АДАМНЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ДЕРБЕСТІГІНЕ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ЕРКІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

АДАМНЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ДЕРБЕСТІГІНЕ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ЕРКІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Нәпсіқұмарлық адам бойына біткен табиғи қасиет. Ол негізінен, мораль принциптері, неке бойынша және де некеден тыс жыныстық ара қатынастарын реттейтін заңдардың нормалары бойынша шектеледі.

Адамның жалпы еркіндігі мен дербестігі жыныстық еркіндікті де, ересек адамның нәпсіқұмарлық тәбетті қандай нысанда кіммен қанағаттандыратынын өзі шешетін дербестікті де қамтиды, және де, ересек адамның да, кәмелетке толмағанның да жыныстық дербестікке құқығы бар деген мағына береді. Қылмыстық заң (ҚК-тің 120-124 баптары) бұл құқықтарды қоғамда қалыптасқан жыныстық мораль нормаларына көрінеу қайшы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салу арқылы қорғайды. Жыныстық дербестікке қарсы қылмыстар дегеніміз - қылмыстық заңда қарастырылған, 16 жасқа немесе 14 жасқа толмаған адамның жыныстық дербестігіне, дене бітімінің және психикасының қалыпты дамуына, ересек адамның жыныстық еркіндігіне немесе қоғамда қалыптасқан жыныстық қатынас ғұрпына қауіпті қастандық.

Бұл қарастырылып отырған қылмыстардың қоғамға қауіптілігі сол, олар адамның жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігіне елеулі нұқсан келтіреді, кәмелетке толмағандарды бұзады, олардың дене бітімі мен ішкі жан дүниесінің дамып қалыптасуына теріс ықпал жасайды, қоғамдық моральды бүлдіреді. Бұл жаңа қылмыстық заңның өзгешелігі сонда, бұрынғы ескі заңда ауырлататын мән-жайларда әйел зорлағандық үшін өлім жазасы қарастырылған болатын (ҚК-тің 101-бабының 4-бөлігі) .

Бұл қылмыстар тобының объектісі жыныстық еркіндік пен жыныстық дербестік, ол кейбіреулерінің қосымша объектісі - балалар мен жасөспірімдердің қалыпты дамуы. Жәбірленушіге сипаттаманы әрбір бап бойынша бөлек, заңның мәні бойынша беру керек, жәбірленуші жасына қарамай әйел де, ер адам да болуы мүмкін, яғни екі жыныстың да адамдарын бірдей қорғау қылмыстық заңда көзделген.

Жыныстық қылмыстардың объективтік жағы кінәлі адамдардың қылмыстық кодекстің диспозициясында немесе басқа бабында анықталған заңға қарсы әрекеттерінің сипатынан көрініс табады. Құрамдар, негізінен формальды. Кейбір жыныстық қылмыстардың саралаушы нышанының бар екендігін мойындау үшін кінәлінің әрекеттері мен болған саралаушы зардаптар арасындағы себептік байланысты анықтау қажет.

Бұл топтағы қылмыстардың субъективтік жағы тікелей ниетпен сипатталады.

Қылмыс жасаудағы себеп, негізінен, нәпсікұмарлық, бірақ басқа да себептер болуы мүмкін.

Жыныстық қылмыстардың субъектісі 16 жасқа толған екі жыныстың да адамдары болуы мүмкін. Зорлаудың (ҚК-тің 120-бабы) және нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолданудың (ҚК-тің 121-бабы) субъектісі 14 жасқа толған адамдар.

3орлау (ҚК-тің 120-бабы)

Зорлау - әйелдің жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігіне қол сұғудың ең ауыр түрлерінің бірі.

Қылмыстық заң бойынша зорлау дегеніміз - жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе психикалық қысым жасап (қорқытып) не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып ер адамның әйелмен кәдімгі түрде жыныстық қатынасқа баруы.

Бұл қылмыстың объектісі әйел жынысты адамның жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігі. Бұл дегеніміз - ер адаммен жыныстық қатынасқа бару мәселесін әйел өзі шешеді деген сөз.

Жыныстық қатынасқа әйелдің ықтияры болмағандығына оның ондай әрекетке ешбір келісім бермеуі және жанталасып қарсыласуы дәлел болады. Зорлаудың жәбірленушісі тек әйел жынысты адам ғана болады. Зорлағандық үшін жәбірленушінің мінез-құлқы, жүріс-тұрысы рөл атқармайды, жезөкшені, көңілдесін, әйелін зорлағандық үшін де жауаптылық қарастырылған. Қазақстанның қылмыстық заңы кез келген адамның жыныстық еркіндігін, оның оны қалай пайдаланып жүргендігіне қарамастан қорғайды.

Зорлаудың объективтік жағы - жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жәбірленушімен жыныстық қатынас жасауда. Бұл ретте әйел мен ер адамның кәдімгідей бірігуін жыныстық қатынасқа бару деп түсіну қажет. Егер жыныстық қатынас әйелдің ықтиярынсыз, оған күш жұмсалып немесе оны не басқа адамдарды қорқытып, не оның дәрменсіз күйін пайдаланып жасалса, ол зорлау болып танылады. Алдап немесе өзіне деген сенімді теріс пайдаланып жыныстық қатынасқа баруда әйелдің келісімін алса, онда зорлағандық болмайды.

Зорлау кезінде күш жұмсау дегеніміз - ұрып-соғып жәбірленушінің денесіне әртүрлі дәрежедегі жарақат түсіру. Бұл ретте оның тәнін ауыртады, бостандығын шектейді, байлап тастайды, қылқындырады, қысқасы жәбірленушінің қарсылығын басу немесе қарсыласуына мүмкіндік бермеу үшін әртүрлі әрекеттер жасайды.

Зорлау жасау үшін күш қолданудың бір тәсіліне заң психикалық қысым жасауды да жатқызады. Жәбірленушінің қарсылығын басу үшін кінәлі оны сөзбен қорқытады, оған қару көрсетеді, ұрмақшы болып ұмтылады, т. б. қимылдар жасайды, ондағы мақсат күш жұмсаудан қайтпайтындығын көрсету. қорқытуды зорлаудың тәсілі ретінде пайдаланғанда оның заңсыз болуы тікелей, қарқынды көрсетілуі, ол нақты және шындық болуы тиіс. Тек сондай қорқыту ғана әйелді дәрменсіз етеді. Мүлкіңді жоямын деп қорқыту немесе жәбірленушіні масқаралайтын деректерді мәлім етемін деп қорқыту, яғни арандатушылықпен жыныс қатынасын жасау зорлау болып танылмайды. Мұндай әрекеттерді жасаймын деп қорқыту әйелді дәрменсіз жағдайға душар етпейді, себебі оның өзінөзі сақтап қалу шараларын қабылдауға немесе басқалардан көмек сұрауға мүмкіндігі болады.

Күш жұмсау немесе күш жұмсаймын деп қорқыту тек жәбірленушіге ғана қатысты емес, басқа адамдарға да (туыстарына, жақындарына, таныстарына) қатысты болуы мүмкін.

Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып зорлау дегеніміз - өзінің дене бітіміне немесе психикалық жағдайына байланысты жәбірленуші өзіне қатысты жасалынған әрекеттің сипатын ұғына алмайды немесе оның қарсылық көрсетуге шаршасы жоқ. Дене бітіміне байланысты дәрменсіздік таныту ауырғандықтан, қан жоғалтқандықтан, шаршап қалжырағандықтан, сондай-ақ кәріліктен және басқа да себептерден, яғни бойда қайрат-күштің жоқтығынан кінәліге қарсылық көрсете алмау.

Ал, психикалық дәрменсіздікте, әйел өзінің психикасындағы ерекше өзегерістерге байланысты өзімен қандай әрекеттің жасалып жатқандығын ұғына алмайды. Оған ұйқыны, талып қалуды, есірткіге немесе ішімдікке мас болуды, ақыл кемдігін, әлі сәбилігін немесе басқадай да психикасының қалыпты жағдайда еместігін жатқызуға болады.

Дәрменсіз күйге жәбірленушінің естен танып қалу жағдайы да кіреді, бұл ретте ол өз айтар ойын жеткізе алмайды. Жәбірленуші дәрменсіз күйде болғанда, кінәлі өз мақсатына жету үшін оны қорқытпайды немесе оған күш қолданбайды, себебі ол өз ойын жеткізе алмайды не қарсылық көрсете алмайды. Әйелдің дәрменсіз күйде болуы себепті ғана өзінің жыныстық қатынасқа барып отырғандығын кінәлі ұғынады. Қылмысты саралау үшін жәбірленушінің не себепті дәрменсіз күйге душар болғандығының маңызы жоқ.

Қылмыстық заң, алдап зорлағандық үшін жауаптылық көздемейді. Бірақ, алдау нәтижесінде жәбірленуші дәрменсіз күйде қалса, онда дәрменсіз күйдегі адамда зорлаудың орын алуы мүмкін.

Жыныстық қатынас басталған кезден зорлау аяқталған қылмыс болып саналады. Жыныстық қатынастың физиологиялық мағынада аяқталуы зорлауды аяқтайды деп тану үшін қажетті емес. Егер кінәлі, әйелді қорқытып, оған күш қолданып немесе оның дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасауға әрекет қылса, бірақ ол ойы оған байланысты емес себептермен (әйел қарсылық көрсетіп, басқа біреу келіп қалып, физиологиялық факторлар себебінен) жүзеге аспай қалса, мұндай іс-әрекет қылмысқа оқталғандық ретінде ҚК-тің 24 және 120 баптары бойынша сараланады. Зорлауға оқталғандық деп тану үшін кінәлі әрекетінің сондай мақсатқа бағытталғандығын және оның қорқытуды, күш қолдануды немесе әйелдің дәрменсіз күйін пайдалануды сондай мақсатқа жету үшін қолданған-қолданбағандығын анықтау қажет. Және де зорлауға оқталуды ер адамның әйелдің ар-ожданына, намысына тиіп, жыныстық дербестігін сыйламай (кемсіту, ұрып-соғу, бұзақылық, денсаулығына қасақана зиян келтіру, заңсыз бостандығын шектеу. т. б. ) оны өзімен жыныстық қатынасқа баруға көндірмекші болған әрекетпен ажырату қажет. Зорлауға оқталғандықты, сонымен қатар, қылмыстан өз еркімен бас тартудан да ажырату қажет (ҚК-тің 26 -бабы) . Қылмыстан өз еркімен бас тарту оны жасауға оқталғандық үшін жауаптылықтан босатады, бірақ егер оның әрекетінде басқа қылмыстардың (денсаулыққа зиян келтіру, бұзақылық, қорқыту, т. б. ) нышаны болса, кінәлі сол іс-әрекеттері үшін жауаптылық көтереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке адамға қарсы қылмыс
Адам өміріне, денсаулығына, бостандығына, қадір-қасиетіне қарсы қылмыстардың мазмұнын, қауіптілігін, зиянды салдарын, қоғамға әсерін кеңірек ашып талқылау
Жеке адамға қарсы қылмыс ұғымы және олардың түрлері
Жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстардың ұғымын ашып көрсет
Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар
Зорлаумен күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Жыныстық қылмыстар үшін жауаптылық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz