Банктiк карталармен жасалатын қылмыстар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Кеңес Г. К.,

Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ң аспиранты.

Банктiк карталармен жасалатын қылмыстар және олармен күрес жүргiзудiң қажеттiлiгi

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы, соның iшiнде, экономиканың банктiк секторының өркендеуi негiзiнен оларды нақты түрде құқықтық реттеумен тiкелей байланысты. Қазақстанда бұл қатынастарды реттеу қазiргi күшi бар банктiк заңдар нормаларымен толық көлемде қамтылмаған. Қолма-қолсыз есеп айырысуларды, соның iшiнде, банктiк карталар бойынша операцияларды құқықтық реттеуде күрделi мәселелер туа бастады. Экономикалық реформалар жылдарында қазақстандық банктер саяси, экономикалық және әлеуметтiк ортадағы көптеген өте күрделi, қарама-қайшылықты, қиын болжаулы процесстер орталығында қалуға душар болды. Экономика секторларының iшiнде iс жүзiнде мемлекеттiң нақты араласуын ең қажет еткен банк шаруашылығы болды.

«Төлемдер мен ақша аударулар» туралы 1998 жылы 28 шiлдеде шыққан Заңның банктiк карталарды қолдану арқылы жүргiзiлетiн қолма-қолсыз есеп айырысулар тәртiбiн толық реттей алмауы, яғни, құқықтық механизмнiң болмауы бұндай есеп айырысулардың толық көлемде iске асырылу мүмкiншiлiктерiн шектедi. Пластикалық карталарды қолдану жолымен жүргiзiлетiн электронды есеп айырысулардың мағынасы олардың тиiмдiлiгi максималды экономикалық нәтижеге қол жеткiзетiндiгiнде жатыр. Оны Ресейдегi 2002 жылы 20 желтоқсанда қабылданған, барлық iрi төлем операцияларын электронды құралдарға, соның iшiнде, пластикалық карталарға бiртiндеп көшiруге арналған «Электронды Россия» деп аталатын федералды бағдарлама куәландырады.

Банктiк сектордағы электронды төлемдердiң негiзгi маңызын анықтай отыра, Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы ақпанда үшiншi Қаржыгерлер Форумында банктiк технологиялар нарығында бұл құралдардың қолданысын қолдау қажеттiлiгiн баса айтты. Қаржыгерлерге тапсырыс бере отырып, ол приоритеттi бағыттардың бiрi ретiнде пластикалық карталардың қолданысын кеңiту, соның iшiнде, несиелiк карталар нарығын дамытуды атап көрсеттi. Сол Форумда ҚРҰБ-ң Төрағасы қазiргi уақытта төлем карталары нарығының даму жолындағы негiзгi мәселелер қазiргi қаржылық заңдар қатарындағы ақаулар болып табылатыны туралы, соның iшiнде, «Пластикалық карталар айналымын құқықтық реттеу» туралы Заңның жоқтығы туралы баяндады. Сонымен қатар, аталған қаржылық құралдарды қолдану бойынша банк қызметкерлерiнiң құқықтық мағынада дайындықсыздығы бойынша мәселелердiң кездесетiндiгi туралы айтылды. Бұл қызметтiң жаңашылдығына байланысты Қазақстан Республикасында төлем карталар иеленушiлерiн де құқықтық қорғау әлсiз. Қазақстанда қылмыстық және азаматтық кодекстерiнiң құрамына енуi қажет жаңа заңдарға қоса, сонымен қатар, «пластикалық бизнестiң» қатысушыларының өзара қарым-қатынастарын реттеушi қосымша нормативтiк актiлер қажет.

Жалған төлем карталары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату бойынша қылмыстар тек қана Азаматтық кодекстiң 7-тарауының 207-бабында ғана екi-ақ тармақпен қарастырылған: жалған төлем карталарын, сол сияқты бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын сату мақсатында жасау немесе сату - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады және бiрнеше рет жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекеттер - мүлкi тәркiленiп төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Заң Қазақстан территориясында төлем карталарының шығарылу, айналу және қолданылу тәртiптерiн бекiте отырып, олардың жүзеге асырылуын, олардың айналымында пайда болатын субъектiлердiң өзара қарым-қатынастарын, төлем жүйесiнiң қатысушыларының мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiн, бұл байланыстардағы келiспеушiлiктердi шешу тәртiптерiн және тағы басқа, мысалы, шетел валютасымен есеп айырысуға байланысты сұрақтарды қарастыруы қажет.

Қазақстанда банктiк карталар эмиссиясы, олармен есеп айырысу ережелерi және олармен жасалған операцияларды есепке алу тәртiптерi бойынша екiншi деңгейдегi банктерге қойылатын ҚРҰБ-ң негiзгi талаптарын бекiтетiн, төлем карталары нарығының шаруашылығын реттейтiн және тәртiптейтiн, ҰБ-ң барлық департаменттерiмен және соның iшiнде, бухгалтерлiк есеп және есеп беру департаментiмен келiсiлiп өңделген, төлем карталары пайда болғаннан берi жарық көрген ең алғашқы құжат «Банктiк карталар эмиссиясы және оларды қолдану арқылы есеп айырысуларды жүргiзу тәртiбi» туралы Ереже болып табылады.

Бұл мәселелердi құқықтық қорғау қажеттiлiгiнiң маңызын электронды төлемдер бойынша жүргiзiлген қаржылық операциялар көлемi 2004 жылы 22 606 млн. тенгеге, ал, карта иеленушiлер саны 2млн. 300 мың адамға тең болуы жоғарылатады. Қазiргi таңда әлемнiң 200 астам елiнде несиелiк карталар негiзiнде банктiк қызмет көрсету меңгерiлiп, ал, тауарлар мен қызметтер үшiн қолма-қолсыз есеп айырысулар барлық ақшалай операциялардың құрамының 90%-н құрайды.

Төлем жүйесiн құру кезiнде де оның қауiпсiздiгiн сақтау мен қорғауға бар мүмкiндiгiнше көңiл аудару қажет. Әдетте, iшкi және сыртқы қауiпсiздiк болып бөлiнедi. Iшкi қауiпсiздiк дегенiмiз бағдарламалар мен деректердiң толықтылығы мен түгелдiлiгiн, барлық жүйенiң қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету болса, сыртқы қауiпсiздiк - ендiру жүйесiн iстен шығаруға келтiретiн кез келген қауiп-қатерден сақтау болып табылады. Төлем жүйесiн қорғау құрылысында 2 түрлi: комплекстi, яғни, қауiптерге қарсы әртүрлi әдiстер мен тәсiлдердi бiрiктiру және фрагментарлы, яғни, белгiлi бiр нақты анық қауiптерге қарсы шаралар (антивирустық құралдар және т. б. ) қолданылады. Комплекстi қорғаныс iрi төлем жүйелерiн (мысалы, халықаралық банкаралық желiлердi) қорғау үшiн өңделген. 1985 жылы АҚШ Қорғаныс Министрлiгiнiң компьютерлiк қауiпсiздiгiнiң Ұлттық орталығымен «Қызғылт-сары кiтабы» басылып шықты, онда ережелер мен нормалар, сонымен қатар, ақпараттық-есептiк жүйелердiң қорғанысы туралы негiзгi түсiнiктер келтiрiлген. Кейiннен ол кiтап ақпаратты қорғау бойынша мамандар үшiн нағыз «Шаруашылыққа басшылық» деп аталатын нұсқаулыққа айналды.

Ақша құралдарын тиiмдi қолдану және ақша айналымының шығындарын азайту қажеттiлiгiнiң орасан зор маңызын ескере отыра, мемлекет ҚРҰБ тұрғысында пластикалық карталар сияқты перспективтi есеп айырысудың формасын ұсынуда, бiрақ, банктiк тәжiрибеде пластикалық карталармен есеп айырысуда банктердiң және сонымен қатар, жалпы төлем жүйесiнiң табыстарына керi әсер ететiн көптеген мәселелер пайда бола бастады. Пайда болған мәселелердiң негiзгiсi және қауiптiсi - банктiк карталармен жасалатын алаяқтық қылмыстар. Криминалисттер бұндай қылмыстар екi түрлi жолмен жүргiзiледi деп санайды: қашықтықта жасалатын (Интернет арқылы деректер базаларымен ақпараттық манипуляция) және карталармен есеп айырысу кезiнде тiкелей жасалатын қылмыстар. Қазiргi таңда алаяқтықтың ең танымал болған басым түрi - карталарды қолмен жасанды жасау. Жасанды карталарды жасау үшiн эмитенттiң логотипi, қол қоюға арналған орын және барлық қорғаныс деңгейлерiнiң көшiрмесi айнытпай қайталанылады. (нақты қызмет етушi түпнұсқа картаның реквизиттерiн қолдана отырып) . Халықаралық жасанды карталарды жасау және қолдану нарығының ең алдыңғы қатарында операциялардың ең басым көпшiлiгi жүргiзiлетiн Оңтүстiк-Шығыс Азия болып табылады. Содан кейiнгi қылмыстық бiрлестiктердiң «филиалдары» Испанияда, Италияда және Ұлыбританияда орналасқан деп саналады. Бұл сферада жетекшi рөлдi гонконгтiк қытайлықтар алады. Азиялық қылмыскерлер топтары ертеректен қазiргi уақытқа дейiн азиялық нарыққа қоса еуропалық нарықта да жоғары сапалы тауарлар тұтынысында ешқандай сескенусiз, тәуекелсiз, еркiн қолданысын тапқан жоғары сапада жасап шығарылған карталар көшiрмелерiн айналысқа енгiздi. Жасанды карталар шығару үшiн қажет деректердi (карта нөмерi, оның қызмет ету мерзiмi, карта иесiнiң аты-жөнi және т. б. ) қылмыскерлерге, әдетте, сауда немесе қызмет көрсету орындарының қызметкерлерi арқылы, кассирлермен келiсу арқылы қолға түсiрiледi.

90-жылдардың екiншi жартысында толық жасанды банктiк пластикалық карталардың Еуропалық сферасындағы азиялық «тарландарды» Африкалық қылмыскерлер ығыстыра бастады. Азиялықтарға қарағанда Африкалық қылмыскерлер қолды болған идентификациялық құжаттар арқылы жеке басын куәландыра отырып, «тауарлар тұтынысына» қоса, қолма-қол ақшаларға банктер арқылы тiкелей заңсыз қол жеткiзе бастады. Африкандықтармен қолданылушы толық жасанды карталар АҚШ-та басып шығарылатыны анықталды. (Калифорнияда жасанды карталар шығарушы бiрнеше шеберханалар тәркiлендi) .

Сонымен қатар, Қазақстанда төлем карталарымен жасалатын алаяқтық қылмыстар банктермен және төлем жүйелерiмен қолға алынып, бекiтiлетiн, карталар көмегiмен қолма-қол ақшалар алу бойынша шектеулер қоятын заң шығарушылықтар қажеттiлiгiн туғызды. Бұндай шектеулер барлық жерде - Европада және Америкада да бар. Мысалы, Германияда қолма-қол алынатын ақша сомасының лимитi - 1000 евро. Яғни, бұл шектеулер және бiр картаны белгiлi бiр уақыт аралығында бiрнеше рет қолдану жиiлiгiне қойылған бақылаулар және т. б. шетелдiк банктермен қолданылатын шаралар пластикалық карталар көмегiмен шоттарды тоқтатуға немесе карталық шоттағы барлық сомаға заңсыз ие болуға кедергi болатынына батыс елдерiнiң банк жүйелерiнiң тәжiрибесi куә.

Қылмыскерлер алаяқтық жолмен карталарға ие болу үшiн және оларды қолдану үшiн әртүрлi заңсыз амалдарды қолданады:

  • Жалған жазылған өтiнiштер, олардың нәтижесiнде шоттар ашылып, қылмыскерлер карта иеленушiлерiне айналады;
  • Санкцияланбаған сатып алуларда қолданылатын, қолды болған немесе жоғалған карталар;
  • Жалған карталар;
  • Алаяқтық мақсатта қолданылу үшiн қолды болған немесе жоғалған карталарды қайтадан жасап шығару;

Карталық қылмыскерлер, сонымен қатар, эквайерлер немесе карта иегерлерiне қызмет көрсетушi сауда ұйымдарының өкiлдерiмен де келiсiлген түрде қылмысты қызметшiлiк жасасуы мүмкiн, әдетте, оны инсайдерлi, яғни, iшкi сипаттағы қылмыстар деп аталады.

Кейбiр жағдайларда кездескендей, бұндай қылмыстар карта иеленушiлерiнiң өздерiмен де жасалады, яғни, картаның жоғалғаны немесе қолды болғаны туралы жалған өтiнiш жазған соң, процессингтiк орталық картаны стоп-листқа енгiзiп, сауда орындарына хабарлап үлгергенше бiрнеше күндiк уақыт өтедi. Бұл уақыт iшiнде карта иесi онымен максимальды сандағы операциялар жасап үлгерiп, кейiннен банкке ренiш-талаптарын ұсынады.

Алаяқтыққа қарсы күрестi күшейту және қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету мақсатында бұл қызметтi ұсынатын барлық қызмет орындарында, яғни, төлем карталарын қабылдаушы ұйымдарда мiндеттi түрде кассирлердi карта қабылдау ережелерiне қоса, алаяқтықты анықтау, ұстау және оған қарсы күрестi күшейту әдiс-тәсiлдерiне үйрету қажет. Бiрақ, кассирлердi оқыту және дайындау өте әлсiз және карталарға қызмет көрсетудiң бастапқы сатысында ғана жүзеге асуда. Кассирлер мамандығына тән жағдай - қызметкерлер ағымы алаяқтыққа оңай жол бередi, яғни, карталармен жұмыс жасау басталғаннан кейiн бiрнеше айдан соң бұрын кәсiби қосымша оқытылмаған жаңа кассирлердiң жұмыс жасай беруi орын алуда.

Жалпы төлем карталарымен байланысты қылмыстың дамуы банктiк карталар нарығының даму жылдамдығынан тез орын алуына, әрине, тек қана кассирлер кiнәлi емес, карта иегерлерiнiң өзi құпиялығы сақталуы тиiс PIN-кодты карталарының бетiне жазып қоюы жоғалған немесе қолды болған карталардың уақытша болса да, әрiқарай жат адамдармен қолданылуына қиындық туғызбайды.

Карта дайындаушысы немесе эмитенттiң клиентпен пошта арқылы байланыса отырып, карталарын ұсыну және жеткiзу қылмыскерлерге алаяқтықтың ерекше, оңай және жаңа жолын ұсынады, өйткенi, олардың жоғалуы (қолды болуы) туралы бiраз кешiгушiлiкпен хабардар болғандықтан, картаның жұмыс жасауын жедел тоқтату да үлкен кешiгушiлiкпен орындалады және карта қолды болған кезде оған қол қойылмаған жаңа болғандықтан, заңсыз ие болған адамға әрiқарай қолдануына жол ашылады. Шетелдiк тәжiрибеде кездескендей, қылмыскерлер поштаға немесе жеке жеткiзу қызметтерiне пошта арқылы жiберiлген банктiк карталарды қолды қылу немесе жалған пошталық мекен-жайға жiберу жоспарымен арнайы мақсатпен жұмысқа орналасқан жағдайлар кездескен.

Жакында Казкоммерцбанктiң интернет-сайтында тұрғындарға (клиенттерiне) карталық алаяқтықтың жаңа түрiнiң пайда болғандығы және одан сақтануы керектiгi туралы хабардар еттi. Ол - ағылшын тiлiнен аударғанда «балық аулау» деген мағына беретiн, батыста «Фишинг» деп аталатын қылмыстың тағы бiр түрi, яғни, эмитент-банктiң атынан e-mail бойынша карта ұстаушыларының электрондық мекен-жайына төлем карталарын тексеру мақсатында қажет болғандықтан, магниттiк жолаққа енгiзiлген барлық деректердi: кредиттiк карта нөмiрi, идентификатор, парольдердiң жiберiлуiне, ал, кейбiр батыл қылмыскерлер тiптi ПИН-кодты көрсетулерiне өтiнiш бiлдiрiлген хаттар. Қылмыскерлер жасаған банк сайтына сiлтеменi басқан кезде, клиенттер банктiң ресми сайтының айнадай көшiрмесiне түседi, онда хаттардың жiберiлуiне жүйенiң техникалық iстен шығуы себеп болғандығы көрсетiлген. Мысалы, Ресейде, осындай хаттар алған 1 мың жарым адресаттың 500-ге жуығы таза шындықпен жауап бергенi анықталды. Содан кейiн қолды болған қаржы құралдары интернет-сауда орындары арқылы қолданыс табады. Бұл қылмыс түрiнiң ең қауiптi жерi идентификатор, парольдер және ПИН-кодтар қолданыла отырып жүргiзiлген операциялар үшiн дауласу қиын және ол үшiн жауапкершiлiк карта ұстаушысына аударылады.

2004 жылы сәуiрде ағылшын полициясы Co-Operative Bank-ке тиесiлi Smile виртуальды банкiнiң клиенттерiнiң қолды болған деректерiн авторизациялау кезiнде 21 жасар Ұлыбритания азаматын ұстағаны туралы хабарланды. Ол - Barclays, Lloyds TSB және NatWest iрi банктерiне орасан зиян келтiрген және осы қылмыс түрi бойынша ең бiрiншi ұсталған қылмыскер.

Банк қызметкерлерi өз клиенттерiне ұқсас хаттар келген жағдайда, оларды оқымастан өшiрiп тастау керек деп кеңес бередi, өйткенi, ешқандай менеджер немесе банк қызметкерi өз клиентiмен бұндай жолмен байланыспайды, соның iшiнде, ПИН-кодты сұрамайды.

Төлем карталарымен жасалатын қылмыстардың Қазақстанда қолданыс тапқан түрлерiнiң бiрi - ПИН-кодты оқып алу жолымен жасалады екен. Коммерциялық банктердiң ақпараттық-техникалық қорғаныс департаментi қызметкерлерiнiң деректерi бойынша банкоматтардың жанындағы әртүрлi жарнамалық буклеттер арасында, ПИН-кодты оқып тұрушы мини-камералар қондырылады екен. Одан кейiн картаны қолдан жасайды немесе түпнұсқа картаны иесiнен ұрлап алады немесе күштеп тартып алады.

Төлем карталарымен жасалатын қылмыстардың дамуының отандық тәжiрибесi негiзiнен карта ұстаушыларының өзiндiк тәртiптерiнiң салдарына да байланысты, мысалы, карта иелерi ПИН-кодты жасырмақ түгiл, жоғарыда айтылғандай, ол төрт санды ұмытып қалу қаупiнен қорқып, картаның бетiне жазып қоюы немесе кезекте тұрған адамға жасырынсыз қолдандыртуы және сонымен қатар, бiр клиентпен бiрнеше карта және параққа жазылып алынған бiрнеше ПИН-кодтар арқылы тума-туыс, таныс немесе қызметтестерiнiң еңбекақысының алынуы бұл қылмыс саласының дамуын өршiтетiнi айдан анық.

Ал, картадан ақпараттарды оқып алушы мини-камералар жанында ғана емес, сонымен қатар, банкоматтың iшiне де жасырын қондырылады. ‡з құрылысында жат қондырғылар туралы белгiлi бiр сигнал берушi банкоматтар соңғы үлгiдегi жаңа машиналар болғандықтан отандық банктер үшiн қымбатқа түсетiнi белгiлi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық принциптері
Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
Ақша айналысын ұйымдастырудағы төлем карточкаларын қолданудың тиімділігі және оның даму келешегі (ҚР екінші деңгейдегі банктер материалдарында)
Банкттік карталардың жұмыс істеу қауіпсіздігі
Ақша ілімінің эволюциясы
КИБЕРҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТТЕГІ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану
Бағалы қағаздар нарығында айла - шарғы жасау
Банктік несиені заңсыз алу
Банктік қылмыстармен күресу шараларының жүйесін анықтау және банктік қылмыстар бойынша жауаптылық жөніндегі нормаларды тиімдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz