Қазақстан Республикасы- халықаралық құқық субъектісі
Қазақстан Республикасы- халықаралық құқық субъектісі.
4-ТАРАУ. Осы замангы халықаралық құқық субъектілері
4. 1. Халықаралық құқық субъектілері ұгымы және түрлері.
4.2. Халықаралық құқықтағы мойындау институты.
4.3. Халықаралық құқықтық мирасқорлық институты.
4.1. Халықаралық құқық субъектілері ұғымы және түрлері
Халықаралық құқықтың кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, теориядағы
құқыіі; субъектілеріне берілген түсінік оған да бірдей болып келеді.
Субъективті заңдық құқықтары мен міндеттері бар халықаралық құқық қатынасы
қатынасушылары халықаралық құқық субъектілері болып табылады. Олар
халықаралық қатынастарға дербес күйде қатысуға; басқа субъектілермен заңдық
әрекеттестікке тікелей түсуге қабілетті және тәуелсіз болады. Халықаралық
құқық субъектілері екі топқа бөлінеді: алғашқы және туынды. Алғашқы топқа
тәуелсіздігі бар мемлекеттер: өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен
ұ.лттар кіреді. Соңғылары өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқвіғын
жүзеге асырады. Субъектінің бүл екі тобы алғашқы топқа жалпы белгілері -
тәуелсіздігі арқылы біріккен. Мемлекетте ол белгі -мемлекеттік болса, өз
тәуелсіздігі үшін күресуші үлттар мен халықтарда - ұлттық белгі болады.
Екінші топқа халықаралық ұйымдар мен мемлекет тәріздес құрылымдар кіреді.
Жеке тұлғалар халықаралық құқық субъектілерінің ерекше тобын қүрайды.
Мемлекеттер - халықаралық құқықтың негізгі субъектілері. Қазақстан
Республикасы - халықаралық құқық субъектісі. Халықаралық құқық субъектісі
ретіндегі мемлекеттер үшін ерекше саяси-заңдық сипат, өз аумағындағы
үстемдігі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі тән. Мемлекет өз
тәуелсіздігінің күші бойынша құқық субъектілікке ірзо-іасіо-ға ие, яғни
өзінің өмір сүру фактісінің нәтижесінде ие болады. Мемлекеттердің әрекет
қабілеттігі оның халықаралық шарттық тәжірибелерге қатысуынан,
дипломатиялық және елшілік қатынастарды орнату нәтижесінен, халықаралық
ұйымдарға мүше болу мәселелерінен көрінеді. Мемлекеттің халықаралық қүқық
субъектісі ретінде болуы халықаралық жүйенің өзгешелігін қүрайды. Мемлекет,
бір жағынан алғанда, халықаралық жүйенің бір белігі болса, екінші жағынан,
одан тыс та дами береді. Мысалы, XX ғ. 60-жылдарының басында Албания
халықаралық ұйымдардың қүрамынан шығып, басқа мемлекеттермен дипломатиялық
және елшілік қатынастардың бәрін тоқтатып, дербес дамуға бел байлады.
Дегенмен, халықаралық құқықтың даму тарихында мемлекеттердің өз ішкі
мүмкіндіктерін түгелдей тауысқан кездері сияқты мысалдар да аз емес.
Халықаралық ынтымақтастықты қажет ететін объективті сұраныс туындайды.
Осындай тарихи кезеңнен Албания да өтті, ол бүгінгі тавда халықаралық
құқықтың тең құқылы субъектісінің бірі.
Қүқық субъектілік мәселелері халықаралық құқық ғылымында әрқашан
іргелі орын алып келеді. Олай болуы табиғи да, себебі халықаралық құқық
субъектілер арасындағы қатынастарды реттейді, ал субъектілер шеңбері
халықаралық өмірдің маңызды құбылыстарына байланысты өзгеріске ұшырап
отыратыны белгілі.
Кеңес Одағының соңғы кезеңінде одақтас республикаларда, оның ішінде
Қазақ КСР-інде нақты тәуелсіздік үрдісі мен халықаралық құқық субъектілікке
ұмтылу байқалды. Ол одақ пен одақтас республикалардың құзыретін шектейтін
бірқатар нормативтік актілер мен заңдарды қабылдаудан көрінеді. Дәл осы
кезеңде Одақтас республикалардың "КСРО құрамынан шығуына байланысты
мәселелерді шешу тәртібі туралы" 1990 ж. 3 сәуірінде Заң қабылданған
болатын. Біздің республикамызда бұл түрде мелекеттің сыртқы экономикалық
қызметін реттейтін бірқатар заң актілерін қабылдаудан, нақтырақ айтқанда,
1990 ж. 15 желтоқсанындағы "Қазақ КСР-інің сыртқы экономикалық қызметінің
негізгі қағидалары туралы", 1990 ж. 30 қарашасындағы "Қазақ КСР-індегі
еркін экономикалық аймақтар туралы", 1991 ж. 14 мау-сымындағы "Қазақ КСР-
індегі валюталық реттеу туралы" қабылданған заңдардан, Қазақ КСР Президенті
шығарған Жарлықтар мен Министрлер Кабинетінің кейбір ережелерінен көрінеді.
Жоғарыда аталған заңдар мемлекеттің сыртқы экономикалық дербестігін
қуаттайды. Бірақ, республикамыздың Жоғарғы Кеңесінің 1990 ж. 25 қарашасында
Қазақ КСР-інің мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларациясын қабылдағаннан
кейін Қазақстанньщ дербес және тәуелсіз мемлекетке айналғысы келетінін,
халықаралық қатынастың теңқұқықты субъектісі болатындығын растап берді.
Одақ федерациясының барлық субъектілері осыған ұқсас актілер қабылдаған
болатын, яғни одақтық басшылықтың дағдарысқа ұшырағаны айқын көрінеді. 1991
ж. Ібжел-тоқсанында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы" конституциялық заң қабылданды, сөйтіп Қазақстан тәуелсіз, дербес
мемлекет болғанын жария етті.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастыққа кірген соң, өзінің
халықаралық құқық субъектілігін дамытып және жүзеге асыра отырып, оның
нақты мүшесінің бірі болуы қажет еді. Халықаралық қүқықта субъектінің
объективті қасиеті мыналардан керінеді: біріншіден, халықаралық құқықгың
негізгі субъектілеріне тән тәуелсіздік; екіншіден, дербес шарттық
тәжірибесі; үшіншіден, дипломатиялық және елшілік өкілдіктерімен шетелдік
мемлекеттермен алмасу; төртіншіден, халықаралық ұйымдардың қызметіне
тәуелсіз мемлекеттің қатысуы.
Мұндай қасиеттер Қазақ КСР-інде де болғанын, алайда оның жанама
халықаралық құқықсубъектіліктен ғана көрінгенін айтып өткен жеа Тәуелсіз
Қазақстан тек 1991 ж. бастап тікелей құқықсубъектілікке ие болды. Соның
нәтижесінде Қазақстан Республикасы дербес халықаралық-құқықтық мәртебе
алуға, халықаралық құқықтың негізінде құқықтар мен міндеттерді иеленуге,
халықаралық құқық шығармашылықтың қатысушысы болуға мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықсубъектілік үшін өзінің
мемлекеттік құрылысын өзі шешу қүқығы нысанындағы тәуелсіздікке ие болуы
қажет еді. Егемендік - мемлекеттің сыртқы және ішкі қатынастарда тәуелсіз
саяси ұйым болуына мүмкіндік береді. Халықаралық құқық позициясынан
мемлекет жағдайын белгілегенде, біз оның таптық мәнін ғана емес, сонымен
қатар халықаралық құқықтық негізін және билік, аумақ, халық сияқты
элементтерін де айқындаймыз. ҚР Конституциясының 2-бабының 2-тармағында
"Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағаның
тұтастығын, қол сүғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді",деп
бекітілген. Аталған конституциялық нормаларды қабылданған бірқатар заңцар
растайды, 1993 ж. 13 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік
шекарасы туралы" Заң, мемлекеттердің, олардың сыртқы шекараларындағы
тұрақты жағдайды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы ТМД шеңберіндегі
1992 ж. 9 қарашасындағы Келісімге қол қою, 1994 ж. 15 сәуіріндегі
тәуелсіздікті, аумақтық түтастықты сақтау және шекаралардың қол
сұғылмастығы туралы Декларациялар, Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекаралары
туралы 1994 ж. 26 сәуіріндегі шарттық ереже, Ресей Федерациясымен ынты-
мақтастық және сыртқы шекараларды қорғау туралы 1994 ж. 21 қара-шадағы
шарттық ереже. Бүгінгі таңда Қазақстан - Қытай шекарасын делимитациялау
және демаркациялау туралы мәселе оңды шешімін табуда. Қазақстан
Республикасы өзінің шекарасын қайта қарау мәселесінде сенімді
қауіпсіздіктің орнауына мүдделі болып отыр. Бейбітшілікті жақтайтын кез
келген мемлекетте атқарушы, заң шығарушы және сот органдарының дербес
жүйесі бар. Бұл Конституцияның 3-бабы, 4-тармағымен; ҚР Президентінің
"Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі
туралы", "Қазақстан Республикасының Президенті туралы", "Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы
соттар мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заң күші бар
жарлықтарымен айқындалады. Сөйтіп, Қазақстанда тепе-теңдік және тежеу
жүйесін қолдану арқылы биліктің барлық тармақтарының өзара әрекеттестігі
және бөлінісінін маңызды қағидасы бекітілгеа Жас, тәуелсіз мемлекет
шетелдік мемлекеттік құрылымдардың тәжірибесін кеңінен пайдаланды. Мәселен,
олар Мемлекет басшысының қызметін, Парламенттің екі палаталық құрылымын,
Конституциялық Кеңестің мәртебесін, сот әділдігінің құқықтық негізін
айқындағанда қолданылды. Әрине, әр түрлі мемлекеттердің конституциясында
атқарушы, заң шығарушы және сот биліктерінің өкілеттерінің көлемі де әр
түрлі.
Бейбітшілікті жақтайтын кез келген мемлекеттің адам құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз етуі - оның сөзсіз басымдығы. Халықаралық құқықта
мемлекет халқын өз азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар
құрайды. Халықтың осы тобының заңнамалық бекітілуіне және адам құқықтарын
қорғаудағы ұлттық стандарттардың халықаралық стандарттармен сәйкес келуіне
байланысты халықаралық құқық субьектіліктің нақтылығын айтуға мүмкіндік
туады.
¥лттық заңнамадағы жеке тұлғаның мәртебесі жөніндегі мәселелер
конституциялық ережелермен, оның ішінде Қазақстан Республикасы
Конституциясының II бөлімімен; Азаматтық туралы 1991 ж. 20 желтоқ-сандағы
Заңмен, Президенттің 1995 ж. 19 маусымындағы "Шетел азаматтарының құқықтық
жағдайы туралы" заң күші бар Жарлығымен; шетел мемлекеттерімен екі жақты
және көп тарапты шарттар жүйесімен қамтамасыз етіледі..Мұнда айта кететін
бір мәселе, ұлттық стандарттың халықаралық нормалармен сәйкес келуі
мәселелерінде тәуелсіз, жас мемлекеттің революция және эволюция жасауы
керек. Мұны айтып отырған себебіміз, біздің мемлекетіміз, өкінішке орай
жеке тұлғаның құқықтарын қорғау жөніндегі маңызды халықаралық-құқықтық
актілерді бекітпеді және көбіне қосылмады.
Қазақстанда мемлекеттіліктің алғашқы сатыларында бипатризм институты
көп талас тудырды. Біздін қоғамда екі азаматтықтың болуы мемлекеттік-
құқықтық институтқа сәйкеспейді. Конституциялық нормаларда басқа
мемлекетгің азаматгькын мойындау көзделмегеа 1995 ж. жоғарыда аталған
Азаматтық туралы заңға өзгерістер енгізілген кезде, 1995 ж. 20 қаңтарындағы
^Ресей Федерациясына тұрақты тұруға келген Қазақстан Респубяикасы
азаматтарының азаматтық алуы және Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға
келген Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық алуын жеңілдету тәртібі
туралы" Келісімге Ресей Федерациясымен бірге қол қойылды. Одан бір жыл
өткен соң, Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекетгер Достастығына
қатысушы мемлекеттер азаматтарының азаматтық алуының жеңілдетілген тәртібі
туралы Конвенцияны бекітті.
Қазақстан Республикасының халықаралық құқық субъектілігінің мұндай
объективті қасиеті оның дербес шарттық тәжірибесінің болуы. Қазақстан
тәуелсіздік алған жыддардан бері көлемді шарттық-құқықтық базасын
қалыптастырды, сол арқылы мемлекеттің барлық елдермен шаруашылық
байланыстарының интеграциялық процесі жеделдетіліп, сыртқы саяси қызметінің
басым бағыттарында белсенді қатысуы қамтамасыз етілуде. Бүгінгі таңда
Қазақстан қол жеткізген екі тарапты және көптарапты халықаралық шарттарды
іс жүзінде жүзеге асыруда. Халықаралық келісімдер халықаралық құқықтың
нормалары мен қағидаларына негізделген даму міндеттерін ескере отырып,
ынтымақтастықтың түрлі салаларын нығайтуға арналған. Қазақстанның шарттық
тәжірибесі мемлекеттермен арақатынастарды реттеуде сенімді құрал ретінде
пайдаланылуда, оның ішінде даулы мәселелерді реттеу, туындауы мүмкін
жанжалдардың алдын алу құралы ретінде. Шарттық-құқықтық базаны нығайту,
дамыту және жаңарту мәселелеріне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Қазақстан
Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шарттық-құқықтық басқармасы жалпы
даму мақсатгарын, басым бағыттарды айқындайды, олар ұзақ мерзімді, сенімді
құқықтық базаға негізделуі тиіс. Бұл, біздің пікірімізше, Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттың құқықтары туралы 19(?9 ж. Вена
Конвенциясына қосылуымен; ҚР Президентінің 1995ж. 12-желтоқ-санында
қабылдаған "Халықаралық құқықтарды жасау, орындау және күшін жою тәртібі
туралы" заң күші бар жарлығымен қамтамасыз етілуде. Қазақстанның шетел
мемлекеттерімен щарттық ережелерін сараптау құқықтық реттеудің объектілерін
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл, біріншіден қауіпсіздікті біртіндеп
нығайту, мемлекеттің тұрақ-тылығы, оның саяси және экономикалық дербестігі
мен тәуелсіздігі, шетел инвестицияларын тартуға жағдай жасау, салықтық және
кедендік бақылау мәселелері.
Қазақстан қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТМД шеңберінде және
әлемдік деңгейде ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттарға қол қойды. Мәселен,
ТМД қатысушы-елдер 1991 ж. ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар туралы
келісімге, 1992 ж. қарусыздану мәселелері бойынша Бірлескен Консультациялық
комиссия құру туралы келісімге қол қойды. Қазақстан Республикасы 1994 ж.
Будапештге ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қосылуына байланысты
қауіпсіздік кепілдемесі туралы Меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, 1994 ж.
ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдемені қолдану
жөнінде МАГАТЭ-мен келісімге қол қойды. Сөйтіп, қауіпсіздік мәселелері ұзақ
мерзімге шарттық тұрғыдан қамтамасыз етілді. Ресей, Қытай, ТМД елдерімен
қатынасты одан әрі нығайтудың маңызды стратегиялық мәні бар. Шарттық
қатынастар тату көршілік, теңқұқылық, тәуелсіздікті құрметтеу, өзара сенім
негіздеріне сүйеніп жасалады. Шарттық саясатта басым бағыт АҚШ-пен өзара-
қатынастарды, демократиялық әріптестікті нығайтуды алып жатыр. Қазіргі
таңда және жақын болашақта Америка жағымен қол жеткізілген келісімдерді
жүзеге асыру және қазіргі қатынастардың деңгейіне жауап беретін жаңа
ережелер жасау қажет.
Қазақстан Республикасы экономикалық ынтымақтастық мәселелерінде
инвестицияларды қолдау және өзара қорғау жөніндегі келісімдерді бірінші
орынға қояды. Соңғы кезде Қазақстан еселенген салық салудан бас тарту үшін
Конвенцияға қосылмақшы. Мұның нәтижесінде, сауда-экономикалық қатынастардың
сапасын арттыруға, шаруашылық субъектілерінің жолындағы заңнамалық
"кедергілерді" алып тастауды қамтамасыз етуге қол жеткізеді. Бүкіл әлемдік
және Еуропалық даму және қайта құру банкілерінен несиелер мен гранттар алу,
қаржылық көмек көрсету туралы келісімдерді жасау тәжірибесін жалғастыру
мақсатқа сай келеді. Шетел мемлекеттерімен, халықаралық ұйымдармен шартгық-
құқықтық базаны қалыптастыру мәселелері өзара тиімді ынтымақтастық үшін оң
жағдай туғызуға себеп болады. Дегенмен, қол жеткізген келісімдерді жүзеге
асырғанда ғана жақсы нәтижелердің болатыны сөзсіз. Ондай нәтижеге шарттық
ережелерді және келісімдерді жүзеге асыру мәселелері бойынша барлық
министрліктер мен ведомстволардың, шетелдердегі дипломатиялық және елшілік
екілдіктердің барынша күш салғанында және тараптардың өз міндеттемелерін
орындау барысывда мониторингті қамтамасыз еткенде қол жетеді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялап, дербестікке ие
болғаннан кейін шетел мемлекеттерімен саяси, экономикалық, ғылыми-
техникалық, мәдени және басқа қатынастары дами бастады. Сөйтіп, халықаралық
қауымдастықпен қатынасудың нысандары мен әдістерін жаңалау қажеттігі
туындады. Халықаралық қатынастардың ұлғаюы, шетелдердегі қазақстандық
өкілдіктердің және қазақстандық азаматтар санының артуы дипломатиялық және
елшілік қызметтердің сапалық өзгеруіне әкеледі. 1993 ж. көктемінде
Қазақстан сыртқы саясатты жүргізуде халықаралық стандартгарға қосылды. 1961
ж. дипломатиялық байланыс туралы Вена Конвенциясына, 1963 ж. елшілік
байланыс туралы Вена Конвенциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы елшілік,
миссия немесе елшілік аймақ деңгейінде қатынастар орнатады. Ал
дипломатиялық қатьшастарда біз түрлі нысандарды қолдандық. Мәселен,
дипломатиялық қатынастарды орнату нысаны ретінде мемлекет басшыларының
(АҚШ, Жаңа Зеландия) Қазақстан Республикасы Президентіне жеке жолдаулары,
дипломатиялық қатынастарды орнату туралы сыртқы істер министрлерінің
біріккен мазмұндамалары (ҚХР, Испания, Австрия), дипломатиялық қатынастарды
орнату туралы хаггама (Моңғолия, Франция, Үндістан), ноталар алмасу (ОАР,
Египет, Израйыл) болып келеді. Елшілік қатынастар үшін кең таралған нысақ
елшілік конвенцияларға қол қою (Ресей Федерациясы, Венгр Респуб-ликасы),
визаларды өзара мойындау туралы келісімдер (Грузия Республикасы, ТМД
елдері), азаматтардың өзара барыс-келістері және виза беру жөніндегі өзара
түсіністіктер туралы меморандумдар (Пәкстан Ислам Республикасы, Иран Ислам
Республикасы), елшілік шарттар (Украина, Түркменстан). '
Қазақстан, шетелдердің тәжірибелерін ескере отырып, дипломатиялық және
елшілік қызметтерді ұйымдастыру туралы өз заңдарын қабылдады, сыртқы саяси
ведомство - Сыртқы істер министрлігінің жұмысын жетілдіреді, елшілік
заңдастыру туралы арнаулы нұсқаулық материалдар дайындайды; Қазақстан
Республикасы азаматгарының құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты
құжаттарды, шетелдік тұлғалардьщ және азаматтығы жоқ тұлғалардың құжаттарын
Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы сұрату тәртіптері туралы;
қазақстандық азаматтарды шетелдерде есепке алу және тіркеу тәртібі туралы;
Қазақстан азаматтарының шетелдерде тұрақты тұруына рұқсат беруді ресімдеу
тәртібі және басқа да мәселелер жөнінде жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызмет %л мемлекеттік
органдардағы азаматтардың кәсіби қызметі, олар ұлттық зандар мен
халықаралық шартгарға сәйкес сыртқы саяси қызметгі жүзеге асырады. Біздегі
дипломатиялық лауазымға тағайындау тәртібі халықаралық стандарттарға сай
келеді. Мысалы, дипломатиялық қызметке жоғары білімі бар, шетел тілдерін
білетін, жұмысқа қажетті арнайы білімдері бар Қазақстан азаматтары
қабылданады. Біздің ойымызша, жақын болашақта арнайы жоғары білімі мен
мемлекеттік тілді білуі керек деген шартты қоюға міндетті болармыз деп
ойлаймыз. Мұндай өзгерістер уақыттың талап етуінен туындамақшы. Сыртқы
істер министрін тағайындау тәртібі, дипломатиялық қызметтің өтуі мен
тоқгатылуының ерекшеліктері, қамтамасыз ету, кепілдік пен өтемақылар,
қүқықтар мен міндеттер көлемі, дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің
жауапкершіліктері мемлекеттік қызметтің бұл түріне ерекше жағдайларды
қамтамасыз етеді.
Біздің мемлекетіміздің дипломатиялық және елшілік қатынастары шетелдік
мемлекетгер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін; Б¥¥ қызметіне
Қазақстанның қатысуын, мемлекеттің мүддесін түрлі сыртқы саясат
мәселелерінде қамтамасыз етеді. Дипломатиялық қүралдар мен әдістер арқылы
мемлекеттің халықаралық бейбітшілікті, ұжымдық және аймақтық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі әрекеттері жүзеге асырылады.
Қазақстан дипломатиялық және елшілік қатынастардьщ дамып отыруына
байланысты тұрақТы және уақытща халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысып
отырады. Құқық субьектіліктің мұндай қасиетін сыртқы мойындау мен
мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету анық көрсетеді. Қазақстан
Республикасы 1992 ж. 2 наурызында Біріккен ¥лттар ¥йымына мүшелікке
қабылданды. Оған Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жөніндегі
Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын Бас Ассамблеяның дауыс бермей-ақ мақұлдағаны
себеп болғаньш айта кеткен жөн. БҰҰ-ға мүше болғаннан кейінгі алғашқы
күндері-ақ Қазақстан бірқатар озық ойлы бастамалар көтерді. Мәселен,
Қазақстан тайталасудан кейінгі кезең проблемаларын талқылау үшін Бас
Ассамблеяның арнайы сессиясын өткізуді; БҰҰ-ньвд бейбітшілікті жақтау қорын
құруды ұсынды. Қазақстан делегациясының Азиядағы әрекеттестік және сенім
шаралары жөніндегі кеңесті сатылап өткізу туралы үсынысы бүгінгі таңда
орындалу үстінде. БҰҰ-ның құрылымдық өзгерістері туралы, оның ішінде
Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелеріне байланысты мәселелер жөніндегі
ұсыныстар әлі күнге өзекті күйінде қалуда. Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік
Кеңесінің тұрақты мүшелерінің санын 5-тен 8-ге дейін көтеруді ұсынған
болатьщ нақтырақ айтқанда, Германия, Жапония және дамушы мемлекеттердің
біреуін мүшелікке алу мәселесі қойылған болатыд Қазақстанның ұсынған "1+1"
формуласы мемлекеттердің жылдық әскери бюджеттерін 1 пайызға қысқартуға
мүмкіндік береді және ол БҰҰ-ның бейбітшілікті орнықтыру, қолдау, нығайту
қорының пайдасына қалыптасатын болады.
Біріккен ¥лттар ¥йымы Қазақстандағы қызметіне 1993 ж. кірісті, өзінің
агенттіктерінің кеңселерін құрды, атап айтқанда: БҰҰДБ -БҰҰ-ның даму
бағдарламасы, БҰҰ еріктілері - БҰҰ-ның еріктілері; Бүкіләлемдік Банк, БДҰ -
Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ¥йымы, ЮНЕСКО - Б¥¥ білім, ғылым және
мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ бағдарламасы, ЮНИСЕФ - БҰҰ-ның балалар
қоры, БЖКБ - БҰҰ-ның босқындар мәселесі бойынша Жоғарғы Комиссар
Басқармасы, ЮНДКП - есірткіні бақылау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, БҰҰҚАД -
Қоғамдық ақпарат Департаменті, ЮНИДО - БҰҰ - өндірістік даму бойынша,
БҰҰСПИД, ХЕҰ - Халықаралық еңбек ұйымы және басқалары. БҰҰ-ның жоғарыда
аталған бөлімшелерінің қызметі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
мығымдығы мен тұрақты дамуьша көмектесуге бағытгалған Мәселен, қаржылық
көмек көрсетудің үш бағдарламасы жұмыс істейді, оны жүзеге асыруға 460 мла
АҚШ доллары жұмсалды. Қазақстан Үкіметі Бүкіләлемдік Банк, халықаралық
Валюта Қорының көмегінен 450 млн. АҚШ доллары түратын үш жылдық
бағдарламаны іске асыруда. Халықаралық Валюта коры Вашингтон және Вена
қалаларында арнайы курстар ұйымдастыруда. Бүгінгі таңда БҰҰ шеңберінде 1500
ауған босқындары-этникалық қазақгарды Оңтүстік Қазақстанда орналастыру
сияқты, Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамы арқылы босқындардың ең аз
қорғалған топтарына материалдық көмек көрсету сияқты жобалары жүзеге
асырылуда. Халықараяық ұйымдарға қатысты саясатта өзіміздің ұлттық
тұжырымдамамызды жасау қажеттілігін айқындау дұрыс болар. Одан басқа,
мақсаттылық пен тиімділігін ескере отырып, мемлекетке көп пайда келтіретін
халықаралық ұйымдарға мүше болуүшін олардың қажетті және керектігін
таңцауда мақсаттар, міндеттер және негізгі басымдықтарды белгілеп алуымыз
қажет деп ойлаймыз.
Халықаралық құқық субъектілік кез келген тәуелсіз мемлекетке тән және
өзінің шығу тегі мен сипатына қарай алғашқы және негізгі болып табылады. Ол
мезгіл жағынан да, кеңістіктен де, кұқықтық ретгеудің пәнінен де
шектелмейді. Құқық субъектілік халықаралық құқықтық қатынастарға қатысудың
жалпы алғышарты болады, ал мемлекеттер құқықтық мәртебені өзара айқындайды,
құқықтар мен міндеттерді нақтылайды. Қазақстан Республикасы ашық
еуроазиялық мемлекет және басқа мемлекеттермен өзара тиімді негіздерде
ынтымақтасуға дайыа Мұнда, мүдделерді өзара ескеру, өзара түсіністік,
ынтымақтасудың мақсатқа сай болуы, әріптесінің ішкі істеріне дел сұқпау
біздін сыртқы саясатымыздың мазмұны болады.
Өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен үлттардың халықаралық
құқық субъектілігі. Бұл бастапқы субьектінің болуы халықаралық құқықтың
негізгі қағидалары - халықтардың тевдігі мен өз тағдырын өзі шешу
қағидаларының мазмүнына байланысты, мұндай қағиданың генезисі әлем
халықтарының ұлт-азаттық күресімен айқындалады. БҰҰ Жарғысы халықтардың өз
тағдырларын өзі шешу қүқығын халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған
нормасы деп таныды (1-баптың 2-тармағы, 55-бап). Кейінірек, өз тағдырын өзі
шешу құқығы тәуелсіздікті беру туралы мәселелерде, бірқатар халықаралық-
құқықгық қүжаттарда нақтыланаі түсті, Мемлекеттер арасындағы достық
қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтың қағидалары
туралы Декларацияда, БҰҰ-ның 1970 ж. 24 қарашадағы Жарғысына сәйкес,
"Жарғыда бекітілген халықтардың тең құқықтығы мен өз тағдырын өзі шешу
қағидаларының күші бойынша барлық халықтардың өзінің саяси мәртебесін
басқалардың қол сүғуынсыз айқындауына және экономикалық, әлеуметтік және
мәдени дамуыа.. жүзеге асьфуға құқьвы бар" деп жарияланған. Халықтардьщ
теңқүқылық және өз тағдырын өзі шешу қағидалары оларға саяси тәуелсіздік
беру жолымен іске асады. Оған күрестің барлық қүралдарын, ұлт-азаттық
күресті қоса алғанда қол жеткізілуі мүмкін. Азат етілген мемлекеттегі
тәуелсіздік алған халықтың өзінің саяси мәртебесін өзгертуге құқығы бар.
Қарастырып отырған қағида осы заманғы жағдайда, халықтарға басқаның қол
сұғуынсыз, еркін, дербес күйде өзінің саяси, экономикалық, мәдени,
әлеуметтік дамуын айқындауға мүмкіндік береді.
Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі. Мемлекеттер мен халықаралық
ұйымдардың арасындағы немесе халықаралық ұйымдардын арасывдағы шарттардың
құқығы туралы 1986 ж. Вена Конвенциясының 3-бабына сәйкес, халықаралық
ұйымдар халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады. Оларды негізгі
субъектілер болып табылатын мемлекеттер әр түрлі ауқымдағы ынтымақтастық
үшін құрады. Сондықтан да қарастырып отырған субъект туынды топқа
жатқызылады. Халықаралық ұйымдар санының өсуі және халықаралық
қауымдастықта маңызды мәселелерді шешудегі рөлінің артуы оларды нормативтік
тұрғыдан бекіту қажеттігін туғызады. Мысалы, әмбебап сипаттағы халықаралық
ұйьшдардың қатынасындағы мемлекеттердің өкілдіктері туралы 1975 ж. Вена
Конвенциясы, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар
арасындағы шарттардың құқықтары туралы 1986 ж. Вена конвенциясы.
Біз Е. А. Шибаеваның "халықаралық ұйымдар алғашқы кезде құқық
субъектілік қасиетке ие болмағаа Ол ұйымдардың, халықаралық құқықтың және
халықаралық қатынастардың дамуының белгілі бір сатыларында пайда болады..."
деген көзқарасымен келісеміз1.
Халықаралық ұйымдардың тәуелсіздігі жоқ, олар мемлекетке тәуелді, яғни
халықаралық ұйымдардың өмір сүруі үшін мемлекеттер ерік білдіруі керек.
Сөйтіп, құрылтайшы мемлекеттер халықаралық ұйымдарға құқық субъектілікті
береді. Халықаралық ұйымдарда құқық субъектілік XX ғасырдьщ 20-жылдарьшда
ғана пайда болды. Ұйымдардың халықаралық құқық субъектілігі құрылтай
актісінде (жарғысында) бекітіледі. Егер мұндай жағдай жарғыда нақтырақ
көрсетілмесе, онда жобаланған құзырет тұжырымдамасы қолданылады2. Мысалы,
халықаралық Соттың консультациялық қорытындысы 1949 ж. Б¥¥-ны халықаралық
құқықтың туынды субъектісі ретінде таныды.
Сөйтіп, қазіргі кезең жағдайында халықаралық ұйымдар рөлінің өскеніне
байланысты өзінің құқықтық табиғаты бойынша ұйымдар халықаралық құқықтың
субъектілері болып табылады. Олардың құқық қабілеттілігінің көлемі -
субъектілік құрамы, қызмет көлемі, реттеу пәніне байланысты әр турлі.
Мемлекетаралық, бүкіләлемдік және әмбебап ұйым - Б¥¥-ның қазіргі кезеңнің
маңызды ұйымы екендігіне талас жоқ. Халықаралық құқықтың негізгі субъектісі
ретінде мемлекет құзыретінің көлемі қандай да бір халықаралық ұйым
құрамындағы мемлекеттің құзіретінен әлдеқайда кең болатынын атап өткен жөн.
Мемлекет тәрізді құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі. Халықаралық
құқықтьщ тарихы арнайы шарттар арқылы ерекше саяси-аумақтық құрылымдардың
мәртебесін айқындап берді. Оларға "еркін қалалар", Батыс Берлин мен қазіргі
кезде Ватикан жатқызылып жүр.
"Еркін қалалар". 1815 ж. Вена трактатына сәйкес, мұндай қалаларға 1846
ж. дейін өмір сүрген Краков қаласы, 1919 ж. Версаль бейбітшшік шарты
бойынша - Данциг (1920-1939) қаласы жатқызылды, сондай-ақ "Триест бос
аумағын" құруға талпыныстар жасалды, бірақ олар жүзеге аспады. Кейінірек,
осы аумақ Италия мен Югославияның құрамына кірді.
Батыс Берлин мәртебесі 1971 ж. төрт тарапты келісіммен реттеледі, ол
КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция арасында болды. Мұндай мемлекет төрізді
құрылымның болуы ГДР мен ФРГ-нің өмір сүруімен байланыстырылып
түсіндіріледі. Жогарыда аталған 1971 ж. Келісімнің ережелеріне сәйкес,
Батыс Берлин дербес саяси біртүтастықты көрсетеді. Германия біріккен соң
халықаралық қүқықтың аталмыш субъектісі таратылды.
Ватикан. Халықаралық актілерде Ватикан "әулие тақ"деп.аталады.
Халықаралық құқық субъектісі Ватиканның ерекше мәртебесГ 1984 ж. Италиямен
жасасқан келісім арқылы белгіленген. Ватикан халықаралық қатынастарға
белсенді түрде қатысады, ол көптеген мемлекеттермен сыртқы байланыс
орнатқан. Оны қала-мемлекет деп атайды. Ватикан Б¥¥ мүшесі емес, өйткені
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына мемлекеттер ғана кіреді, дегенмен бұл
әмбебап ұйымда оның тұрақты бақылаушылары бар. Халықаралық құқықтың аталмыш
субъектісі көптеген халықаралық конференцияларға қатысады, көптарапты
конвенциялардың қатысушысы, католиктік елдерде тұрақты дипломатиялық
өкілдіктер құрады.
Жеке тұлғалардыц халықаралық құқық субъектілігі. Халық-аралық
шарттарға сәйкес жеке тұлғаға берілетін құқықтар көлемінің халықаралық және
аймақтық деңгейінің кеңеюіне байланысты ол халықаралық құқық субъектісінің
бірі болды. Көпке дейін халықаралық-құқықтық әдебиеттерде индивидтің құқық
субъектілігі жоққа шығарылып келді. Ал халықаралық құқық бойынша ғылыми
әдебиеттерде индивидтің халықаралық құқық субъектілігі жоққа шығарылды
(мысалы, А. П. Мовчаң, С. В. Черниченконың еңбекгерінде). XX ғ. 80-
жылдарының аяғында индивидтің халықаралық құқық субъектілігінің жеке
элементтерін мойындайтын отандық еңбектер алғаш рет жариялана бастады.
Батыстық заңгерлер индивидтің халықаралық құқық субъектілік теориясын аз-
кем мойындайтын. Қоғамның халықаралық өміріндегі объективті өзгерістер осы
заманғы халықаралық қүқықтағы адамның құқық субъектілігі жөніндегі
мәселеден "тыйым салуды" алып тастады.
Индивидтер халықаралық қүқықтын шектелген қүқық субъектілігі бар
субъектісі екенін айтып өткен жөн, ейткені оның халықаралық құқықтың
нормалары мен қағидаларын қүруға қатысу қүқығы жоқ. Алайда халықаралық-
қүқықтық нормаларды қолданудың тиімділігі индивидтің қүқықтары мен
міндеттерінің көлемін кеңейтуде. Тиісінше, халықаралық қатынастарда жеке
түлғаның рөлі де үлғаюда. Мұнда, біз "индивид" және "жеке тұлға" ұғымдарын
тевдей қолданатынымызды айтып өтсек, себебі жеке түлға - бүл әлеуметтік
маңызды белгілерінің түрақты жүйесі бар индивид болса; индивид - бұл жеке
адам, жеке өмір сүретін тірі тіршілік.
Халықаралық қүқық нормалары халықаралық құқықтың негізгі субъектілері
болатын мемлекеттердің арасындағы өзара қатынастарды реттеуге бағытталған,
ол индивидтердщ орындауынабағытгалған. Мүнан басқа, жеке түлғаның құқықтық
жағдайына әсер ете отырып, аталған құқықтық нормалар мемлекетті
индивидтерге белгілі бір мәртебені қамтамасыз етуге міндеттейді. Қазіргі
жағдайларда индивидтің халықаралық органдарға жолдану мүмкіндігі жоқ екені
талас тудырмайды, кейбір жағдайларды ескермегенде. Халықаралық құқық
индивидтердің құқықтарын бүзған жағдайларды қарастыру іс-жосығын
айқындайды. Онымен адам құқықтары жөніндегі Комитет, нәсілдік
кемсітушілікті жою жөніндегі Комитет, азаптауға қарсы Комитет және еркін
қамауға алу бойынша жұмыс тобы айналысады.
Ивдивидтер қүқықтарының орындалуын бақылау мақсатында Б¥¥ шенберінде
қосымша институттар құрылуда. Мысалы, 1996 ж. 20 жел-тоқсанындағы Бас
Ассамблеяның 48141 қарарына сәйкес, адамның барлық қүқықтарын қолдау және
қорғау бойынша Жоғарғы Комиссар қызметі құрылды. Бірінші Жоғарғы Комиссар
жұмысына 1994 ж. 5 сәуірінде кірісті. 1997 ж. оның отставкаға шығуына
байланысты Мери Робинсон жаңа Жоғарғы Комиссар болып тағайындалды. БҰҰ-ның
бұл лауазымды тұлғасына адам қүқықгары жөніндегі қызметгің негізгі
жауапкершілігі жүктелген. Жоғарғы Комиссардың өкілетгігі адамньщ барлық
құқықгарью қорғаудан және оны тиімді жүзеге асыруды қолдаудан түрады.
Сөйтіп, индивидтің халықаралық қүқық субъектілігін үзілді-кесілді
жоққа шығару қазіргі кезде ескірді деуге болады. Халықаралық қатынастарды
ізгілендіру адамның қүқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету ісіндегі
жеке тұлғаның белсенді рөлін мойындайды.
Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастарда индивидтердің халықаралық
құқық субъектілерінің көлемі кеңеюде.

бостандықтарын қамтамасыз етуі басым орында болатыны талас тудырмас.
Халықаралық қүқықта мемлекеттің халқына өзіиің азаматтарын, шетел
азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды жатқызады. Халықтың осы
топтарының заңдарда бекітілу дәрежесіне қарай адам құқықтарын қорғау туралы
ұлттық стандарттардың халықаралық стандарттарға қаншалықты сәйкес
келетініне қарай халықаралық құқықсубьектіліктің нақтылы жайын да айтуға
болады.
Біздің республикамызда адам құқықтарын қорғау жөнінде әр түрлі
бағытгағы процестердің жүріп жатқанына куәміз. Бір жағынан алғанда, осьвдан
аз уақыт бұрын ешкім де қазіргі оқып жатқандары туралы, қазіргі кездегі сөз
сөйлеулері туралы армандай да алмайтын. Дегенмен, біздің ойымызша нақ осы
мәселеде мәліметтермен, көзқарастармен пікір алмасу жетпей жатқан сияқты.
XX ғасырдьщ тарихынан белгілі болғанындай, үжымдық құқық жеке құқықты басып
тастаған. Біздің сеніміміз бойынша жеке құқықтан кез келген барлық құқық,
оның ішінде ұжымдық қүқық та туындай алады. Алайда, ұжымдық құқықтан жеке
құқық, жеке адам құқығы шыға алмайды. Бұл мән-жайларды адам құқығының
бірінші орында тұру қағидасын. жүзеге асырғанда ескеру қажет. Бұл жалпыға
мәлім, көпшілік қабылдаған көзқарас екенімен келісу керек. Біздің
барлығымыз мұнымен келісеміз, сондай-ақ халықаралық қатынастар жеке
тұлғаның құқықтарын қатаң сақтағанда ғана тиімді болатьшымен де келісеміз.
Бұл Б¥Ү Жарғысында бекітілген және ол туралы біздің тамаша замандасымыз-
академик А. Д. Сахаров айтып өткен болатын. Бұл жазылған ақиқат секілді.
Десек те, бұл туралы дәл қазір, біз құқықтық мемлекет құру жолында
екендігімізді жариялағанда еске сала кетуіміз қажет. Жеке қуқықтар мен
улттар қуцыгының арақатынасы мәселелерінде гармониялыц уйлесім қажет, бірде-
біреуінің бірінен-бірінің басымдылыгына жол беруге болмайды. Соңғы тезисті
талқылауды арандату мақсатында бұл мәселеде халықаралық-құқықтық құжаттарға
сүйенуге болмайтынын айтып өткіміз келеді. Өкінішке қарай, үжымдық құқықтар
мен жеке тұлғаның құқықтары арасындағы арақатынас мәселесінде халықаралық
қүқық нормалары қайшылықты болып келеді.
Адам қуқықтарының халықтар мен улттар қуцықтарынан басым туруын қалай
түсіндіруге боладыі Адам қүқықтарын қорғаудыд келісілген тетігін қалай
жасауға боладығ... деген мәселелерде біз шешім табуға қиналамыз. Адам
құқықтары проблемаларында жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген жалпы
өлшемдер мен амалдар жасау қажет. Мұндай курделі мәселелерді қарастырғанда,
біз барлық азаматтардың теңдігі мемлекеттердің нақты саяси, құқықтық,
экономикалық мүмкіндіктерін есептегенде ғана мүмкін болатынын ескеруіміз
қажет.
Тұлғаның мәртебесі мәселесіндегі үлттық заңдар конституциялық
ережелермен қамтамасыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz