Құқық қорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Құқыққорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер 2
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер тізімі 11

Кіріспе

Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды танып-білуге деген ұмтылыс күннен-
күнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пәндер ретінде қалыптасуда. Бұл
екеуін біріктіретін басты өзек — адам. Осындай тоғысудың нәтижесінде ғылыми
талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық философиясы немесе тәжірибедегі
құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық, жергілікті құқық және т.б.
қалыптасады. Құқық философиясына жүгіну — қазіргі заманға адам өмірінде
құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы — құқықтың
танымдық, құндылықты және әлеуметтік негіздері туралы ғылым, құқықтың мәні
туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда, адамның қандай себептердің
нәтижесінде және қандай мақсаттар үшін құқықты орнықтыратындығы туралы
ғылым.
Құқық этикасы белгілі бір дәрежеде құқық философиясының сипатына ие.
Алайда, сонымен қатар, құқық этикасының өзіне тән бірқатар ерекшеліктері де
бар. Философия әртүрлі мектептер мен бағыттарға объективтік шолу жасауға,
барлық құқықтық теориялардың жиынтығы мен олардың дүниетанымдық негіздерін
қамтитын белгілі бір көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал құқық этикасы тек
бір ғана аспектіні таңдайды. Ол, біріншіден, құқықты емес, құқықтағы адамды
қарастырудан, екіншіден, адамның құқыққа деген құндылық қатынасын талдаудан
құралған. Бұл қатынас адамның құқықтық шындықты бағалауын білдіреді. Мұндай
бағалау әрқашан жекелік сипатқа ие және іштей еркін бола тұрып,
адамгершілік сипатты да иеленеді: адамның еркіндік, әділдік, жақсылық пен
жамандық, басқалар мен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасымен тығыз
байланысты болады.

Құқыққорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер

Құқыққорғау қызметі қылмыскерлермен күресуінің, арнайы күш-құралдарды
қолдануы нәтижесінде өз қызметкерлерін адамгершілік шиелініс жағдайына жиі
алып келеді. Аталған шиеліністер себептердің қарама-қайшылық бағыттылығы
жағдайында жиі болады. Мұндай жағдайда субъектіге борыш талаптарынан
көрініс тапқан қоғамдық қажеттік пен өзінің жағдайға байланысты пайда
болған көзқарастарын, алыс және жақын мақсаттың біреуін, үлкен және одан
азырақ қауіптің біреуін таңдауға тура келеді.
Адамгершілік шиеліністің ерекшелігі мынада — белгілі бір жағдайдағы
моральдық нормаға негізделген әрекеттің басқа біп норманы бұзуы. Бұл
жердегі күрделілік адамның кейбір адамгершілік нормаларды білмеуі
салдарынан таңдау жасай алмауында емес, тіпті, оның моральдық талаптарды
орындағысы келмейтінінде де емес, мәселе — осы талаптардың бір-біріне қайшы
келмеуін болдырмаудың қажеттігінде.
Мысалға, құқыққорғау органдарының қызметкері сезіктінің немесе
айыпталушының пәтеріне тінту жасауға келгенде төсек тартып жатқан науқас
адамды көрді делік. Оның алдында мынадай таңдау тұрады: заң талаптарын
орындай отырып, қатты науқас болсадағы, сол тұлғаның төсегіне тінту жасау
немесе адамгершілік көзқарастар негізінде төсекті тінтуден бас тарту.
Құқыққорғау органдары қызметкері үшін кәсіби мәні бар шиеліністердің
қатарынан сыртқы және ішкі шиеліністерді атауға болады. Сыртқы шиеліністер
адамдар арасындағы адамгершілік шиелінстер ретінде көрініс табады (тұлға-
қоғам, тұлға-топ, тұлға-тұлға, топ-топ, топ-қоғам). Олар жеке тұлғалардың,
әлеуметтік топтардың және қоғамның құндылықты бағыт-бағдарының қайшы келуін
білдіреді.
Ал ішкі шиеліністердің табиғаты басқаша. Олардың қайнар көзі болып
тұлғаның жүріс-тұрысының бір-біріне бағынышты себептерінің күрделілігі,
әртүрлі сипатта болуы табылады.
Бірқатар жағдайларда ішкі шиеліністі шешу сыртқы шиеліністің пайда
болуына негіз болуы мүмкін. Мысалы, тұлғаның құқыққорғау органдарымен құпия
негізде одақтасуы, оның ішкі шиелінісін жеңудің негізінде жүзеге асқанымен,
осы құпия көмекші мен оның қызмет ету саласының (егер бұл сала моральға
қайшы қызметпен айналысса) арасында сыртқы шиелініс туындауы мүмкін.
Құқыққорғау органдары қызметкерінің тағы бір ерекшелігі — кей кездері
өзінің мемлекеттік құрылымдарға қатысын жасыра отырып, оған қылмыстық
ортада жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай жағдайларда адам санасында бір
мезетте екі адамгершілік жүйелер қалыптасады: біріншісі — ол өзі
қабылдаған көзқарастар жүйесі; екіншісі — қылмыстық ортада негізге алынған
көзқарастар, ал қызметкер өз жүріс-тұрысын осы екінші жүйеге негіздеп,
оңтайландыруы керек.
Мұндай жағдайларда адамның санасында моральдық құндылықтардың әртүрлі
жүйелері бір мезетте шиелініске түседі. Бұл көзқарас тұрғысынан аталған
шиеліністі ішкі деп те атауға болады. Алайда, ішкі шиеліністің ерекшелігі
мынада — оған тұлға өзі дұрыс деп санайтын құндылықтардың, нормалардың
күресі тән. Ал сыртқы шиелініске өзінің көзқарастарына қайшы сенімдердің,
көзқарастардың, құндылықтардың, идеялардың дұрыстығын жоққа шығару тән.
Бөтен салада жасырын жүрген қызметкер осы салада үстемдік құрған моральдық
құндылықтарға қатысты өзінің шиеліністі қарым-қатынасын жасыруға мәжбүр
болады. Мұндай жағдай моральдық таңдаудан емес, жедел-іздестіру қызметінің
ерекшеліктерінен туындайды. Сол себепті де, мұндай шиеліністі сыртқы
шиеліністің жасы-рын нысаны деп атауға болады.
Құқыққорғау қызметіндегі моральдық шиеліністердің көрініс табу нысандары
түрліше. Олар осы қызметтің белгілі бір бағытының нақты ерекшеліктеріне,
осы қызмет жүзеге асатын ерекше жағдайларға, шиелініске қатысушылардың
әлеуметтік-психологиялық мінездемелеріне және басқа да жағдайларға
байланысты.
Шиеліністің дамуы оны шешуге, яғни, жүріс-тұрыс немесе әрекеттің белгілі
бір түрін таңдауға алып келеді. Мұндай жағдайда адамға өзі қабылдайтын
шешімнің негізінде жатқан дұрыс бағытты анықтауға көмектесудің маңызы зор.
Бұл бағыт адамның өзі қабылдайтын моральдық талаптары сенімге айналған
сайын берік бола түседі. Аталған мәселе құқыққорғау қызметі үшін, нақты
айтқанда, құпия көмекшілермен жұмыс үшін тәжірибелік мәнге ие. Құпия
көмекші өзінің құқыққорғау органдарымен бірігіп қызмет ету туралы
қабылдаған шешімінің дұрыстығын сезінсе де, бұл шешімнің моральдық маңызы
зор екендігін түсінсе де, жедел іздестіру өкілінің тапсырмаларын саналы
және ерікті түрде орындаса да, өз әрекетіне субъективтік, психологиялық
түрде іштей қанағаттанбауы мүмкін. Өз жүріс-тұрысынды түсіну, сезіну
сенімге, әдетке, тұрақты сезімдерге айналмауы мүмкін. Құпия көмекші дұрыс
әрекеттер жасап, оларды негіздей алса да, бұл негіздеу сеніммен жүзеге
асырылмауы мүмкін. Өзін-өзі мәжбүрлеу, борыш сезімі — бұлар да оң әрекеттің
жоғары негіздері, алайда оларды адамгершілік жүріс-тұрыстың жоғары түрін
сипаттайтын сеніммен бір қатарға қоюға болмайды.
Әдебиеттерде адамгершілік шиеліністердің алдын алуға және оларды шешуге
жәрдем беретін ұсыныстарды жасау ұмтылыстары біршама. Бұл жағдайда ортақ
қағида ретінде адамгершілік құндылықтардың үстемдігі туралы ереже ұсынылады
(мысалы, қоғамдық борыш жеке борышқа қарағанда жоғары, маңызды деп
саналады).
Моральдық шиеліністерді шешуде қоғамдық мүдденің жеке мүддеден үстемдігі
туралы ереже көп жағдайда орын алады. Өкінішке орай, шын мәнінде көп
жағдайда бұл ереже қате, дөрекі түсініліп, жүзеге асырылады. Шиелініс
жағдайды көбінесе жеке мүдделерге зиян келтіре отырып шешу орын алады.
Әрине, қоғамдық мүдде жеке мүддеге қарағанда әлдеқайда маңызды. Алайда, кей
кездері жағдайды дұрыс түсіну нәтижесінде жеке мүддеге ешбір зиян келтірмей-
ақ, қоғамдық мүддені қанағаттандыруға болады. Жеке мүддені қоғамдық мүддеге
бағындыру — шешімі қиын жағдайларда жиі кездесетін мәселе. Шиеліністі
жағдайдан ең жақсы, оңтайлы жолмен шығу үшін тұлғаның өз мүдделерін
ескермеуге талпынысы ғана емес, сонымен қатар, қоғамның тұлғаның мүдделерін
қанағаттандыруға деген ұмтылысы да қажет. Осындай, тұлғаның қоғамға,
қоғамның тұлғаға дұрыс қатынасы жағдайында ғана дұрыс моральдық таңдау
жүзеге асырылады.
Таңдау жағдайында қабылданған шешімді жүзеге асыру үшін қойылған мақсатқа
жетудің белгілі бір құралдары қажет. Бұл көзқарас тұрғысынан, құралдар
таңдау мен мақсаттың ортасында аралық буын ретінде көрініс табады.
Моральдық таңдаудың бұл кезеңі мақсат пен оған жету құралының өзара
қатынасының мәселесі ретінде сипатталады. Құқыққорғау органдарының
қызметкері үшін бұл мәселені шешудің ғылыми да, тәжірибелік те маңызы зор.
Адамдардың өз алдарына қойған мақсаттары мен оған жетуде қолданылатын
құралдардың арақатынасы туралы мәселе көптеген ғасырлар бойы дау туғызуда.
Басқаша айтқанда, мақсат кез-келген құралды пайдалануды ақтай ала ма?
Әрине, бұл жерде адал ниетті мақсат туралы айтылып отыр.
Этикалық ой тарихы мақсат пен құралдардың өзара байланысы туралы мәселеге
қатысты екі баламалық жауап ұсынған. Олар макиавеллизм концепциясынан және
абстрактілі гуманизмнен көрініс тапқан.
Бірінші бағыт “мақсат кез-келген құралды ақтайды” қағидасы түрінде
белгілі. Бұл бағытқа сәйкес, құралдар мақсатқа тәуелді, оған бағынады, ал
мақсат құралдардан тәуелсіз. Құралдарды таңдаудың негізгі талабы ретінде
олардың мақсатқа жетудегі тиімділігі ұсынылады, ал олардың адамгершілік
жағдайы есепке алынбайды.
Екінші концепция жоғарыдағы концепцияға қарама-қарсы бағытты ұстанған,
бұған сәйкес, ешқандай мақсат оған жету құралдарын ақтай алмайды. Құралдар
мақсаттан толығымен тәуелсіз және өзіндік оң немесе теріс құндылыққа ие.
Мысалы, бірінші концепцияның өкілдері ретіндегі иезуиттер “егер ол мақсатқа
тезірек жетуге жәрдемдессе, кез-келген зорлықты ақтауға болады” деп
санаған, ал екінші концепцияны жақтау-шылар зорлықты абсолюттік зұлымдық
ретінде тани отырып, оны мақсатқа жетудегі құрал ретінде қолдануға тыйым
салған. Соңғылардың пікірінше, құралдар қандай болса, мақсат та сондай
болады: адамгершілік сипаттағы құралдар адамгершілік сипаттағы мақсатқа
алып келсе, арам ниетті сипаттағы құралдар арам мақсатқа алып келеді.
Басқаша айтқанда, бұл концепцияның негізі мына анықтамада бекітілген:
мақсат құралдарды ақтамайды, керісінше, құралдар мақсатты анықтайды.
Әрине, иезуитизм немесе абстрактілік гуманизм таза күйінде сирек
кездеседі. Тіпті, есімін “мақсат кез-келген құралды ақтайды” қағидасымен
байланыстыратын Макиавеллидің өзі де мақсатқа жету барысында қолданатын
құралдардың адамгершілік мазмұнын толығымен есепке алмауға қарсы болған.
Құқыққорғау қызметі мақсат пен құралдардың арақатынасы мәселесін ғылыми
шешуді қажет етеді. Көп жағдайда бұл қоғамдық көзқарастың осы қызметте
қолданатын құралдарға қатысты, кейбір жағдайда мақсаттардың өздеріне де
қатысты теріс бағалауымен байланысты. Тіпті, адамның,қоғамның және
мемлекеттің қауіпсіздігін қорғауға байланысты адал ниетті мақсаттардың
болуы да құқыққорғау органдары қолданатын құралдар мен әдістерді қоғамдық
пікірдің теріс бағалауынан құтқармайды. Аталған мемлекеттік органдардың
қызметкерлері макивеллизмнің концепциясын да, абстрактілік гуманизм
концепциясын да толығымен қолданысқа енгізе алмайтыны белгілі, себебі
жоғарыдағы концепциялардың екеуі де мақсат пен құралдардың арақатынасы
мәселесін шешуде тым қатты көзқарастарды (біреуі — қатаң, екіншісі —
жұмсақ) ұстанған. Мейлінше дұрыс деп мақсат пен құралдардың объективті
түрдегі байланысын, диалектикалық әрекеттесуін танитын көзқарасты атаған
дұрыс болар.
Бұл көзқарасқа сәйкес, адамдардың алдында тұрған мақсаттардың оларға
жетудегі құралдармен өзара тығыз байланысы танылады. Сонымен қатар,
құралдардың мақсатқа кері әсері де жоққа шығарылмайды, яғни, кейбір
құралдардың адал ниетті мақсатты бұрмалау мүмкіндігі танылады. Құралдар
алдыға қойылған мақсатқа сай болуы тиіс. Бұл сәйкестікте мақсат басты рөлді
иеленуі тиіс. Мақсат құралдардың құрамын анықтап, олардың адамгершілік
мазмұнына мән береді.
Мақсат пен құралдардың сәйкестігінің біртұтастығы әрекет немесе жүріс-
тұрысқа негіз болады. Бұл әрекет немесе жүріс-тұрыс мақсат пен құралдардың
дербес құбылыстар ретінде теріс бағаланғанына қарамастан адамгершілік - оң
сипатта деп бағалануы мүмкін. Яғни, жүріс-тұрысты бағалау мақсат пен
құралдардан тәуелсіз жүзеге асырылады. Мысалы, қылмыстылықпен күрес өз
бетінше адамгершілік-оң сипаттағы құбылыс ретінде бағаланғанымен, оған жету
жолындағы адамды мәжбүрлеу мәселелері теріс бағаланатыны сөзсіз. Алайда,
біз қылмыстылықпен күрес пен мәжбүрлеуді мақсат пен құрал түрінде
қарастырсақ, мұндай теріс бағалау жоғалып кетеді. Егер сот біреуді
тонағаны үшін қылмыскерді бас бостандығы-нан айыру жазасына кессе — бұл
әділ жаза, мұнда құрал (мәжбүрлеу түріндегі түрмеде қамау) мен мақсаттың
(қылмыстылықпен күрес) сәйкестігі көрінеді. Ал, керісінше, көшені тыйым
салған жерден кесіп өту үшін бас бостандығынан айыру әділетсіз жаза ретінде
қабылданады, себебі, бұл жағдайда мақсат пен құралдың сәйкестігі қағидасы
бұзылады.
Әрекеттің немесе жүріс-тұрыстың оң немесе теріс құндылығын анықтаудың
негізі мынадай: адамгершілік сипаттағы болып, оны жүзеге асыру жүзеге
асырмауға қарағанда мейлінше аз материалдық, адамгершілік және басқа да
шығындарды алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлардағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі
Құқыққорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер
Заңгер этикасы
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуы
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның философиялық мәселелері
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЭТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ƏЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ
Әлеуметтану пәнінен дәрістер кешені
Саяси сана және саяси идеология
Шиеленістің қатысушылары
Педагогикалық ұжымдағы шиеленістер
Пәндер