Әлеуметтік мемлекет концепциясының генезисі

Әлеуметтік мемлекет идеясының дүниеге келуі мен тұжырымдамасының
генезисі әлі де болса толығымен зерттелмеген. Осы мәселелерді өзге де
нақты зерттеулермен байланыстыра отырып, қоғамдық ғылымдардың түрлі сала
өкілдері қарастыруда. Айталық, экономика тарихы бойынша еңбектерде бір
мемлекет экономикасының екінші бір мемлекетке әсері және оның енуі жайлы
мәселеге көп көңіл бөлінді. Әлеуметтік саясат саласындағы еңбектер
әлеуметтік заңдардың дамуы жайлы ауқымды мағлұматтарды қамтиды.
Экономикалық ілімдердің тарихы, саяси–құқықтық ілімдер тарихы секілді
индивидуалистік либерализмнің әлеуметтік либерализмге айналу үрдісін
зерттейді. Алайда, XIX ғ-да тараған мемлекет тұжырымдамасынан батыс
елдерінің бас тарқандығының, олардың “әлеуметтiк мемлекет” тұжырымдамасын
қабылдағандығының себебін нақты кешенді түрде зерттеген еңбек жоқ. Соған
қарамастан, жұмысымыздың осы бөлігінің тақырыбына қатысты түрлі
авторлардың еңбектерін саралау арқылы, ондағы қарама-қайшы пікірлер мен
көзқарастарды түйістіру жолымен түйінді мәселелерді талдап
көрейік.
Әлеуметтік мемлекет ұғымы мен тұжырымдамасының алғаш дүниеге
келуін осы салада зерттеу жүргізген авторлардың барлығы дерлік XIX
ғасырдың екінші жартысымен байланыстырады. Алайда, әлеуметтік мемлекет
құбылысын тек XIX–XX ғ.ғ. жемісі деп санау дұрыс болмас еді, өйткені
мұндай мемлекеттің ертеден келе жатқан “ескі тарихы” бар десе де болады.
Айталық, “1215 ж. Бостандықтардың (еркіндіктердің) Ұлы Хартиясының өзінде
әлеуметтік бағыттардың кейбір белгілерін кездестіруге болады. 1776
жылдың 12 маусымында Вирджинияның құқықтар Деклорациясында әр адамның бақыт
пен қауіпсіздікке құқықтарымен қоса, жалпыға бірдей аман-саулықты қолдауға
және бақыт пен қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуг деген
үкіметтің (мемлекеттің) міндеті баяндалған. Ұлы Француз революциясы
кезінде еңбекке құқық, кедейлердің қамын ойлау, білім алу және т.с.с.
құқықтар конституциялық талаптар ретінде көрініс тапқан болатын”[1]. Яғни
сол кездердің өзінде мемлекеттің атқарған қызметтері халықтың әлеуметтік
жағдайларына бағытталған болса неліктен зерттеуші ғалымдар әлеуметтік
мемлекеттің пайда болуы “XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басымен
байланыстырады? Жалпы, әлеуметтік мемлектті өмірге келтірген қандай
себептер болды? Бір жағынан оның қажеттілігі, ал екінші жағынан оның
жүзеге асу мүмкіндігі немен байланысты? – деген заңды сұрақтар туындауы
мүмкін. “Көптеген авторлардың пікірінше, әлеуметтік мемлекет тиісті саяси
және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туындаған уақытта, қоғам
эволюциясының белгілі бір кезеңінде қалыптасады. Алайда, осы жағдайлардың,
және де оларды талдау мен қалыптасу алғышарттарының жалпы танылған тізімі
жоқ” [2]. Басқа авторлар әлеуметтік мемлекетті “барлық азаматтарының
әлеуметтік қорғалуының жоғарғы деңгейі қамтамасыз етілетін аса дамыған
мемлекеттің ерекше түрі деп анықтайды [3]. Олардың пайымдауынша “”
“әлеуметтік саладағы жағдайлар үшін өзіне жауапкершілік жүктейтін және
осының негізінде әлеуметтік реттеу саясатын өзінің аса маңызды
қызметтерінің бірі ретінде қарастыратын”, “әлеуметтік әділдік,
азаматтарының игілікті тұрмыс тіршілігі, олардың әлеуметтік қорғалуы
жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру міндетін өзіне жүктейтін” [4]
әлеуметтік мемлекетке деген қажеттілік индустриалды және постиндустриалды
қоғам қалыптасқан кезде туындайды.
Кез келген мемлекет табиғатынан әлеуметтік қызметтерді
жүзеге асыруға арналғандығын көптеген авторлар мойындайды (айта
кетерлігі, бірқатар ғалымдар, осы дәйекті басшылыққа ала отырып
жеке дара әлеуметтік мемлекет институтының жоқтығын және барлық
мемлекеттер әлеуметтік болып келетіндігін баяндайды). Айталық , С.К.
Джунусованың пайымдауынша “мемлекет таптық күрестің немесе сыртқы
қауіптен қорғанудың нәтижесінде емес, өзінің өмір сүру жағдайларын
жақсарту мақсатында бірігіп жұмыс істеу үшін адамдардың бірігуге деген
қажеттілігінен туындады, яғни бастапқы мемлекет белгілі бір әлеуметттік
қызметтерді жүзеге асыру қажеттілігінен туындады. Ұлы өзендердің
жағасындағы суару және ирригациялық жүйелерді құру мен оларды тиісті
қалпында сақтап қалу қажеттілігі, мемлекеттің жер өңдеушілерді қоғамдық
жұмыстарды орындау үшін жұмысқа тартуын талап етті”[5]. Шынтуайтына
келгенде, әрбір мемлекет табиғаты жағынан әлеуметтік қызметтерді жүзеге
асыруға арналғанымен, кез келген мемлекет әлеуметтік мемлекет бола
бермейді деп есептейміз. Айтылған, пікірімізді негіздеу үшін және
жоғарыда берілген сұраққа жауапты іздестіріп табу үшін тарихқа қысқаша
көз жүгіртіп көрелік. Әрине әлеуметтік мемлекет құбылысы жайлы толық
мағлұмат алу үшін, мемлекет құбылысының алғаш қалыптасу кезеңінен
бастауға болар еді, өйткені, басында айтып кеткеніміздей оның
(мемлекеттің) пайда болу себептерінің бірі әлеуметтік қажеттіліктерден
туындаған еді. Бірақ мұндай аса үңілушілік бізді тақырыптан ауытқытып
жіберуі мүмкін. Сондықтан, тарихқа аса бойламау үшін әлеуметтік
мемлекеттің алдын орайтын құқықтық мемлекеттен бастамақшы болдық. Себебі,
біріншіден, алдымызда тұрған және жұмысымыздың осы бөлімінде қарастыруды
қажет ететін міндеттердің бірі - ол әлеуметтік мемлекет идеясының
дүниеге келер алдындағы және дүниеге келген кездегі, сондай-ақ одан
кейінгі жағдайларды айқындау. Құқықтық мемлекеттен бас тартуымыздың екінші
себебі мұндай мемлекет пен әлеуметтік мемлекет өзара тығыз
байланысты институттар және әлеуметтік мемлекетті құқықтық
мемлекттің өркендеуінің бір сатысы деп атаса болады.
Жарайды, қызыл кеңірдек, демогогияны шетке қояйық-та алдымызда
тұрған мәселені зерттеуге көшейік.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы адамның азаматтық және саяси
құқықтарының пайда болуымен тығыз байланысты болғандықтан баршаға
мәлім. Сол кездегі еркін нарықтық экономика жағдайындағы адам мен
мемлекеттің өзара қатынас мәселесі, буржуазиялық қоғамның экономикалық
және саяси-құқықтық ой-идеялардың түрлі ағымдарына жататын өкілдер
арасындағы текетірестің орталығында еді, өйткені ол буржуазиялық
қоғамның ең маңызды принциптерін – бостандық пен теңдікті қозғады.
Бұл мәселені шешудің екі жолы қалыптасты: бірі – теңдік
басымдылығын, екіншісі – бостандық басымдылығын басшылыққа алу. Осы
екі қағида, яғни бостандық және теңдік қағидалары өзара
қайшылыққа түсті. “Адам Смит, Джон Стюарт Милль, Бенжамен Констант,
Джон Локк және т.б. адамның жеке бостандығын жақтап, осы
бостандықты кез-келген қол сұғушылықтан, соның ішінде,
мемлекттің араласушылығынан қорғанудан негізгі міндет ретінде
мемлекетке жүктейді” [6]. Олар мұндай бостандықтың ақыр аяғында
теңсіздікке әкелетінін және теңдік пен бостандық бір-біріне қайшы
келу мүмкіндігін түсінген еді, алайда теңдікті тұлғаның жеке
қасиеттерінің және өзіндік ерекшеліктерінің дамуын қамтамасыз ететін
аса маңызды құндылық ретінде қарастырды. Мұндай бостандықты қамтамасыз
етудің ең басты шарты - мемлекеттің экономикадан алшақ болуы және
араласпауы. Бұл құбылыс ғылымда “негативті” бостандық деген
атауға ие болып кең тараған. (бұл жерде “негативті” деген
сөздің қазақ тіліне аударғандағы баламасы “ жағымсыз” деген
мағнаны береді. Алайда осы сөздің қазақша баламасы ұғымның
мәнін толық аша алмайтындығына байланысты, берілген терминдегі
“негативті” сөзін сол күйінде қолдандық. Айта кетерлігі бұл,
төменде айтылатын “позитивті” деген сөзге де қатысты).
Әрине, негатив бар жерде позитивтің болуы заңды
құбылыс. Осыған орай, бостандықтың негативті (немесе жағымсыз
теріс) түсінігімен қатар (былайша айтқанда мемлекеттің араласуынан
бостандық), айталық теңдікті қамтамасыз етумен байланысты
мемлекеттің белгілі бір әрекеттеріне деген азаматтардың
құқықтары сипатында бостандықтың позитивті (жағымды) түсінігінде
қолданатын теория пайда болды. Түсінікті етіп айтал болса, бұл
теория жеке бас бостандығының маңыздылығын жоққа шығармайтын,
бірақ жеке тұлғалардың теңдігін қамтамасыз етудегі
мемлекеттің қатысуын ескеретін оны теңдікпен байланыстырғысы
келетін теория деп тұжырымдауға болады. Мұндай тұжырымдаманың
негізін қалаған Жан Жак Руссо Оның пікірінше теңдік
қағидасына барлығы тәуелді болуы керек, соның ішінде, басты
міндеті теңдікті қамтамасыз ету болып табылатын,
мемлекеттік билік те бағынуы қажет.
Жеке тұлғалардың мемлекет тарапынан болған қатаң
қорғаушылықтан босауы, адамдардың белсенділігі мен ерік
білдіру құштарлығын өсіруі, жеке кәсіпкерлік пен нарықтық
шаруашылықтың дамуына септігін тигізді, өндірісітік күштердің
дамуын, жаңа технологияларды жасауды және нәтижесінде ұлттық
байлықтың өсуін, бұржуазиялық мемлекеттердің экономикалық
қуатының бекуін қамтамасыз етті. Мұның XVIII ғасырдағы
классикалық либерализмнің аса құндылығын дәлелдеді. Алайда, XIX
ғ. Соңына таман либарализм және идивидуализм идеяларын
негативті бостандық қағидасын жүзеге асырудың нәтижесінде
жағымсыз салдар анық байқала бастады.
Осы кезеңде. әлеуметтік қақтығыстарға әкелуі әбден мүмкін
болған қоғамдағы таптық қарама-қайшылықтар, байлар мен кедейлер
арасының тым алшақтауы барған сайын өршіді. Классикалық
либерализм ілімдерінің арасында көрнекті орынға ие болған
индивидуализмде эгоим және тек өзін ғана жақсы көрушілік
(Ф.А.Хайсек) байқала бастайды.
XIX ғ. соңында және, әсіресе, XX ғ. бас кезінде шектен
шыққан либерализм және классикалық либерализм идеяларының
тоқырауын либералдық ағымдардың өкілдері сезе бастады. Қоғамдағы
қарама-қайшылықтардың ушығуы, әлеуметтік қақтығысты болдырмауды
мақсат етіп қойған мемлекеттің жаңа реттеу әдістерін тудырды.
Осы үрдістерді іштей сезе отырып, неолибералды
теоритиктер, әлеуметтік бағдар алған саясатты қамтамасыз етуге
деген және, “әлеуметтік теңсіздікті” түзетуге деген міндеттерді
мемлекеттің өз мойнына алуын білдіретін, бостандықтың жаңа “
позитивті” тұжырымын алға тартты. Бостандықтың жаңа “жағымды”
тұжырымы, П. Новгородцевтің айтуынша “құқықтық мемлекеттің
дамуындағы жаңа кезеңді білдіретін, ұғымдардың түпкілікті
өзгерісін” білдірді. (Новгородцев П. Кризис современного провосознание
М. 1909. С.340.)
Осыдан келіп, адам құқықтарының, екінші буынан адам
құқықтарының, екінші буынына- экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтар жатады, қамтамасыз етуге септігін тигізетін,
іс шараларды жүзеге асыруға деген мемлекеттің міндетімен
байланысты, мемлекет пен адам арасындағы қатынастардың жаңа
бағыттары қалыптасты. Дәл осындай саяси және тарихи
жағдайда әлеуметтік мемлекет идеясы, оның айырықша қасиеттерінің
және қызметтерінің түсінігі қалыптаса бастайды. “Әлеуметтік
мемлекет термині (Бұл термин алғаш рет неміс ғалымы Л.Фон Штейннің
1850 ж. жарық көрген еңбегінде кездеседі. Stein L. Von. Geschichte
der sozialen Bewwegung Frankreich vom 1789 bis auf unsere Tage. 3
bd. 1850. По статье: С.Калашников. Функциональная структура
социального государства (Человек и труд №6. 2002. С-22.) ұғымының
негізін қалаушы 1815-1890 ж.ж. аралығында өмір сүрген немістің
мемлекеттанушы және экономист ғалымы Лоренц Фон Штейн еді. Оның
1876 ж. жарыққа шыққан “Құқықтың және ғылыми –мемлекеттік
Германияның қазіргісі мен болашағы (Gegenwart und zukunft der
Rechts-und Staatswissens chaften Deutschlands) атты еңбегінде
осындай мемлекеттің ұғымы анықталған. Л. Фон Штейннің пайымдауынша,
әлеуметтік мемлекет- “өз билігінің арқасында қоғамның барлық
топтары үшін, жеке тұлға үшін құқықтардағы абсолютті теңдікті
қамтамасыз етіп отыруға міндетті. Ол өзінің барлық
азаматтарының экономикалық және қоғамдық дамуына септігін тигізуі
қажет. Өйткені, бір адамның дамуы, ақырында, екінші бір
адамның дамуының алғы шарты және тек осы мағынада ғана
әлеуметтік мемлекет жайында айтылады” (Stein L. Von Gegenwart
und zukunft der Rechts-und Staatswissens chaften Deutschlands-
Stuttgart 1876. Цит. по статье: Владимир Торлопов. Социальное
государство: сущность и генезис. “Человек и труд” № 5. 198-С10).
Оның айтуынша, мемлекет билік етушілерді тек заңдастырып және
қорғап қана қоймай, сонымен бірге халықтың мүдделері үшін
саналы түрде қызмет етуі тиіс* (* П.К. Гончаров . Социальное
государство; Сущность и принципы Вестник Российского университета
дружбы народов. –Сер.: Политология. 2000. №2. С.48)
Либералды ағымға жататын ғалымдардың арасында Штейннің
пікірі “Фиридрних Науманн жақтады. Мемлекеттің шаруашылық және
әлеуметтік қатынастарға белсенді араласуы жөніндегі оның
пікірлері, ертеректегі неміс либерализмнің елеулі элементтеріне
айналды * (*Gall L.Liberalismus und “burgerliche Gesellschaft”.
Zuncharakter und Entwichlung ber liberalen Bewgung in
Deutschland Historische Zeitschrift –1975 - Bd 220. По статье: П.К.
Гончаров социальное государство: сущность и принципы...) Либералдар
мемлекетке тек меншік пен әлеуметтік тәртіпті сақтау ғана емес,
сонымен бірге ауқымды әлеуметтік реформалар арқылы төменгі
топтарды материалдық және моралдық жағынан көтеруді жүктейді*
(*Sheehar J.J. Der dutsche, Liberalismus. Von den Anfangen im 18.
Zahrhudert bis zum Ersten Weltkrieg 1770-1914-Munchen 1983.
Цит. по статье; П.К. Гончаров. Социальное государство: сущность и
принципы..)
Буржуазиялық мемлекетті, барлық азаматтарының игілікті тұрмыс
тіршілігін өзінің басты міндеті ретінде қарайтын мемлекетке
айналдыру жолымен жүргізілетін әлеумсеттік реформалар жөніндегі
идеялар, неміс жұмысшылар қозғалысының, оның түрлі
қоғамдастықтары мен одақтарының, саяси және кәсіподақ ұйымдарының
үлкен қолдауын тапты. Мемелекеттік құрылыс мәселелеріндегі
әлеуметтік – реформистік бағыттарды неміс жұмысшылар тобының
көптеген көсемдері де қолдады. Германияда төменгі жақтан жоғарғы
жаққа бағытталған қысым, батыстың басқа елдерімен
салыстырғанда күштірек байқалды.
Герман мемлекетінде еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық
жағдайларын жақсартуға бағытталған төменгі жақтан келетін қысым,
жоғарғы жақтағы реформаларды жүргізу дәстүрлерімен
үйлесімді болған еді. Нәтижесінде, XIX ғасырдың екінші жартысы
мен XX ғасырдың бас кезінде, осы елдің төменгі
таптарының әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік
және қоғамдық сипаттағы бірқатар іс-шаралары өңделіп заң
жүзінде бекітілді.
Батыс елдерінің көлемінде ғана емес, жалпы дүние жүзі
бойынша әлеуметтік сақтандырудың алғаш жүйесін, былайша
айтқанда, әлеуметтік мемлекет тұжырымдамасын әуелгі кірпішін
қалаған (1880ж) Бисмарк тұсындағы Герман мемлекеті еді. Бисмарк
қоғамда болып жатқан жағдайларды және жұмысшы табының
күшеюіне байланысты мемлекеттік билікке қауіп төніп тұрғандығын
ескере отырып 1883-1886 ж.ж. аралығында Рейстаг арқылы үш заңды
өткізді. Осы әлеуметтік заңдардың ең біріншісі болып
“өнеркәсіп жұмысшыларын сырқаттануына байланысты міндетті
сақтандыру туралы” 15 маусым 1883 жылғы қаулысы. Бұл заңнан
кейін 1884 жылғы “Оқыс оқиғалардан сақтандыру туралы” және
1889 жылғы “Кәрілік бойынша және мүгедектік бойынша берілетін
зейнетақы туралы” заңдар қабылданды. Заңдардың осы кешені,
әрине, тек Герман мемлекетінің ғана емес, сонымен бірге басқа да
капиталистік елдердің әлеуметтік заңдар саласындағы, қолданыс
тапқан іс-шаралардан сөзсіз артықшылығы бар еді. Ол, әлеуметтік
сақтандыруға еріксіздік сипатын бере отырып, оны қалыптасқан
жүйе ретінде заң жүзінде бекіту жолымен, оқыс оқиғалардан
сақтандырудың жаңа, бұрын соңды болмаған түрін енгізген еді.
Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасы халықаралық көлемдегі оқиға
ретінде қарастыруға болады. Ол бірден-ақ өзіне дүние жүзілік
қауымдастықтың назарын аудартты. Кейбір үкіметтер заң шығару
ұсыныстарын енгізу мақсатымен әлеуметтік мәселелерді және
жұмысшылардың жағдайын зерттеу жөніндегі арнайы комитеттер құрды.
Сақтандыру мәселелерін зерттеу үшін халықаралық конгрестер
шақырылып, алғашқысы 1889 ж. Парижде өткізілді. Неміс
әлеуметтік заңдары түрлі мемлекеттердің заңшығарушылары,
кәсіпкерлері, жұмысшылары және ғалымдары үшін сүйеніш ретінде
белгілі бір үлгі ретінде қызмет атқарды. (* Государство всеобщего
благосостояние. Попов А.А. М-1985) Мысалға, тарихшы А. Бриггз басқа
мемлекеттердің кейінгі қабылдаған әлеуметтік заң актілері, осы
саладағы Германияның бірінші заңдарымен қалайда байланысты болып
келетіндігін алға тартады. Айталық, Данияны 1891 және
1898 жылдар аралығында зейнетақы туралы немістің барлық үш
заңын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz