым адамдар ислам дінін тез
қабылдады. Олар, өз тайпаларының бәлежаладан қорғамаған бүрынғы қүдіретті
қүдайларына деген сенімдерін жоғалтты.
Исламның шарттары өмірдің ең керекті нәрселеріне эсер ететіні
байқалды.
Араб халифатының қогамдық күрылысы. Араб халифатының ерекшеліктері
феодалдық қоғамда белгілі бір орын алды. Феодализмнің дамуы
тарихигеографиялық жағдайда біркелкі болған жоқ: Сирияда, Иранда, Египетте
феодалдық қатынастар белең алды, ал Арабияда рулық қоғам өмір сүрді.
Жер пелену қатынастарында жерді мемлекеттің меншіктеуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб халифатының пайда болуы
Араб халифаты және мұсылман құқығы
Мемлекет дамуы кезеңдері
Халифаттың құқығы
Араб халифаты туралы ақпарат
Араб халифаты
Мұсылман мәдениетінің қалыптасуы, халифаттық кезең орнауы
Омейядтар халифаты
Араб халифатының құрылуы
Араб халифатының қоғамдық құрылысы
Пәндер