Халықаралық шарттардың құқықтық табиғаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық шарттардың құқықтық табиғаты.

5-ТАРАУ. Халықаралық шарттар құқықтары
5.1. Халықаралық жария құқықтың бір саласы - халықаралық шартгар
құқықгары.
5.2. Халықаралық шарттардың күқықтық табигаты.
5.3. Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары.
5.4. Халықаралық шартгардың әрекет етуі және тоқгатылуы (қалпына
келтірілуі).
5.5. Халықаралық шарттардың жарамсыздьогы.
5.1. Халықаралық жария құқықтың бір саласы -халықаралық шарттар
құқықтары
Халықаралық шарттар құқығы - шарттық-құқықтың нормалар жиынтығын
құрайтын, халықаралық шарттардың жасалу тәртібін, жарамдылық шарттарын,
әрекет етуі мен тоқтатылуын айқындайтын халықаралық жария құқықтың бір
саласы. Халықаралық шарттардың құқығы осы заманғы халықаралық құқықтың
негізгі салаларының бірі, ол халықаралық құқықтың барлық құқықтық
нормаларымен, институтгарымен және салаларымен тькыз байланысты болып
табылады. Бұл сала осы заманғы халықаралық құқықтың қызмет тәртібін,
шарттық нормаларды жасау тәртібіқ олардың жарамдылығын, әрекет ету, тоқтау
рәсімдерін, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдарын
айқындайды. Шарттық құқықтың мұндай басымдылық рөлі оның реттеу
объектісінің ерекшелігімен, осы заманғы халықаралық қатынастардағы
маңызымен, сондай-ақ халықаралық шарттар құқықтарының қайнар көздерінің
өзгешелігімен айқындалады. Халықаралық шарттың өзі халықаралық шартгар
құқығының объектісі болып табылады, ол халықаралық қүқықтың негізгі қайнар
көзі; әдеттегі ғана емес, сонымен бірге шарттық ережелерді де өзгерту
құралы; халықаралық жария құқықтың барлық салаларында халықаралық құқықтың
маңызды жаңа нормаларының жасалуына мүмкіндік береді. Құқықтың осы
саласының құрылымында, мазмұнында болып жатқан өзгерістердің халықаралық
құқықтың басқа салаларының мазмүнынан көрініс табары сөзсіз. Жоғарыда атап
өтілгендер халықаралық жария қүқықтың осы заманғы жүйесінде халықаралық
шарттар қүқығының ерекше орын алатынын көрсетеді.
Халықаралық шарт - бұл халықаралық құқық субъектілерінің, ең алдымен
және негізгі орайда мемлекетгер еріктерінің келісілген көрінісі, ол
тараптардың өзара мүдделі мәселелері бойынша жасалады және қатынастарды
халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сай, өзара құқықтар мен
міндеттерді жасау жолымен реттейтін шарттық ережелер болып табылады. Мұнда
айта кететін бір жайт, халықаралық құқықтағы шарт шарттық процесс
қатысушыларының ерікті ғана емес, сонымен бірге бір-біріне маңызы бірдей
жол берушілік нәтижесінде пайда боладьі. Халықаралық шарт құқығының
теориясы шарттарды тең құқықты және тең құқықсыз деп екіге бөледі.
Халықаралық жария құқық субъектілерінің сапалы шарттық тәжірибелері үшін
тең құқықты шарттардың алар орны ерекше екені дау тудырмайды, олар шарттық
процесс қатысушыларының тәуелсіздігі мен дербестігін өзара мойындауға
негізделген.
Ал, өкінішке орай іс жүзінде кездесетін теңқұқықсыз шарттарды не
сипаттайды?
• Шарттық процестің негізгі субъектілері - мемлекеттердің
тәуелсіздігін сыртқы жағынан шектеу.
• Халықаралық құқық субъектілерінің ішкі құзыреггерін құрайтын
мәселелерге қол сұғу.
• Өз мемлекеттерінің заңдарына бағындыру әрекеті.
• Келісуші мемлекеттердің құқықтар мен міндеттерді бөлісудегі
әжептеуір үйлеспеушіліктерінің болуы.
• Қаржылық міндеттемелердің сәйкессіздігі, өзара тиімділійтің
болмауы, жол беруде бірдейліктің, теңдіктің жоқ болуы.
Халықаралық шарт мемлекеттер арасында туындайтын дауларды бейбіт
жолмен шешудің жалғыз құралы, тиісінше халықаралық келісімдер
мемлекетаралық қатынастармен бір мезгілде пайда болған деуге болады.
Мемлекетаралық ынтымақтастықтың даму тарихы мұндай шарттардың көптігі мен
түрлі-түрлі болғандығын дәлелдейді. Әлемдік бірлестіктің дамуына қарай,
шарттық процесс қатысушыларының міндетгемелері нақгыланып, заңи сипат ала
бастады. Мысалы, алғашында шарттық міндеттемелер діни моральға негізделсе,
ХҮП-ХҮІП ғғ. шарттар монархтардың саяси моралына сүйене бастады;
халықаралық шарттар құқығында XIX ғ. саяси шарттардың тек құқықтық нысанда
ғана емес, сондай-ақ дін мен моральға сүйенген кезеңі ретінде сипатталады.
Сөйтіп, халықаралық саяси шарттар құқықтық шарттардан келіп шыққан еді.
Мемлекеттер олардың заңдық күшін мойындай отырып, шарттардың моральдық-
саяси маңызын да жоққа шығармайды.
Халықаралық шартгар құқығының қалыптасу процесі рим құқығының әсеріне,
оның ішінде міндеттемелік құқық нормаларының әсеріне көп ұшырады. Мәселен,
"расіа зшіі кегүапсіа" - "шарттар орындалуы тиіс" деген шарттар құқығының
негізгі ережесі рим құқығынан алынған. Шартшқ құқықтың жүйеленуі түтастай
алғандағы халықаралық құқық жүйеленуінің ажырамас бөлігі болып табылады.
1935 ж. Гарвард университетінің негізінде бір топ заңгерлердің Гарвард
Жобасы деп аталатын еңбектері жарыққа шықты. Халықаралық жария құқықтың осы
саласының ресми жүйесін 1924 ж. ¥лттар Лигасы қабылдады. Алайда,
сарапшылардың дайындаған баяндамасы сол күйі талқыланбаған күйде қалды.
Халықаралық шарттар туралы 1928 ж. америкааралық конвенция жүйелеген
алғашқы халықаралық-құқықтық акт болып табылады. Шарттар құқығы туралы
мәселе 1950 ж. бастап, халықаралық құқық Комиссиясының жүйелеу жұмыстарының
тізіміне енгізілді.
1968 ж. шақырылған халықаралық шарттар құқығы жөніндегі Вена
Конвенциясы 1969 ж. халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясын
қабылдаумен аяқталды. Конвенция 1980 ж. 27 қаңтарында күшіне енді, себебі
1969 ж. Конвенцияның 84-бабына сәйкес, ол "қосылу туралы отыз бесінші
бекіту грамотасын немесе отыз бесінші құжатты сақтауға бергеннен кейін отыз
күн өткенде" күшіне енеді деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы оған 1993
ж. 31 наурызында қосылды.
Бұл жүйелеу құжаты 85 баптан және қосымшадан тұрады. Оның
Кіріспесінде, халықаралық шарттар қүқықтарының жүйеленуі және үдемелі дамуы
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, халықтар арасындағы
достық қатынастарды дамытуға және бір-бірімен ынтымақтастықты жүзеге асыру
жолындағы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі деп көрсетілгеа
Кейінірек халықаралық қүқық Комиссиясы халықаралық ұйымдардың қатысуымен
жасалатын шарттардың әрекетін реттейтін нормалардьщ жүйеленуін жүзеге
асырды. 1986 ж. халықаралық қауымдастық мемлекеттер мен халықаралық
ұйымдардың арасындағы халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена
Конвенциясын қабылдайды. Осы нормативтік актілерді қолдану тиімді болу үшін
екі Конвенция баптарының нөмірлері сәйкестендірілді. 1978 ж. тағы бір
маңызды жүйелеу акті - мемлекеттердің шарттарға қатысты құқықмирасқорлығы
туралы Вена Конвенциясы қабылданды. Сонымен, халықаралық құқық
Комиссиясының жоғарыда аталған жүйелеу жұмыстары халықаралық құқық
қызметінің маңызды сатысы болып табылады.
Халықаралық жария құқықтың барлық субъектілері халықаралық шарттар
құқығының субъектілері бола алады. Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде
шарттық процестің субъектілік қүрамын айқындау үшін: "субъектілер",
"қатысушылар", "контрагент", " халықаралық шарттың тараптары" сияқты түрлі
терминдер пайдаланылады. "Контрагент" термині, белгілі болғанындай, сауда
тәжірибесінде, ал "субъектілер" термині ғылыми түрде қолданылады. Осындай
жалпы санаттардан басқа,
1969 ж. Вена Конвенциясының 78-бабында, 1986 ж. Конвенцияның 80-
бабында "шартқа қол қоюшылар" термині қолданылған. Шарттық ережелерді
талқылауға қатыспаған, бірақ шартқа қол қойған мемлекет халықаралық-
құқықтық міндеттемелердің теңқұқықты қатысушылары болып есептелетінін айтып
өту керек. Барлық мемлекеттердің халықаралық шарт жасасу құқықтары бар.
Мұндай ереже халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 ж. Вена
Конвенциясының 6-бабында: "Әрбір мемлекеттің шарт жасасу құқық
қабілеттілігі бар" деп бекітілген. Сонымен бірге, мемлекеттердің шарттардың
белгілі бір түрлерін жасау құқығы шектелуі мүмкін Мысалы, халықаралық
келісімдерге сәйкес, ұдайы бейтарап мемлекеттердің қорғану сипатындағы
одақтық шарттарды жасау, әскери одақтар, әскери көмектер туралы келісімдер
жасау құқығы жоқ. Бұл ұдайы бейтарап мемлекеттердің құқықтық табиғатына
байланысты.
Өздерінің тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттардың шарттық құқық
қабілеттілігі олардың халықаралық құқық субъектілігінің бір бөлігін
құрайды. Мысалы, Иорданиядағы жағдайды қалпына келтіру туралы 1970 ж. Каир
Келісімі; тәуелсіздік үшін қарулы күрес кезеңіндегі алжир үлтында шарттық
қатынастар болды, олардың Алжир Республикасы қүрылғанға дейін өздерінің
қарулы күштері ғана емес, сонымен бірге өз үкіметі де бар болатын.
¥лттардың отарлық режимін қандай да бір нысанынан тәуелсіз және басқа
мемлекеттердің, оның ішінде метрополиялардың тануынан да тәуелсіз күйде
халықаралық шарттық қатынастарға түсе алатынын халықаралық құқық тәжірибесі
дәлслде^е.
Халықаралық үйымдардың шарттық құқық қабілеттілік сипаты халықаралық
құқықтың негізгі субъектілері мемлекеттердің шарттық қүқық қабілеттілігінен
өзгешерек. Халықаралық ұйымдар, егер олардың құрылтай құжаттарында осындай
рәсім көзделген жағдайда немесе мүше-мемлекеттердің ерекше өкілеттіктеріне
негізделген жағдайда ғана шарттық процеске қатыса алады.
Халықаралық қатынастар іс-тәжірибесінде түрлі санаттағы субъектілер
қатысатын көп жақты шарттар кездеседі. Бұл шарттарды өздерінің заңдық
табиғаты жағынан "аралас" немесе күрделі деп атауға болады. Мысалы,
халықаралық ұйымдардың теңіз спутниктік байланысын пайдалану туралы 1976 ж.
келісімнің (ИНМАРСАТ) қатысушылары мемлекеттер, жария және жеке сипаттағы
ұлттық ұйымдар болған. Эквадор, Юнеско және Чарльз Дарвин Федерациясы
арасындағы Галапагосс архипелагының биологиялық бірлестігін қорғау шаралары
туралы 1964 ж. үш жақты келісімде, Ч.Дарвин Федерациясы үкіметтік үйым
болып табылмайтындықтан, халықаралық қүқықтың субъектісі бола алмайды.
әрекетсіздік болуы мүмкін. Халықаралық, сонымен қатар ішкі мәселелер
де халықаралық шарттардың объектілері болуы мүмкін, оларды шешу шарттық
процестің барлық қатысушылары үшін мүдде болады. Шарттық тәжірибеде
халықаралық құқықтың барлық негізгі қағидаларының орындалуы міндетті.
Мысалы, егер халықаралық қүқық субъектілері мемлекеттік шекараларды
делимитациялау және демаркациялау туралы шартқа қол қойса, онда мұндай
жағдайда аумақтық тұтастық қағидасы мен шекаралардың қол сұғылмайтындығы
қағидаларын орындау басты орында болады. Шарттық процеске қатысушылар
экономикалық келісім ережелерін талқылаған кезде, олардың назары өздеріне
жүктелген міндеттемелерді адал орындау қағидасына, туындаған дауларды
бейбіт түрде реттеу қағидасына, мемлекеттердің ынтымақтасу қағидасына
аударылады. Егер шарттық ережелер адамның құқықтары мен 'бостандықтарын
қоргау мәселелеріне қатысты болса, онда мемлекетгер өздеріне адамның
қүқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу қағидасына, халықтардың тең
құқықтылығы мен өзін-өзі басқару қағидасына сәйкес міндеттемелерді алады.
Халықаралық шарт объектісінен оньщ мақсатын айыра білу керек, яғни ол
осындай шарттардың әрекет ету нәтижесінде мемлекеттердің қол жеткізгілері
келетін мақсаттары болып табылады. Мақсат әрқашан да нақты сипатта, ол
көбіне-көп халықаралық шарттың Кіріспесінде, кейде оның негізгі бөлігівде
көрсетіледі. Басқаша айтқанда, халықаралық шарт объектісі дегеніміз оның
мақсатқа жету жолындағы құралы болып табылады. Халықаралық шартты жасай
отырып, онда біріккен мақсатты көрсете отырып, келісуші тараптың
әрқайсысының жеке мақсаттары да болуы мүмкія
Кез келген халықаралық шарттың ажырамас қаеиеті және оның халықаралық
дәстүрден ерекшелігі, мұнда субъектілердің еркі анық көрсетілетіндігінде.
Халықаралық қүқық субъектілерінің еріктерінің айқын сипат алуына
көмектесетін құралдар мен тәсілдер халықаралық шарттың нысанын қүрайды.
Оларға ауызша тұжырымдар және анықтамалар, сондай-ақ шарттың әр түрлі
бөліктерінің орналасу арақатьгаасы мен рөлі, оның қүрылымы мен атауы
жатқызылады. Белгілі болганындай, халықаралық шарттар жазбаша, кейде ауызша
нысанда жасалады. Мысалы, халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена
Конвенциясыньщ шарттық ережелері сауда шарттарының жазбаша да, ауызша да
жасалу нысандарын қарастырады.
Халықаралық шарт нысанының маңызды элементтерінің бірі және оның
көмегімен субъектілердің ниеттерін айқын көрсететін нәрсе - ол шарттық
процестің қатысушылары қолданатын тіл болып табылады. Халықаралық шарт
мәтінделгеқ сөзбен бекітілген келісім түрінде болуы мүмкіа Халықаралық
шарттың қандай да бір міндетті тілі жоқ екенін айтуымыз керек. Белгілі
болғанындай, екі тарапты шарттар келісуші екі тарагітың білетін тілдерінде
жасалады. Екі тараптың тілдерінде жасалған мәтіннің бірдей заңдық күші
болады, яғни олар тең. Бұл ереже шарттың қорытынды баптарында жиі
көрсетіледі. Кейбір жағдайларда екі тарапты шарттар екі тілде емес, үш
тілдегі нүсқада жасалуы мүмкін. Оны тараптардың серіктестерінің тілін
білмегендіктен, екі тарапқа да белгілі тілге жүгінуімен түсіндіруге болды.
Мұндай жағдайда, қарама-қайшылықтар туындайтын болса, бір мемлекеттің тілі
келесі тарапқа түсініксіз болса, үшінші тілдегі мәтін түпнұсқалық
(аутентикалық) болып есептеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Балтық
елдерімен шарт жасасу тәжірибесінде шарттарды үш тілде жасау кездеседі:
қазақ тілінде және шарт жасасушы Балтық елінің бір тілінде - литва, латвия,
эстон тілдерінде; үшінші қолданылатын тіл - орыс немесе ағылшын тілдері
болады. Халықаралык әмбебап үйым - Біріккен Ұлттар ¥йымының аясында
жасалатын шарттар, әдетте, осы ұйымның алты ресми тілдерінде - орыс, араб,
ағылшын, француз, испан және қытай тілдерінде жасалады.
Халықаралық шарт нысанының элементтеріне оның құрылымын, шарттың
атауын көрсететін кіріспесін, негізгі және қорытьщцы бөлімдерін жатқызады.
Халықаралық шарт құқығы теориясында ШарттЬІң кіріспесі, халықаралық шарттың
басқа бөлімдерімен теңдей зандық күші бар ажырамас бөлігі ретіндегі маңызы
көпке дейін жоққа шығарылып келді. Алайда, халықаралық шарт құқықтары
туралы 1969 ж. Вена Конвенциясының 31 -бабында шарттың контексіне
кіріспенің де кіретіні анық көрсетілген. Кіріспеде келісуші тараптардың,
уәкілеттілердің атаулары, дәлелдері және өкілетгерінің жарамдылығы ғана
емес, сонымен бірге шарттың мақсаты да көрсетіледі. Мысалы, Б¥¥-ның 1945 ж.
Жарғысының Кіріспесінде соғыстың зардаптарынан құтқару, адамның негізгі
құқықтарына деген сенімді бекіту, міндеттемелердің әділдігі мен құрметтеуді
сақтауға шарт-жағдайлар жасауға көмектесу және т.б. мазмұндалған. Қазақстан
Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы
Б¥¥-ның қамқорлығындағы үжымдық бітімгершілік батальонын ұйымдастыру және
құру туралы 1995 ж. 15 желтоқсандағы Келісімнің Кіріспесінде Б¥¥ мүшесі
екендігі, барлық әлемде бейбітшілікті сақтау үшін халықаралық
қауымдастықтың жоғарғы жауапкершілігін бөлісу туралы тезис, дағдарыстарды
реттеу, соғыс қаупінің алдын алу және т.б. реттеудегі Б¥¥-ның күш салуына
тараптардың бірігіп үлес қосуға ұмтылулары ескеріліп өткеа
Халықаралық шарттың орталық бөлігі бөліктерге, тарауларға, баптарға,
параграфтарға, тармақтарға, тармақшаларға бөлінеді. Осындай бөліктерге бөлу
халықаралық шарттардың мәтінін пайдалануды, әсіресе олар үлкен көлемді
болған жағдайда жеңілдетілді. Аталған элементтердің бар немесе жоқ болуы
шарттың мазмұнына, қатысушылардың санына, мақсаттарына және өзге де
факторларға байланысты, мысалы, жоғарыда аталған 1969 ж. Вена Конвенциясы
көпжақты шарт ретінде бөліктерге, бөлімдерге, баптарға, тармақтарға,
тармақшаларға бөлінеді. 1949 ж. Женева Конвенциясы әрекеттегі армиялардағы
жараланғандар мен аурулардың жағдайун жақсарту, сондай-ақ теңіздегі қарулы
күштердің құрамынан кеме апатына ұшыраған жәбірленуші адамдардың жағдайын
жақсарту туралы мазмұны тарауларға, баптарға, тармақтарға, тармақшаларға
бөлінген. Ал дипломатиялық қатынас туралы 1961 ж. Вена Конвенциясы, ядролық
қаруды таратпау туралы 1968 ж. шарттың мазмұнды тек баптарға, тармақтарға,
тармақшаларға бөлінген.
Халықаралық шарттардың қорытынды ережелерінде, белгілі болғанындай,
қол қою, бекіту, қосылу актісі, шарттың заңды күшіне ену негіздері, шарт
жасалатын тілдер жөнінде мәліметтер, депозитарийді керсету және мәтіннің
түпнұсқалығы туралы тезис болады.
Халықаралық Шартта қосымша материалдардан, қол қоюдың қорытынды
хаттамаларынан, ноталар немесе хаттар алмасудан, реттеу рәсімінің
ережесінен тұратын қосымшалар болуы мүмкін. Қосымшаның кіріспеден, негізгі
және қорытынды ережелерден өзгешелігі, ол шартта немесе қосымшада тікелей
көрсетілсе, шарттың ажырамас бөлігі бола алады. Мысалы, Б¥¥-ның 1945 ж.
Жарғысының 92-бабына сәйкес, Халықаралық Сот Статуты Жарғының ажырамас
бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей
Федерациясы үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу турапы 1994 ж.
19 желтоқ-сандағы шартта, аталмыш шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын
бірнеше қосымшалар көзделген. Мысалы, № 3 қосымшада жалға алудың қосымша
шарттары бар: визасыз режим мәселелері, кедендік ресімдеу, түрмыстық шарт-
жағдайлар. Белгілі болғанындай, аумақтық мәселелер жөніндегі шарттарда
топографиялық карталар, демаркациялық (шекаралық) белгілері бар қосымшалар;
ал халықаралық экономикалық шарттарда - техникалық стандарттары, тарифтері
бар қосымшалар болады.
Халықаралық шарттардың нысандарын атау сияқты элементтері де үлкен
маңызға ие. Себебі, халықаралық тәжірибеде жасалатын шарттардың саны
шексіз. Сондықтан кездесіп отыратын шарттардың атауын есептеу қиынға
соғады. Көп қолданылатын атаулардың түрлері мынадай: шарт, конвенция,
келісім, пакт, хаттама, жарғы, статут, біріккен өтініш, декларация,
мазмұндама, хартия, меморандум, регламент, акт, ноталар алмасу және т.б.
Бүгінгі таңда халықаралық шартгар атауларының заңдық ерекшеліктері де және
мұндай атаулардың көпшілік таньтан топтамалары да жоқ. Сонымен бірге,
кейбір атаулардың іс жүзінде ұзақ мерзім пайдаланылуы нәтижесінде біршама
заңдылыққа ие болатынын да айту өту керек. Мысалы, халықаралық ұйымдарды
немесе олардың жеке органдарын құру туралы шарттар жарғылар немесе
статуттар деп аталады (Б¥¥ Жарғысы, ТМД Жарғысы, Халықаралық Сот Статуты).
Көптарапты шарттардың қатысушылары, әдетге, өздерінің құқықтары мен
міндеттерін конвенция нысанында ресімдейді (Женева Конвенциясы, Гаага
Конвенциясы). Қалыптасқан халықаралық тәжірибеде соғыс және бейбітшілік
мәселелері, адамның құқықтары мен бостандық мәселелері жөніндегі маңызды
шарттық ережелер пактімен белгіленеді (шабуыл жасамау Пактісі, Рерих
Пактісі, адам құқықтары жөніндегі Пактілер). Б¥¥-ның халықаралық құқық
Комиссиясында шарттардың түрлі атауларын талқылаған кезде ноталар алмасу
сияқты атау туралы мәселе қызу талас туғызды. Комиссияның кейбір мүшелері
ноталар алмасуды дипломатиялық қызметтің салдары ғана деп есептейді.
Алайда, Вена Конференциясы қатысушыларының көпшілік бөлігі ноталар алмасуды
халықаралық шартты жасаудың бір тәсілі деп есептеу керек, себебі осындай
алмасу арқылы тараптардың келісімдеріресімделеді деп айтып өтті. Үкімет
басшылары мен мемлекет басшыларының өтініштері мен мазмұндамалары сияқты
шартгық актілер халықаралық-құқықтық қатынастарда үдемелі орын алуда. Осы
замадғы жағдайда оларда маңызды саяси, экономикалық және әскери мәселелер
жөніндегі келісімдердің, келіссөз жүргізудің нәтижелері көрініс табады.
Халықаралық шарттар құқықтарының теориялық курсы үшін халықаралық
шарттардыц жіктелуінің үлкен маңызы бар. Жіктеуге мыналар негіз болады:
• Шартка катысушылардын сандык кұрамына байланысты: екі тарапты және
көп тарапты. Екі тарапты шарттар, өз кезегінде әр тарапта бір қатысушы
болатын әдеттегі екі тарапты шарттарға және бір тарабында да, екінші
тарабында да бірнеше қатысушылары бар шарттарға бөлінеді. Көп тарапты
шарттардың ішінде қатысушылары шектеулі шарттар (топтық немесе шектелген
деп аталатын) және жалпы (әмбебап) шартгар болатынын айыра білу керек.
• Халыкаралык шарт объектілерінін түрлеріне байланысты: саяси.
экономикалык. арнайы мәселелер бойынша. Шабуыл жасамау туралы,
дипломатиялык және елшілік қатынастарды орнату жөніндегі, аумақтық
мәселелер жөніндегі шарттар және т.б. саяси шарттарға жатқызылады.
Экономикалық мәселелер жөніндегі шарттар санатына тауар жеткізілімі және
тауар айналымы жөніндегі, есептік-несиелік шарттар, өндірістік меншікті
қорғау туралы, қосарланған салықтан құтылу үшін шарттар және т.б.
жатқызылады. Арнаулы мәселелер жөніндегі халықаралық шарттар көлік, ауыл
шаруашылығы, ғылым және мәдениет, денсаулық сактау, КУКЫКТЫҚ мәселелео
көлемінде жасалады. • Халыкаралык шарттарды жасайтын органдарга байланысты
шарттар мемлекетаралык. үкіметаралык. ведомствоаралык болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Халықаралық шартгарды жасасу, орындау
және күшін жою тәртібі туралы" заң күші бар Жарлығының 3-бабына сәйкес,
халықаралық ұйымдар шетелдік мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының
атынан мемлекетаралық шарттарды жасайды; үкіметаралықты - Қазақстан
Республикасының Үкіметі атынан; ведомствоаралықты - Қазақстан
Республикасының министрліктерінің, мемлекеттік комитеттерінің және өзге де
орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын мемлекеттік органдардың
атынан жасайды.
• Халықаралық шарттың жасалатын мерзіміне байланысты мерзімді және
мерзімсіз шарттар болады. Халықаралық шарттың қорытынды ережелерінде қандай
да бір шарттың әрекет ету мерзімі келісіледі. Мысалы, конвенЦиялық шарт
ережелері, әдетте, мерзімсіз болады. Тауар жеткізілімі, лизинг мерзімдеріне
байланысты экономикалық шарттар мерзімді халықаралық шарттарға жатқызылады.
• Зандык салдарына. үлттык зандардын езгеруіне байланысты халыкаралык
шарттарды өзі орындадатын және езі орындалмайтын халыкаралык шарттар деп
бөледі. Егер мемлекетте халықаралық шарт ұлттық заңдарды қосымша,
нақтылайтын норма қабылдамай-ақ қолданылатын болса, онда ол өзі орындалатын
болып есептеледі. Мұндай санатқа, әдетте қаржылық мәселелерге байланысты
Қазақстан қатысатын шарттар жатқызылады. Өздерінің мәні бойынша шартгар
халықаралық болып есептеледі, олардың реттейтін қатынастарына әсер ету
нысаны бойынша өздері орындалатын болады, өйткені Қазақстандағы қаржылық
заңдарда олар имплементтелмеген. Алайда, осы заманғы шарттық тәжірибеде
олар кездесіп қалады. Мәселен, халықаралық бухгалтерлік есеп аясындағы,
салық салу, инвенстициялық қызмет, қаржылық қызмет көрсету, бәсекелестік
ережелеріидегі шарттар. Әрекеттегі ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізуі тиіс
шарттық ережелер өздері орын-далмайтын болып есептеледі.
Халықаралық шарттарды жіктеу үшін ұсынылған негіздер толық көлемде
емес және оның қолданбалық маңызына қарағанда теориялық маңызы анағұрльш
көбірек.
5.3. Халықаралық шарттарды жасаудыц негізгі сатылары
Халықаралық шарттарды жасау дегеніміз - бірнеше жүйелі сатылардан
қүралатын күрделі процесс. Халықаралық шарттар процесінің теориясында осы
процесті техникалық жаққа қарай жатқызу туралы пікірлер қалыптасқаа
Халықаралық шартгарды жасау өте күрделі, оның күрделілігін шарт
обьектілерінін күрделілігімен, қатысушыларының табиғаты мен көлемімен,
кейбір жағдайларда саяси жағдайдың жағымсыздығымен түсіндіруге болады. Осы
шарт процесіне халықаралық- шарттың қатысушылар тарапының заңи әрекетгері
мен тұтастай бірқатар нақты сатылары кіргізіледі, олар: келіссөздер
жүргізуге уәкілетті тұлғаларды тағайындау; уәкілеттерді ұсыну және тексеру;
шарттың мәтінін үйлестіру; шарттың жобасын талқылау және қабылдау; шарттың
түпнүсқасын жасау (парафирлеу); шартқа қол қою; ескертулерді жариялау;
шартты бекіту; бекіту грамоталарымен алмасу және депоненттеу; шартты
промульгациялау (жариялау); Біріккен ¥лттар ¥йымында шартты тіркеу. Кейбір
заңгерлер шарт жасауға шарттың заңды күшіне енуін де жатқызып жүр. Шарттың
процесіне жоғарыда аталған сатылардың бәрін енгізу міндетті емес. Ол
шарттьщ нысанына, тарапгың қатысушыларының алдын ала келісуіне байланысты.
Халықаралық шартты жасау рәсімін қарастыру халықаралық-қүқықтық
әдебиеттерде әдетте, өкілеттіліктерді беруден басталады. Кейбір қайнар
көздерде өкілетгіктерді беру, шарт бастамашылығы сияқты халықаралық шартты
жасаудың алдында болады деп көрсетілген.
Егер халықаралық шартты халықаралық конференцияларда немесе
хальгқаралық үйымдарда үсынуға мемлекет өкілдік берген мшлекет басшылары,
үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері, дипломатиялық өкілдіктердің
басшылары жасайтын болса, онда халықаралық шарттар қүқықтары туралы 1969 ж.
Вена Конвенциясының 7-бабының 2-тармағына сәйкес, жоғарыда аталған түлғалар
өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асырғанда шарттық процеске
қатысу үшін арнайы өкілеттіктердің берілуін қажет етпейді. Қазақстан
Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын
жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 ж. Заң күші бар
Жарлығының 9-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Президенті,
Қазақстан Республикасынын Премьер-министрі, Қазақстан Республикасының
сыртқы істер министрі арнаулы өкілеттіксіз-ақ келіссөздер жүргізуге және
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қоюға құқылы".
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдігінің
басшысы немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы
өкілдігінің басшысы тиісінше өзі барған мемлекетпен немесе осы халықаралық
үйьшның шеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу
жөнінде арнайы өкілеттіксіз келіссөздер жүргізуге құқылы.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдігі
баспіысының немесе Қазақстан Республикасының халықаралық үйым жанындағы
өкілдігі басшысының арнайы өкілеттіктері болған ретте ғана Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарына қол қою құқығы бар.
Қазақстан Республикасының министрі, Мемлекеттік комитетінің төрағасы,
өзге де орталық атқару органының басшысы, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік органның басшысы өз құзырындағы мәселелер жөнінде арнайы
өкілеттіксіз-ақ келіссөздер жүргізуге және Қазақстан Республикасының
ведомствоаралық шарттарына қол қоюға құқылы.
Арнайы екілеттіктерді беру қажет болған жағдайда, келіссөздер жүргізу,
шартты қабылдау, оның түпнұсқасын бекіту, қол қою құқығы құжатта
куәландырылуы тиіс. Мұндай өкілеттіктер жасалатын шарттың барлық сатыларына
таралмауы мүмкін, мысалы, тек қол қоймай ~ келіссөздер жүргізуге берілуі
мүмкін. Бұл мәселелер өкілеттіктерді тексеру жөніндегі комитеттің
қүзыретіне жатады. Өкілетті адамның, тегі, аты, әкесінің аты, оның
өкілеттеріне кіретін мәселелер аясы көрсетіледі. Егер екі тарапты шарт
жасалса, онда қатысушылар өкілетгіктерінің түпнұсқаларымен алмасады. Ал,
көп тарапты шарттарда өкілеттіктер конференцияның немесе ұйымның
хатшылығына тапсырылады. Конференцияда баяндама ұсынушының өкілеттіктерін
тексеру үшін арнайы комитет құрылады.
Халықаралық шарттың келісілген мәтінін жасау шарт процесіндегі
міндетті саты болып табылады. Осы сатыға шарт жобасын талқылау мен қабылдау
және оның түпнұсқасын бекіту де кіреді. Келіссөздер жүргізу келісілген
мәтінді дайындаудың негізгі сатысы болып табылады. Олар халықаралық шарттың
келісілген мәтінін дайындаудың мынадай сатыларынан өтеді:
• әдеттегі дипломатиялық көздерді пайдалану;
• халықаралық конференциялардың қызметі;
• халықаралық ұйымдардың қызметі.
Әдеттегі дипломатиялық арналар келісуші тараптардың дипломатиялық
өкілдіктерінің қызметінен түрады. Келісуші тараптар шарттың жобасы бойынша
келіп түскен ұсыныстарды талқылап, мәміле, өзара талаптан қайту арқылы
өздерінің позицияларын үйлестіреді. Жүргізілген келіссөздердің нәтижелері
бойынша халықаралық шарттың біртұтас келісілген мәтіні жасалады.
Халықаралық шарттың жобасын дайындау процесінде тараптар негізгі мәселелер
жөнінде алдын ала келісімдерге қол жеткізеді.
Халықаралық конференциялардың қызметі халықаралық шарт мәтінін
үйлестірудің маңызды нысанының бірі болып табылады. Жоғарыда халықаралық
шарттардың құқықтары туралы 1969 ж. Вена Конвенциясының мәтінін үйлестіру
жөніндегі Вена конференциясының жұмысын айтқан едік. Қарусыздану, соғыс
құрбандарын қорғау мәселелері жөніндегі жүйелеу жұмыстары Гаага, Женева
конференцияларының жұмыс нәтижесі болды. Мұндай нысанның ерекшелігі
халықаралық шарт жасасу процесін алдын ала ұйымдастырып, дайындауда.
Қазіргі кезде шартгың келісілген мәтінін дайындау үшін мемлекетгер мен
үкімет басшыларының жоғары деңгейдегі кездесулері кеңінен таралып келеді.
Мысалы, Шанхай кездесуі, Давостағы экономикалық форум, Алматы басқосуы және
т.б.
Қазіргі кезең тәжірибесінде халықаралық шарттар мәтіндерін жасау
халықаралық ұйымдардың қызмет аясына кіреді. Бұл көбіне халықаралық
ведомствоаралық шарттарға байланысты болып келеді. Шарттың мәтінін
үйлестірудің мұндай нысаны шарт тәжірибесінің арнаулы мәселелерін толық
қамтиды, шарт процесі қатысушыларының құзыреттері мен кәсібилігін
жақсартады.
Шарт мәтінін қабылдау - дауыс берудің қажетті рәсімі, оның көмегімен
мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өкілетті тұлғалары шарттың
мәтінімен келісетіндіктерін білдіреді.
Екі тарапты шарттар және аз мемлекеттер қатысатын шарттардың мәтіні
келіссөздерге қатысқан барлық мемлекеттердің дауыс беруі арқылы
қабылданады. Халықаралық қауымдастықтың қалыптасқан тәжірибесінде
халықаралық конференцияларда шешім қабылдау рәсімі білікті дауыстар санына,
атап айтқанда 23 дауысқа келтірілген. Консенсус жолымен шешім қабылдануы
да мүмкін (латын сөзіндегі сопзепзш - келісім, бірауыздылық деген
мағынада), яғни пікірталас нәтижесінде даулы мәселе бойынша қол жеткізетін
ортақ келісімге келу және халықаралық келіссөздерге қатысушылар
позицияларының жақындасуы, шарттың мәтінін ресми дауыс берусіз қабылдау.
Рәсім ережелері дауыс беру нысанын да айқындайды. Оның ішінде ең көп
қолданылатыны - қол көтеру арқылы дауыс беру. Маңызды шешімдер қабылданатын
жағдайда конференцияға қатысушы барлық мемлекеттер алфавитті тәртіпте жеке-
жеке дауыс береді, оны конференцияның төрағасы жеребе бойынша айқындайды.
Дауыс беру қорытындысы көпшілікке дауыстап айтылып, конференцияның
хаттамасында бейнеленеді.
Мәтінді үйлестіру және қабылдау рәсімінен кейін осы мәтінді түпкілікті
деп тану және өкілетті түлғалар тарапынан өзгертілмейтіндей бір тәсілді
анықтау қажеттігі туындайды. Шарттың қабылданған мәтіні түпкілікті деп
танылатын рәсім мәтіннің түпнүскалыгын бекіту деп аталады (грек сөзі
аиіһепііісоз - түпнұсқа; тұпнұсқаға сәйкес , алғашқы қайнар көзден шығатын
деген мағынаны береді). Түпнүсқалық мәтін дегеніміз - бір немесе бірнеше
тілде жасалатын мәтін, олар бірдей түпнүсқалық деп қарастырылады және
бірдей заңдық күші болады. Қазіргі кездің шарттық тәжірибесінде мәтіннің
түпнұсқалығын бекітудің мынадай нысандары қолданылады:
• қол қою (парафирлеу - рагарһе деген француз сөзі - қысқартылған жазу
мағынасында) - халықаралық шартқа уәкілетті адамның аты-жендерінің бас
әріптерімен алдын ала қол қою;
• халықаралық конференцияның Қорытынды Актілеріне шарттың мәтінін
енгізу;
• халықаралық конференцияның қарарына шарттың мәтінін енгізу.
Халықаралық шарттың өзі үшін міндетті болатындығына мемлекетгің
келісім беруінің маңызды тәсілдерінін бірі оған кол кою. Халықаралық
шарт жасасудың қазіргі кезең тәжірибесінде шарттың қол қою сагысынан
өтпейтін кездері де болады. Мысалы, халықаралық Еңбек ұйымының кейбір көп
тарапты конференцияларын мемлекеттер қол қоймай-ақ бекітеді. Дегенмен, қол
қою шарт жасасудың маңызды сатысы болып қала бермек, сондықтан болар шартқа
қол қойған күн шартгың жасалу мерзімі болып есептелінеді.
Халықаралық шартқа қол қоюдың екі түрі бар: түпкілікті және түпкілікті
емес (немесе шартты, немесе асі геіегепёит, яғни одан әрі қарастыру үшін
қол қоюды кейінге қалдыру). Асі геіегепёит шартқа қол қою, егер шарт кейін
үкіметтің бекітуін қажет етсе, яғни жоғарғы заң шығарушы орган шарт мәтінін
бекітуі қажет болған жағдайда уәкілетті адам жүзеге асырады. Алайда, қол
қоюдың бұл түрі сонғы емес және парафирлеуден мынадай айырмашылықтары бар:
• асі геҒегешішп - мемлекетгің шарттың өзіне міндетті екендігімен
келісу тәсілі; ал парафирлеу тек түпнұсқалықты анықтау мақсатымен ғана
шектеледі, яғни парафирлеуден кейін қол қойылады.
• ай геіегепсішп-ға қол қоюды растаудың кері күші бар, яғни қол
қойғаннан кейін мемлекет шарттық міндеттемелердің субьектісі болып
табылады; ал парафирлеуде ондай кері күш болмайды.
• асі геіегепсіит-ға қол қою, парафирлеудегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында халықаралық құқықтық шарттарды реттеудің құқықтық аспектілері
Халықаралық контрактілер
Халықаралық шарт
Халықаралық құқық және мемлекеттердің заңдарын унификациялау мен гармонизациялау проблемалары
Халықаралық құқықтың түрлері, қайнар көздері
Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің жалпы сипаттамасы
Қазіргі таңдағы көлік міндеттемелері мен оның шарттарын қарастыру
КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШАРТЫ
Жолаушы тасымалдау шарты
Халықаралық экономикалық құқық ғғымы және қайнар көздері
Пәндер