Коммерциялық емес ұйымдар. Қоғамдық қор


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық емес ұйымдар

Мекеме 3

Қоғамдық бiрлестiктер 3

Қоғамдық қор 4

Тұтыну кооперативi 5

Дiни бiрлестiк 6

Заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ)
нысанындағы бiрлестiгi 7

Коммерциялық емес ұйымдар

1. Мекеме

Басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады. қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала әкiмдерiнiң шешiмдерi бойынша мемлекет құрған және егер заң актiлерiнде қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе, тек мемлекеттiк бюджеттiң немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң (шығыстар сметасының) есебiнен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады. Мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану, билiк ету құқығы белгiленген тәртiппен берiлген мекемелердi қоспағанда, мемлекеттiк мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. Мемлекеттік мекеменің тиісті қаржы жылына арналып бекітілген қаржыландыру жоспарынан асып кететін шарттық міндеттемелер қабылдауына жол берілмейді.

2. Қоғамдық бiрлестiктер

Қазақстан Республикасында қоғамдық бiрлестiктер болып, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады. Қоғамдық бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздерi мүшелерi ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттерi бойынша жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Съездiң (конференцияның) немесе жалпы жиналыстың шешiмi бойынша таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi оның жарғысымен көзделген мақсаттарға жұмсалады. Сот шешiмi бойынша таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi осы Кодекске немесе өзге заң құжаттарына сәйкес пайдаланылады.

3. Қоғамдық қор

Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады.
Қоғамдық қор заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкiлдiк етедi, оның дербес балансы және банктік шоты бар. Қоғамдық қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады. Қоғамдық қордың мүлкiне қор құрылтайшыларының мүлiктiк құқықтары жоқ.

Қоғамдық қордың қаржы көзi құрылтайшылардың ақшасы, сондай-ақ басқа мүлкi, демеушiлiк, ерiктi түрде жиналған жылулар және өзге де заңды түсiмдер болып табылады. қоғамдық қорды басқару тәртiбi мен оның органдарын құру тәртiбi оның құрылтайшылар бекiтетiн жарғысында белгiленедi. қор өз мүлкiнiң пайдаланылуы туралы есептерiн ресми баспасөз басылымдарында жыл сайын жариялап отыруға мiндеттi.
қоғамдық қор сот шешiмi бойынша мынадай жағдайларда:
1) егер қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшiн оның мүлкi жеткiлiксiз болса және оның қажеттi мүлiктi алу ықтималдығы нақты болмаса;
2) егер қордың мақсаттарына жету мүмкiн болмаса, ал қор мақсаттарына қажеттi өзгерiстер жасау мүмкiн болмаса;
3) қор өз қызметiнде жар¬ымен көзделген мақсаттардан бас тартқан жағдайда;
4) заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылады.
8. қоғамдық қор таратылғаннан кейiн қалған мүлiк оның жарғысында көзделген мақсаттарға жұмсалады.

4. Тұтыну кооперативi

Қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар кiре алады. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жыл сайынғы баланс бекiтiлгеннен кейiн пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай iшiнде жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттердi орындамаған ретте кооператив несие берушiлердiң талабы бойынша сот тәртiбiмен таратылуы мүмкiн. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив мүшелерiнiң қосымша төлемеген бөлiгi шегiнде жәрдем беру жөнiнен ортақ жауапты болады.
Тұтыну кооперативiнiң жарғысында кооператив мүшелерi жарналарының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна төлеу тәртiбi және олардың жарна төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде шешiмi бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы; кооператив мүшелерiнiң өздерi шеккен залалдарды жабу тәртiбi туралы ережелер болуға тиiс.
Тұтыну кооперативiнiң тапқан табыстарын оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға берiледi. Тұтыну кооперативi таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда ол тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен өз үлесiн өз жарнасына қарай бөлiп алуға құқылы. Тұтыну кооперативiнiң мүшесi қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiнiң кооператив мүшелiгiне қабылдануға бiрiншi кезекте құқығы болады. Соңғы жағдайда кооператив мұрагерлерге тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен оның қосқан жарнасына қарай үлесiн төлейдi.

Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес, селолық жерлерде тұратын басқа адамдардың да материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн құрылуы мүмкiн.

Селолық тұтыну кооперациясының ерекшелiктерi осы бапқа сәйкес арнайы заңда белгiленедi.

5. Дiни бiрлестiк

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Коммерциялық емес ұйымдардың жалпы түсінігі жəне қызметінің ұйымдастырудың теориялық негіздері
Коммерциялық емес ұйымның құқықтық мәртебесі
Коммерциялық емес ұйымды басқару
Коммерциялық емес ұйымдар туралы
Коммерциялык емес уйымдар туралы жалпы ережелер
Қоғамдық қор
Коммерциялық емес заңды тұлға
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің қаржыландыру көздері
Мекемелердің құқықтық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz