Әділеттілік пен теңдік: тарихи-концептуалдық талдау және әлеуметтік-экономикалық салдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әділеттілік

Қайырымдылықтың нақтыланған формасының бірі әділеттілік болып табылады. Ол ізгіліктер арасында негізгі орынды алады, өйткені, адамдар арасында ізгіліктер мен зұлымдықтар бөлінісін сипаттайды және бағалайды. Әділеттілік адам өмір сүруінің тәсілдері мен шарттарының бағасы ретінде адамдар өмірі мәнімен тығыз байланысты. “Әділеттілік, - деп жазады Д. Роулс, - ғылым жүйесінде ең басты ізгілік ретінде ақиқат саналатыны сияқты, қоғамдық институттардың ең басты ізгілігі болып табылады” (Теория справедливости. - “Этическая мысль”, М., 1990) .

Қоғам өз мүшелеріне игілік беріп қана қоймай, ол әділеттілік қағидасымен тиімді реттелгенде ғана жақсы ұйымдасады. Жалған теорияның ертелі-кеш теріске шығатыны сияқты, әділетсіз қоғамдық қатынастар да жойылуы немесе түзетілуі тиіс. Әділеттіліктің кепілдікке берген құқықтары саяси сауда объектісі бола алмайды.

Әділеттілік ұғымы, сонымен қатар, салыстырмалы, нақты-тарихи болып табылады. Алғашқы қауымдық мәдениетте әділеттілік “қанға-қан, жанға-жан” мағынасында табуға, талионға жақын тұрды. Ру игілігі құдайлардың мәңгіге бекітілген заңдары қамқорлығында болды. Әділеттілік осы қасиетті дәстүрлерге дұрыс қатынаспен сипатталды. Оны бұзғандар жазаға тартылды. Оның көріністерінің біріне рулық кек институты жатады.

Рулық құрылыстан өркениетке өтуге байланысты әділеттіліктің жоғарыдағы ұғымы оның таратылушылық түсінігімен алмасты. Алдыңғы орынға әділеттілік - теңдік шықты. “Бәріне бірдей бөлу” идеясы мен көбірек алып қалуға ұмтылу адамзаттың кейінгі моральдық дамуына үлкен ықпал етті. Тек моральдық дамуда ғана емес, әділеттілік пен теңдік туы астын-да революциялар, бүліктер, басқыншылықтар болды. “Әлеу-меттік әділеттілік” ұранымен большевиктер Ресей империясындағы бай және іскер адамдарды қырып-жойды. Жетпіс жыл бойы номенклатура КСРО-дағы бөлініс құралдарын қолда-рында ұстады. Теңдікті жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің қандай да бір органына қоғамдық өнімді орталықтандырған басқару құқығын беру керек. Алайда, бұл мораль-дың салдары адамдардың орасан зор мөлшерінің жойылуына және қалғандарының кедейшілікке ұрынуына алып келді. “Әлеуметтік әділеттілік” деген тіркес те “халықтық демократия” сияқты жай семантикалық бос сөз ғана. Бөлінуші әділеттілік идеясы - әрбір индивид өз адамгершілік абыройына сай алуы тиіс деген мұндай кеңейтілген адамзат қауымдастығында өз мәнін жоғалтады.

“Менің байқауымша, - деп жазады Ф. Хайек, -“әлеуметтілік” анықтамасы кіріс айырмашылығын азайтуды немесе жоюды көздейтін барлық нәрселерге тіркеле береді . . . социализмнің “әлеуметтік әділеттілігіне” қарай тағы да бір қадам итермелеу болып табылады. Ал бұл бәсекелес нарықтық тәртіппен, сонымен бірге, тұрғылықты халық санын ұстаумен, өсуімен және жеткен байлық деңгейін сақтаумен сәйкес келмейді” (Пагубная самонадеянность. М., 1992, 203-бет) . Қазіргі кездегі қазақстандық (және ТМД) “әлеуметтік қорғалған экономика” терминін де осылай бағалауға болады.

Алайда, абстрактілі теңдік пен бөлініс әділеттілігінің жарам-сыздығы әділеттіліктің моральдық қағидасының құнсыздануын білдірмейді. Д. Белл жазғандай, “адамзат санасының табиғатында әділеттіліктің моральдық схемасы барлық әлеуметтік тәртіптің қажетті негізі болып табылады: заңдылықтың болуы үшін билік ақталуы тиіс. Және, ақырында, дәл осы адамгершілік идеялар, яғни, қалаулы нәрсе туралы көзқарастар адамзат ұмтылыстары арқылы тарихты қалыптастырады” (Культурные противоречия капитализма. М., 1976) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік әділеттілік: философиялық-құқықтық негіздері және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамтамасыз ету заңнамасының сәйкестігі
Жұмыссыздық пен инфляция: еңбек нарығы, түрлері және әлеуметтік-экономикалық салдары
Инфляцияның мәні, түрлері және әлеуметтік-экономикалық себептері мен салдары: Қазақстан тәжірибесін талдау
Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары және Шымкент қаласындағы талдау мен оны қысқарту жолдары
Қазақстандағы қала атауларын өзгерту: тарихи-ономастикалық негіздері мен әлеуметтік-экономикалық салдары
Вильфредо Парето: экономикалық тепе-теңдік пен әлеуметтанудағы тұнба-туынды теориясы
Когнитивті лингвистика: теориялық мәселелер мен концептуалдық талдау
Абайдың әділеттілік ілімі: махаббат пен әділет тұжырымдарының қалыптасуы мен маңызы
Макроэкономикалық тепе-теңдік пен экономикалық дамудың циклдік заңдылықтары
1928-1933 жылдардағы Қазақстан ұжымдастыруы: саясат пен әлеуметтік-экономикалық салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz