Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар


Авторлық құқық
Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар
(авторлық құқық объектiлерi)
Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бiр объективтi нысанда:
1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т. б. ) ;
2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т. б. ) ;
3) дыбыс және бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т. б. ) ;
4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т. б. ) ;
5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, пакет, құрылыс және т. б. ) ;
6) басқа да нысандарда қолданылады.
Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң жеке өздерiне қолданылмайды. Авторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады:
1) әдеби туындылар (әдеби-көркем, ғылыми, оқу, публицистикалық жәнет. б. ) ;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарийлiк туындылар;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтiндi және мәтiнсiз музыкалық туындылар;
6) аудио-бейне туындылар, (кино, теле және бейне фильмдер, диафильмдер және басқа кино, теле туындылар), радио туындылар;
7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;
10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған туындылар;
11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.
ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiнді және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады.
Авторлық құқық объектiлерiне, сондай-ақ:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйiндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделiмдерi) ;
2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да iрiктелу және (немесе) материалдардың орналасу бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.
Туынды және құрастырылған шығармалар олардың негiзге алынған немесе оларға енген туындылардың авторлық құқықтың объектiлерi болу-болмауына қарамастан авторлық құқықпен қорғалады. Авторлық қатынастар Кодекспен және авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы өзге де заң актiлерiмен, ал оларда көзделген жағдайларда өзге де заң актiлерiмен реттеледi.
Авторлық құқық объектiлерi болып
табылмайтын туындылар
Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылмайды:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң шығару, әкiмшiлiк, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
2) мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер) ;
3) халық шығармашылығының туындылары;
4) ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактiлер туралы хабарлар.
Ресми құжаттардың, рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына авторлық құқыққа жобаны жасаған адам (жасаушы) ие болады.
Ресми құжаттардың, рәмiздер мен белгiлердiң жобаларын жасаушылар, егер оны жасауға тапсырма берушi оған тыйым салмаса, ондай жобаларды жариялауға құқылы. Жобаны жариялаған жағдайда оны жасаушылар өз есiмiн көрсетуге құқылы. Жобаны, жасаушының келiсiмiнсiз, егер бұл жобаны автор жарияласа немесе тиiстi органға жiберсе, оны ресми құжат дайындау үшiн құзыреттi органның пайдалануы мүмкiн.
Ресми құжаттарды, рәмiздердi немесе белгiлердi жобаның негiзiнде дайындаған кезде оған ресми құжатты, рәмiздi немесе белгiнi дайындауды жүзеге асырушы орган өз қалауы бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзуi мүмкiн.
Құзыретті орган жобаны мақұлдағаннан кейін ол әзiрлеушiнiң аты-жөнi көрсетiлмей-ақ қолданылуы мүмкiн. Айрықша авторлық құқық иесi өз құқықтары туралы мәлiмдеу үшiн туындының әрбiр данасына салынған және үшэлементтен:
1) қоршауға алынған латынша "С" әрпiнен;
2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан) ;
3) туындының бiрiншi жарияланған жылынан тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануы мүмкін.
Егер өзге дәлел болмаса, қорғау белгiсiнде көрсетiлген адам айрықша авторлық құқықтың иесi болып саналады. Туынды авторының мынадай жеке мүлiктiк емес құқықтары болады:
1) туынды авторы ретiнде танылу және оны пайдалану кезiнде осы туындыға басқа адамдардың авторлығын тануды болғызбайтын нақ осындай тануды талап ету құқығы (авторлық құқық) ;
2) туындыны өз атынан, бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық) ;
3) өз туындысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге және оның атауын қоса алғанда, туынды жарық көргенде, көпшiлiк алдында орындалғанда немесе өзге түрде пайдаланылғанда автордың келiсiмiнсiз кiмнiң болса да өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiнен туындыны қорғау құқығы (туындыға қол сұқпаушылық құқығы) .
Автордың келiсiмiнсiз оның туындысын шығарғанда безендiрулер, алғысөздер, соңғысөздер, түсiнiктемелер немесе қандай да болсын түсiндiрмелер беруге тыйым салынады.
Автор қайтыс болғаннан кейiн оның туындысын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте көрсетiлген адам, ал мұндай нұсқау болмаған жағдайда - автордың мұрагерлерi, сондай-ақ заң актілеріне сәйкес авторлық құқықтарды қорғау жүктелген тұлғалар жүзеге асырады.
4) белгiсiз тұлғалар тобының туындыны ашуға рұқсат құқығы (халыққа жария ету құқығы) .
2. Автор туындыны халыққа тарату туралы бұрын қабылдаған шешiмiнен бас тартуға құқылы (керi қайтарып алу құқығы), бұл жағдайда жоғалтылған пайдасын қоса алғанда, пайдаланушыға осындай шешiм арқылы келтiрiлген залал өтелуi керек. Егер туынды халыққа жария болып кетсе, автор оны керi қайтарып алатыны туралы көпшiлiкке хабарлауға мiндеттi. Бұл орайда ол туындының бұрын әзiрленген даналарын өз есебiнен айналыстан алып тастауға құқылы.
Автордың бiреумен келiсiмi немесе автордың жеке мүлiктiк емес құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуы туралы арызы жарамсыз болады. Авторға туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға айрықша құқықтар берiледi.
Автор туындыны пайдалану кезiнде үшiншi тұлғалардың мынадай iс-әрекеттердi жүзеге асыруына:
1) туындыны қайта жаңғыртуына (қайта жаңғырту құқығы) ;
2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, жалға беруiне, өзге де операциялар жасауына (тарату құқығы) ;
3) туындыны көпшiлiк алдында көрсетуiне (көпшiлiкке көрсету құқығы) ;
4) туындыны көпшiлiк алдында орындауына (көпшiлiк алдында атқару құқығы) ;
5) жалпыға бiрдей мәлiмдеу үшiн эфирге немесе кабель арқылы хабарлауды қоса алғанда туындыны көпшiлiкке хабарлауына (көпшiлiкке хабарлау құқығы) ;
6) туындыны эфирге беруiне (радио және теледидар арқылы тарату), оның iшiнде туындыны кабель немесе спутниктiк байланыс арқылы таратуына (эфирге хабарлау құқығы) ;
7) туындыны аударуына (аудару құқығы) ;
8) туындыны қайтадан жасауына, аранжировкалауына немесе басқаша түрде өңдеуiне (өңдеу құқығы) ;
9) қала құрылысы, сәулет, безендiру жобасын iс жүзiне асыруына;
10) заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруына рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы.
3. Туындыға түпнұсқасындағыдай объективтi нысанда қайталап беру (туындыны басып шығару, дыбыс немесе бейне жазулар таралымы және т. б. ) қайта жаңғырту болып табылады.
4. Егер туындының даналары заңды түрде иелiктен айырылса, оларды одан әрi таратуға, заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, автордың келiсiмiнсiз және сыйақы төленбестен жол берiледi.
5. Туынды кiрiс келтiру мақсатымен сатылғандығына не оны сату бұған бағытталмағандығына қарамастан, пайдаланылған деп саналады.
Туындының (өнертабыстардың, өзге де техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т. б. шешiмдердiң) мазмұнын құрайтын ережелердi iс жүзiнде қолдану туындыны авторлық құқық мағынасында пайдалану болмайды. Туындылардың қолжазбаларын, материалдық негiздегi басқа туындыларды, оның ішінде машинкаға басылғандарын сақтауға беру, егер осылайша сақтауға беру әркiмнiң кiруiне ашық қоймада (депозитарийде) жүргiзiлсе және депозитариймен жасалған шарт бойынша кез келген адамның туынды данасын алуына жол берiлсе, туындыны пайдалану деп танылады. Туындыны сақтауға беру құқық иесiнiң депозитариймен туындыны пайдалану талаптарын белгiлейтiн шарты негiзiнде жүзеге асырылады. Мұндай шарт және депозитарийдiң пайдаланушымен шарты жария болып табылады өазақстан Республикасының аумағында алғаш рет жарияланған немесе жарияланбаған, бiрақ түпнұсқасы қандай болса да объективтi нысанда оның аумағында болған туындыға авторлық құқық өазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Бұл жағдайда автор және (немесе) оның мұрагерлерi, сондай-ақ автордың басқа да құқықтық мирасқорлары өздерiнiң азаматтығына қарамастан авторлық құқық иесi болып танылады. Туындысы шет мемлекет аумағында алғаш рет жарияланған немесе қандай болса да объективті нысанда болған Қазақстан Республикасы азаматтарының да, сондай-ақ олардың құқықтық мирасқорларының да авторлық құқығы танылады.
Халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқықты қорғау құқық иесіне берiлген жағдайда туындының шет мемлекет аумағында жариялану фактiсi тиiстi халықаралық шарттардың ережелерiне сай анықталады. Қазақстан Республикасының аумағында туындыны қорғау мақсатында туындының авторы туынды алғаш рет аумағында қорғауға алынған мемлекеттiң заңы бойынша анықталады. Туындыға авторлық құқық оның жариялануына қарамастан туындыға үшiншi тұлғалардың
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz