Негізгі тілек пен борыштың сәйкес келуі адамгершілік үшін ерекше бір мәселе


Кәсіби борыш және абырой
Борыш категориясы - этикадағы маңызды категориялардың бірі. Ал кәсіби этикадағы оның алатын орны тіпті ерекше. Мораль саласын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, әділ бол. Бол! Борышта басқа категорияларға қарағанда міндетті себепті жақ әлдеқайда жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды, сонымен қатар, оған бұйрықтық сипат береді: шақырады, талап етеді, оның жүзеге асуын қалайды. Борышты адам болу - оның мәнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтау да.
Көптеген ғұламалар борыш сезімін жоғары бағалаған. И. Кант жазғандай, борыш - адамды өзінен өзін жоғары етіп қоятын ұлылық. А. Блок та оған қосылғандай: “Борышыңды ұмытпа, ол - бұл әлемдегі жалғыз әуен. Борышсыз өмір де, құштарлық та жоқ” деген.
Борыш категориясы кең қолдауды тапқан сала болып ежелден бері әскери және құқыққорғау қызметтері саналады. Осы салаларда шынайы да, жалған да борыш адамдарға әсер етуші негізгі күш ретінде қолданылып келген және әлі де қолданылуда. Сол себепті де, мансапқорлық мақсаттарға же-туде осы категорияны пайдалану жиі кездесіп жатады. Мұндай борыш шынайы ма, жалған ба - оны анықтау өте қиын.
Құқыққорғау органдарының қызметкерінің кәсіби борышы қоғамдық борыштың құрамдас бөлігі бола тұра, өзінің объективтік және субъективтік көрінісі бойынша адамгершілік сипатқа ие. Борыштың объективтік мазмұнының моральдық құндылығы оның ең жоғарғы және әділ міндетті шешуге бағытталуымен тығыз байланысты. Бұл міндет - тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, өз мемлекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту. Алайда, әскери борыштың шынайы мүмкіндіктері субъективтік адамгершілік қатынаспен толықтырылғанда ғана айқын көрінеді. Себебі, адам қоғамдық міндеттерді өзінің жеке міндеттеріндей қабылдап, сезінгенде ғана, өз қызметіне бар жан-тәнімен берілгенде ғана борыш туралы сөз қозғауға болады.
Құқыққорғау органдары қызметкерінің борышы - тұлғаны, қоғамды және мемлекетті қорғаудың объективтік қажеттіктерінен туындайтын, мемлекеттік-құқықтық талаптармен және адамгершілік ішкі сезімдермен толықтырылатын ерекше міндет.
Негізгі тілек пен борыштың сәйкес келуі адамгершілік үшін ерекше бір мәселе. Борыш пен тілектің объективтік талаптарының сәйкес келуін түрлі ғалымдар түрліше түсіндіреді. Кейбір ғалымдардың ойынша, міндетті нәрсе мен қалаулы нәрсенің арасында ешқандай қарама-қайшылықтар жоқ. Алайда, кез-келген адам эмпирикалық жол арқылы басқаша қорытындыға келе алады. Әрине, қоғамдық міндеттілікті өзіндік талап ретінде түсіну міндеттілік пен қалаушылықтың арасын біршама қысқартады. Мұндай жақындастыққа күмән жоқ, бірақ, ол ешқашан абсолюттік сипатқа ие бола алмайды және міндеттілік пен қалаушылықтың арасындағы белгілі бір қарама-қайшы-лықтарды жоя алмайды. Сонымен қатар, борыш пен тілекті бірін-бірі жоққа шығаратын талпыныс, оларды мәңгілік қарама-қайшылық ретінде қарастыратын көзқарас та дұрыс емес. Ақиқат осы екі көзқарастың ортасында деген дұрыс болар. Борыш пен тілек - бірін-бірі жоймайтын қарама-қайшылық-тар. Олар бір-біріне жақындасуы немесе бір-бірінен алшақтауы мүмкін, бірақ іс жүзінде бірін-бірі ешқашан жоймайды. Бұл жерде ерекше атап өтетін бір жайт - ақыраяғында борыш белгілі бір тілекке жетуге негіз болып табылады, ал тілекті дұрыс түсіну борышты нәтижелі орындауға алып келеді. Борыш сезімі жоғары дамыған тұлға әрқашан өзінің субъективтік талаптары мен құштарлықтарынан жоғары тұра алады және өзін борыштың талаптарына бағындыра алады. Осылай, міндеттілік белгілі бір дәрежеде тілекке айналып, сыртқы талпыныстан тұлғаның ішкі талпынысына ауысады. Борыш пен тұлғаның талпыныстары, құштарлықтары арасындағы, борыш пен өзін-өзі сақтап қалу сезімінің арасындағы қарама-қайшылықтар тапсырылған істің жүзеге аспай қалуымен қатар құқыққорғау органдарының қызметкері үшін өте ауыр салдарға, тіпті, өлімге де алып келуі мүмкін. Қызметтік борышты орындауға, тапсырылған істің әділдігіне бір сәт болса да күмәндану тұлғаның өмірін мүлдем басқа бағытқа бұрып жіберуі мүмкін.
Адамгершілік іс жүзінде адамдар арасындағы барлық қа-рым-қатынастарды, олардың мемлекет пен қоғамға қатынасын қамтиды. Адамның күнделікті өміріне мемлекет пен қоғамның қойған талаптарын адамгершілік одан әрі нақтыландыра түседі. Тұлғаның қабылдаған моральдық нормалары оның ішкі сеніміне айналып, сезімдерін басқарады, оның үйреншікті әдетіне ауысады. Қоғамдық мораль қоғамдық және мемлекеттік құрылымның одан әрі бекітілуіне жәрдемдеседі, белсенді тұлғаны қалыптастырады. Тұлғаның даму үдерісінде оған моральдың бағалаушылық және нормативтік жақтары әсер етеді. Моральдың бағалаушылық жағы жақсылық пен әділдікке негізделсе, нормативтік жағы борышқа бағытталған. Борыш - бұл моральдық нормалардың барлық жиынтығын адамдардың іс жүзіндегі әрекетімен байланыстыратын өзек. Бұл өзекке біртұтас болып негізгі мен туынды, бағалаушылық пен норма-тивтік, жетістіктер мен арман-тілектер жинақталған. Мұнда теория тәжірибеге, жақсылық пен әділдік идеялары мықты материалдық күшке, моральдық қағидалар мен нормалар шынайы әрекеттерге айналады. Борыш арқылы моральдың белсенді табиғаты тікелей көрініс табады. Ол идеялар мен мақсаттарға нақты сипат берумен қатар, оларға жетуге итереді, талап етеді. Сол себепті де, қоғамдық борышты қолданыстағы сана деп атауға болады. Ол, ең алдымен, адамның адамгершілігіне сипаттама бере алады, себебі, адамның әрекеттері арқылы оның адамгершілік қасиеттері мен кемшіліктеріне баға беруге болады.
Қоғамдық борышқа деген қатынас тек тұлға туралы ғана емес, сонымен қатар, ұжым туралы, қоғамның рухани күштері туралы мәліметтер бере алады. Құқыққорғау органдарында борышқа олардың қызметкерлерінің қызметін тікелей реттеуші құрал ретінде негізгі мән беріледі.
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жүріс-тұрысының механизмі, олардың ұжымындағы адамгершілік қатынастардың мәні үш маңызды факторға негізделеді:
- қызметкердің ұжымнан, мемлекеттен және қоғамнан тәуелділігі, абырой сезімінен көрініс табатын оның қоғамдық қолдауға мүдделілігі;
- объективтік анықталған мүмкіндіктер түрінің шегінде қызметкердің белгілі бір жүріс-тұрыс түрін таңдау мүмкінді-гінен көрініс табатын тәуелсіздігі, бостандығы;
- өз әрекеттерінің “еркіндігінің ” нәтижелері мен салдары үшін қызметкерлердің жауапкершілігі, яғни, әрбір жекелеген қызметкердің ұжым мен қоғам қалыптастырған адамгершілік нормалар шегінде өзінің моральдық таңдауына жауап беру міндеті.
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің адамгершілік борышының объективтік және субъективтік жақтары болады. Объективтік жақ мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қорғау, оның азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету қажеттігімен анықталады. Субъективтік жақ мемлекеттің құқыққорғау органдарының алдына қойған төмендегідей нақты міндеттерімен анықталады: құқықтық тәртіпті нығайту, мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін, оның азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға байланысты өзіне жүктелген міндеттерді орындаудағы қызметкерлердің саналылығы және жауапкершілігі, әрбір қызметкердің борыш талапта-рын, жалпы істегі өз орны мен ролін түсінудегі, өзінің борышқа деген ішкі сезімін анықтаудағы, өзіне-өзі жоғары талаптар қоя білудегі қабілеті мен дайындығы.
Құқыққорғау органдарының кейбір мақсат-міндеттері ерікті және мақсатқа жетелеуші қызметке айналады, себебі, оларды қызметкерлер әділ әрі ақиқатты ретінде қабылдайды. Ішкі қозғаушы себеп құқыққорғау органдарының әрбір қызметкерінің адамгершілік борышының мәніне тұлғаның адамгершілік күш-терінің қайнар көзі ретінде еніп кетеді.
Ескеріп өтетін бір жайт, қоғамдық борыштың талаптары қоғамның барлық мүшелері үшін бірдей. Алайда, құқыққорғау органдары қызметкерлерінің еңбегі ерекше. Олардың борышына қойылған талаптардың ерекшеліктерін олардың алдына қойылған міндеттермен, олардың қызметтернің ерекшеліктерімен байланыстыруға болады. Мұндай қызмет жоғары жауапкершілікті, ұйымдастырушылықты және адамгершілік, физикалық күштерін барынша пайдалануды талап етеді.
Құқыққорғау органдары қызметін ұйымдастырудың ерекшелігіне қарай олардағы адамгершілік қатынастар азаматтық өмірдің басқа салаларына қарағанда құқықтық нормалармен әлдеқайда жан-жақты реттелген. Сол себепті де, борыш - тілек емес, ол, ең алдымен, мемлекет пен қоғамның талабы және бұл талаптың орындалуы міндетті сипатқа ие. Борыштың адамгершілік мазмұны заң күшіне ие құқықтық талаптармен бекітіледі. Борыштың адамгершілік сезімі арқылы көптеген жоғары қасиеттер ашылады. Олар: саналы ынта, қайрат, абырой, қоғамдық міндеттерге деген белсенді қатынас.
Кәсіби борышты тікелей көрсететін және бекітетін қатынастардың барлығы адамгершілік және құқықтық беделге ие. Моральдық нормаларды бұзу көп жағдайларда заң нормаларын бұзуды да білдіреді. Антта, жарғыларда, нұсқауларда көрініс табатын заңды рәсімделеген борыш талаптарында моральдық бағалау мен құқықтық норма бірдей орын алған. Кәсіби борыш саласында моральдық күші жоқ заңды талаптар болмайтыны секілді құқықтық белсенділігі жоқ адамгершілік нормалары да болмайды.
Алайда, құқыққорғау органдарының қызметін реттейтін құ-қықтық актілерде қоғамдық талаптардың бұл екі түрінің өзара әсері әлдеқайда тығыз, әрі тереңірек. Құқықтық және адамгершілік нормалар ұйымдастырушылық, нақтылық пен тәртіптің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Кәсіби борыш белсенді күшке ие, ол қызметкерлердің істері мен ойларын жұмысты нақты және мерзімінде орындауға, барлық күшін қойылған мақсаттарға жетуге бағытталатын ұмтылыспен толықтырады.
Кәсіби борышта құқықтық және адамгершілік талаптарды нақты бөліп қарастыруға болмайды. Борыштың құқықтық жағының ерекше қасиеті болып қатысты болса да, жоғарғы бақылаудың болуы, әкімшілік санкцияны қолдану мүмкіндігі және ережелерді орындамаудағы жазалаудың орын алуы табы-лады. Ал моральдық нормалар ішкі сенімнің, ар-намыстың негізінде және қоғамдық көзқарас күшінің әсер етуімен жүзеге асырылады. Осы жерде борыштың екі жағы біртұтас сипатқа ие болады.
Яғни, кәсіби борыш құқықтық және адамгершілік жақтардың біртұтастығын білдіреді, себебі, моральдық талаптар мемлекет еркімен сәйкес келеді. Құқықтық санкция мен мора-льдық итермелегіш күш құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің санасы мен еркіне әсер етуде түрліше сипатқа ие. Құқық жедел түрде әсер етеді, ал ішкі сеніммен, моральдық итермелегіш күшпен жүзеге асырылған әрекеттер негізділікке, тұрақтылыққа ие, алайда, моральдық тұрғыдан дайындығы бар қызметкер өз әрекеттерін адамгершілік қағидаларға сәйкес қатаң түрде жүзеге асыру үшін уақыт қажет. Құқықтық санкция бірден әсер етеді және жекелеген қызметкерлерге мемлекеттік мәжбүрлеуді қолданумен сипатталады. Адамгершілік талаптар адамның әрекеттерінің барлық түрлеріне таралады. Олар қызметкерлердің қатынастарындағы өзгерістерді бағалау мен көрініс табу жағынан белсенді сипатқа ие.
Адамгершілік борыштың маңызды құрамдас бөлігі болып өзіндік тәртіп табылады. Егер жеке сеніммен, ар-намыспен сәйкес келмесе, құқықтық әсер ету күші де, ұжымның әсері де жедел-қызметтік іс-әрекеттерде қызметкердің моральдық нормаларды сақтап, өз мінезінің беріктігін көрсетуінің кепілі бола алмайды. Ең алдымен, адамның борышқа деген адамгершілік қатынасының жоғарғы дәрежесі қажет, борышты орындау арожданның талабына сәйкес болуы тиіс және кәсіби борыштың басты көрінісі ретіндегі тәртіп өзіндік тәртіпке айналуы тиіс. Себебі, өзіндік тәртіп дегеніміз кәсіби борыштың талаптарын орындау қажеттігін түсіну, өз әрекеттерін кәсіби борыш талаптарына келістіруге дайындық, ішкі мүдделілік. Анттың, жарғылардың, өз басшыларының талаптарын орындаудағы ішкі дайындық, оны қажеттік ретінде түсіну - жауапкершіліктің ең жоғарғы көрсеткіші, кәсіби борышты мәжбүрлеу арқылы емес, өз ар-ожданына қарай, ерікті орындау дайындығы. Борыш пен жеке моральдық сезімдер арасында, борыш пен ар-ождан арасында оңтайлы қатынастарды орнықтыру борыштың талабы ретіндегі қоғамдық тәртіптің өзіндік тәртіп деңгейіне көтерілуіне алып келеді. Борыш адамгершілік қажеттікке айналады. Сол себепті де, өзіндік тәртіп дегеніміз борыш пен ар-ожданның жақындасуы негізінде жүзеге асырылатын, жоғары адамгершілік сипатқа ие мінез-құлық қалпы.
Алайда, кәсіби борыштың қоғамдық қажеттігін түсіну, сезіну - өзіндік тәртіптің бір жағы ғана. Оның екінші жағы болып алдыға қойылған міндеттерді орындау шегіндегі жүріс-тұрысты таңдау бостандығы, ерік бостандығы табылады. Орындаушылық қасиет ынтамен, өз дербес шешімі үшін жауапкершілікті мойнына алуға дайындықпен толықтырылғанда ғана қызмет үшін маңызды сипатты иеленеді. Ынтаның болмауы орындаушылықтың адамгершілік құндылығын жоғалтады, ал орындаушылықсыз ынта - тәуекел ретінде көрсетуге тырысатын кемшілік. Саналы тәуекел жалпы мүдделерден, борышқа деген адалдықтан туындайды.
Ерекше атап өтетін бір мәселе, құқыққорғау қызметінде адамгершілік қатынастарды қалыптастырудың тәжірибедегі міндеті қызметкерлер қызметінің моральдық талаптары мәселесін шешуді қажет етеді. Кәсіби борышты орындауды моральдық бағалау талабын анықтау қызметкер мен ұжымның жүріс-тұрысының себептерін зерттеуді талап етеді. Кәсіби борыштың адамгершілік өлшемі болып сөздер емес, мемлекет пен қоғамға, қызметкерлердің бір-біріне деген қатынасынан туындайтын істер табылады. Қызметкерлердің жоғары моральдық-патриот-тық және кәсіби қасиеттері көп жағдайда олардың кәсіби және қоғамдық қызметке белсенді араласуы кезінде қалыптасатыны белгілі.
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби борышын орындаудың адамгершілік талабы түсінігіне оның тәжірибелік нәтижелерімен қатар жүріс-тұрыс себептері де кіреді. Жеке-леген түрде қызметтің объективтік салдары (оның нәтижелері) да, субъективтік себептер (жүріс-тұрыс себебі) де кәсіби бо-рышты орындаудың адамгершілік құндылығы туралы жауап бере алмайды. Оны жүзеге асыру үшін қызметкердің алдыға қойылған міндетін орындаудағы жауапкершілігінің деңгейін, тұлғаның мәселелерді шешу мүмкіндігін және өз әрекеттерінің салдарын есепке алу деңгейін анықтаудың маңызы зор.
Сонымен қатар, қызметкердің нақты әрекетін адамгершілік тұрғыдан бағалау оның бұрынғы қызметін есепке алуға негіз бола алады.
Кәсіби қызметтің моральдық талабы қызметкерлердің адам-гершілік күш-қайратын барынша дамытуға бағытталады және кәсіби борыштың субъективтік жағын тереңдетуге негізделеді.
Кәсіби этиканың маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жатқызуға болады. Кәсіби абырой - бұл өз борышын жан-тәнімен орындаудаудың жоғары әлеуметтік құндылығын (қажеттігін және маңыздылығын) құқыққорғау органдары қызметкерлерінің өздерінің түсінуі және оның қо-ғамдық көзқараспен танылуы. Абырой сезімі - бұл құқық-қорғау органдары қызметкерлерінің істері мен әрекеттерінің қуатты қозғағыш күші.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz