ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ


ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
Пәні: жерді пайдалану, қорғау, қорларын басқару, меншіктік құқықтарды бекіту барысында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Жүйесі: жалпы және ерекше бөлім. Жалпы: жер құқығының негізгі ережелерін, қағидаттарын: жерге меншік құқығы, жер қорын мемлекеттік басқару, жерге деген меншік және басқа мүліктік құқықтарды қорғау, жерге байланысты құқық бұзушылық және жауаптылық, жер үрдісі жатады.
Ерекше бөлім: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері; 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреакциялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жері; 6) су қорының жері; 7) босалқы жер осылардың құқықтық тәртібін реттейді.
Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленеді: 1) орманды дала; 2) дала; 3) қуаң дала; 4) шөлейтті; 5) шөлді; 6) тау етегі-шөлді-далалық; 7) субтропикалық шөлді; 8) субтропикалық-тау етегі-шөлді; 9) орта азиялық таулы; 10) оңтүстік-сібір таулы аймақтар.
Жер құқығының негізгі қағидаттары: 1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі; 2) жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау; 3) жерді қорғау және ұтымды пайдалану; 4) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 5) жерді нысаналы пайдалану; 6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басымдығы; 7) жердің жай-күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 8) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау; 9) жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою; 10) жерді ақылы пайдалану.
Жер құқығының негізгі міндеттері - Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері: жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін; жер учаскілерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, таби, и ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
Жер - Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, тибиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі. Қазақстан республикасында жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскелері Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. Жер иелену құқығы - жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Жеке меншіктегі жер учаскесін уақытша пайдалану құқығы - жер учаскесінің меншік иесі мен уақытша пайдаланушы арасындағы жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарт негізінде туындайтын, субъектінің жер учаскесін иелену және пайдалану құқығы. Жерді пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге немесе белгілі бір мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы. Жерге билік ету құқығы - мемлекеттің Қазақстан республикасы аумағындағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты Қазақстан республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы.
Жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскілерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар жер құқығы қатынастары деп аталады.
Қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер жер ресурстарын құрайды. Ал жер туралы мәліметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрлардыңғ құрамдас бөлігі жер кадастры деп аталады. Сервитут дегеніміз бөтен жер учаскілерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалану құқығы.
Кондоминимум - жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке және заңды тұлғалардың бөлек меншігінде болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікке жатпайтын бөліктері, оның ішінде жер учаскесі де, оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады және бөлек.
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
НЕГІЗДЕРІ
ТЕКСЕРГЕН: ЕСПЕНБЕТОВ НҰРЛАН
ОРЫНДАҒАН: ҚОҢЫРАТБАЙ ҚАЛЖАН
АЛМАТЫ-2006
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz