Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

қазақстан республикасының конституциясы қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы2

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы. қазақстан республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы. 4

қазақстан республикасының конституциясы қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы

Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң кабылданған күн демалыс - мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.

Қазақстан Республикасының казіргі Конституциясы кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде, әдетте, Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесі Ата Заңды қабылдаудың себептері мен мақсаттарын былаи түсіндірген. «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Ата Заңның бұл бөлігі саяси және идеологиялық тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткені, осыдан келіп, мемлекетіміздің мынадай негізгі мақсаты туындайды:

1) өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекіту;

2) өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбітшілікті, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынастықтың әдістерін нақтыландырып бекіту;

3) байырғы қазақ жерінде мемлекетгік бірлікті сактау;

4) республиканың егемендігін сақтап, ұстап тұру;

5) Қазақстан Республикасының демократиялық негіздерінің мызғымастығын бекіту. Мұның ұшқыны ретінде, республика қызметінің түбегейлі принциптері де айқындалады. Олар: 1) қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; 2) бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; 3) қазақстандық патриотизм; 4) мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалык референдумда немесе Парламенттік дауыс беру арқылы шешу.

Ата Заңның негізгі бөлігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы) нормалар енген. Яғни, бұл нормалар Қазақстан Республикасы Конституциясының I-VIII бөлімдерінде баяндалған. Қорытынды және өтпелі ережелер баяндалған ақырғы IX бөлімде Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсімі мен басқалар жайлы сөз болады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан және де көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негіз болған конституциялық идеялардың айқын көрінісін береді. «Жалпы ережелер» деп аталатын I бөлім жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама бере отырып, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен Заңдар негізінде Заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану аркылы, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес жүзеге асырылатындығын баяндайды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасын - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігін акқындап берген. Олай дейтініміз - біздің ұлан-байтақ жеріміздің ұлттық-аумақтық бөліністерге бөлінбей, тек әкімшілік-аумақтық бөліністерге - облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға, т. б. - бөлінетіндігі және олардың жоғарыдағы бір орталыққа бағынатындығы. Және де, Қазақстан Республикасында идеологиялықпен саяси әр алуандылық танылады. Қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. «Адам және азамат» деп аталатын II бөлім адам мәртебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай, жеке бастың құндылығын ашып көрсетеді. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған қағидаттары мен қалыптарына тікелей байланыстырылған. Жаңа Қазақстандық Ата Заңның басты желісі - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекет мүддесінен жоғары тұрғыдан қарау болып табылады.

«Президент» деп аталатын III бөлім мемлекет басшысы ретінде Президенттің жаңа мәртебесін толық бейнелейді

Басқа мемлекет органдарынын құрылуы мен қызметі IV- VIII бөлімдерде көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымында әр бөлім өз қисынымен ретті орналасқан. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы өз құрылымы мен қисыны жөнінен баршаға айқын түсінікті деп айтуға болады.

«Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын IX бөлім жаңа Ата Заңды күшіне енгізу нормаларын бекітеді, бұрынғы Конституцияның күші қай кезден бастап жойылғанын нақтылайды. 1995 жылғы Конституция күшіне енгенге дейін қолданылып келген заңдардын одан әрі қарай қолданыста болу тәртібін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы. қазақстан республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы.

Конституциялық кұрылыс деп қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік-экономикалық ұйымын мұндағы жеке адамдардың Ата Заң нормаларымен бекітілген коғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл үғым Конституцияны, конституциялық және жәй Заңдарды жоғарғы санайтын мемлекеттерге ғана тән болмақ. Конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның, карым-қатынастарынан туындайтын негізгі қағидаттарға жататындар: 1) Қазақстан халқының толық билігі (егемендігі) ; 2) Қазақстан Республикасы аумағьшың түтастығы; 3) мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысындағы пікір алуандығы; 4) Конституцияның үстемдігі (жоғарылығы) ; 5) мемлекет билігінің бөлінісі; 6) адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдылығы; 7) мемлекеттік тіл саясатыньң кепілділігі және өзгелер.

Бұл қағидаттар Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жалпы ережелер» деп аталатын I бөлімінде баяндалған. Азаматтық қоғам мемлекетті адам мүддесі үшін жұмыс істеуге мәжбүр ете отырып, оны мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырудың қатаң талаптарын қояды. Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының мазмұнына саяси, экономикалық негіздер, әлеуметтік саясат негіздері, ішкі саясат негіздері енеді. Олар Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 3, 4, 6, 7, 8, 12, 14 және 26-баптарында тұжырымдалған. Мысалы, Ата Заңның 1-бабының 1-тармағы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады», - деп жариялаған. Мұның өзі Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігінен туындайды. Демек, мемлекеттің басында заңды түрде сайланған Президент тұрып, басшылық етеді, - деген сөз. Біртұтас мемлекеттің тағы бір ерекшелігі сол, оның ұлттық пәтерлерге ыдырап кетпей, әкімшілік-аумақтық құрылысқа бөлінуінде.

Еліміздегі саяси режим демократиялық болып жариялануына орай Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабы халық егемендігінің конституциялық қағидатына арналған. Мемлекеттік биліктіктің бірден-бір бастауы - халық, онда былай баяндалған. «Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете адмайды. Билікті иемденіп кетушілік Заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар». Мұнан келіп біз, халықтық биліктің екі нысанының тікелей және өкілді демократияға бөлінгендігін аңғарып отырмыз. Өкілді демократая мен тікелей демократияның арасында орасан зор алшақтық болғанымен халық осы екі нысан арқылы мемлекет ісін басқаруға катысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар. Және де республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарың сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға, бірлестіктерге бірігуге құқығы бар.

Халық конструкциялық құрылысты өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға бағытталған күштеу әрекетінің кез келгеніне қарсы тұра алады. Бүл жеке-дара билікті орнатуға қайта оралмастың кепілі болып табылады. Конституцияның 2-бабының 2-тармағында: «Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді», - делінген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы
Қр-ның 1993-1995 ж. конституциясы
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Қазақстан Республика Конституциясының қағидалары
Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи - құқықтық сабақтастығының алғы шарттары
Конституцияға қайшы елсе
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz