Құқықтық норманың түсінігі мен мазмұны
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР
1. Құқықтық норманың түсінігі мен мазмұны
Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын
әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың,
мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма
қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды.
Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық
қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара
құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді:
қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, тендікті,
әділеттікті, адамгершілікті, заңцылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани
сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын т.б. демократиялық іс-
әрекеттерді біріктіреді.
Құқықтық норманың құндылығы:
- құқықтық нормалар қоғамды реттеп, басқарудың құралы, сол арқылы
адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс бағыт беріп
отырады;
- құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы
құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті
күшейтіп отырады;
- құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап,
қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына
мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты т.б.
демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
- құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты,
жақсартудың құралы.
Құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін,
қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма -
құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге
болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың
бостандығын жөне қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:
бірінші - адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау -
жоспарлауы (ішкі бостандық); екінші - өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап,
оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).
Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар
арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке
мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды
дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды
реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты,
әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси,
әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады.
Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конституцияда және заңдарда
көрсетілген.
2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-
тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады. Бола-шақ қатынастың, оны
реттеудің, орындалуының "үлгісін" жасайды. Міне осы "үлгілерді" зерттеу
арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар
дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты
әлеуметтік түрақты процесті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор.
Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы
қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың
дұрыс орындалуына үлес қосады.
Құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын,
маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруын толық түсінуге
болады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды
күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол
нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары
толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек
заңға нышан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет
қамтамасыз етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар,
мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны
толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны
толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі,
екіншісінде - оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде -
қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып
шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым
көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса, жетіспейтін
элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен, құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары
мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен
қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын
қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты,
мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық
нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп
ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде
немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының
"Салық туралы" заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің
баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нор-малардың элементтері:
диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция - қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен
міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың діңгегі, құқыктық тәртіптің
үлгісі-моделі. Мысалы, КР, АЗК, 482 б. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен
шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.
Диспозицияның үш түрі болады:
- жалпылама түрі - нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері айқын
көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы заңда республикалық, облыстық,
аудаңдық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;
- айқын түрі - диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы,
қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
- сілтеу түрі - диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу
жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.
Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті
қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін
жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (КР, ҚК - 7 б.).
Гипотезаның үш түрі болады:
- егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
- егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, ондай гипотезаны - күрделі гипотеза деп атайды;
- егерде норманың, іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы
басталса, мұндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.
Санкция - диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз
салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі
болады:
- абсолютті айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып
төлеу т.б.;
- салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы
жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);
- альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын
қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз
рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі
элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.
Нормативтік актілердің жеке баптарында норманың элементтері толық
болмайды. Конституцияның баптарында тек гипотеза мен диспозиция ғана
болады. Кылмыстық кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс
жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін
немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып
алуға болады.
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.
1. Тікелей норманың үш элементін (гипотеза, диспозиция, санкция) толық
келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл
құқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.
2. Сілтеме ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz