Қаржы құқықтық қатынастары мен қаржы - құқықтық нормалар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1. Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы-құқықтық нормалар 3
2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
5
3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржы-құқықтық актілері 7
Қолданған әдебиеттер 8

1. Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы-құқықтық нормалар

Қоғамда пайда болатын қаржы қатынастары құқықтық реттеуді қажет етеді.
Бұл орайда қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады.
Қаржы құқығы — бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің
міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, болу және
пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң
нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке
бағыттар бойынша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына
межеленіп айырылады; қаржының кең ұғыныс тұрғысында жалпы ақша қатынастары
ретінде баян етілуіне байланысты қаржы құқығына соны-мен бірге валюта жоне
сақтық заңнамасын, банк құқыгын, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын
құқықтық реттеу сияқты бөлімдерді де қосады.
Қаржы құқығында қаржы-құқықтық нормалар — құқықтың негізгі бастапқы
элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы
мемлекеттік мәжбүрлеу (күштеу) шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың
қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады. Сөйтіп, қаржы-құқықтық нормалардың
императивтік (өмірлік, бұйрықтық) сипаты болады. Қағида бойынша, олардың
үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды
өзгерте беруге жол берілмейді, қаржы қатынастары қатысушыларының құқықтары
мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржы-құқықтық нормалар
міндеттеушілік, тыйым салушылық, және уәкілеттілік (яғни белгілі бір іс-
қимылдарды жасауға бағытталған қаржы қатынастары қатысушыларының бекітуші
құқықтары) болып бөлінеді.
Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржы қатынастары қаржы-құқықтық
нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жаңғырады (1
сызбаны қараңыз). Олардың қаты-сушылары субъективті заңи құқықтар мен
міндеттіліктер арқылы өзара байланыста болады, ал байланыстар (қатынастар)
мемлекетгің мәжбүрлеуші күшімен қорғалады. Нормативтік-құқықтык,
қатынастардан тыс қаржылық қызмет орындалмайды. Жүзеге асуы мемлекеттің
мәжбүрлеуші күшімен кепілдендірілген тек өзара байланысты заңи құқықтар мен
міндеттіліктер кезінде болжанған кірістерді мемлекеттің алуы, оларды
белгіленген мақсаттар бойынша бөлу және пайдалану мемлекеттік қамтамасыз
етілуі мүмкін. Бұл орайда мемлекеттік органдарға билік өкілеттіктері
үлестіріліп берілгсн, қаржы құқықтық кдтынастарының басқа қатысушыларының —
кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауы үшін
міндетті нұсқамалар шығаруга олардың құқы бар.

1 сызба. Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржы құқықтық
механизмнің қалыптасуы

Нұсқамалардың мұндай түрі біріншілердің бағынышындағы мемлсксттік
органдарға да бағышталуы мүмкін. Алайда мемлекет атынан қаржы құқықтық
қатынастарына ене отырып мемлекеттік органдардың әмір ету құқығына ғана
емес, сондай-ақ олардың қаржы қатынастарының басқа қатысушыларының
құқықтарымен байланысты міндеттіліктері де болады. Қаржы құқықтық
қатынастарының барлық қатысушыларының құқықтары да, сол сияқты
міндеттіліктері де мемлекеттің қорғауында болады және оның мәжбүрлеуші
күшімен қамтамасыз етіледі.
Мсмлексттік-өкіметтік мәжбүрлеудің, яғни билік органдарының
субъективті іс-әреттердің нысандары мен әдістерінің көмегімен объективті
қаржы құқықтық қатынастарын шаруашылық жүргізудің нақтылы нәтижелеріне
жаңғырту қоғамның қаржылық тіршілігін реттеудің құқықтық механизмі ретінде,
ал сан алуан қаржы-құқықтық нормалар мен кесімдер оның тұтқалары ретіндс
көрінеді. Сөйтіп қаржы және құқықтық нысандар мен әдістердің экономикалық
процестерге қаржы-құқықтық ықпал етудің бірыңғай механизміне қосылуы
болады.
Қаржы қатынастарының бір қатысушыларына мемлекет тарапынан болатын
тиісті өкілеттіктер үлестіріліп берілген басқа қатысушылар тарапының
мемлекеттік-өкіметтік нұсқамалары, сондай-ақ ұсыныстары, келісулері қаржы-
құқықтық реттеудің әдістері болып табылады. Қаржылық міндеттемелердің
орындалуы көбінесе азаматтар мен лауазымды адамдардың заңды сөзсіз
орындауына және саналылығына негізделген сенім әдісімен қамтамасыз етілсді.
Қаржылық міңдеттемелерді орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға
мәжбүрлеу одісі қолданылады: бюджсткс уақытында түспеген төлемдерді даусыз
өндіріп алу және қаржы санкциялары.
Санкциялар қаржы-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын
жауапкершілік шараларды білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда
ақша қорлары мен қаражаттары арқылы нормаларды бұзушыларға мәжбүрлеуші
ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер, айыппұлдар,
тұрақсыздық айыбы (төлемі), қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы,
несиелендірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық, жұмсағаны үшін
жоғарылатылған тарифтер және т.т. жатады.
Басқа жағынан қаржы қатынастарының субъектілерінс олардың құқықтарын
әкімшілік сот тәртібімсн немесе мемлекеттің билеп-төстеуші органдарының —
өкілдікті органдары мен жергілікті әкімшіліктердің қызметі процесінде
қорғау мүмкіндігіне кепіл болады; олар ездерінің бақылауындағы құрылымдар
актілерінің заңға сәйкес келмеген жағдайда бұза алады.

2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері

Мемлекеттік қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және
пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан
қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент
бақылаудың функциясы болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың
ерекшеліктерімен анықталады. Мемлекет әр түрлі орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған қорларға, сондай-ақ меншіктің басқа нысандарының
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая
отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-қаражаттарын
жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.
Сол немесе өзге функциялардың мазмұнына, рөліне және іс-қимылының
ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік
басқару (атқарушы-өкімші қызмет) түрінде жүзеге асырылады. Мемлексттің
биліктің жоғары органы — Қазақстан Республикасының Парламенті, мемлекетгж
биліктің жер-жердегі органдары — депутаттардың жиналысы — мәслихаттар.
Атқарушы биліктің басшысы Президент болып табылады, атқарушы-өкімші
қызметті Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті жерлерде — басшылар
(әкімдер) және жергілікті әкімшіліктердің аппараты жүргізеді.
Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға:
мемлекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы заңнамасы
Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы - құқықтық нормалар
Қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету
Қаржылық қүқықтық нормалар және қаржылық қүқықтық қатынастар
Қаржылық механизмнің мазмұны мен құрылымы.
Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржылық механизм
Кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары
Қаржылық құқық. Қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету
ҚР мемлекеті мен кұкық негіздері
Бюджеттік құқық: ұғымы, пәні, әдістері, жүйесі және қайнар көздері
Пәндер