Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы


Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
II. 1. Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
II. 2. Музыка өнері
II. 2. 1. Музыка өнеріне мол үлес қосқан ұлы тұлғалар
II. 3 Театр өнері
II. 4 Қазақ бейнелеу өнері мен қолөнер шеберлері
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қазақстанның көркем мәдениеті Кеңес өкіметі жылдарында әлденеше рет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан өткізді. Егер Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халықының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңа пайда болу шағында немесе мүлде жоқ еді. Көркем интеллегенцияның шығармашылық туындылары қазақ қоғамының таптық және идеялық-саяси жіктелуін айқын бейнелейді, таптық принциптерді жалпы адамзаттық қазыналардан бағалы санады. Қазақстанның Орталық Азия аймағы елдерімен, Қытаймен байланысы ұзақ уақытқа тыйылды.
20ж екінші жартысында профиссионалды театр өнері және қазақтың ұлттық бейнелеу өнері пайда болды. Әнші Ә. Қашаубаев Парижбен Майндегі Франкфурттың концерт залдарында табыспен ән шығарды. Ұлы Отан соғысынң қарсаңында Қазақстанда қазақтың мемелекеттік акдемиялық драма театры, Республикалық орыс драма театры, Қазақтың мемлеткеттік опера және балет театры, ұлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, Республикалық қуыршақ театры, Қазақстан суретшілері және жазушылар одағы жұмыс істеді. Өнер саласындағы алты оқу орнында 600-ден астам адам оқыды.
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
Кеңес өкіметінің орнауы коммунистік идеологияға сай шығармашылыққа өріс ашты. Орынборда, Алматыда, Ақмолада, Семейде, Петропавлда, Оралда, Қостанайда және Қазақстанның басқа да қалаларында клубтар, халық үйлері пайда болды. Қазақ және орыс тілдерінде хор, драма, әдебиет үйірмелері, халық театрлары ұйымдастырылды. Ұлттық әскери құрамалар мәдени-бұқаралық жұмыстың орталығына айналды. Халықтық музыка зерттеле бастады. Этнограф және сазгер А. В. Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып, “Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” деген жинақтар жариялады. 1925жылы Парижде дүниежүзілік халықтар көрмесінде ұйымдастырылған өнер шеберлерінің жарысында - Одақ халықтарының атынан қатысып, екінші орынға ие болды. 1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды. Оның бастауында Е. Өмірзақов, С. Қожамқұлов, Қ. Бадыров, Қ. Жандарбеков, Қ. Қуанышбаев, Ә. Қашаубаев, И. Байзақов т. б тұрды. Театрды дарынды драмашы, режиссер Жұмат Шанин басқарды. Сахнада қойылған алғашқы шығарма М. Әуезовтың “Еңлік Кебек” пьесасы болатын. Театр өмірінде Ғ. Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, М. Әуезов пен Л. Соболевтің “Абай пьесаларының қойылуы” үлкен оқиға болды. Әлем әдебиетінің классиктерінен театр Н. Гогольдің “Үйлену” мен “Ревизорын”, В. Шекспирдің “Оттелосын” сахнаға шығарды. Қазақстан үкіметі осындай атаулы табыстары үшін 1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын берді. 1930 жылдары Семейде, Ақтөбеде, Шымкенте, Петропавлда, Қарағандыда театрлар ашылды. 1933жылы Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры, 1937 жылы Қызылордада корей театры ұйымдастырылды.
Қазақстан кино өнері де 1930 жылдардан бастау алды. “Шығыскино” тресінің Алматы бөлімшесі болды. Ол қазақ даласында бірқатар деректі және дыбыссыз көркем фильмдер түсірді. 1934 жылы хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды. 1938 жылы “Ленфильм” қазақтың бірінші дыбысты фильмі - “Амангелді” картинасын жасап шығарды. 1934 жылғы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды. 1934 жылы сазгер А. Қ. Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды. 1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды. Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында Мәскеуді өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде өзінің өсіп, толысқанын көрсетті. Онкүндікте “ Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетілді. Әйгілі әнші Күләш Бәйсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді. Жергілікті ұста, шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петрапаволдағы, Көкшетаудағы (1986ж) көрмелерде жұртқа таныстырылды.
Ауыл зергерлерінің сақина, сырға, алқа, белдік, білезік, жүзік сияқты заттарды әсемдеп жасауы да кең таралды. Қазақ ауылында зергерлік әсем бұйымдар жасайтын шеберлер құрметке бөленетін. Көздің жауын алатын мұндай тамаша бұйымдарды кедейлердің сатып алуға халі келмейтін. Халық шеберлері жасаған тамаша бұйымдардың игілігн көретін феодалдық ауқатты топтар. Қазақтың қолөнерлік, зергерлік өнер туындылары-көрнекті бұйымдар тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де белгілі болды. Тіпті шетелдерге де әйгілі болды. 1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған бұйымдар ішінде қазақ зергерлік өнерінің заттары, ұлтық киімдер болған. Қазақ музыка аспаптары Мәскеуде 1872 жылы өткізілген көрмеде жұртшылыққа таныстырылды.
Қазақ музыка өнері.
Кеңес дәуіріндегі қазақ музыка мәдениетінде пайда болған еуропа жанрлары да эпикалық туындылардан алыстап кете алмады. Опера, симфония, театралды-сахналық спектакльдердің мазмұны қазақ баласына ыстық эпикалық шығармалардан алынды. Мысалы, Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер-Тарғын», Е. Рахмадиевтің «Алпамыс» опералары, Ғ. Жұбанованың «Еңлік Кебек», Е. Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» балеттері, «Қыз Жібек» көркем фильмі, «Қыз Жібек», «Еңлік Кебек» спектакльдері, Б. Аманжолдың «Еңлік Кебек» фортепианолық циклы, Ж. Жексембекованың «Қыз Жібекке симфониялық алым» (дань) және тағы да басқалары. Аталған шығармаларда негізін құраған эпостың өзі әртүрлі қамтылған. Себебі, әр жанр шамалы өзгерістер енгізсе де өз жанрлық заңдылықтарын сақтап қалады. Және мұндай қойылымдарда шығарманың авторы эпостың мазмұнын толық пайдаланбай, тек басты проблеманы, нақты ситуацияны алады. Кейде тіпті эпоста аса мән берілмейтін психологиялық сәттер опера, балет және спектакльдерде күрделендіріліп, басқа қырларынан танылады. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ежелден келе жатқанын және оның күміс көмей, жезтаңдай әнші, бармағы майысқан күйші болғанын тарихшыларымыз орынды сөз еткен. Өнердің халыққа кең тараған түрінің бірі ән мен аспаптық музыканың өткен заманда қай бағытта дамығанына шолу жасау, бүгінгі өмір жастарымызға рухани тәрбие беруде зор мәні бар екенін білеміз.
Қазақ музыка мәдениетінің қайраткерлері классикалық, халықтың мәдени мұралардың барлығын игере, халық шығармашылығының сарқылмас қазынасын түгел пайдалана отырып, өз шығармаларында көркем өнердегі шынайы, өмірлік мазмұнды жырлайды.
Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту, шығармашылық өнерімен ХІХ-ғасырдың ортасы мен екінші жартысында қазақ халқының арасынан шыққан өнер тарландарымыз тамаша әнші композиторлар, жырау, жыршылар ақын күйшілеріміз аз емес. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір және т. б. көптеген ұлы күйшілерімізді айта аламыз. Қазақ халқының ән-музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан әнші композиторларымыз Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Майра, Жамбыл, Кенен, Әміре Қашаубаев сияқты ұлы әншілерімізді мақтан етіп айта аламыз.
Қазақ музыка өнеріне мол үлес қосқан ұлы тұлғалар.
Қашаубаев Әміре (1886-1934)
Әміре Қашаубаев - қазақтың атақты әншісі. Туған жері - Шығыс Қазақстан
облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабы. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған. Кедей шаруа жанұясында туып өскен.
Жастайынан әншілік өнерпаздығымен жұрт аузына ілігіп, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі.
1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қали Байжановпен бірге бас жүлдеге ие болады. Мұнан кейін әншілік даңқы алысқа жайылып, 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде болған этнографиялық концертте екінші орын алып, күміс жүлдені иемденеді. Кейіннен Москвада, Германия қалаларында қойылған концерттерге қатысып, ерекше көзге түседі, қазақтың өресі биік әншілік өнеріне әлем тыңдаушыларының көзін жеткізеді. Осылайша Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды. 1927 жылы Мәскеу консерваториясында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. Әміре Қашаубаевтың әндері дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс т. б. тарапынан жоғары баға алған. А. В. Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», «Бес қарагер» тағы да басқа әндерін жазып алған. Оның әншілік өнерін, өнердің парқын терең түсінетін мамандар А. В. Луначарский, Г. Любимовтер және қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері М. Әуезов, С. Сейфуллин, И. Байзақов, Ә. Марғұлан, Ж. Елебеков, А. Жұбанов, Қ. Жандарбековтер жоғары бағалаған.
Әміре орындаған қазақтың классикалық әндері ол айтқан үлгі өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарында жалғасын тапты.
Әміре Қашаубаев 1926 жылы Қызылордада ашылған жаңа театр труппасына қабылданды. М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш қойылған кезде Жапал ролін ойнады. Кейін М. Әуезовтің «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал», «Айман-Шолпан» спектакльдерінде Қоскелді, Қойшы, Жарас, Ақын образдарын сомдаған. Өмірінің соңына дейін театрда әнші-әртісі болған. 1934 жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ опера және балет театрына ауысты.
Ауыр сырқатқа ұшыраған әнші оқыстан қайғылы қазаға ұшырады. Әміре Қашаубаев жөнінде жазылған бірнеше зерттеулер, көркем шығармалар жарыққа шықты.
Әміре Қашаубаев атындағы республикалық жас әншілер байқауы өтіп тұрады. Семей қаласындағы облыстық филармония Ә. Қашаубаев атымен аталады.
Күләш Байсейітова
Күләш Байсейітова 1912 - жылы Верный қаласында ( қазіргі Алматы) дүниеге келді. 1928 - жылы Қазақ драма театры Қызылордадан жаңа астана - Алматыға көшеді. Күләш 1929-жылдан осы театрда жұмыс істей бастайды. Ол уақытта театрда өтетін кештердің бірінші бөлімі шағын пьесалардан құралатын, екінші бөлімінде театр артистерінің қатысуымен әнші, биші, домбырашылардың концерті қойылатын. Күләш спектакльдерде де, концерттерде де өнер көрсетті. Ол кезде Күләш халықтық дәстүрге сәйкес қазақ әйелдеріне тән әндерді қоңыр дауыспен айтатын. Кешікпей-ақ Күләштің шын табиғи дауысы - жіңішке колоратуралық сопрано екені анықталды. Д. Дианти, З. Писаренко сынды кәсіби вокалистер Күләштің даусын қоюмен жұмыс жасады. Б. Майлинның пьесасы бойынша қойылған “Шұға” спектаклінен бастап Күләш жіңішке дауыспен ән салды. Ол саналы түрде халық мәнеріне жақын ашық дауысты сақтады. Ғажайып талантымен орыстың дәстүрлі әншілік мектебі мен қазақтың ұлттық ән салу ерекшеліктерін табиғи байланыстырып, сабақтастыра білді.
1933-жылы Мемлекеттік музыкалық студия қойған “Айман-Шолпан ” комедиясынан (Күләш басты рольде ойнаған) әншінің үлкен жетістіктері басталады. Республика Күләш есімін жаңа қырынан таныды, халық “қазақтың бұлбұлы” деп өз атағын берді. Ал, 1934-жылы ресми түрде Қазақ ССР-ына еңбек
сіңірген әртіс деген бірінші құрметті атағын алды.
Е. Г. Брусиловский жазған бірінші қазақ операсы “Қыз Жібектің “ қойылуы қазақ музыка мәдениетінде үлкен тарихи оқиға болды. Ол уақытта бағдарламаға бұл халық әуені Е. Г. Брусиловскийдің өңдеуінде деп көрсетілетін. Бірінші қазақ операсының әуенін ( оған 50-ден аса халық әндері мен күйлері кірді) бірінші орындаушылар өздері таңдап, іріктеді. Әрине, олардың арасында Күләш та бар. Мәскеудегі қазақ өнерінің декадасы күндері (1936-ж. ) Қыз Жібек бейнесін сомдаған Күләш тыңдарман жұртшылықты таң қалдырды. “ Мен, ерекше асқақ, әрі жеңіл де күміс сыңғырлы, құстың сайрағанын елестететін дауысы бар әншіні атай алмас едім, ал, Күләш Бәйсейітова болса өз деңгейінде асыра мақтауды қажет етпейтін “қазақтың бұлбұлы” атағын иеленді( В. Барсова- белгілі орыс әншісі, СССР халық әртісі, Москвадағы Үлкен театрдың солисі) . Өнер шыңында таң қаларлықтай жетістіктерге жеткен, бұлбұл даусын жас шағында-ақ мойындап( 24 жасында), Күләшқа Совет Одағында алғашқылардың қатарында СССР халық әртісі атағы тағайындалды.
Күләш Бәйсейітованың дарыны көп қырлы. Ол драмалы спектакльдерді айрықша орындаушы республикамыздың тұңғыш кәсіби деңгейдегі концерттік және опералық қазақ әншісі . Қазақ халқы Күләш арқылы дүние жүзінің классикалық операсы мен көптеген халықтардың музыкасын таныды. Замандастары дүниежүзілік мәдениетті тануда Күләш атымен байланыстырады. Оның дауысы - қазақ даласындай кең де биік, ұлттық нақышы айрықша болғандықтан, орындаған әндері қазақ халқына жақын әрі түсінікті еді.
Күләштің өнер саласындағы негізгі шығармашылығы - операға байланысты. Өнер бастауында танымал орындаушылар - Құрманбек Жандарбеков, Қаныбек Байсейітов, Ғарифолла Құрманғалиев, Манарбек Ержанов . . . Солардың ішінде Күләштың орны ерекше еді. Ол тек драмаларда басты партия орындаушы ғана емес, әсіресе, ұлттық спектакльдерді жандандырып, жасаушысы болды. Қазірге дейін халық жадында Күләш сомдаған Қыз Жібек, Хадиша, Ақжүніс, Ажар, Сара бейнелері қалды.
Күләш арқылы қазақ халқы алғаш рет классикалық операдағы әйелдер бейнелерін танып, сүйіспеншілікпен қабылдады. “Өр көкірек Қыз Жібек пен зұлым, азғырушы Ақжүністің рөлін жасауда, - дейді әнші, - мейірімді Хадиша мен “Даиси” деп аталатын грузин операсындағы Маро немесе “Чио-Чио-сандағы” аянышты Баттерфляй, болмаса өр мінезді Татьянаның (Евгений Онегин) бейнесін сомдағанда мен адамзат жайында ән саламын”.
Әнші гастрольдерге жиі шығып, көптеген мемлекеттерде шырқатып ән салды. Концерттік репертуарында қазақтың халық әндері мен дүниежүзі халықтарының әндері негізгі орын алды. Күләштің осындай сапарлары арқасында дүние жүзі Қазақстанның бай мұрасымен танысып, еліміздің мәртебесі асқақтай түсті. Оның бүкіл әлемге танымал ардақты есімі ұлтымыздың ұлылығымен мәңгілігінің символындай қастерлі.
Күләш Байсейітованың еңбегін өкімет жоғары бағалады. СССР халық әртісі (1936), СССР Мемелекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты (1948, 1949) . К. Бәйсейітова бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа сайланды, Мемлекеттік сыйлық тағайындау комитетінің мүшесі болған. Қазақтың театр қоғамының ұйымдастырушысы және тұрақты басқарушысы қызметін атқарған. Екінші дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау конгресінің жұмысына қатысқан.
Қазақстандықтар ұлы әншіні қашанда ардақтап, есіне мәңгі сақтауда. Оның құрметіне Күләш Бәйсейітова атындағы Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығы тағайындалды. К. Бәйсейітованың есімімен Алматының бір көшесі және арнайы музыкалық мектеп аталады. Жыл сайын Қазақстанда К. Бәйсейітова атындағы вокалистердің байқауы өткізіліп тұрады. “Қазақ бұлбұлы” атанған әнші есімі Республикамыздың жаңа астанасының опера театрына да берілген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz