Коммерциялық мәмілелер және іскерлік келіссөздер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық мәмілелер және іскерлік келіссөздер

Коммерциялық мәмілелер. Кез келген бизнес коммерциялық мәмілелерсіз
болуы мүмкін емес. Коммерциялық мәмілелер қаншалықты біліктілікпен
жасалынар болса, кәсіпорынның табысы ғана соған байланысты.
Екі немесе одан да көп тараптар арасында тауарлар, жұмыстар немесе
қызметтер жеткізіп беру жөнінде күнілгері ескертілген шарттарға сәйкес
жасалынған келісім мәміле деп аталады.
Тараптардың бір немесе бірнеше елдерге қарайтындығына байланысты ішкі
және халықаралық мәмілелер деп ерекшеленеді.
Мәміленің негізгі затына қатынасы бойынша мәмілелер негізгі және
көмекші деп бөлінеді.
Негізгі мәмілелер (ақыл-ой меншігіндегі өнімдерді; қызметтерді) сатып
алу-сатумен немесе (тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді; өндіріс
факторларының барлық түрлерін) жалдаумен байланысты жасалынады.
Ал көмекші мәмілелер тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді бір
сатушыдан сатып алушыға өткізумен байланысты. Бұған талаптардың өзара
есептесулер жүргізуі (банктік операциялар), көлікпен тасымалдау,
сақтандыру, қоймаға қою, өңдеу және жүктерді сақтау жөніндегі мәмілелер
жатады.
Тікелей тауар айырбасы (ақшалай қаржыны қатыстырмау) негізінде жүзеге
асырылған мәмілелерді бартер деп атайды.
Коммерциялық мәмілелерді іске асырудың негізгі екі әдісі бар:
өндірушімен тура мәміле және делдал арқылы мәміле жасау.
Тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді тіке өзі тұтынушылар мен
өндірушілер арасындағы тікелей мәмілелер. Күрделі немесе жеке-дербес
(индивидуалды) тапсырыстарды орындау кезінде тікелей мәмілелер аса тиімді,
өйткені тек ғылыми-зерттеу немесе жобалау жұмыстары кезінде ғана емес,
сатып алушының мұқтаждарын неғұрлым толық қанағаттандыруды қамтамасыз ете
отырып, өнімді пайдалану кезінде де қажетті түзетімдерді дер кезінде
енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай мәмілелер көбінесе ұзақ ынтымақтастыққа
ұласады. Алайда тікелей мәмілелер жасау үшін сатушы да өзіндік өткізу
жүйесі бар болуы керек, бұл ірі инвестициялар талап етеді.
Егер өзіндік өткізу жүйесін қалыптастыру мен қолдау тиімсіз, ал
ұсынылатын өнім біркелкі болған жағдайда коммерциялық мәмілелерді жүзеге
асырудың оңтайлы нұсқасы - білікті делдалды қызметке тарту. Мұндай шешім
тауардың кеңінен таралуын және оларды түтынушылардың мақсатш рыноктарына
жеткізілуін қамтамасыз етуде делдалдар қызметінің жоғары тиімділігімен
түсіндіріледі. Өздерінің байланыстары, тәжірибесі мен іс-әрекетінің
ауқымдылығы арқасында делдалдар сатып алушыларды тауар өндіруші - фирманың
өзінен гөрі едәуір көп қамти алады,
Делдалдар мәмілелер жасауға жердемдесетін жұмыстарды: ақпарат жинау;
өткізуді ынталандыру; потенциал тұтынушылармен байланыстар орнату;
тауарларды сатып алушылардың талаптарына орайластыру; сатып алушылармем
баға туралы келісуді де; сондай-ақ бұрын жасалынған мәмілелерді орындауға
жәрдемдесетін жұмыстарды: тауарларды тасымалдау мен қоймаға қою;
қаржыландыру және тарату арнасының жұмысы үшін жауапкершілікті мойынға
алуды да қамтамасыз етеді.
Сауда - делдалдық мәмілелерді сатып алушының немесе сатушының
тапсырмасы бойынша бұларға теуелсіз делдап солармен арада жасалынған
келісім негізінде орындайды. Сауда - делдалдық мәмілелердің мынандай
негізгі түрлерін ерекшелейді: қайта сату операциялары, тапсырмалық
(комиссиондық), агенттік және брокерлік операциялар.
Қайта сату операцияларында делдал (көтерме сауда, ұсақ көтерме сауда,
бөлшек сауда сатушысы) тауарды оны өндірушіден сатып алып, меншік иесіне
айналады, яғни тауар өндіруші оны деддалға сатады. Бұл - ауыл шаруашылық
тауар өндірушілері мен өткізуші кәсіпорындар арасындағы мәмілелердің ең жиі
кездесетін түрі.
Тапсырмалық (комиссиондык) операциялар жүргізгенде делдал тапсырма
(комиссия) шартында келісілген тапсырма орындағаны үшін (комиссиондық)
сыйлық алады.
Тапсырмалық (комиссиондык) операциялардан өзгеше түрде, агенттік
операциялар, белгілі бір мәмілеге емес, белгілі бір кезең мен аймаққа
орайластыра жасалынған агенттік келісім негізінде жүргізіледі.
Барлық мәмілелер тек қана брокерлер арқылы жүзеге асырылатын биржалар
мен аукциондарда брокерлік операциялар жүргізіледі.
Коммерциялық мәмілелердің құқықтық формасы. Коммерциялық мәмілелердің
экономикалық іс-әрекеті жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттерін
бекітіп беретін құқықтық формасы шарттар болып табылады.
Мәмілелерді жіктеуге сәйкес шарттардың мынандай түрлерін ерекшелеуге
болады: сатып алу - сату шарты, лицензиялық шарт, жалдау, сақтандыру,
тасымалдау, жеткізіп беру, сақтау шарттары және басқалары.
Қазіргі құқықтық жүйелер экономикалық іс-әрекетке қатысушыларға
өздерінің өзара құқықтары мен міндеттемелерін анықтау жөнінен мол
мүмкіндіктер береді. Бұл тұста тараптар құқықтар мен міндеттемелерді
анықтау кезінде заң ережелерінен де әріге бара алады. Мұндай анықтау үшін
шектеу шеңбері тек қазір бар заң ережелері болып табылады.
Тараптар арасында дау тұрған жағдайда арбитраж соттар, бәрінен бұрын,
олардың құқықтары мен міндеттемелерін айқындайтын шартқа - құқықтық құжат
санап қарайды. Тек қана, егер шартта тараптардың айқын белгіленген
құқықтары мен міндеттемелері және оларды жүзеге асыру жағдайлары түп-түгел
көрсетілмеген болса, арбитраж соттар заң актілерін қарастыра бастайды.
Сондықтан тараптарға өзара құқықтар мен міндеттемелерді айқындап алу
мақсатында жасасқан шартқа келіскен жағдайларын егжей-тегжейлі енгізу
ұсынылады, мұның өзі кез келген ықтимал әрекеттер мен сондай әрекеттердің
салдарын анықтай және реттей алар еді.
Сыртқы экономикалық іс-әрекетке әртүрлі халықаралық ұйымдар әзірлеген
шарттардың тиитік жеңіл формалары кеңінен қолданылады. Олардың ішінде ең
көп таралған шарттар: сатып алу - сату (жеткізіп беру) шарты, мердігерлік,
лицензиялық шарттар, агенттік тасымалдау және басқа шаргтар.
Сатып алу - сату шартына қойылатын негізгі талаптар. Сатып алу — сату
шарты мәмілені іске асыру үшін кджетті тауарларды жеткізіп беру және басқа
операцияларды жүргізу жөніндегі тараптардың келісім бекітетін негізгі
құқықтық құжат болып табылады. Ол мемілені іске асыру шарттарын, оны
орындау тәртібін және тараптардың жауапкершілігін айқындайды.
Шарт мәмілені іске асыру кезінде туындайтын ықтимал мәселелер мен
ситуацияларды көре білуге тиіс.
Типтік шарттың үлгі құрылымын келтірейік:
1. Алғы бап.
2. Шарттың заты.
3. Шарт бағасы.
4. Тауар сапасын анықтау.
5. Есептеу түрлері мен мерзімдері.
6. Жеткізіп беру жағдайлары.
7. Жеткізіп беру мерзімі мен күні.
8. Наразылықтар (рекламациялар).
9. Кепілдіктер мен сервис.
10. Тосын жағдайлар (форс-мажор).
11. Арбитраж.
Алғы бапта шарттың аталуы, нөмірі, жасалынған күні мен орны,
тараптардың толық заңды аты, шарттың мәтінінде қолданылған арнайы атаулар
болуға тиіс.
Шарттың заты мәміленің мәнісі мен тауардың аталуы туралы ақпарат
береді. Тауардың сапалық және сандық сипаттамалары (орауы, салмағы және
т.е.) туралы неғұрлым толық ақпарат әдетте шарттың ажырамас бөлімі болып
табылатын арнайы қосымшаларда (инвойстарда) беріледі.
Шарт бағасы шартқа қол қойылған сәтте не оның әрекет ету, немесе
орындалу мерзіміне қарай көрсетіліп белгіленуге тиіс. Көрсетіп белгілеу
тәсіліне қарай: тұрақты, жылжымалы және сырғымалы баға деп ерекшелейді.
Тұрақты баға келісілген мерзім бойына өзгертілуге жатпайды, ші
жылжымалы баға рыноктағы ситуация өзгерген жағдайда өзгертілуі мүмкін, бұл
ретте рыноктағы баға ауытқуы туралы ақпарат көзін міндетті түрде келісіп
алады. Сыргымалы бағаны қолдану кезінде бастапқы баға есте болады және
тосын шығыңцарды ескеретш крсымша төлемді есептеу әдісі келісіледі.
Тауар сапасын анықтау тараптардың келісімі бойынша белгіленеді және
орын (сатушының, сатып алушының елі немесе үшінші бір жер) мен тәсіл
(сатушының, сатып алушының немесе үшінші жақтың лабороториясы) айқыңдалады.
Сапаны анықтау әртүрлі әдістермен жүргізілуі мүмкін: сатып алушы немесе
сатушы еліндеп стандарт бойынша; шарттың қосымшасында (инвойста)
көрсетілген сұрыптау-жіктеу бойынша; сатушы мен сатып алушы бірлесіп
әзірлеген техникалық шарттар, үлгі немесе жекелеген заттардың тауарда
(барынша көп немесе барынша аз мүмкіндікте) бар болуы бойынша; "тель-кель"
әдісі бойынша: бұл әдіс тауар осы сәтте қандай күйде болса, оны сол күйінде
жеткізіп беру керек деп ұғынады, яғни сатушы жеткізілген тауардың сапасына
жауап бермейді.
Есептесу түрлері мен мерзімдері жеткізілген тауар, орындалған жұмыстар
немесе көрсетілген қызметтер үшін төлем тәсілдерін анықтайды.
Есептесу түрлері болып әдетте: ашық есеп, банктік ақша аудару, инкассо
және аккредитив танылады. Есептесулер банк арқылы қолма қол ақша немесе
несие түрінде жүргізіледі. Бірінші жағдайда тауар (немесе тауар бөліп
таратушы құжаттар) сатып алушының билігіне өту сәтінде немесе өткенге дейін
тауарлардың толық құны үшін төленеді. Несие түрінде есептесу деп сатушы
сатып алушыға беретін коммерциялық несиені ұғынады.
Ашық есеп тауарды және тауар бөліп таратушы құжаттарды кейіннен төлем
жасау үшін сатып алушының мекен-жайына (адрссіне) жолдау болып табылады,
сатып алушы бұл төлемді келісілген мерзімде жүзеге асыруға міндетті.
Есептесудің осы түрі өте сирек, сатушы сатып алушыға толығымен сенген
жағдайда қолданылады.
Банктік аюиа аудару сатып алушы тауарды алғаннан кейінгі жерде
көрсетілген соманы сатушыға төлеуді сатып алушының банкі сатушының банкіне
тапсыруы болып табылады. Есептесудің осы түрі, негізінен, аванстар беру,
несиелер бойынша төлеу кезінде пайдаланылады.
Инкассо сатушының сатып алушыдан тауар бөліп таратушы құжаттардың
орнына жеткізілген тауар үшін көрсетілген соманы алуды өз банкіне тапсыруы
болып табылады.
Халықаралық экономикалық айналымда есептесудің ең көп пайдаланылатын
түрі аккредитив болып табылады, ол сатушыға күнілгері ескерілген құжаттар
орнына сатып алушының тапсыруы бойынша және соның ессбінен, аккредитивтің
барлық шарттары сақталған Ісуйдс, төлем жүргізуге банктің ақшалай
міндеттемесін білдіреді.
Аккредитивтің негізгі түрлеріне: қайтарылып алынатын және қайтарылып
алынбайтын, расталған және расталмаған, бөлінетін және бөлінбейтін
аккредитивтер жатады.
Сондай-ақ сақтық қорлы (резервтік) және қайтадан бастаулы (револьвері)
аккредитивтер, "қызыл түсіндірмелі" (әлі тиелмеген тауар төлемі үшін),
компенсациялық, аудармалы (трансферабелді) аккредитивтер және басқа түрлері
бар.
Расталған аккредитив, бұл - аккредитив ашылған банкінің, сатып алушының
банкі көрсетілген соманың орнын толтыру-толтырмауына тәуелсіз түрде,
сатушыға төлем сомасын төлеу міндеттемесі. Расталмаған аккредитив
жағдайында телеу сатып алушының банкінен төлем сомасы алынған кезде ғана
жүргізіледі. Қайтарылып алынбайтын (безотзывный) аккредитив, сатушы
пайдасына ашылғандықтан, сатушының келісімінсіз өзгертілмейді немесе күшін
жоймайды. Сол уақытта қайтарылып алынатын аккредитивті өзгерту немесе күшін
жою үшін сатып алушының банкі ынта білдірсе де жеткілікті.
Бөлінетін аккредитив сатушыға белгілі бір соманы тауар жеткізілген
сайын жарым-жарты төлеуді жобалайды. Бөлінбейтін аккредитив тұсында келісім-
шарт бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін төлемнің бүкіл
сомасын банк төлейтін болады.
Сөйтіп, сатушы үшін расталған, қайтарылып алынбайтын және бөлінетін
аккредитивтер пайдалы.
Жеткізіліп беру жағдайлары тауарды сатушыдан сатып алушыға дейін
тасымалдау шығындарын қайтадан төлейтінін, тауарға деген меншік иесі
құқықтарының және тауардың құрып кетуі немесе бұзылуымен байланысты тәуекел
етулердің ауысу уакыты мен орнын анықтайды.
Жеткізіп берудің ең көп таралған төрт жағдайын қарастырып көрейік.
Сатушының "франко-қоймасы", мұнда тасымалдаудың барлық шығындары мен
жауапкершілігі сатып алушыға жүктеледі.
Сатып алушының "франко-қоймасы", мұнда сатып алушы тасымалдау шығындары
мен басқа шығындарды өтейді, ал жеткізіп беру жауапкершілігі сатушыға
жүктеледі.
ФОБ (FОВ - free on board) - кеме бортында, сатушының жүк тиеу
портындағы еркіндік.
Сатушы шартта белгіленген жүк тиеу портында сатып алушы жалдаған
кеменің бортына тауарды өз есебінен тиеуге міндетгі; бұл ретте ол
талаптарын орындап, қажетті қағаздарын толтырады және кеме тұтқасынан әрі
өткен сәтке дейін тауардың жоғалуын немесе зақымдануын болдырмауға тәуекел
етеді.
Тауар кеме тұтқасынан (тиеу кезінде) өткен сәтінен бастап және тиеу
туралы құжат (коносамент) сатушыдан алынысымен меншік пен тәуекел ету
құқығы сатып алушыға ауысады.
Сатып алушы ұсынылған көлік құжаттарының орнына тауар құнын төлеуге;
тасымалдау шартын өз есебінен жасауға және сатушыны кеменің аты, жүк
тиелетін орны мен тауарды кемеге жеткізу күні туралы хабардар етуге
міндетті.
СИФ (СІF – сost insurance freiht) - күн, сақгандыру, кеме жалдау,
сатып алушы тағайындаған порт.
Сатушы міндеттемелеріне мыналар кіреді: келісіп тағайындаған портқа
дейін тасымалдау мен сақтандыру шартын жасау; белгіленген портта
белгіленген мерзімде кеме бортына тауарды тиеу; кеме тұтқасынан өткен сәтке
дейін тауардың жоғалу немесе зақымдануын болдырмауға түгел тәуекел ету;
сатып алушыға коносамента, сақтандыру полісін және өңге қажетті көлік
құжаттарын тапсыру.
Тауар кеме тұтқасынан (тиеу кезінде) өткен сөтінен бастап және тиеу
туралы құжат (коносамент) сатушыдан алынысымен меншік пен тәуекел құқығы
сатып алушыға ауысады.
Сатып алушы ұсынылған көлік құжаттары орнына тауар құнын төлеуге;
тағайындалған портта тауар қабылдауға; егер тасымалдау шартына енгізілмеген
болса, тауар түсіру шығындарын көтеруге; жүк тиелген портта кеме тұтқасынан
өткен сәттен бастап тауар жоғалуын немесе зақымдануын болдырмауға тәуекел
етуге міндетті.
ФОБ жағдайларындағы баға - экспорттық баға, ал СИФ жағдайларындағы баға
- импорттық баға деп есептелінеді.
Жеткізіп беру мерзімі мен күні тауардың сатып алушы немесе оның уәкілі
меншігіне ауысқан сәтін анықтайды.
Жеткізіп беру мерзімдерін анықтаудың мынандай тәсілі бар: нақтылы күні,
белгіленген кезең: уеделескен сәттен бастаи белгіленген мерзім (мысалы,
адцын ала төленген, аккредитиів көрсетілген, шартқа қол қойылған күннен
бастап 30 күн). Мерзімнен бұрын жеткізіп беру сатып алушының келісуімен
ғана болуы мүмкін.
Жеткізіп берілген күн белгілі бір құжатпен, мысалы, коносаментпен,
көліктің жүк тасыған құжатымен, тапсыру-қабылдау актісімен расталады.
Назарлықтар (рекламациялар) кінә тағып, талап қою мерзімін, рет-
тәртібін және мәмілеге қатысушы тараптардың шартта көрсетілген талаптарды
орындамау кезіндегі жауапкершілігін анықтайды.
Кепілдік пен сервис сатушының тауар сапасы үшін жауапкершілігін, сондай-
ақ кесілген мерзім бойына мінсіз қызмет көрсетуін анықтайды.
Тосын жайлар, форс-мажор (force major) тараптардың шарт бойынша
алынған міндетгемелерінің орындалуына кдтты ықпал ететін, тараптарға
төуелсіз алапат жағдайларды анықтайды. Мұндай жағдайларга әдетте мыналар
жатады: сұрапыл ауыртпалықтар, соғыстар, апаттар, эмбарго мен басқа саяси
және заң жүзіндегі тыйымдар. Осындай жағдайлардың болғанын тиісті органдар,
әдетте мәмілеге қаты-сушылардың елдеріндегі сауда палаталары растауға тиіс.
Тосын жайларға (форс-мажорға) тап болу әдетте шартта көрсетілген
талаптарды қайта қарауға, тіпті шарттьгң күшін толық жоюға шейін жеткізеді.
Арбитраж талаптар өздігінен реттей алмайтын дауларды шешу тәртібін
анықтайды. Арбитраж үшін сауда палаталары, биржалар жанында құрылатын
арбитраждық комиссиялардың біреуі немесе Халықаралық сауда палатасы
жанындағы Арбитраждық комиссия тандап алынуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ІСКЕРЛІК ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері
Трансферттік бағаны қалыптастыру әдістері
Трансферттік баға
Іскерлік келіссөздер жүргізу кезеңдері
Шарттар туралы жалпы ережелер
Іскерлік мәжілістер мен келіссөздер өткізу
Азаматтық-құқықтық мәміле туралы жалпы
Үшінші жақтың пайдасын жасалатын шарт
Өндірістік тауарларды сатып алу процесінің моделі
Пәндер