Банкілік құқық құқық саласы ретінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Банкілік құқық құқық саласы ретінде. 2
&1.Банкілік құқықтың пәні мен принциптері. 2
&2. Банкілік құқықтық нормалар мен қатынастардың түсінігі. 9

Банкілік құқық құқық саласы ретінде

&1.Банкілік құқықтың пәні мен принциптері

Құқық теориясында құқықтық реттеудің пәні деп атаулы құқық саласымен
реттелетін белгілі бір қоғамдық қатынастар саласын айтады. Адамдардың жеке
қылығын құқықтық реттеу пәні деп санауға болмайды. Құқық дегеніміз жеке-
дара мінез-құлыққа емес қоғамдық қатынастардың белгілі бір түріне арналған
жалпы сипаттағы нормалардың жиынтығы. Банкілік, өндірістік немесе сауда
қызметтерін бүтіндей алып құқықтық реттеудің пәтті болады деп есептеудің де
жөні жоқ. Қоғамдық қатынастардың адамдардың әртүрлі қызметінің салдарынан
туындайтын белгілі бір жақтарына ғана құқықтық ықпал әсер етеді.
Демек, құқықтық реттеудің пәні қоғамдық қатынастар екен. Әр түрлі
қоғамдық қатынастар, табиғаты бойынша обьективті түрде нормативті-
ұйымдастырушылық ықпалға ұшырауы мүмкін және қазіргі әлеуметтік-саяси
жағдайда құқықтық реттеудің механизмін құрайтын құқықтық нормалар мен басқа
да құқықтық құралдардың көмегімен іске асырылатын әсер етуді қажетсінеді.
Банкілік құқықтың реттеу пәні - банктер мен банкілік емес қаржылық
мекемелердің ақша-несие нарығында делдалдық міңдетін іске асыру барысында
халықтың, шаруашылық жүргізуші субьектілердің, мемлекеттің бос ақша
қаражаттарын айналымға жіберу аясында пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Банкілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар мәні ақша болып
табылатын мүліктік қатынастар. Объект ретінде ақша көптеген қатынастарда
қолданылады. Мысалы: қаржылық, азаматтық (заем шарты), еңбек (еңбекақы
төлеу). әкімшілік (ақшалай айыппұл өндіріп алу), жанүялық (алимент төлеу).
Осы ақша қатынастарының барлығы -бүтіндей алғанда ақшалай қатынастар болса,
қандай-да бір бөлігі мазмұны, мақсаты және мәні бойынша әр түрлі болады.
Олай болмаған жағдайда ақша жөніндегі қатынастар біртекті, тұтас болар
еді, Ақша қатынастарының мазмұны мен мақсатының айырмашылығын мемлекет
анықтайды. Ол экономиканың талаптарын ескеріп, қоғамның экономикалық
мүдделерін зерттеу арқылы ақшаны тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін
анықтау жолымен ақша қатынастарын тараптардың құқықтары мен міндеттері
түріндегі мазмұнмен толықтыра түседі, ал бұл ақшаны әр түрлі мақсаттарда
пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы: еңбегі үшін төленетін ақы түрінде,
құқықбұзушылық үшін материалдық жауапкершілік ретінде, ұлттық табысты бөлу
құралы ретінде, товарлық шаруашылықта құндық қатынастарды іске асыру үшін,
өндіріске және материалдық құндылықтарға экономикалық мүдделер арқылы ықпал
ету үшін.
Мүліктік қатынастардың экономикалық мазмұны әр түрлі. Мүліктік
қатынастар товарлық қатынастардан және товарлық болып табылмайтын бөлу
қатынастарынан тұрады. Экономикалық әдебиетте қоғамдық өнімді құру, бөлу
және пайдалану барысында ақша товар айналымынан бөлектеніп. салыстырмалы
түрде ерікті қозғалыс жасайды және осы козғалыс барысында біріншіден, —
ақша айналымын, екіншіден, шаруашылық субьектілерінің, халықтың,
мемлекеттің ақша қаражаттарының қорларын құрайды деп көрсетілген. Бөлу
аясындағы қатынастардың бір бөлігі тікелей өндіріс қатынастарының құрамына
кіреді: өндірістің саласы және түрлері бойынша өндіріс құралдары мен еңбек
күшін бөлу. Әлеуметтік формасы бойынша да, мазмұны бойынша да бөлу
өндіріспен анықталады. Сонымен бірге, осы салада қалыптасатын қатынастар
ерікті болып келеді.
Біз, банктердің негізгі міндеті — салым қабылдау және несие беру,
есептесуді жүзеге асыру екендігін анықтаған болатынбыз. Банк салым қабылдау
барысында қарыз алушы, несие беру кезінде кредитор болады десек, банкілік
құқық реттейтін ақша қатынастарын несиелік және есептесу қатынастарына
белуге болады.
Банкілік құқықпен реттелетін ақша қатынастарының ерекшелігі — олардың
уақытша бос капиталды айналымға жіберу байланысты пайда болуында. Банк
өзінің қызметін атқару барысында өз ақшасын емес, негізінен бөтеннің
қаражатын пайдаланады. Банк салымшылардың қаржыларын орналастыра отырып,
оныи сақталуын ғана емес, сонымен бірге, кез келген уакъпта ерікті күйін
қамтамасыз етуі керек. Банкілік несие объективті экономикалық категориялар
қатарына жатады. Себебі, кейбір авторлардың пікірінше, несиелік қатынастар
тікелей товар-ақша қатынастарыаан және құн заңының күші мен халық
шаруашылығының дамуының экономикалық заңдылықтарынан, қайта өндіру
процесіндегі қаражаттардың айналымының шарттарынан және өндірістің шынайы-
заттық элеметтерінің қозғалысының ерекшеліктері мен айырмашылықтарынан және
олардың ақшалай формадағы құнынан туындайды. Сондықтан банкілік несиені
өндірістік қорлар мен айналым қорларынын қозғалысының қажетті шарты,
экономикалық базистің товар-ақша және шаруашылық-есептік қатынастардың
элементі, несиелік өндірістік қатынас деп атайды.
Экономикалық тұрғыдан алғанда, құндылық меншікке емес, уақытша
пайдалануға берілгенде несие жөнінде айтуға болады. Экономист үшін маңызы
зор осы белгі құқықтық мағынада несие беру үшін сол қалпында қолданылуы
мүмкін емес. Құқық тұрғысынан алғанда, заттың меншік иесі кім екендігінің
маңызы зор. Бұл қасиетті несие алған сәттен бастап оны қажетті мөлшерде
және мерзімінде қайтаруға міндеттенетін несие алушы иеленеді. Ол дәл сол
ақшаны қайтармайды, себебі несиеге алынған ақша заңды түрде меншігіне өтті.
Бірақ, несие шартымен белгіленген мерзімде және мөлшерде ақшаны қайтаруы
экономикалық тұрғыдан алғанда сақталып калады. Мұндай жағдайда пайда болған
қатынас экономикалық мағынада несиелік қатынас бол.са, құқықтық мазмұны
бойынша несиелік құқықтық қатынас болады. Аталған белгілерді дұрыс
пайдалану несиелік қатынастар мен несиелік құқықтық қатынастардың басқа
экономикалық қатынастармен және заңдық құқықтық қатынастармен араласу
мүмкіндігін болдырмайды.
Несиені кім, қандай мақсатқа алғандығына қарамастан несиелеу барысында
пайда бодатын құбылыстардың табигаты бір. Несиенін мәні өзгермейді, тек
формасы ғана өзгереді.
Несиенің формасы оны ұйымдастырумен тікелей байланысты және несиенің
озі қызмет ететін белгілі бір мүдделерге ыңғайын білдіреді. Басқаша
айтқанда, несиенің формасы оның ұйымдастырылуының жеке көріністерін немесе
оны ұйымдастырудың элементтерін сипаттайды.
Сондай-ақ, банктер, есептесуді іске асыру барысында делдалдық қызмет
атқарады. Қолма-қол ақшасыз есептесу ақшаның міндетін атқаратын товарлық
қатынастармен ауыстырылатын ақшалай қатынастардың түрі. Тиісті қатынастың
негізгі экономикалық мазмұнының көмекші міндетін атқаратын болғандықтан
экономикалық қатынастардағы есептесу қатынастары ерекше түр деп саналмайды.
Қолма-қол ақшасыз есептесудің экономикалық-құқықтық мәні оның
мазмұнында, яғни, тараптардың құқықтары мен міндеттерінде. Осы құқықтар мен
міндеттердің жиынтығы ақшаның белгілі бір сапасы мен жеке міндеттері
қолданылатын қатынастардың ішкі құрылымын және оны ұйымдастыруды құрайды.
Құқықтық әдебиеттерде ұйымдастырушылық және мүліктік қатынастардың
күрделі құрамын білдіретін банкілік несие мен қолма-қол ақшасыз есептесу
әкімшілік, азаматтық, қаржылық және тіпті қолхоз құқықтары секілді әр түрлі
құқық салаларынын нормаларымен реттеледі деген көзқараста кездеседі. Осы
пікірге сәйкес, несиелік және есептесу жөніндегі құқықтық қатынастарды
талдау әкімшілік және азаматтық, қаржылық және азаматтық немесе азаматтық
және қолхоздық-құқықтық элементтерді шектеу негізінде жүргізілді. Себебі,
бұл қатынастарды біртұтас зерттеу құқық жүйесі және оның жеке салаларының
пәндері туралы қалыптасқан көзқарастармен үйлеспеді.
Алайда, көптеген заңгерлердің айтуынша, несиелік және есептесу
қатынастарында ұйымдастырушылық және мүліктік, басқару және шаруашылық
элементтерінің несиелік және есептесу қатынастарының біртұтастығы идеясын
дамыта отырып тоғысатын көрінеді.
Банктің өз міндеттерін атқару барысында қандай қатынастарга
түсетіндігіне қарамастан банктің қызметін бөлуге болмайтындығын айта
отырып, М.Л.Коған банкілік қатынастарды тіпті теориялық тұрғыдан шектеу
олардың мәнінің тарылуына әкеліп соғады дейді.
Несиелік және есептесу қатынастарындағы ұйымдастырушылық элементтерді
мүліктіктен ажырату олардың органикалық бірлігінің терістелуі арқылы осы
қатынастардың терістелуіне әкеледі. Егер, атаулы қатынастардың
ұйымдастырушылық элементтері мүліктік қатынастар үшін жоқ және онымен
біртұтас қалыптаспаған болса өздігінен мүліктік негізін жоғалтып қажеті
болмай қалады.
Банкілік құқықтың нормаларын азаматтық және әкімшілік құқықтың жеке
бөлімдеріне бөліп, өз бетінше жұмыс істететін болсақ бұл нормаларды
жойған болар едік.
Несиелік және есептесу қатынастары өзінің табиғаты, белгілері,
мақсаттары, мазмұны, обьектісі бойынша банкілік болады және банкілік
құқықпен реттеледі. Оларды банкілік құқықтық қатынастар жүйесінен алып
азаматтық, әкімшілік, қаржылық және басқа да элементтерге бөліп тастау
мүмкін емес. Бұл қатынастардың басқа құқықтық қатынастармен араластыруға
болмайтындай ерекше белгілері бар. Алайда, құқықтың әр түрлі салаларының
элементтерінің бір нормадағы үйлесімділігі олардың ұйымдастырушылық
бірлігін білдірмейді деген келіспеушілік те болуы мүмкін. Мұндай
келіспеушілікті ескеру басқа құқық салаларының, атап айтқанда,
ұйымдастырушылық және мүліктік элементтерінің үйлесімділігі бар еңбек,
қолхоз, жер құқықтарының нормаларында да органикалық бірліктің жоқтығын
мойындауға әкеледі.
Банкілік қатынастың міндетті субьектісі банк немесе заңмен көзделген
басқа да қаржылық делдал болып табылады. Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995жылғы 31-тамызда шыққан Банктер және банкілік қызмет
туралы Жарлығына сәйкес, банкілік категориясына жатқызылған операцияларды
іске асыру банкілік операцияларды жүргізуге Қазақстанның Ұлттық банкінің
лицензиясын алған банктер мен банкілік емес қаржылық мекемелерге рұқсат
етіледі.
Банкілік құқықпен реттелетін қатынастар — банктердің немесе банкілік
емес қаржылық мекемелердің ақша-несие нарығында өзінің делдалдық қызметін
атқаруы процесінде халықтың, шаруашылық субьектілерінің, мемлекеттің
уақытша бос ақша қаражаттарын айналымға жіберу барысында пайда болатын
қоғамдық қатынастар.
Жоғарыда айтканымыздай, банкілік құқықтың пәні қоғамдық қатынас болып
табылады. Банкілік қызметті іске асыру барысында пайда болатын қатынастар
обьективті болады: олар экономикалық қажеттілікке байланысты пайда болып,
экономикалық заңдарға сәйкес, өндірістік қатынастардың нәтижесінде дамиды.
Несиелік қатынастар өндіріспен қатар дамиды. Ал өндіріске - шаруашылық
жүргізуші субьектілердің күшейе түскен өзара қарым-қатынасы сияқты ерекше
белгі тән. Осы субьектілердің кез келгені өзінің қызметі барысында белгілі
бір қаражат тапшылығына тап болуы мүмкін немесе керісінше, уақытша бос
қалған ақшаны жәрдем ақы түрінде бере алады. Несиені ұйымдастыру дегеніміз
— несиелік қатынастарда бір жағынан, өз тарапынан несиелік қоддануды қажет
ететін құндылықтар массасы жиналатын орталық, екінші жағынан: орталықтың
маңында несиеге деген сұраныс болатындай тәртіпті орнату. Несиені
ұйымдастырудың мазмұны -несиенің пәні бола алатын құндылықтарға қатысты
сұраныс пен ұсынысқа негізделеді. Дәл осы несиені ұйымдастыруды банкілік іс
қамтиды.
Әдебиетте банкілік құқықтың қарайтын сұрақтары атап айтқанда, Орталық
банк пен коммерциялық банктердің қызметі, сондай-ақ несиелік жүйені
ұйымдастырудың негізгі принциптері мен несиелік мекемелердің клиенттерге
қызмет көрсету тәртібі жеке саланың пәнін құрау үшін тым шектеулі және
өзіндік белгіліері жоқ деген пікір де кездеседі. Бұл көзқараспен келіспеуге
болады. Біріншіден, банкілік жүйенің дамуымен қатар банктер көрсететін
қызметтердің де шеңбері өсіп отырады: осы қатынастарға тартылатын
тұлғалардың саны көбейіп, одан әрі дамудың нәтижесінде реттелетін
қатынастардың шеңбері де үздіксіз өседі. И.И.Кауфман айтқандай несиелермен
қактығысатын кез келген мүдде қалай ауқымды болса, банкілік істің шеңбері
де сондай кең болады. Ақша айналымы және ақша сомасының қолдан-қолға
ауысуымен қатысты кез келген мүдде ақша айналымын да, ақша аударуды да
жеңілдетіп, жетілдіре түсетін несиемен соқтығысады.
Қорыта айтканда, елдің экономикасының дамуында банкілік жүйенің
мәнінің күшеюімен бірге банқтер мен клиенттердің өзара қатынастарын
реттейтін құқықтық нормалардың мәні де өседі.
Екіншіден, банктердің және құқықтық жағдайы банктердің құқықтық
жағдайымен теңестірілетін басқа да несиелік мекемелердің атқаратын қызметі
ерекше табиғатына байланысты толығымен азаматтық құқық нормаларымен
реттелмейді. Себебі банкілік қызметті жүзеге асыру барысында пайда болатын
қатынастар азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік қатынастардан біршама
ерекшеленеді: банктер өзінің ақшасын емес, қарызға алу негізінде сырттан
тартылған қаражатты пайдаланады.
Клиенттің өзі сеніп тапсырған қаражаты банктің меншігінде болады және
болады-ау деген тәуекел бойынша банк жауапкершілік атқарады. Иә, мүлікті
тапсыру жөніндегі Шарттың қандай екендігіне қарамастан, клиенттің баньке
тапсырған мүлкі банктің меншігінде болады және сол шарттың негізінде банк
аталған мүлікті басқа тұлғаларға пайдалануға бере алады, әр түрлі
инвестициялық жобаларға салуға құқығы бар. Алайда, әдебиеттерде банктің
ақшаға деген меншік құқықығы клиент банкке банкнот түрінде ақша салғанда
ғана пайда болады, себебі, меншік құқығы тек заттарға қатысты пайда болады
деген пікір де кездеседі. Дегенмен банкке ақша тапсырған клиент банктің
кассасына өзінің салымына сәйкес меншік иесіндей қарайды және оның өз
ақшасын алу үшін талап ету құқығы сақталып калады. Ақша иесі үшін кассаға
келген уақытта онда ақша болмай қалмайтындығына деген сенімнің маңызы зор.
Банкілік істің сауда-өнеркәсіптік кәсіпкерліктің басқа салаларынан
айырмашылығы — оның белгілі бір мерзім аралығында еркіндік жағдайда болатын
бос капитал мен жұмыс істеуінде. Елдегі банктердің қызметінің тұрақтылығы
мен сенімділігі — бүкіл экономиканың тұрақтылығының кепілі. Банктер
өздерінің клиенттері шығынға ұшырамайтындай, экономика зардап шекпейтіндей,
өндіріс қарқыны құлдырамайтындай қызмет етуі керек. Дүние жүзінің нарықтық
экономиканы тандаған көптеген елдері, соның ішінде, Қазақстанда банкілік
заңдарды банкілік салада пайда болатын қатынастардың өзіндік ерекшелігін
және арнайы құқықтық реттеудің қажеттігін ескере отырып, азаматтық және
қаржылық заңдар жүйесінен бөліп қарайды. Мысалы, ГФР-да банкілік
мәмілелерді жасауға рұқсат алу тәртібі, банктердің несиелік операциялары,
берілген несие бойынша проценттер алу тәртібі және тағы да басқа сұрақтар
1961 жылғы банктер туралы заңмен реттеледі. Эмиссиялық банктердің құқықтық
жағдайлары да арнайы заңдармен: Францияның банкінің жағдайы — 1993 жылғы
заңмен, Англияның банкінің жағдайы — 1946 жылғы ұлттандыру туралы заңмен
анықталады. Қазақстанда банкілік заңдарды азаматтық заңдардан бөлу
Президенттің Ұлттық Банк туралы және Банктер және банкілік қызмет
туралы заң күші бар Жарлықтарымен ғана емес, Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексіне толықтырулар енгізумен де іске асырылды. Дәлірек айтар
болсақ банктерді құру, қайта құру, жою, олардың қызметі және банкроттығымен
байланысты; банктерді аудиторлық тексеру және есеп берумен, банкілік
операциялардың жеке түрлерін лицензиялаумен қатысты пайда болатын
қатынастар, егер, банкілік заңдарға қайшы келмесе Азаматтық кодекспен
реттеледі. Жеке құқықтың дуалистік жүйесі қалыптасқан елдерде көптеген
банкілік мәмілелерге азаматтық және сауда құқықтарынын жалпы нормалары
қолданылады. Бірақ, бұл қолдану банкілік құқықтың азаматтық құқықтан
шарттардың атауын және құқықтық қатынастардың субьектілерінің тараптарының
атауын алумен шектеледі. Мәмілелердің құқықтық табиғаты банкілік істің
ерекшелігіне қарай көп өзгеріске ұшыраған. Банкілік мәмілелердің құқықтық
табиғаты жөнінде біз кешірек айтатын боламыз. Банкілік операцияларды
жүргізуді азаматтық заңдармен емес, арнайы нормалармен реттеу ақылға
сыйымды екендігін мойындаған дұрыс.
Банкілік операцияларды жүргізуді толық заңдық реттеудің қажеттігі
туралы айта кеткен жөн. Банктердің қызметі олардың түрлеріне қарай әр түрлі
заңдық күші бар арнайы актілермен реттелуі керек. Заңдар және оған
теңелетін басқа да нормативті актілермен елдің банкілік құрылымының
негіздері, банкілік қызметтін және орталық эмиссиялық банктің қызметінің
принциптері бекітіледі. Банкілік операцияларды нақты заңдық реттеу артық
деп айту аз, ол теріс нәтижеге әкеліп соғуы да мүмкін. Қандай-да бір
институтты реттеуге алған заң оның ерікті түрде дамуын тұйықтап, сырттан
болатын жаңа шарттардың ықпалынан аластатады. Өмірде болып жатқан
өзгерістерді қанша аңдығанымен заңдар өмір ырғағымен ілесе алмайды. Мұндай
жағдайда институттың өмірге сай одан әрі дамуына кедергі болу қиын емес.
Банкілік операциялардың формалары орны мен уақытына қарай өзгеріске
ұшырайды, сондай-ақ, әрбір жеке жағдай үшін икемділік пен жекелікті талап
етеді. Сондықтан да, Қазақстәнмен басқа да елдердің банкілік ісінде
құқықтық реттеудің ірі қайнар көздерінің бірі Орталық банк шығаратын
нормативті актілер, банктердің жарғысындағы ережелер, сонымен бірге,
банкілік мәмілелерді рәсімдеу үшін банкілік практикада қолданылатын
көптеген формуляторлар болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Жарлығына сәйкес, Ұлттық
Банк екінші деңгейдегі банктер мен олардың қызметін пайдаланатын клиенттер
үшін міндетті ережелер мен нұсқаулар шығарады. Бұл ережелердің заңдық
реттеуден басымдылығы бар. Себебі атқарылатын операцияны жақсы қамтиды және
кез келген уақытта жеке жағдайларға қарай, кенеттен пайда болған өмірлік
және банкілік айналымның қажетіне байланысты өзгертуге болады.
Бірақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Банк құқығы
Банктік операциялардың түрлері
Банк және банкілік қызметі лекция тезистері
Банкілік операциялар
Ұлттық Банктің қызметі мен негізгі міндеттері туралы ақпарат
Халық банкі
Банк жұмысшыларының қызметтері
Банкілік несиелеудің құқықтық негіздері.
Пәндер