Қайырымдылық пен зұлымдық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қайырымдылық пен зұлымдық

“Мораль” ұғымы оны, бір жағынан, инстинктивті, импульсивті мінез-құлық қалпына, екінші жағынан, белгілі бір нәтиже алуға бағытталған рационалдық есепке қарсы қоюшылық арқылы ашылады. Ең алғашқы моральдық уағыздар: “Өзіңе қаламаған нәрсені өзгеге жасама” (адамгершіліктің алтын заңы) немесе сүйіспеншілік қағидасы: “өз жақыныңды өзіңді-өзің сүйгендей сүй”- адамнан ізгілікті сақтауды талап етеді.

Қайырымдылық және оның антиподы зұлымдық өздерінің абстракциялық мағынасында адамгершілік пен имансыздықты білдіреді. Қайырымдылық ұғымы адамдардың ең жалпы мүдделерін, болашаққа деген үмітін, талап-тілектерін білдіреді. Қайырымдылық өмірдің сақталуы мен дамуына қызмет етеді. Зұлымдық, керісінше, өмірге кедергі жасап, оны жоюға ты-рысады. Этикадағы барлық жақсы және жаман қасиеттер салыстырмалы мәнге ие. Мысалы, қорқыныштан туған көнбістік өз құнын жоғалтады. Э. Фроммның айтуынша, жекелеген жақсылықтар мен жамандықтар емес, ізгілік пен күнәқарлық мінез-сипаты этикалық зерттеудің нағыз пәні болып табылады.

Жақсы адам пайдалы заттарды, өнер туындыларын және ой жүйелерін тудыра алғанымен, бұл игіліктің ең маңыздысы оның өзі болып табылады. Егер физикалық өсу өзіне қажетті жағдайларда жүзеге асырыла беретін болса, ал адамгершілік деңгейдегі жаратылыс үдерісі автоматты түрде іске қосыла қоймайды. Э. Фромм жазғандай, “адам ахуалының қасіреті оның дамуының толық еместігінде. Адам әрқашан да толық туылуға үлгермей жатып-ақ өмірден өтеді”. Адамның мәні мен жазмышы осында.

Аристотельдің айтуынша, адам мақсатын назарға алу ар-қылы ізгілікті анықтауға болады. Жақсы адам - бұл ақыл-ойдың көмегімен өз әрекетінде адам бойына тән мүмкіндіктерге жол ашатын адам. Спинозаның көзқарасы бойынша, ізгілік адамның өз күшін пайдалануын білдіреді, ал күнәкарлық-өз күшін пайдалана алмаушылық, зұлымдықтың мәні-әлсіздік. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды, “қайырымдылықтың” анықтамасы - бұл қалыпты әлеуметтік құндылықтарды білдіретін жалпы этикалық ұғым ғана емес, адамдар қылықтарында жүзеге асатын адамгершілік.

Жақсылық пен жамандықты одан әрі талдау “Адам қайырымды ма әлде зұлым ба?” деген түбірлі сұраққа жауап іздейді. Гуманистік этиканың көптеген өкілдері адам жаратылысынан қайырымдылық және зұлымдық оның табиғатынан тыс деген тұжырымды жауапты ұстанады (Э. Фромм. Человек для себя. Минск. 1992. ) . Ізгілікті адам концепциясының айшықты көрінісі ХХ ғасырдың ұлы гуманисі А. Швейцердің өмірді қастерлеу туралы ілімінде байқалады. Оның негізгі сәттеріне тоқталайық.

Адам өзінің ішкі ұмтылысында өмірге қолынан келгенше көмектесуге тырысқанда ғана, кез-келген тірі нәрсеге зиян келтірмеуді ұстанғанда ғана нағыз адамгершілігімен көрінеді. Ол үшін өмір қасиетті. Ол ағаштың жапырағын жұлмайды, бірде-бір гүлді үзбейді, бірде-бір жәндікті басып кетпейді. Жазғы түнде шаммен жұмыс істеп отырғанда, отқа ұмтылған көбелек қанатының күйгенін көрмес үшін терезені жауып, қапырықта отырғанды дұрыс көреді (А. Швейцер. Благогов-ение перед жизнью. М., 1992, 218-бет) .

Өмірді қастерлеу этикасы өзге адамдар алдындағы парыздан бас тартып, өздерін еркін сезінген адамдарды мақтау да, даттау да керек емес деп есептейді. Ол қандай формада, қандай жағдайда болмасын, біздің өзге адамдарға қатынасымызда адам болып қалуымызды талап етеді. Сен бақыттысың, сондықтан, көп нәрсені құрбандыққа шалуға тиіссің. Өзгелерге қарағанда саған денсаулық, қабілет, талант, табыс, байлық және т. б. көп мөлшерде берілген-мұның бәрін сен өз-өзінен келді деп есептеуге тиіс емессің. Сен оның ақысын өтеуің керек. Сен өзге өмір үшін өз өміріңнің күшін беруге міндеттісің (А. Швейцер, 225-бет) .

Алайда, нақты өмір компромистерге (келісімдерге) толы, өз өмірімді сақтау үшін мен зиян келтіруі мүмкін өзге өмірлерден өзімді қорғауым керек. Мен өсімдіктерді, жануарларды жою арқылы өзіме азық табамын. Менің бақытым өзгелерге зиян келтіруден құралады. Шындығында, этикалық емес, тек өмір қажеттілігі мен этиканың қоспасы болып табылатын нәрселерді адамдар этикалық ретінде қабылдайды.

Гуманистік этика бұл компромисті мойындамайды және ақтамайды. Ол тек өмірді сақтауға және дамытуға қызмет ететін нәрселерді ғана ізгілік, қайырымдылық ретінде мойындайды. Мұнан өзге қылықтардың барлығы, мейлі ол қандай жағдайда жасалсын, зұлымдықты сипаттайды. Адам өмірге зиян келтіру қажеттігіне қаншалықты бағынатынын және бұл үшін өзіне қаншалықты кінә арқалайтынын әрқашанда өзі шешіп отыруы тиіс. Адам осылайша адамгершілік тұрғыда шынығады. Сонымен, гуманистік этикада қайырымдылық - бұл өмірді бекіту, адамның өз күшін дұрыс пайдалануы. Ал ізгілік - бұл өзінің өмір сүруі үшін жауапкершілік. Зұлымдық адамды күшінен айырады, жамандық, күнәқарлық - бұл өз-өзіне деген қатынастағы жауапсыздық.

Этикалық ой тарихында зұлымдықтың әртүрлі концепцияларын кездестіруге болады: оны ақтаудан бастап, “аз зұлымдық” теориясымен сипатталатын апологиясына дейін. Олардың арасында зұлымдық туралы діни ілім белді орынды иеленген. Оның бизнес этикасына тікелей қатысы бар. Егер нарықтың дамыған ошақтарын (Батыс және АТА) алар болсақ, онда христиандық пен буддизмнің (әртүрлі көріністегі) үстем ықпалын байқауға болады. Әлеуметтік зерттеулер мәліметіне сүйенсек, еуроамерикандықтар негізгі этикалық құндылықтар ретінде христиандықтың он өсиетін атайды.

Зұлымдықтың христиандық концепциясы бойынша зұлым-дық Құдайдан емес, әлемнің Құдай жаратқан бейболмысынан шығады. Бүтіндей алғанда, әлем игілікті және әсем болып табылады, ал зұлымдық онда салыстырмалы түрде өмір сүреді: жетіспеушілік, жоқшылық, терістеушілік және бейболмыс түрлерінде. Әлемде жетілмеген заттар-балшық, ірің, тұрпайлықпен қатар, моральдық зұлымдықтар да-күнә мен күнәқарлар да өмір сүреді. Күнәлі әрекеттердің мазмұны алуан түрлі: өтірік, адасушылық, қулық, өзімшілдік, ыза, өлім, қырқыс, алдау, өсек, реніш, мақтаншықтық, тәкаппарлық, бірбеткейлік, сатқындық, қаталдық, маскүнемдік, ұрлық, жала және т. б. Олар жалпыадамзаттық адамгершілік нормалардың бұзылуын білді-реді, ал діни тұрғыда жаратылыстағы күнәқарлық туралы мифпен байланысты. “Қанауды, құлдықты, түрмені, қару мен бомбаны Құдай емес, адам ойлап тапты. Жоқшылық пен ауыр еңбекті Құдайдың еркі емес, адамның менмендігі мен ақымақ-тығы тудырды. Біз қаруымызды тастауға тиіс бүлікшілдерміз” (К. Льюис. Страдание. - “Этическая мысль”, М., 1992, 411-бет) . Зұлымдықтың христиандық түсіндірмесінде тән құмар-лығын сынау идеясы үлкен орын алған. Інжіл уағызы былай дейді: “Тәніңнің қамын жеуді құмарлыққа айналдырма”. Адамның табиғаты алғашқы күнәқарлықтан бері бұзылған, тек Құдайдың шапағаты ғана адамды құтқара алады.

Христиандықпен салыстырғанда исламда адам үшін зұлымдықтың көзі өзге адамда емес. Адам үшін тозақ болып оның өзімшілдігі табылады. Адам өз-өзінен бас тартып, Құдайға жақындауы керек. Бүгінгі әлемде адамның бейшаралығы идеясы өз көрінісін авторитарлық жүйелерден (фашизм, социализм, автократия және т. б. ) тапты. Оларда мемлекет, партия, элита, автократ үстем күштерге айналса, ал мүгедек өз бейшаралығын мойындап, бағынуға мәжбүр болды. Қазіргі кездегі көптеген “демократиялық мемлекеттердегі” нақты демократия мен еркіндіктің жоқтығын, жоғарыда келтірілген зұлымдықтардың үстемдігін олардың билеушілері “халық еркі” туралы арзан демагогиямен жапқысы келеді. Шындығында, алдау-күнә, ал арам пиғылмен алдау-екі есе күнә.

Егер зұлымдық нақты өмір сүрген болса, онда гуманистік этиканың алдында мынадай сұрақ туындайды: авторитарлық бұйрықтар мен тыйымдарға сүйенбей адам жаратылысының деструктивті қырларын қалай шектеуге болады? Бұл сұраққа Э. Фромм өзгеше жауап береді. Оның пікірінше, жек көрудің рационалды және иррационалды түрлері бар. Реактивті, рационалды жек көру-бұл адамның өзінің және өзге адамның өміріне, еркіндігіне, идеясына төнген қаупіне жауап. Ол өмірлік қатерге жауап ретінде пайда болады және қатер сейілгенде жойылады: ол өмірдің ұмтылыстарына қарсы тұрмайды, керісінше, оған серік болады.

Иррационалды жек көру-бұл мінездің белгісі, үнемі жек көруге дайын тұру. Жек көруші адам өзінің осы сезімін көрсетуге қолайлы жағдай туғанда өзін бақытты сезінетіндей көрінеді. Өзіңді-өзің жек көруге де болады, ол құрбаншылдық-тан, аскетизмнен жиі көрінеді. Өмірді бекітуші энергияға кедергі келтіретін жеке және әлеуметтік жағдайлар деструкивтілікті тудырады, ал ол, өз кезегінде, зұлымдықтың әр алуан көзінің бастауына айналады. Бұдан шығатын қорытынды, адам міндетті түрде зұлым емес, ол өзінің өсуі мен дамуына қажетті жағдайлар жоқтығынан зұлым адамға айналады. Зұлымдық өз алдына дербес өмір сүре алмайды, ол қайырымдылықтың жоқтығының, өмірде өзін іске асырудағы сәтісздіктің нәтижесі болып табылады.

Этиканың негізгі категориясы “қайырымдылықты” қарастыру оның “пайда” түсінігімен арақатынасын анықтамай толық жүзеге аспайды. “Пайда” адамдардың экономикалық ұмтылыстарының соңғы мақсатын білдіреді. Бұл, әсіресе, ұзақ жылдар бойы теңестірілу мен аскетизм рухында тәрбиеленген, байлық, ләззат алу, табыс туралы ойлаудың өзі әдеттен тыс саналған кешегі посттоталитарлық қоғам мүшелері үшін маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗАРАТУШТРА ДІНІ
Ахмет Иассауи іліміндегі рухани құндылықтар және қазақ таңымындағы маңызы
Ежелгі Иран жеріндегі зороастризм діні
Мемлекеттiк қайраткердің нақыл сөздері
Никола Макиавеллидiң мемлекет және саясат туралы iлiмi
Заңгерлердің кәсіптік этикасының ерекшеліктері
Этика ұғымы және оның заты туралы
Бенедикт Спинозаның әлеуметтік философиясы
Қайырымды қала тұрғындары
Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын өз замандастарының еңбектерімен салыстыру арқылы байланыстырып, ойшылдың дүниетанымының әр түрлi қырларына философия тарихы тұрғысынан талдаулар жасауда оның әлемдік философиядағы орнына мән беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz