Танымдық - қүқықтық мәдениет теориясын дамыту


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ РЕФЕРАТ

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ 3

1. Жалпы мәдениеттің түсінігі және құқықтық мәдениеттің мазмұны 4

2. Құқықтық нигилизм, оның мазмұны 8

3. Қазақстан Реепубликаеының мәдениеті, оны құқықтық реттеу 11

ҚОРЫТЫНДЫ 12

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 13

КІРІСПЕ

1. Жалпы мәдениеттің түсінігі және құқықтық мәдениеттің мазмұны

Мәдениет - адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани қүндылықгардың жиынтығы. Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси, экономикалық, әлеуметтік, парасаттылық, инабаттылық, экологиялық қүқықтық т. б. мәдениет жүйе-салалары. Олар бір-бірімен тығыз байланыста қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар қоғамның әр саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте және дербестікте дамып, қоғамның экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартып, нығайтып отырады. Жақсы дамыған экономика мәдениеттің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына мемлекетпен бірге бірлестіктер, одақтар, үжымдар зор үлес қосады. Жоғары деңгейі мәдениетке қүқықтық мемлекет жол ашады.

Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылықтәрбиелікт. б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады. Ал мәдениеттің деңгей қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.

Қоғамда бүл екі жақты байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберінде ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді. Мысалы, дамыған елдердің мәдениеті артта қалған елдерге үлгі болып, олардың рухани байлығын, сана-сезімін көтеріп, мәдениетін дамытады.

Мәдениеттің мазмүны туралы ғылымда бірнеше пікірлер бар, оларды үш топкд бөлуге болады: антропологиялық, социологиялық, философиялық көзқарастар - жіктеулер:

- антропологиялық жіктеу адамдардың іс-әрекеті мен қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасқан материалдық және рухани жетістіктер. Бүл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмүнын жақсы түсіну үшін қоғамның барлық саласының жетістіктерін біріктіріп зерттеуді жақгайды;

- социологиялық жіктеу - қоғамның даму процесінде қалыптасқан рухани жетістіктер. Бүл концепцияның өкілдері мәдениеттщ мазмүнын түсшу үшін қоғамның әлеуметтік және идеологиялық жетістіктерін біріктіріп зерттеуді қостайды;

- философиялық жіктеу - қоғамдағы барлық материалдық және рухани қүбылыстардың жиынтығы - деп түсіндіреді. Бұл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмүнын түсіну үшін қоғамдағы барлық күбылыстардың объективтік және субъективтік заңдылықтарын зерттеп, ғылыми түрғыдан қорытынды түжырымдар жасауды дүрыс дейді.

Антагонистік қоғамдағы іЧатериалдық және рухани мәдениет үстемдік етуші таптың мүддесіне бағындырылған. Әрбір үлттық мәдениетте демократиялық элементтерде болады. Өйткені әрбір үлтта еңбекші және қанаушы бүқара бар, олардың өмір сүру жағдайлары демократиялық идеологияны туғызбай қоймайды.

Қазіргі замандағы мәдениет мазмүны жағынан алғанда өте кең байтақ, ол өткендегі барлық мәдениет атаулының ең прогресшіл және ең жақсы жақтарын занды түрде қабылдап, дамып келеді. Мәдениет түсінігіне тек ғылым, ағарту, өнер, тіл және әдебиет қана жатып қоймай, оған "сезім мәдениеті" де кіреді. Мәдениеттің маңызды сипаты, оның интернационалдығы. Мәдениеттің экономикалық негізі оны стихиялық дамудан сақтайды. Мәдениеттің үзіліссіз даму процесінде бірте-бірте ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы айырмашылықтар жойылады, адамның жеке басының үйлесімді жан-жақты дамуына жағдай туады.

Қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі қүқықгық мәдениет. Бүл қоғамдағы мөдени қүндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға азаматтарды баурау жөніндегі қатынастарды қүқықтық нормалар арқылы реттеп, басқару. Қүқықтық мәдениет қоғамдағы мәдениеттің деңгейінен жоғары бола алмайды. Бүл объективтік процесс.

Қүқықтық мәдениет қоғамның қүқықтық санасының, айнасы деуге болады. Ойткені бүл мәдениет адам қоғамының өткен формацияларының қүқықтық мәдениетінің жетістіктерін жинақтап, біріктіріп отырады. Қүқықтық мәдениет екі белімнен түрады: жеке түлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Жеке түлғалардың мәдениеті қоғамдық мәдениетті дамытуға шешуші үлес қосады. Қүқықтық мәдениет жалпы-халықтык байлық, ол адам қоғамының тарихи цивилизациялық жетістігі.

Қүқықгық мәдениет жеке түлғалардың білімінін, деңгейіне қарай үшке бөлінеді: күнделікті, профессионалдық, теоретикалық.

Күнделікті мәдениет жалпы қоғамдық мәдениеттің көлеміндегі дәреже. Бүл дәреже еңбектенсе өсуі мүмкін. Профессионалдық мәдениеттің бір немесе бірнеше саласын игеру. Теоретикалық мәдениеттің теориясын жақсы білу.

Қүқықтық мәдениеттің функциялары: танымдық, реттеушілік, прогностикалық, нормативтік. Танымдық-қүқықтық мәдениет теориясын дамыту; реттеушілік-мәдениетті реттеп, басқару; нормативтік - мәдениет бағытындағы нормативтік актілердің сапасын жақсарту, сол арқылы қүқықтың рөлін көтеру, күшейту; прогностикалық (болжау) - қүқықтық мәдениеттің болашағын дүрыс болжау.

Қүқықтық мәдениеттің субъектісіне қарай үш жүйеге бөлінеді: қоғамдық, топтық және жеке түлға. Бүл жүйелерге азаматтардың белсенділігі өте қажет, онсыз нормативтік актілердің іске асуы, орындалуы нашарлайды. Белсенділіктің екі түрі болады: біріншісі - қүқық шығармашылықтағы, қүқықты дамытудағы, орындаудағы белсенділік; екіншісі - заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы белсенділік.

Қоғамдық жүйедегі нормативтік актілер барлық халықты қамтып, қоғамдық көлемде мәдениетті дамыту; топтық жүйе -бірлестіктер, одақтар, үжымдар көлемінде мәдениет мәселесімен шүғылдану; жеке түлға жүйесі - жеке адамдардың рухани сана-сезімін, білімін, мәдени тәжірибесін дамыту.

Қүқықтық мәдениеттің қызметі үш топкд бөлінеді: танымдылық, бағалаушьшық, реттеушілік. Танымдылық - халықтың заң білімін білуінің деңгейі, рухани сана-сезімнің жақсаруы. Бағалаушылық тобы төрт жүйеден қүралады: қүқықтың салалары, қағидалары, қүрылымы, функциялары; қүқықтық тәртіпті; заңдылықты қорғайтын органдардың жүмысы; азаматтардың өздерінің баға беруі (заңдылыққа, төртіпке, мәдениетке) . Реттеушілік тобы -қоғамдағы мәдениет бағытындағы қарым-қатынастарды реттеп, басқару олардың, заңдылық немесе занды еместігін анықтау, дүрыс орындалуын қамтамасыз ету.

Мөдениет жүйесін қүқықтық реттеудің, басқарудың негізгі бағыттары:

-қоғамның қүқықтық сана-сезімін дамыту;

-қүқықтық шығармашылықты жақсарту;

-нормативтік актілердің дүрыс орындалуын қамтамасыз ету;

-мемлекеттің қүқықтық жүмысының нәтижесінде халықтың рухани және материалдық мүдделерішн, орындалуын жақсарту.

Осы көрсетілген төрт бағыттағы құқықтық жүмысты қоғамдық көлемде болсын жеке адамдар тұрғысынан болсын ғылыми шығармашылық процесс деп білу керек. Сонда ғана мөдениет дұрыс, прогрестік жолмен дамып, адам қоғамының рухани және материалдық жетістіктерін біріктіріп, мемлекеттің жақсы дамуына мұмкіншілік жасайды.

Адам қоғамының тарихи даму процесінен қалыптасқан ең зор мәдени байлық - құқық пен құқықтық заңдар. Адам қоғамын дағдарысқа ұшыратпай, миллион жылдар реттеп, басқарып келе жатқан мемлекет пен құқық. Мәдениеттің, құқықтың даму процесінде зақцылыкден құқықтық тәртіп қалыптасып, қоғамның прогрестік жолмен дамуына мүмкіншілік жасады. . Қоғамның мәдениет саласындағы қатынастардың басым көпшілігі заң арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Заң мәдениеттің негізгі мүдде-мақсатын анықтап, оның орындалу бағыттарын көрсетіп реттеп отырады. Заң мәдениеттің жаңа бағытын, жаңа мақсатын болжап, алдын-ала заңға тәуелді нормативтік актілердің кабылдануын қамтамасыз етеді. Заң құқықтық мәдениетті басқаратын, дамытатын аппараттарды құрып, нығайтып отырады.

Заңның дүрыс жүмыс жасауын қамтамасыз ететін, заңға тәуелді нормативтік актілер. Сондықтан қүқықгық мәдениетті дамыту үшін мемлекет барлық басқарушы аппараттардың (Үкімет, министрлік-ведомствалық, жергілікті органдардың) жүмысын жақсартып, олардың нормалары мен қүжаттары дүрыс, сапалы, уақытында қабылданып, қоғамдағы мәдениет процесін реттеуді, басқаруды тиісті дәрежеде үстауды қамтамасыз етеді.

Қүқықтық мәдениеттің жақсы дамуының негізгі шарттары: халықгың рухани сана-сезімін дамыту; мемлекеттік биліктің үш бағыттағы жүмысын жақсарту; заңдылықты, қүқықтық тәртіпті орнату; мәдениеттің жетістіктерін қорғау; қүқықтык мемлекет қалыптастыру.

Бүл шарттарды орындау үшін біріншіден - қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік даму процесін күшейту; екіншіден - мәдениеттік аппараттағы қызметкерлердің сапасын жақсартып, білімін, тәжірибесін көтеру; үшіншіден - демократияны дамыту керек.

Қүқықтық мәдениеттің ең жоғары деңгейдегі түрі -

профессионал-заңгерлер. Бүл топқа жататындар: мемлекеттің заңды қорғайтын органдарында қызмет атқаратын азаматтар және заңгерлердің кәсіпқойлық ғылыми үйымдарында жүмыс істейтін мамандар. Олардың кепшілігінің қүқықтық сана-сезімі, білімі, тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болады. Сондықтан олар нормативтік актілерді қабылдауға, қорғауға, орындауға өте зор үлес қосады, қателікке, кемшілікке жол бермейді. Бүл бағытта маман заңгерлердің рөлі өте жоғары дәрежеде болады. Олар қүқық теориясын ғылыми түрғыдан жан-жақты зерттеп, дамытып отырады, нормативтік актілердің сапалы болып шығуына, орындалуына көп үлес қосады.

Мемлекеттік профессионал заңгерлердің қүқықтық білімін, сана-сезімін, мамандық төжірибесін үздіксіз жетілдіріп отыруға көңіл бөліп көптеген істер атқарады, шаралар қолданады. Сол арқылы заңдылықты, қүқықтық тәртіпті дамытуға, нығайтуға мүмкіншілік жасап отырады. Профессионал заңгерлердің басым көпшілігі адал, жақсы қызмет атқарады, демократияны, әділдікті, тендікті, бостандықты дамытуға, нығайтуға зор үлес қосады.

Сонымен бірге көп мемлекеттердің өмір тәжірибесі көрсеткендей, заңгерлердің ішінен азшылық болса да заңдылықты, қүқықтық тәртіпті бүзатындар кездесіп жатады. Оның себебі сана-сезім, мәдениетінің, білімінің деңгейі төмен, нашар болуынан. Ондай адамдар әшкереленіп, қүқық қорғау органдарынан қуылады.

Қоғамның қүқықтық мәдениетін жетілдіруге заңгерлердің ғылыми және кәсіпқойлық қоғамдастарының, үйымдарының маңызы өте зор. Олар нормативтік актілердің сапасын көтеруге, нормалардың қателіктерін түзеуге, кемшіліктерін жетілдіруге, қүқық теориясын дамытуға көп үлес қосады.

Қүқықтық мәдениет екі деңгейден түрады: адамдардың сана-сезімінің деңгейі және олардың мамандығының деңгейі. Қүқықтық мәдениеттің сапалы немесе сапасыз екенін қоғамдағы бостандықтың, әділеттіктің, демократияның, заңдылықтың, қүқықтық тәртіптің деңгейінен білуге толық болады. Қүқықтық мәдениет сапасының жоғары дәрежеде болуы қүқықтық мемлекетті қалыптастыруға зор әсер етеді.

2. Құқықтық нигилизм, оның мазмұны

Қүқықтық мәдениетке қарама-қарсы бағыт-құқықгық нигилизм.

Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мұраларды, ғылым зандарын, мәдени және моральдық қағидалар мен нормаларын, қоғамдық өмірдің нысандарын т. б. жоққа шығарып мойындамау. Ресейде, Германияда, Испанияда т. б. еуропалық елдерде нигилизм XIX ғасырда қалыптасқан саяси реакцияшыл ағым. Марксизм болашак^а - коммунизмде - мемлекет пен құқық болмайды деп түсіндіреді. Қазіргі заманда саясатшылар, заңгерлер, ғалымдар күқық пен мемлекет адам қоғамымен бірге өмір сүреді дейді.

Нигилизм әлеуметтік құбылыс, оның аз да болса дүрыс бағыты болады. Мысалы, Ресейдегі патшалықсаяси- экономикалық жүйеге демократтардың қарсы күресі (XIX ғ. ) . Кеңестік дәуірде тоталитарлық саяси басқару жүйесіне еліміздегі қарсы күрес. Бүл саяси күрестердің стратегиясы дүрыс, тактикасы - күресті жүргізу нысаны реакцияшыл бағытта болды - террор, төңкеріс т. б. Бірақ бүл саяси ағындарды нигилизмге толық жатқызуға болмайды.

Нигилизмнің өзіне тән белгі-нышандары: субъективизм, волюнтаризм, үстемділік, асыра сілтеу, террор, төңкеріс, контрреволюция т. б. Нигилизмдік саяси бағыттағы қозғалыстар әр елдерде әр түрлі нысанда үзіліссіз жүріп жатады. Постсоветтік республикаларда нигилизмнің түрлері, нысандары көбеюде. Олар әр түрлі саяси бағыттағы қозғалыстар, монархистер, социалистер, большевиктер т. б.

Бүл қозғалыстар қоғамның, халықтың өміріне көп зияндар келтіруде: рухани, моральдық, инабаттылық, адамгершілік кдсиеттерді жоюда, еңбексіз баю жолында, ар-үятты, әдет-ғүрыпты, салт-дәстүрді аяқ асты қылуда.

Бүл топтың біразы мемлекеттің ең жоғары басқару аппаратына орналасып алған. Қазіргі кезде постсоветтік республикаларда нигилизмнің көріністері жоғары мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетінен байқала бастады. Социалистік жүйеден нарықты экономикалық жүйеге көшеміз деп еліміздің экономикалық, әлеуметтік байлығын талан-таразға салып, өздері байып, жүртты қу-тақырға отырғызды.

Қүқықгық нигилизмнің түрлер. Нигилизм сан қырлы, өте қауіпті саяси ағым. Ол өзінің реакцияшыл тактикасын неше түрлі шым-шырақай өзгерістерге айналдырып халыкты алдауға өте шебер. Осы реакцияшыл тактиканың негізгі түрлері:

1) . Қоғамдағы қүқықтық нормалардың талаптарын қасақана орындамау іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі. Бүл қүқық бүзушылық қылмыс немесе теріс қылық, қоғамға, үйымдарға, адамдарға моральдық, материалдық, зиян келтіретін, адамдардың өміріне қауіп төндіретін қоғамға жат қылықтар.

2) . Адамдардың жаппай заңды нүсқауларды орындамай, өздерінің ойдан шығарған нормасымен жүріп, қоғамдағы азаматтық, әкімшілік тәртіпті бүзуы. Бүл мемлекеттің әлсіздігі.

3) . Заңдардың арасындағы күрес - соғыс, нормативтік актілердің арасындағы қайшылықгар. Кейде заңға тәуелді нормалар заңнан жоғары болып кетуі де кездесіп жатады. Бүл нигилистік асыра сілтеу . . . Заңцардың, биліктің күресі - соғысы қоғамға өте қауіпті нигилистік іс-әрекет.

4) . Заңдылықты субъективтік, прагматикалық саясатпен ауыстыруға талаптанған ағымдарда өмірде кездесіп жатады. Олар қоғамның объективті дамуына көп зиян келтіреді.

5) . Мемлекеттің билік және басқару органдарының арасындағы күрес-қайшылықтар. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мен Президентінің арасындағы келіспеушіліктер, Жоғарғы Кеңестің таратылуы.

6) . Қоғамда адамдардың бостандығы, қүқыісгары, тендігі толық қамтамасыз етілмесе саяси нигилизмнің негізіне айналып, көп зиян келтіруі мүмкін, соғысқа апаруы мүмкін. Мысалы, Ресейдегі чечен халқына қарсы соғыс.

7) . Әр түрлі теориялардың арасындағы қайшылықтар, күрестер. Мысалы, марксистік және буржуазиялық идеологияның күресі 50 жыл атом қаруын себепсіз дамытып, дүние жүзіндегі халыққа қауіп төндірді.

Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келіп қазіргі замандағы нигилизмнің негізгі нышандарына тоқтайық:

- нигилизмнің идеологиясымен уланған адамдардың мемлекеттік аппараттың барлықдеңгейінде, қоғамдық үйымдарда барлығы ақиқат-шындық;

- нигилизмнің сан қырлы сипаттарының түрлері парламентте, Президенттік аппаратта, үкіметте, министрліктерде, занды қорғау органдарында көрініп қалып жүр;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мәдениеттің түсінігі және түрлері
Құқықтық мәдениет - қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі
ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
Сабақ беруде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға қойылатын негізгі талаптар
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің рөлі
Құқықтық мемлкет идеясын қарастыру
Құқықтық сана ұғымы, түсiнiгi және маңызы
Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz