ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жиырмасыншы тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Құқықтық сана — Қазқстан Республикасы азаматтарыныц жүзеге асырылып
жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардық құқықтарымен
бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық
сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінщ, бағаларының жүйесі.
Құқықтық сана қоғамдық сананың жеке бір саласы болып табылады. Ол
құқықтық болмысты заң білімдері, құқықты бағалау және оны жүзеге асыру
практикасы, құқықтық мақсаттар, құндылық бағдары түрінде бейнелейді. Осы
аталған бес бейне (заң білімдері; құқықты бағалау және оны жүзеге асыру
практикасы; құқықтық мақсаттар; құндылық бағдары (әрине бұлар құқықтық
сананы бейнелейтіндер) заңдық мәні бар жағдайлар туындағанда адамдардың
жүріс-тұрыстарын реттейді.
Басқаша айтқанда құқықтық сана дегеніміз адамдардың, әлеуметтік
бірліктердің қоғамда бар және олардың тілек-ықыластарына сай келетін
құқыққа қатыстылықтарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының,
түсініктері мен сана-сезімдерінің жиынтығы.
Құқықтық сананың функциялары:
а) танымдық;
б) бағалау;
в) реттеу.
Құқықтық сананың танымдық функциясына – құқықтық сана арқылы өмірдегі
болмысты тану жүріп жатқандыгы жатады;
Құқықтық сананың бағалау функциясына құқықтық сананың көмегі арқылы
заңды маңызы бар өмірдегі нақты болмыстық жағдайларға баға берілетіндігі
жатады.
Құқықтық бағалау қатынастарының негізгі төрт түрін атап көрсетуге
болады:
– құқыққа және заңдарға қатысты (онын қағидаларына, нормаларына,
институттарына);
– маңайындағылардың құқықтық жүріс-тұрыстарына қатысты (қылмыстылыққа,
қылмыстарға, қылмыскерлерге);
– құқық қорғау органдарына қатысты;
– өзінің құқықтық жүріс-тұрысына қатысты (өзін өзі бағалауға).
Құқықтық сананың реттеу функциясы дәлелдер жүйесі, бағалаулықтар
бағдарлары, құқықтық мақсаттар арқылы жүзеге асырылады. Бұлар жүріс-тұрысты
ерекше реттеуіші түрінде оларда сот реттеуі арқылы қалыптастырудың ерекше
механизмдері бар.
Мұндағы айрықша рөлді құқықтық мақсат орындайды. Ал құқықтық мақсат –
субъектілердің занды немесе құқыққа қарсы жүріс-тұрыстарға бару-бармауға
бейімділігі. Ал, мұндай бейімділіктің құқық субъектісінің бойында
қалыптасуы бірсыпыра әлеуметтік және психофизиологиялық себептерге
байланысты болады,
Құқықтық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық психология
және құқықтық идеологиялардан тұрады.
Құқықтық психология – сана-сезім, күшті сезім (эмоция), әсерленушілік
(қуану-ренжу, қайғыру, уайымдау, ашулану-разы болу, ауан, көңіл күйі
(шаттық, сергектік, шадымандық және т.б.), дағды, стереотип түрлерінде
көрінеді. Ал осы аталған адамдарда болатын мән-жайлар көрсеткіштері қоғам
болмысында бар заң нормалары мен оларды жүзеге асыру практикасымен (іс-
тәжірибелерімен) байланысты пайда болады. Құқықты жете түсінудің бұл ең
таралған түрі. Құқықты жете түсінудің мұндай түрі азды-көпті дәрежеде заң
элементтерінің қатысуымен пайда болған барлық қоғамдық қатынастарға тән.
Құқықтық идеология дегеніміз зандық идеялардың, теориялардың,
көзқарастардың жиынтығы. Бұл жиынтыққа кіргендер – концептуалдық және
жүйеге келтірілген түрде объективті құқықтық шындықты көрсетеді және оның
бағасын береді. Кұқықтық идеология құқыққа тұтас әлеуметтік институт
ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе философиялық мән беру
арқылы сипатталады.
Идеология аясынан және идеология арқылы бәрінен бұрын әлеуметтік
топтар мен таптардың халықтар мен мемлекеттердің жөне әлемдік
бірлестіктердің мұқтаждықтары мен мүдделері көрініс табады.
Гегельдіқ құқық философиясы, мемлекет және құқықтың табиғи-құқықтық,
позитивистік маркстік доктринасы (ғылымы), осы заманғы көптеген құқықтық
сана концепциялары (көзқарастары, тұжырымдамалары) құқық арқылы болмысты
түсіну тәсілі ретінде құқықтық идеологияның қызмет атқарғандығына мысал
бола алады.
Бүгінгі күнге құқықтық мемлекет доктринасы (ғылымы) көптеген
мемлекеттер (оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар) дамуының
идеологиялық негізі болып табылады. Саяси-құқықтық идеологиясыз осы заманғы
өркениетті қоғамның болуы мүмкін емес. Сонымен, жоғары идеологиялық
құжаттар бола алатындар мысалына АҚШ Конституциясын, ГФР Конституциясын,
француздардын 1789-ы жылғы Адам және азамат құқықтары Декларациясын
жатқызуға болады. Аталған құжаттар батыс елдері демократиясы мен құқықтар
жүйесінін идеологиялық тұғыры болып табылады.
Сонымен, ұлттық-құқықтық идеология – қоғамның ең маңызды мәдени-
құқықтық құндылықтарын сипаттайды, бұлар болса әлемнің өркениетті
халықтарының құрамына (семьясына) кіру үшін берілген өзінше бір рұқсат
құжат болады. Құқықтық сананың түрлері:
1. Субъектілері бойынша:
– дербес (жеке);
– топтамалық;
– қоғамдық.
2. Құқықтық қызмет деңгейінің жоғары-төмендігі бойынша:
– әдеттегі (үйреншікті) (эмпирикалық) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы
Құқықтық мәдениет жайлы
Құқықтық мәдениет - қоғамның құқықтық санасынын айнасы
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
Құқықтық сана ұғымы, түсiнiгi және маңызы
Құқықтық мәдениет ұғымы
ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Құқықтық сана, жалпы түсінігі
Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің рөлі
Құқықтық мемлкет идеясын қарастыру
Пәндер