Бас бостандығынан айырумен байланыспаған жазалар


Бас бостандығынан айырумен байланыспаған жазалар
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес, «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. » Қылмыстық кодекстің 38 бабының 1 тармағы.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
- Айыппұл салу;
- Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
- Қоғамдық жұмыстарға тарту;
- Түзеу жұмыстары;
- Әскери қызмет бойынша шектеу;
- Бас бостандығын шектеу;
- Қамау;
- Тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
- Бас бостандығынан айыру;
- Өлім жазасы қолданылуы мүмкін.
Негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
- Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан аыру;
- Мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Енді бас бостандығынан айырумен байланыспаған жазаларға тоқталып өтетін болсақ.
Айыппұл. Қылмыстық кодекстің 40 бабы бойынша: «Айыппұл-осы кодексте көрсетілген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің, белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу».
Айыппұл негізігі немесе қосымша жаза қатарында қолданылуы мүмкін. Кінәлі адамнан үкім боынша ақшалай өндіру сотталған адам және басқалар үшін тәрбиелік мәні зор және мұның өзі қылмыстан сақтандыруда ерекше роль атқарады. Егер, айыппұл қылмыс сараланған баптың санкциясында көрсетілмеген болса, онда ол негізгі немесе қосымша жаза ретінде қолдануға жатпайды.
Қылмыстық атқару құқығы бойынша айыппұлдыорындау сотқа жүктеледі. сот үкімі күшіне енгеннен кейін 1 ай мерзім ішінде сотталған адамға айыппұлды төлеуді міндеттейді. Егер, сотталған адамның айыппұлды уақытында төлеуге мұршасы жоқ болса, онда сот сотталғанның өтініші бойынша оны бөліп төлеуді немесе төлеуді заңда белгіленген мерзімге кейінге қалдыруға құқылы. Егер, сотталған адам айыппұлды дер кезінде төлемесе, жазаның бұл түрі сот арқылы күшпен орындалуға жатады. Заңда айыппұлды төлеуден әдейі жалтарғаны үшін жауаптылық белгіленген.
Қоғамдық жұмыстарға тарту. Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органдары белгілеген жұмыстарды сотталған адамның пайдасына тегін істеуі айтылады. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық падалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді. Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде Қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда ғана қоданылады. Қоғамдық жұмыстар 60 сағаттан 240 сағатқа дейін белгіленеді және күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта өтеледі. Сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған ретте олар қылмыстық кодекстің тиіснше 45, 46 және 48 баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен, қамауға алумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Әскери қызметшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады. Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мәніне қарай сотталған адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануы мүмкін болмайтын жағдайда тағайындалады. Мұндай жазаны қолдану негізінен қызмет бабын немесе кәсіптік қызметін падаланып қылмыс жасайтындардың қылмысты қайталап жасауына бөгет қою, мұндай тәсілмен қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру негізгі жаза ретінде қылмыстық заңның санкциясында ол туралы арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодекстің 55 бабының талаптарына са жеңілірек жаза тағайындау кезінде қолданылады.
Әскери қызмет бойынша шектеу . Қылмыстық кодекстің 44 бабының 1 бөлігіне сәйкес: келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге осы кодексің ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда әскери қызметке қарсы қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге осы кодекстің ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады. Қылмыстық заңда осы бапты қолдану үшін бірнеше шарттар белгіленген. Біріншіден, бұл жаза келісім-шарт бойынша әскери қызмет өтеп жүрген сотталған әскери қызметшілерге; екіншіден, шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге; үшіншіден, бұл жаза көрсетілген адамдардың тек әскери қызметке қарсы қылмыс жасағаны немесе қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына қолданылуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 44 бабының 2 бөлігінде әскери қызмет бойынша шектеудің 2 түрі көрсетілген:
- Осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның лауазымы көтерілмейді;
- Осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның кезекті әскери атағы жоғарыламайды. Бұл жазаны өтеу мерзімі әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген мерзімге есептелмейді.
Қылмыстық кодекстің 44 бабында көрсетілмеген әскери қызмет боынша шектеуге жол берілмейді. Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан соттың үкімімен белгіленген, бірақ 20 проценттен аспайтын мөлшерде мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады.
Түзеу жұмыстары. Түзеу жұмысы сотталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде көрсетілген мерзімде оның ай сайынғы табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстауды білдіретін қылмыстық жазаның бір түрі болып табылады. Бұл жаза жазаның тек негізгі түрі ретінде Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімнің санкцияларында арнаулы көрсетілген реттерде ғана қолданылады. Түзеу жұмысы тағайындалған сотталған адамның түзелуі міндетті түрде қоғамға пайдалы еңбекке қатыстырыла отырылып бұрынғы немесе басқа ұйымда жүзеге асырылады. Жазаны өтеу мерзімінде сотталған адамның еңбегі мәжбүрлі сипатқа ие болады. Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді және сотталған адамның ай сайынғы табысынан 5 проценттен 20 процентке дейінгісі мемлекет кірісіне ұсталады. Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды. Қылмыстық кодексте түзеу жұмыстарына сотталған адамның жазасын өтеуден әдейі бұлтарғаны үшін жауаптылық белгіленген.
Бас бостандығын шектеу. Бас бостандығын шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы мекемеде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге оны қадағалауды жүзеге асыру жағдайында ұстаудан тұрады. Бас бостандығын шектеуді қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе түзеу жұмыстарымен ауыстырған жағдайда ол бір жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде жеке-дара тағайындалады. Заң бойынша бас бостандығын шектеу мына адамдарға қолданылмайды:
- Кәмелетке толмағандарға
- Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге
- Жүкті әйелдерге
- Сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге
- Елу бес жасқа толған әйелдерге және алпыс жасқа толған еркектерге
- Қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамдарға
- Шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге.
Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден әдейі жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан аыру түріндегі жазамен ауыстыра алады.
Тәртіптік әскери бөлімінде ұстау. Шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде келісім-шарт боынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, егер олар сот үкім шығарған кезде заңда белгіленген шақыру бойынша қызмет өткеру мерзімін бітірмесе, тәртіптік әскери бөлімде ұстау тағайындалады. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазаның негізгі түрі болып табылады және оны орындау Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл жаза әскери қылмыстар жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделген жағдайда, сондай-ақ сот істің мән-жайы мен кінәлінің жеке басын ескере отырып, екі жылдан аспайтын мерзімге тәрітіптік әскери бөлімде ұстаған дұрыс деп тапқан жағдайда үш адан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді. Заңға сәйкес жазаның бұл түрін қолдану белгілі бір шарттарға негізделген:
- Бұл жаза Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде көрсетілген әскери қылмыстарды жасағандарға қолданылады;
- Бұл жаза сот арқылы әскери емес басқа құрамдағы қылмыстарды істеген әскери қызметшілерге сот істің мән-жайы мен кінәлінің жеке басын ескере отырып, екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырудың орнына тағайындалуы мүмкін.
Жазаның бұл түрі шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде келісім-шарт боынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге ғана қолданылады. Көрсетілген жаза офицерлік құрамдағы адамдарға қолданылмайды.
Арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру. Қазақстан Республикасының Қылмыстық клдексінің 50 бабы, 1 бөлігінде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде сот айыпкердің жеке басын ескере отырып, оны құрметті, әскери арнаулы немесе өзге де атағынан: сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыра алады. Бұл жаза тек қана қосымша жаза түрі болып табылады. Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айырылғандар осыған байланысты пайдаланатын жеңілдіктер мен артықшылықтардан қоса айырылады. Осы айтылған атақтардан және наградалардан айыруды сот мерзімсіз уақытқа белгілейді. Сотталған адамды атақтары мен наградаларынан айыру туралы үкімнің көшірмесін алғаннан кейін тиісті орган заңда белгіленген тәртіппен арнаулы құжаттарға сотталған адамның атақтары мен наградаларынан айырылғанығы туралы белгі соғып, олардың осы атақтары үшін пайдаланып келгенжеңілдіктер мен артықшылықтардан айыру туралы шара қолданып, қабылданған шешім жайлы ұкім шығарғанын сотқа хабарлайды .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz