Қаржы полициясы органдарының міндеттері мен құқықтары


Қаржы полициясы органдарының
міндеттері мен құқықтары
Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi
Қаржы полициясының органдары өздерiнiң алға қойған мiндеттерiне сәйкес, өз өкiлеттiктерi шегiнде:
- жасалған немесе жасалуға әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы мәлiмдемелер мен хабарларды қабылдауға, тiркеуге және қарауға, қылмыстардың жолын кесу, оларды ашу, қылмыс жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауiптi салдарына жол бермеу жөнiнде дер кезiнде шаралар қолдануға;
- Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;
- әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
- жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру, қылмыстық процесте пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн тiркеп қою арқылы қылмыстарды анықтауды, алдын алуды, жолын кесудi және ашуды қамтамасыз етуге, өзiнiң iс жүргiзуiндегi қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары мен прокурордың нұсқауларын, сондай-ақ соттың қаулыларын орындауға;
- қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша адамдарды;
- жүрген жерi белгiсiз болған кезде соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне орай талап қоюлар бойынша жауапкерлердi iздестiрудi жүзеге асыруға;
- экономикалық құқық бұзушылықтар келтiрген мүлiктiк зиянның өтелуiн қамтамасыз ету үшiн шаралар қолдануға;
- экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
- қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау жөнiнде заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға;
- мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, сондай-ақ жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде алынған басқа да ақпаратты сақтауға мiндеттi.
Қызметкерлерi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда қаржы полициясының органдары бұзылған құқықты қалпына келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге, кiнәлi адамдарды жауапқа тартуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Қаржы полициясы органдарының құқықтары
Қаржы полициясының органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде және заңда белгiленген тәртiппен жалпы және арнайы жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыруға, iс жүргiзуде жатқан материалдар мен қылмыстық iстер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық деректерге және өзге мәлiметтерге қол жеткiзуге, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды берудi талап етуге, олардың көшiрмелерiн түсiруге, түсiнiктемелер алуға, iс жүргiзуде жатқан қылмыстық iстер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелуге, Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлiктi алып қоюға немесе арасынан алуды жүргiзуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен тиiстi уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға, ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды күзетпен алып жүруге, қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердiң тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi хаттамаға түсiру және қарау, әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген басқа да шараларды қолдануға, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда уәкiлеттi органдардан және лауазымды адамдардан ревизиялар, тексерiстер, аудит және баға беру iсiн жүргiзудi талап етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаржы полициясы органдарына жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететін ақпарат жүйелерін құру және пайдалану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы iстер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, iс жүргiзу барысында зерттеулер ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметiн жүзеге асыруға әрі жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар мен ұсынымдар беруге құқылы.
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қару, оқ-дәрi, арнайы құралдар сақтауға, алып жүруге және қолдануға, сондай-ақ қажет кезiнде бiлек күшiн, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн де қолдануға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
Кедендiк бақылау комитетi
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң негізгi мiндеттерi:
өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының егемендiгiн, ұлттық және экономикалық қауiпсiздiгiн, сондай-ақ адамның өмiрi мен денсаулығының қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету;
орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кедендiк және өзге де заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету;
кедендiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк ресiмдеудi және кедендiк бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегінде шетелдiк мемлекеттердiң кеден және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден iсi мәселелерi бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау болып табылады.
2. Комитеттің заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар, оларға: облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Кедендiк бақылау департаменттерi, кедендер, Кинологиялық орталық және Орталық кеден зертханасы жатады.
3. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік-құқықтық кесiмдерге, оның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлері және мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң органдарында бюджеттiк шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiлiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Комитет басшысының бұйрығы Комитет шығаратын кесiм нысаны болып табылады.
6. Комитеттiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітедi.
7. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы Бейбiтшiлiк көшесi, 10.
8. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендік бақылау комитетi" мемлекеттік мекемесi.
9. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
10. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Комитетке заңнамалық кесiмдермен кірiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген жағдайда, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
11. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
1) мынадай салада мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар:
оларды алу Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелетiн кедендiк төлемдер мен салықтардың республикалық бюджетке уақытылы және толық енгiзiлуiн қамтамасыз ету;
кедендiк рәсiмдердi оңайлату және жетiлдiру мақсатында кедендік ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң шеңберiнде пайдаланылатын техникалық құралдар жүйесiнiң жұмыс iстеуін қамтамасыз ету;
Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын жүргiзу;
Қазақстан Республикасының кедендiк сыртқы сауда статистикасын және арнайы кедендiк статистиканы жүргiзу;
Қазақстан Республикасы кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, заңсыз әрекеттерiне немесе әрекетсiздiгiне шағымдарды уақытылы және объективтi түрде қарауды қамтамасыз ету;
кеден iсi саласында ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргізу;
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу;
жедел-iздестiру қызметiн, контрабандаға, кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтаруға және кеден iсi саласындағы өзге де қылмыстарға қарсы күресті жүзеге асыру;
кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту;
кеден iсi бойынша мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгін көтерудi, кеден зертханаларында, басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарда жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлауды қамтамасыз ету;
мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының салық, валюта және өзге де заңнамалары салаларындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, алдын алуда және жолын кесуде салық қызметi органдарына және басқа да мемлекеттiк органдарға жәрдем көрсету;
кеден органдары қызметiнiң қауiпсiздiгiн, кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңға қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету;
кеден органдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға қатысу;
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк әкiмшiлендiрудi жүзеге асыру.
2) бақылау және қадағалау функциялары:
валюта заңнамасының сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргізуi, қылмыстық iстер және кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуi кезiнде заңдылықты сақтауын бақылау;
тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзудiң рұқсат ету тәртiбiнiң орындалуын қамтамасыз ету;
өз бетiмен және басқа да құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылда кедендiк бақылау аймағы режимiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру, кедендiк инфрақұрылым объектiлерiн қорғау жүйесiн ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк органдарымен бiрге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және кедендiк шекарасын қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы үшiн стратегиялық және басқа да өмiрлiк маңызы бар материалдардың, сондай-ақ мәдени құндылықтардың әкетiлуiне бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауды және лицензиаттардың олардың белгіленген құзыреттер шегiндегi лицензия талаптарын қамтамасыз етуi жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
тауарлардың кедендiк құнын белгiлеудiң дұрыстығын бақылау жүйесiн ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында радиациялық бақылау жүргізудi ұйымдастыру.
12. Комитеттiң:
кеден заңнамасының Қазақстан Республикасында және шетелдiк мемлекеттерде қолданылу практикасын талдауға және қорытуға, сондай-ақ кедендiк заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан Комитетке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жеке тұлғалардан кеден заңнамасын бұзушылықтарды жоюды талап етуге және оның орындалуын бақылауға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке тексеру жүргiзуге;
кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы iстер бойынша жедел-iздестiру iс-шараларын, анықтауды және iс жүргiзудi жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес құқық бұзушылық жасаған немесе қылмыс жасауға күдiктi адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтiк үй-жайларына жеткiзуге;
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес фактiлер мен оқиғаларға құжаттау, бейне және дыбыс жазбаларын, кино және фото түсiрудi жүргізуге;
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген басқа да шараларды қолдануға;
өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен, шетелдiк мемлекеттердiң кедендiк және өзге де құзыреттi органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден iсi мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауға;
кеден ісі саласындағы халықаралық шарттар мен келiсiмдердің жобалары бойынша ұсыныстар енгiзуге;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz