Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді құқықтық реттеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді құқықтық реттеу.

Коммерциялық, банктің түсінігі.

Коммерциялық банк термині банк ісінің дамуының ерте кезеәдерінде,
банктер сауданы, товар ауыстыру операциялары мен төлемдерді қамтамасыз
еткен кездерде пайда болды.
Коммерциялық банк дегеніміз — ақша қаражаттарымен болатын
операцияларды, сондай-ақ оған заңмен жүктелген басқа да банк операцияларын
жүргізу арқылы табыс табуды көздейтін мекеме. Коммерциялық банктер банк
жүйесінің екінші деңгейіне жатады. Олар банк туралы заңдарда коммерниялық
банк атауына біріктірілген коммерциялық, кооперативтік және жеке меншік
банктер.
Жалпы қазіргі шетел тәжірибесінде банктер өздері көрсететін қызметтің
сипатына қарай классификацияланады. Осы принцип бойынша кредит жүйесінің
маңызды үш элементін айтуға болады:
1. орталық эмиссиялық банк;
2. Коммерциялық банк;
3. арнайы қаржылық мекемелер (сақтаңдыру, ипотекалық, жинақ).
Орталық банк — бұл банктердің банкі. Ол іскер фирмалармен немесе
халықпен операциялар жүргізбейді. Онвщ клиенті Коммерциялық банктер, басқа
да несиелік мекемелер, үкімет ұйымдары. Қазіргі орталық банктің маңызды
міндеттерінің бірі жалпы Ұлттық ақша-несиелік саяеатты жүргізу.
Коммерциялық банктер көп функция атқаратын мекеме. Ірі Коммерциялық
банктер өздерінің клиенттеріне кешенді қаржылық қызмет көрсетеді (несие
беру, депозит қабылдау, есептесу және тағы басқалар).
Коммерциялық банктердің екі типі болады: Универсалды және арнайы.
Универсалды банк — банкілік операциялардың барлық түрлерін немесе
көпшілігін жүргізеді. Банктің осындай түрлері Германия, Франция, Швейцария,
Ұлы Британия, Австрия сияқты батыс европа елдерінде қалыптасқан. Арнайы
банк - керісінше, банк операцияларының бір немесе бірнеше түрлерін
жүргізеді. Мұндай коммерциялық банктер АҚШ-та, Жапонияда, Италияда
қалыптасқан.
Бүкіл дүние жүзінде универсалды банк жүйесіне ұмтылу байқалады.
Банктің универсалды типі біздің республикаға да тән.
Қазіргі кезде коммерциялық банк өзінің клиенттеріне қызметтің екі жүз
түріне дейін көрсете алады. Операциялардың көп түрін пайдалану коммерциялық
банктерге табысты болуғажәне өз клиенттерін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер қорпоративті типтегі ұйымдар түрінде
құрылады және шаруашылық қызметпен айналысады. Экономикалық қатынастардың
субьектісі ретінде банктердің нарықтылығынын негізгі үш белгісін көрсетуге
болады:
1. банктің экономикалық еріктілігі — ол дегеніміз банктің қаражаттарын
және қорларын билеу бостандығы, клиенттер мен салым салушыларды таңдау
бостандығы, салық төлегеннен кейін қалған пайданы толытымен билеу;
2. өзінің қызметінің нәтижесі үшін экономикалық жауапкершілік —
шаруашылық жүргізу нәтижесі үшін капиталдың меншік иесі ғана жауап бере
алады;
3. пайда табу — пайда коммерциялық банк қызметінің негізі болып
табылады. Ол банк капиталының айналымының нәтижесі.
Коммерциялық банкте осы үш белгінің болуы оны нарықтық экономиканың
субьектісі деп айтуға негіз болады. Банктердің қызметінің мәні - оны басқа
органдардан ажырататын белгілі бір функцияларды атқаруынан көрінеді. Бұл
функциялар банктер көрсететін қызметтер және олардың клиент мүддесіне
сәйкес, белгілі бір әрекеттерді орындауы деп сипаттауға болады.
Коммерциялық банктер несие беру, есептесу және тағы да басқа қаржылық
операциялардың түрлерін іске асырады. Атаулы операциялар Қазақстан
Республикасы Президентінің Банктер туралы Жарлығының 30-бабында
көрсетілген. Дегенмен, банктердің атқаратын негізгі операцияларына мыналар
жатады:
1. депозит қабылдау,
2. ақша төлемін және есептесуді іске асыру;
3. несие беру.
Қазақстан Республикасында коммерциялық банкті ашу, тіркеу және жою
тәртібі Президенпің 1995 жылғы 31-тамыздағы Банктер және банкілік қызмет
туралы Жарлығымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
нұсқауларымен және азаматтық заңдармен анықталған. Банктер туралы
Президенттің Жарлығының 12-бабының 1-тармағында банктер ұсынушыға берілетін
акцияны шығару құқысыз жабық акционерлік қоғам формасында құрылады деп
бекітілген. Осы баптың 2-тармағында былай делінген: банкті ашық акционерлік
қоғам түрінде қайта құруға ол Ұлттық Банктен лицензия алған сәттен бастап
бір календарлық жыл бойына шығынсыз қызмет атқарған жағдайда рұқсат
етіледі. Президенттің Шаруашылық серіктестіктер туралы Жарлығына сәйкес:
1. акционерлік қоғам — бұл Жарғылық қоры үлесі тен акциялардың белгілі
бір санына бөлінген серіктестік. Қоғам мүшелері серіктестіктің
міндеттемелері бойынша жауап бермейді және оның қызметімен байланысты
шығынды өзара тең мөлшерде өтейді. Бұл мынадай мүмкіндіктер береді:
акционерлердің үлесі және банктің пайдасы сатып алынған акциялардың санына
байланысты; акционерлердің жауапкершілігі акция мөлшерімен шектеледі;
2. акционер өзінің акцияларын басқа тұлғаға бере алады. Бұл жағдайда
банктің қызмет етуі, қоғамнан акционерлердің шығуы, оның өкілетсіздігінен
және жеке акционердің банкрот болуынан тнуелсіз болады.
3. акционерлік банкте оны басқару жөніндегі функциялар нақты
көрсетілген. Акционерлердің жалпы жиналысы, бақылау Советі, басқарма,
ревизиялық комиссиясы болады. Жеке меншік банкте оған қатысушылар банкті
басқаруға тікелей қатысады.
Банкті ұйымдастыру құрдслі процедура және ол арнайы заңмен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Банктер туралы Жарлығының 13-бабында
Ұлттық Банктің банк ашуға рұқсат беретіндігі бекітілген. Бұл жөнінде толық
мәлімет 1996 жылғы 29-ақпанда қабылданған Ережеде айтылған. Осы Ереже
бойынша банк ашу үшін Ұлттық Банктің рұқсатын алу мақсатында Ұлттық Банктің
банктік қадағалау Департаментіне мынадай құжаттар тапсыру керек:
1. рұқсат беру туралы өтініш;
2. банкті құрудың экономикалық негізі;
3. іскерлік жоспары — мұнда екі-үш жылға болжам туралы толық ақпарат
көрсетіледі;
4. банк басшыларының кәсіпкерлігі туралы, құрылтайшылар туралы
мәліметтер;
5. банктің құрылтай құжаттары;
6. құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы туралы аудиторлық қорытынды;
7. жарғылық қор шотына қаражат салынғандығын растайтын құжат.
Осыдан кейін Ұлттық Банк үш айдың ішінде осы өтінішті қарап шығып,
қабылданған шешім туралы өтініш берушіге хабарлайды (Президенттің Банктер
туралы Жарлығының 23-бабы). Банкті ашуға рұқсат алынған соң оны Әділет
органдарында тіркеу керек және ол ор түрлі операцияларды іске асыру үшін
Ұлттық Банктен лицензия алуы қажет.

&2. Коммерциялық банктердің мүлкінің жағдайы

Банк ресурстарына банктің өзіндік қаражаттары, заемдық және тартылған
қаражаттар кіреді. Осылардың жиынтығы актив операцияларды іске асыру үшін
қолданылады. Банктің өзіндік қаражаттарына мыналар жатады: Жарғылық кор,
резервтік қор, банктің пайдасы арқылы қалытттасатын басқа корлар және жыл
бойы бөлінбеген пайда.
Жарғылық қор — құрылтайшылардың жарнасын немесе акцияларын сату арқылы
қалыптасады.
Резервтік қор - пайдадан жыл бойына бөлініп отырылатын қаражаттардан
қалыптасады. Резервтік қордың миннмальді мөлшерін Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі бекітеді. Оның максимальді мөлшері банктің жарғысында
белгіленеді (жарғылық кордың 25%-нен 100% ке дейін). Сонан соң ол жарғылық
қорға аударылып қайта жиналады.
Банктердің тартылған қаражаттаръгна мыналар жатады:
1. депозиттер;
2. банкаралық рынокта заем алу;
3. бағалы қағаздарды сатып алу;
4. орталық банктен ссуда алу, вексельдерді тіркеу;
5. коммерциялық қағаздар шығару;
6. евро, доллар рыногында заем алу;
7. облигациялар шығару.

&3 Коммерциялық, банктердің операцияларының түсінігі мен түрлері

Коммерциялық банктер кредиттік, есептік және қаржылық операциялардың
барлық түрлерімен айналысады. Банкілік операциялар клиенттердің мүдделерін
қорғау үшін жүргізіледі. Олар активті, пассивті және комиссиялық болады.
Активті операциялар — бұл пайда табу және айналымға жіберу мақсатында
қаржылық ресурстарды орналастыру.
Пассивті операциялар — бұл өз шоттарына ақша ресурстарын тарту.
Комиссиялық операциялар — клиенттердің тапсырмасын белгілі бір ақы
үшін орындау.
Банкілік операциялардың түрлері:
1. Жеке жонс заңды тұлғалардан депозит қабылдау.
2. Банкілік корреспонденттік шоттарды ашу.
3. Кассалық операциялар.
4. Аудармалы операциялар.
5. Есептеу операциялары.
6. Ссудалық операциялар.
7. Сенімділік операциялары.
8. Сейфтік операциялар.
9. Ломбардтық операциялар.
10. Шетел валютасын ауыстыру операциялары.
11. Төлем карточкаларын шығару.
12. Жеке және заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша есеп жасау.
1З. Банкноттарды, монеталарды және басқа да құндылықтарды қайта жіберу
және инкассаииялау.
Ұлттық Банктің лицензиясы бар болған жағдайда банктер мынадай
операциялар жүргізуге құқылы:
1. Таза құнды металдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есептеу, сақтау
және сату.
2. Депозиттік сертификаттарды шығару.
3. Кепілдік (гарантиялық) операциялар.
4. Өзіндік бағалы қағаздардың эмиссиясы.
5. Факторинг операциялары.
6. Форфейтинг операциялары.
7. Лизинг операциялары.
Коммерциялық, банктердің кредиттік операциялары.
Кредит дегеніміз жеке және заңды тұлғалар арасында болатын, қайтарып
берілуі, акылы болуы және мерзімділігі анықталған ақша және вексельдердің
құнын тапсыру кезінде пайда болатын экономикалық қатынастар. Банкілік
кредиттердің мынадай ерекшеліктері бар :
1. құқықтық қатынастар арнайы субьектілер құрамымен сипатталады; несие
беруші — банк немесе несиелік мекеме болуы керек;
2. коммерциялық банктер беретін несие тек ақшалай формада болады;
3. коммерциялық банктер мен клиенттер арасында жасалатын несиелік
шарттардың ерекшеліктері — олардың қайтарылатындығында.
Банкілік кредиттеудің негізгі принциптері:
1. қайтарылатындығы;
2. мерзімділігі;
3. ақылылығы;
4. қамтамасыз етілуі;
5. нысаналы мақсатының болуы.
Қайтарылатындығы дегеніміз - несие түрінде алынған ақша қаражаттарының
несие алушы үшін қаржынын уақытша көзі екендігін және оның банкке
қайтарылуы керектігін білдіреді.
Мерзімділік принципі - несие бекітілген мерзімде қайтарылуы керектігін
көрсетеді. Кез келген несие белгілі бір мерзімге ғана беріледі. Мерзімінде
қайтармау құқықтық санкцияларды қолдануды қажет етеді.
Ақылылық принципін іске асыру банктердің кредит беру кезінде
көрсететін қызметтерінің қайтарылатын сипатына негізделеді. Банкілік несие
бергені үшін процент түріндегі ақы төленеді. Проценттік ставканың мөлшері
тараптардың несиелік шарты бойынша анықталады.
Қамтамасыз етілу принципі — банктер өзі берген несиені қайтарып алу
мақсатында оны қамтамасыз етудің әртүрлі формасымен береді (кепіл, ипотека,
кепілдік).
Банкілік несие накты мақсаттар үшін беріледі. Несиені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Банктерді ерікті және еріксіз қайта құру
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер жүйесі
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Банк филиалдары мен өкілдіктері
Банк жүйесін ақша-несие реттеу құралдары
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”
Банктік қызметтің мәні
Банк қызметін реттеу және қадағалау
Пәндер