Бақыт ұғымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Бақыт

“Бақыт” ұғымы - этикадғы ең іргелі (фундаменталды) түсініктің бірі. Оның үстіне ол ең жемісті әлеуметтік идеялардың бірі болып табылады. Спинозаның айтуынша, “бақыт - бұл ізгіліктің қайтарымы емес, ізгіліктің өзі, өз құмарлықтарымызды ноқталағанымыз үшін бақытты емеспіз, керісінше, біздің бақытты болуымыз оларды ноқталауға қабілетті етеді”. Бақыт адамға сезілетін құбылыс сияқты көрінгенімен, ол ішкі қайшылықтарға толы. Этика тарихында бақыттың мәні туралы пікірлер мен көзқарастар өте көп.

Мәдениет тарихында бақыт туралы қолданбалы этикалық пән - фелицитология қалыптасқан. Маңызды фелицитарлық шығармалар қатарына төмендегілер жатады: Аристотельдің “Никомах этикасы”, Сенеканың “Бақытты өмір туралысы”, Ф. Аквинскийдің “Бақыт туралы трактаты”, Бофцийдің “Философиялық жұбанышы”, Августиннің “Бақытты өмірі”, Гельвецийдің “Бақыт” поэмасы, Л. Фейербахтың “Эвдемонизмі”, Дж. С. Милльдің “Еркіндік туралысы”, Э. Фроммның “Өзің үшін адамы”, В. Татаркевичтің “Адамның бақыты” және т. б. Этика-тарихындағы бұл шығармалар бір тақырып төңірегінде жазыл-ғанымен, алуан түрлі көзқарастарды ұстанады.

Бірі бақыт сүйіспеншілікте деп тұжырымдайды. Алайда, бақыттың тез өткіншілігі де белгілі. Бақыт жастықта ма? Бірақ, Цицерон кәрілік - бақыттырақ деп есептейді. Көпшілігі бақыт қажеттіліктерді қанағаттандыруда деп санайды. Алайда, тойымшылықтан бас тартып, өзін-өзі шектейтіндер қателесе ме? Мүмкін достықта болар? Бірақ «достан кашық бол, жауың одан қауіпті емес». Білім ше? Бірақ «білім алған адам қашыны да арқалайды». Даңқ? Алайда, «даңқты іздеме, өйткені онда сені кезкелген жағымпаз тауып алады». Бақыттың парадокстары көпқырлы.

Алайда бұл бақыт ұстатпайды және теориялық талдауға көнбейді дегенді білдірмейді. В. Татаркевичтің пікірінше адамдар бақытты әрқалай түсінеді. Негізінен бақытты ерекшелеуге болады. Бұқаралық санада ең кеңінен таралғаны: бақыт - бұл сәттілік, кездейсоқтық, бізге бағынбайтын тағдыр («бақыт құ-сы») . Екіншісі, бақыт - өмірден қанағат, ләззат алу, қуаныш. Үшіншісі, бақыт - бұл жоғары игілік пен ізгілікке ие болу. Жә-не, ақырғы төртіншісі, бақыт - бұл ләззат алу мөлшері де емес, бір сәттік қуаныш та емес, сыртқы игіліктерге ие болу да емес, ол бүтіндей өмірден толық, ұзақ қанағат алу, қайғы-қасіреттер аркылы болмыстың құпия мәніне ие болу. Осы соңғысы көңілге қонымды секілді. Бірақ ол да «бақыт формуласын» толығымен ашпайды.

Фелицитарлық идеялардың жалпты мазмұнына үңілсек, ондағы пікірлердің қайшылықтарымен қатар, бақыт ұғымындағы жалпы белгілерді де аңғаруға болады:

1) ләззат алудың субъективті көңіл-күйі өз-өзімен бақыттың жеткілікті өлшемі бола алмайды;

2) бакыт ізгілікпен катар жүреді;

3) бақыттың объективті өлшемін табуға болады. Платон мұның өлшемі ретінде «жақсы адам» идеясын, а. л Аристотель «адамның мақсаты» идеясын есептеді. Спиноза - адамның өз күшін пайдалана отырып, жаратылысын іске асыруы деп санаса, Спенсер - адамның биологиялық және әлеуметтік эволюциясын атайды.

Адам бақыты туралы ілімдерде негізінен үш бағытты айқындауға болады: бақыт психологиясы, бақыт аксиологиясы, бақыт социологиясы. Психологиялық тұрғыда бақыт позитивті көңілкүй, өмірден ләззат алу, қуаныш пен шаттық және рақаттану болып табылады.

Бақыт сезімі бүгінгі күнгі бір оқиғаға байланысты туьндаған бір сәттік, тез өткінші нәрсе болуы мүмкін. Ол үнемі, тұрақты, берік, рухани күштің, жақсы келешектің, үйлесімділік пен қана-ғашіылықтың толассыз қуаньшы болуы да мүмкін. Бақыт сезімі осылажиа адамның өзіне және әлемге қатынасының алуан түрлілігін білдіреді. Бүл жағдайда бақыт пен қуаныштың арасын ажырату маңызды. Олардың айырмашылығы, егер қуанышы жекелеген атқа ғана сәйкес келсе, ал бақыт - бұл қуанышты үздіксіз және толык сезіну. Бақыт, - Э. Фроммның анықтауынша, - бұл өмір сүру өнеріндегі кемел-дік өлшемі, өзінің гуманистік этикадағы мағынасына сай ізгілік (Человек для себя. М., 1992, 182-бет) . Адам әрекетінде, әрине, бақыттың тура және ашық соңына түсу жоқ. Әр түрлі өмірлік мақсаттарды қою және оған жету адамды автоматты түрде бақытты ете алмайды. Алайда, соған ұмтыла отырып, ол бақытты сезінеді. Бұл «қу стратегия», бақыттың «психологиялық заңы» болып табылады (Дж. С. Милль. ) - Адамда индивидуалдық өмірқамының ішкі құндылық мәнін және оның соңғы эффектілігін бақылап отыратын ішкі «мүлгімейтін көз» болады.

Алайда, бақыт психологиясы негізінен көңіл-күй айғақтарын айқындайтын сипаттаушы терминдерді қолданады. Ләззат алу немесе қасірет бақыт немесе бақытсыздықтың ең басты көрсеткіштері бола алмайды. Кейбіреулер садизмнен, деструктивтіліктен, біреулерді балағаттағаннан ләззат алса, ал кейбірі сүйіспеншіліктен, достарымен бөліскеннен, шығармашылықтан ләззат табады. Егер бақыт пен бақытсыздық олар туралы біздің сезімдерімізге сай болса, онда бұл туралы білмей ләззат алу немесе қайғыру бәрібір ләззат алмауды және қайғырмауды білдіреді. Егер құлдар қожайыны келтірген қасіретін сезінбесе, онда бейтарап адам жалпы адамның бақыты үшін қалай құлдыққа қарсы шыға алады? (Э. Фромм. ) . Бақыт та бақытсыздық сияқты ақылдың жағдайы ғана емес, бақыт немесе бақытсыздық - бүл бүкіл тұлға жағдайының көрінісі. Бақыт сезім мен ойлау күшінің, тіріліктің, жемістіліктің ұлғаюына сәйкес келеді; бақытсыздық бұл қабілеттер мен функциялар әлсіреуіне ықпал етеді.

Аксиологиялық тұрғыдан алғанда, бақыт - бұл құндылық, адам өмірінідегі қайырылық өлшемі. Бақыт қайырымдылықты, ізгілікті білдіреді, тек сол ғана адам бойында оның болмысы мәнімен байланысты ең жақсы деген адами қасиеттерді дамыта алады. Бақыт жекелеген сезімдер немесе белгілі бір әрекет емес. Батыс этигі Р. Барроудың айтуынша, адамның өліммен қатынасын және байланысын бағалауда өз позициясы болуы керек. Егер ол нақты болса, объективті мүмкіндіктерге сай болса, онда адам бақыттың үш мәнді шартына жетеді: қауіпсіздік, өзін-өзі бекіту және ахуалды дұрыс түсіну. Моральдық құндылықтар бақыттың тікелей себебі бола алмайды. Өйткені моральды адам бақытсыз болуы мүмкін, ал бақытты адам аморальды болуы мүмкін. Бірақ құндылықтық дағдарыс рухани-эмоционалды дағдарыспен міндетті түрде бірігеді.

Бақытқа ұмтылу әрқашан да адамдарды біріктіре бермейді, әсіресе біреудің бақытсыздығы екіншісі бақытының шарты болған жағдайларда. Адамдар кейде «кішкентай бақытқа» да ырза болады, өзі үшін зиян және өзін төмендететін жағдайларды, оның нағыз мәнін аңғармай жатып бақыт деп есептейді. Адамдардың бақыт туралы көзқарасы мен бақыт үғымы нақтылық пен абстрактылық сияқты ажыратылады, қажеттілік пен мәнділік арасында қайшылық туады. Бақыт үғымы ахуалдық алғышарт емес, императивті негіздегі идеалдылықты, шынайылықты, толымдылықты білдіреді. Этика адамның пікірін «басқашалау» бақытқа толы деп кінәласа, ал адамдарға нағыз бақыт үшін бүл берілген өмір сай келмейтіндей больш көрінеді.

Бақыт социологиясы - фелицитологияның маңызды құрамдас бөлігі. Ол адамдар ұмтылатын құрмет, байлық, ұрпақ өсіру, дәулетті кәрілік сияқты жалпы белгілі игіліктерді сипаттайды. Сондықтан бақыт социологиясында қоғамдық игіліктерге жету жолдары мен қүралдары және ең алдымен өзінің барлық формаларындағы адал, таза еңбек ерекше орын алады.

Бақыт социологиясы уталитаризм классиктері еңбектерінде кеңінен сипатталған. Мысалы, И. Бентам адамды бақытқа жақындататын құндылықтар тізімін келтіреді: денсаулық, іскерлік, достық, абырой, билік, адамдық, ізгілік, шыдамдылық, қарымқатынас, жұбаныш және т. б. Бұл әсіресе өтпелі қоғамдарға тән. «Қазіргі адам, - деп тұжырымдайды Е. Дубко мен В. Титов, - өзгермелі тағдырға бейімделген өз-өзінен реттелетін құрылғымен және өзінше еркін толқымалы «психика - гироскоппен» қаруланған (Идеал, справедливость, счастье. М., 1989, 72-бет) . Нарықтық экономика мен бұқаралық мәдениет жағдайларында өмір сапасы мен өз-өзіңді іске асыру бағаланады. Бұрын ол қоғамның этикалық қабатына төн болса, енді бұқаралық сипат алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі бақыт концептісінің танымдық көрінісі
Бақыт ұғымының теориялық негізі
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Өмір және оның мәні
Философиялық трактаттар
Тыныштық – шынайы бақыт
ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ - ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗІ
Адам өмірінің мағынасы неде
Өмір және өлім. Өмірдің мәні
Философиядағы өмір және өмір мәні мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz