Қоғам мен мемлекет: мемлекеттік нысандар мен механизмдері; құқықтың ұғымы, шығу теориялары және қайнар көздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

1 ЛЕКЦИЯ

1. Қоғам және мемлекет.

2. Мемлекеттің нысандары.

3. Мемлекеттің механизмі.

(1) Қоғам адамдардың ұйымдасуымен өмір сүруінің нысаны. Сол қоғам шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады. Осының өзі белгілі бір тәртіпті адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Қоғамда өз мүшелерінің мінез-құлқын, басқаруын, реттеудің және мінез-құлыққа әсер етуін ерекше құралдарының болуымен сипатталады.

Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады және сол қоғам құрған ұйымдардың бірі. Мемлекет қоғам дамуының белгілі кезеңдегі нәтижесі. Қоғам мемлекеттің тіршілік ету ортасы. Қоғам мемлекеттен бұрын пайда болды және ұзақ уақыт бойы мемлекетсіз өмір сүрді. Мемлекет адамдардың бірлестігінің ең жоғарғы өркениетті нысаны. Мемлекет пайда болғанға дейін адамдар төмендегідей әлеуметтік бірлесіп өмір сүру жолынан өтті.

1. тобырлық қауым (жануарлаға тән бірігу) ;

2. рулық қауым (тайпа) ;

3. көршілік қауым;

4. мемлекеттік қауым;

Мемлекет пайда болып, даму барысында төмендегідей сатылардан өтті:

1. номполистік және полистік кезең;

2. орталықтанған мемлекет.

3. империя

Ғылымда мемлекеттік пайда болуына төмендегідей факторлар әсер етті деп есетпейді:

1) қолайлы табиғи орта;

2) адам санының көбеюі;

3) сыртқы фактор;

4) дін немесе дүниетаным;

(2) Философиялық категорияда форма (нысан) деген сөз белгілі бір заттың, құбылыстың ішкі мазмұнына негізделген сыртқы көрінісін білдіреді. Мемлекеттің нысаны дегеніміз төмендегі ұғымдардан тұрады.

1. жоғарғы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы, өкілеттілігі, мемлекет пен халықтың ара-қатынасы. Бұл мемлекеттің басқару нысаны;

2. мемлекеттің аумақтық құрылымы, жергілікті және жоғарғы билік орындарының ара-қатынасы (мемлекеттің құрылыс нысаны) .

3. мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.

Мемлекеттік нысандары:

мемлекеттік басқару мемлекеттің құрылым саяси режим

нысаны нысаны

Мемлекеттік басқару нысаны 2 түрі бар :

1) монархиялық басқару 2) республикалық басқару

аболюттік президенттік

конституциялық парламенттік

аралас басқару

Мемлекеттік құрылым нысаны

біртұтас (унитарлы) федерациялық конфедерация

Саяси режим

демократиялық антидемократия

(3) . Мемлекеттің механизмі.

Мемлекет құрылғаннан кейін қоғамның және тікелей мемлекеттің алдында тұрған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік органдар мен т. б. мемлекеттік ұйымдарды құрады. осындай мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік ұйымдардың жиынтығын мемлекеттің механизмі деп аталады.

ҚР-ның мемлекеттің механизмі төмендегідей лауазымдық қызметтер мен мемлекеттік органдар жүйесінен тұрады:

1) республика президенті;

2) республика парламенті (заң шығарушы орган) ;

3) республика үкіметі;

4) министрліктер, агенттіктер, комитеттер және комиссиялар;

5) сот билігі органдары;

6) конституциялық кеңес;

7) прокуратуралық органдар;

8) жергілікті мемлекеттік басқару органдары;

9) күш қолдану органдары және ұйымдары (армия, ішкі әскер, ұлт қауіпсіздік комитеті, барлау органдары, абақтылар) .

Мемлекет механизмі басты құрамдас бөлігі мемлекеттік органдар. Мемлекеттік органдардың басқа қоғамдық (партия), қозғалысы және мемлекеттік ұйымдардан (университет) мынадай ерекшеліктері бар:

1) Мемлекеттік органдар конституциямен заңдар негізінде мемлекетпен құрылады.

2) Мемлекеттік органдардың биліктік құқығы бар.

3) Мемлекеттік органдар нормативті-құқықтық актілер қабылдай алады.

4) Мемлекеттік органдар мемлекеттік билік жүйесін құрады.

2 ЛЕКЦИЯ

1. Құқықтың жалпы ұғымы және шығу себептері туралы теориялар.

2. Құқықтың негізгі ұғымы және белгілері.

3. Құқықтың қайнар көздері (негіздері), (нысандары) .

(1) . Жалпы құқықтың шығу (пайда болу) себептерін екі түрде қарастырсақ болады:

1. құқық - мемлекеттен бұрын пайда болған.

2. құқық - мемлекетпен бірге немесе кейін пайда болды.

Дегенмен, заң ғылымында құқықтың себептері мен жалпы анықтамасы туралы мынадай пікірлер бар.

1. Теологиялық теория . Бұл теорияға сәйкес құқық алла тағаланың әмірінен пайда болған. Осы теорияға сәйкес құқық дегеніміз аллаһ тағалла бекіткен тәртіптік ережелер және осы ережелерге сәйкес әрбір адамға тән мінез-құлық түрі мен өлшемі.

2. Құқықтың табиғи теориясы . Құқық адамның өмірге келуімен пайда болады және мемлекеттің бекітуімен пайда болады. Бұл теориядан құқық дегеніміз адамзатқа тумысынан табиғаттан берілетін және сондай-ақ мемлекет бекітетін әрекет ету мүмкіндіктердің жиынтығы.

3. Құқықтың таптық теориясы (Маркстық-Лениндік) . Бұл теорияға сәйкес құқық таптардың пайда болуы негізінде мемлекетпен бірге пайда болады. Бұл теорияға сәйкес құқық дегеніміз үстем таптың заңға енгізілген ерік-ықтияры.

(2) Құқық сөзінің түбірі арабтың хах деген сөзінен, үлес мүмкіндік, тиісілік. Құқық ұғымы қазіргі уақытта 4 мағынада қолданылады (негізінен) :

1) объективтілік мағына (құқық) . Бұл дегеніміз құқықтың міндетті ереже ретінде мемлекеттік заңнамаларда бекітілуі (көрсетілуі) .

2) субъективтік мағынада (құқық) . Бұның мәні объективтік құқық негізінде тұлғалардың құқықтар мен бостандықтарға ие болу немесе белгілі бір әрекеттерді жасауға мүмкіндік алу.

3) құқық ұғымы үйретілетін пән ретінде қолданылады. Мысалы құқықтану негіздері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтың қайнар көздері: ұғымы және түрлері
Құқықтың пайда болуы: теориялары, ерекшеліктері, функциялары және қайнар көздері
Құқықтың қайнар көздері: ұғымы, түрлері және нормативтік-құқықтық актілер
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы: азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет теориялары
Қазақстан Республикасындағы құқықтың ұғымы мен мәні: нормалар, жүйе және қайнар көздері
Құқықтың түсінігі мен қайнар көздері: теориялық негіздер
Құқықтың қайнар көздері: түсінігі мен түрлері
Құқықтың түсінігі, қайнар көздері, қағидалары мен функциялары
Қазақстандағы құқықтың қайнар көздері: ұғымы, түрлері және нормативтік актілердің маңызы
Халықаралық жария құқықтың қайнар көздері: ұғымы, жіктелуі және халықаралық шарттардың рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz