ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ТУРАЛЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР КУРСОВАЯ

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ 3

1. Занды типологияның түсінігі және мазмұны 4

2. Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны 11

3. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың маңызы 15

ҚОРЫТЫНДЫ 22

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 23

КІРІСПЕ

1. Занды типологияның түсінігі және мазмұны

Қүқықтың занды типологиясы, оның түсінігі мемлекет және қүқык теориясының аса күрделі категорияларына жатады. Қүқықтың заңды типологиясының ерекшеліктері қоғамның эко-номикалық формациясының сипатымен, мазмүнымен анықтала-ды. Заңды типология қоғаммен бірге үзіліссіз объективтік даму процесінде болады. Бүл процесте қоғамның мазмүны өзгерсе, со-ған сәйкес қүқықтың занды типологиясы да өзгереді. Қүқықтың түрлерін анықтау, типке жіктеу оның тарихи даму процесін дүрыс түсіну үшін қажет.

Қазіргі заманда қүқықтың мазмүнын анықтап, түрге жіктеудің екі жолы бар: формациялық және цивилизациялық. Кеңестік дәуірде елімізде формациялық бағытты қолданып, қүқық пен мемлекеттің типологиясын марксистік теорияның пікіріне сәй-кес түсініп келдік. Бүл теорияның пікірі бойынша қүқық пен мемлекеттің мазмүны, нысаны, түрі қоғамның экономикалық ба-зисына байланысты. Қоғамның диалектикалық даму процесінің әр формациясында әр түрлі экономикалық базис болады. Соған сәйкес мемлекет пен қүқықтың мазмүны да өзгеріп отырады - деп түсіндіреді марксизм. Қүқықтың занды типологиясы қоғам-ның экономикалық материалдық базисына сәйкес нормативтік актілердің таптық мазмүнын анықтап, олардың атқаратын қызметтерінің бағытын белгілеу.

Марксистік теорияның қүл иелену, феодалдық, буржуазиялық (XIX ғасырдың ортасына дейін) формациялардағы күқық пен мемлекеттің мазмұнын, типін, түрін түсіндіру пікірі ғылыми түрғы-дан дүрыс. Ал, XIX ғасырдың ортасынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі қүқық пен мемлекеттің типологиясын түсінуге марксистік пікірді қолдануға болмайды. Себебі бүл кезенде буржуазиялық қүқық пен мемлекеттің мазмүны, нысаны, типі күрт өзгерді: ли-берал-демократиялық саяси жүйесі қалыптасты, адамдардың бос-тандығы, қүқықтары жақсы дамыды. Өкінішке қарай, мемлекет пен қүқық туралы марксистік теория социалистік елдерде дог-маға айналып, олардың мазмүнын, типологиясын ғылыми түрғы-дан дүрыс түсінуге мүмкіншілік болмады. Сол себепті социалистік жүйе дағдарысқа ұшырап, көпшіліп жаңа нарықты экономикалық жүйеге көшті.

Марксистік теорияның бұл кемшіліктеріне қарап бетті мүлдем теріс бұруға болмайды. Адам қоғамының объективтік даму заңда-рын түсінуге, әсіресе өткен формациялардың тарихын жан-жақ-ты ғылыми түрғыдан зерттеп, білуге бүл теорияның маңызы өте зор.

Формациялық типология құқықтың қанаушы үстемдік таптың мүдде-мақсатын қорғаудың үш түрі болды деп түсіндіреді: көне дәуірдегі қүқық, феодалдық қүқық, буржуазиялық қүқық. Қүфіқгың алғашқы тарихи типі - көне замандағы Египет, Үндістан, Қытай, Персия, Греция, Рим мемлекеттерінде болған қүл иеленушілер күқығы. Оның негізгі ерекшеліктері қүлдар адам қата-рына саналмаған, толығымен қүл иеленушілер табының меншігінде, қожасы мүлік ретінде сатып, айырбастап жіберуге ерікті. Қүкық құл иеленушілердің экономикалық, саяси мүддесін, өкіметі мен байлығын қорғайды. Жеке меншікке қол сүғу аяусыз жазаланып отырды.

Қүл иеленушілер дәуірі өтіп, феодалдық қоғам орнауына бай-ланысты қүқықгың тарихи екінші типі феодалдық қүқық болды. Оның нормалары үстем тап-помещиктердің мүдделерін заңға ай-налдырып, өкімет билігі мен жер-су, басқа өндіріс қүрал-жаб-дықтарға феодалдық жеке меншікті сақтауға қызмет етті. Феодал-дық қүқық бойынша қоғам мүшелері 3 сословиеге бөлінді: дво-ряндар, жер иеленуші феодалдар, басыбайлы шаруалар мен қала халқы. Заң бойынша бүлардың қүқықтары бірдей болуы мүмкін емес. Барлық қүқықтар мен бостандықтар, дәулет пен дәреже жер иеленушілер қолында. Феодалдық қүқықта діни ережелер үлкен орын алады. Мысалы, мүсылман діні тараған елдерде қүранды бүзу-шылар да мемлекеттік жазаға тартылып отырды.

Буржуазиялық құқық қорғаушы тап гар қүқығыиың тарихи үшінші типі. Оның мақсаты - капиталистік қоғамның мемлекеттік қүры-лысын үстем тап-буржуазияның мүддесін барынша корғап, заң жүзінде іске асырып отырады. Буржуазиялық қүқықтың басты өзгешеліктері: 1) ол капиталистік жеке меншікті адамның негізгі және қажетті қүқығы деп санайды; 2) қоғам мүшелері заң алдын-да тең қүқылы деп жариялайды, бірақ еңбекшілер үшін жарияла-нған тендік пен бостандықтар сайып келгенде қағаз жүзінде қалып отырды. Бүл саяси жүйе XIX ғасырдың ортасына дейін сақталып келді. Ғылыми-техникалық прогресс кезінде дамыған капиталистік елдерде либерал-демократиялық саяси жүйе қалыптасып, адамдар-дың бостандығы мен қүқықтары едөуір жақсы дамып, дамушы ел-дерге үлгі болуда.

Қүқықтьщ завды типологиясының екінші түрі- цивилизация-лық бағыт. Оның негізгі мазмүны қүқықтың, мемлекет типтерінің өзгеруіне экономикалық базистың өзгеруі жеткіліксіз дейді. Оған қоса қоғамның мәдени-рухани жүйелері жақсы дамып, олардың сапасының жоғары деңгейде болуы қажет деп түсіндіреді. Бүл пікірді ғалым-заңгерлердің көпшілігі қолдап отыр. Цивилизация-лық пікір құқықтың типін, түрін аныктаудағы әдіс-тәсілдері фор-мациялық көзқарастан басқаша. Әлемдегі елдердің экономика-лық даму түрғысын 5-түрге бөледі: үйреншікті жай қоғам, өтпелі кезеңнің қоғамы, даму деңгейі төмен қоғам, дамушы елдер қоғамы, дамыған елдер қоғамы (бүл американдық политолог Уолт Ростау пікірі) . Ол дамыған елдердің күқығы мен мемлекетін бірнеше түрге бөледі: технологиялық, индустриалдық, постиндустриалдық мем-лекеттер мен қүқықгар.

Бес түрлі қоғамның даму уақытын да жобалап көрсеткен. Қоғам-ның бірінші түрі - ауыл шаруашылықтың экономикадағы басым кезі. Екінші түрі - өндірістің ептеп өмірге келе бастауы. Үшінші түрі - техниканың өндірісте және ауылшаруашылығында қолдана бастауы. Төртінші түрі - техникалық қоғамның барлық саласын-да қолдануы. Бесінші - ғылыми-техникалық прогресс арқылы қоғамның қарқынды түрде дамуы. Міне осы 5 кезеңде - 5 түрлі қүқық пен мемлекеттің бес типологиясы болды.

Әлемдегі мемлекеттердің саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтік, географиялық т. б. үқсастығына қарай занды типоло-гияны 20 түрге бөлуде бар. Бүл ағылшын ғалымы А. Тойнбидің пікірі. Сонымен қүқықтың заңды типологиясын түсінуде форма-циялықжөне цивилизациялық тәсілдерді біріктіріп зерттегенде ғана ғылыми дүрыс қорытынды түжырым жасауға болады.

Қүқықтың хронологиялық типологиясы да болады: көне дәуірдің құқығы, орта ғасыр қүқығы, жаңа дәуірдегі қүқық, қазіргі замандағы қүқық. Олардың өздерінің әдіс- тәсілдері болады. Сол арқылы әр дәуірдегі құқықтың мазмүны мен нысанын, түрлері мен типологиясын анықтап отыруға болады. Қоғамның қүқықтык, жүйесінің элементтері: заң ғылымы, қүқықтық түсініктер, қүқықтық әдіс-тәсілдер.

Сонымен, қазіргі замандағы құкық пен мемлекет мазмүны да, типологиясы да көп өзгеріске ұшырады. Олардың қанаушылық, таптық мазмұндары бірте-бірте азаюда, жойылуда. Таптардың, топтардың ара қатынасындағы кдйшылықтар бейбітшілік жолмен тіл табысып, шешілімін табуда. Таптық, қанаушылық құқық пен мемлекет әлеуметтік құқық пен мемлекетке айналуда.

Нарықты экономика жүйесінде қоғамдық қатынастарды рет-теуде рыноктың зандарының маңызы, рөлі күшеюде, әсіресе сұра-ныс пен үсыныстың бүл процесте маңызды рөл атқаруы. Нарықты экономиканың бір ғажабы - мемлекеттің әкімшілік функциясы азайған сайын қоғамның кірісінің көбеюі, экономиканың нығаюы, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы анық байқалуы.

Либералдық-демократиялық қүқық адамдардың өміріне, жүмы-сына, іс-әрекетіне, бостандығына араласпауға, кіріспеуге қатаң мемлекеттік саясатқа айналдырып отыр. Керісінше, мемлекеттің қызметі нормативтік актілер арқылы халықтың бақылауында.

Қоғамда демократияның, бостандықтың сапасы жақсарған сай-ын мемлекет пен қүқықтың да жағдайлары түрақтанып, күшейе беруге тиіс, көп мәселелер адамдардың, үйымдардьщ өздерінің реттеп, басқаруына ауысып отырады. Осылай қүқық пен мемлекеттің мазмүны мен нысаны, типологиясы мен түрі кызметі халықтың мінез-кұлқы, сана-сезімі, іс-әрекетімен қалыптасып, қоғамның жақсы дамуына мүмкіншілік туады.

Қазіргі заманда заңды тигюлогиялық жіктеудің маңызы өте зор. XX ғасырда қүқықжүйесі үш есе өсіп, екі жүзге жақындады. Типо-логия - зандарды немесе қүбылыстарды қандай да болмасын бір белгілерінің ортақгығына, үқсастығына қарай жіктеу.

Типологияның негізгі міндеті дүние жүзіндегі көп ұлттық, аспектілік, көп түрлі қүқықтық жүйелердің тарихи дамуын, саяси, үлттық ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми жүйеге қалыптас-тыру. Мүның негіздері - дүние жүзінің күкықтық картасы, қүқықтық тарихи типі, үлттық қүқықтық жүйелері.

Қүқықтық жүйелерді жіктеу, оларға сипаттама берудің бірнеше жолдары, түрлері болады. Бүлардың ішіндегі ең негізгі саяси, эко-номикалық, әлеуметтік т. б. сала жүйеге бөліп қалыптастыру, сол арқылы әр елдің қүқықтық жүйелерінің айырмашылығын, ара жіктерін анықтау.

Қүқықтың жүйесі бір елдің нормативтік актілерін сала-салаға беліп жіктеу. Қүқықтық жүйе үлттық көлемде барлық нормаларды біріктіріп, оның мазмүнын, белгілерін, қағидаларын, функцияла-рын т. б. ерекшеліктерін анықтау.

Қүқықтық типологияны қалыптастыратын қүбылыстар: ұлттық құқыктық жүйе, қүқықтың тарихи типтері және қүқықтық жүйелердің мазмүндарының үқсастығы (күқықтық семья) .

1. Үлттық қүқықтық жүйе - бір елдің шеңберінде экономика-лық, саяси, тарихи және үлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қалыптасқан қүқықтық жүйе. Сонымен бірге бүл жүйе өз елінің рухани, мәдени, әдет-ғүрпын, салт-дәстүрін де бірлестіре дами-ды. Бүл қүқықгық жүйенің қүндылығы - осы үлттық өзгешіліктерді, ерекшеліктерді ескере, бірлестіре отырып қалыптасуында.

2. Қүқықтық "семьялық" жүйе-қүқықтық нормалардың мазмү-нына қарай бірлестіріп, жүйелеу. Бүл жүйелеуге бір немесе бірнеше дәуірдің күқықтық нормалары кіруі мүмкін. "Семьялық" жүйелеудің үш негізгі компоненті болады: қүқық жүйесі, тәжірибе және қүқықтық сана. Бүл үш элемент қүқықтық "семьяда" міндетті түрде болуға тиіс. Әр елдің үлттық экономикалық, саяси, тарихи, мәде-ни т. б. ерекшеліктеріне сәйкес дамып, қалыптаскан қүқықгықжүйе-де, оның "семьялық" мазмүны айқын көрініп, бір занды типоло-гияны қүрастырады.

3. Қүқықтың тарихи типтері - қоғамның, экономикалық, саяси, рухани, мәдени бірлестіктері арқылы қалыптасатын күқықгықжүйе. Бүл туралы бірнеше пікір бар. Марксизм қүқықтың түрін таптық күрылыспен және экономикалық жағдайлармен байланыстырады, сондықтан күл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік қүқықтың түрлері болады деп түсіндіреді. Дүние жүзінің заң ғылы-мының пікірі - құқықтың өзгеруіне тек экономикалық базистің өзгеруі жеткіліксіз. Оған қоса қоғамның саяси, рухани, мәдени негіздері өзгеруге тиіс. Сонда ғана қүқық жаңарып, жаңа занды қүқықтық типология қалыптасады.

4. Бүл пікірдің қорытынды түжырымы бойынша, қүқықтыд тарихи төрт түрі болады: ежелгі дәуірдегі қүқықжүйесі, орта ғасыр-лардағы қүкдқ жүйесі, жаңа ғасырлардағы қүқық жүйесі қазіргі замандағы қүқық жүйесі.

5. Ғаламдық қүқықтық типология - қазіргі замандағы дүниежүзілік көлемде қүқықтық жүйелердің бірлестігі мен дербестігін зерттеп, олардың бір бағытта дүрыс дамуына ғылыми түрғыдан мүмкіншілік жасауда. Оның негізгі бағыты дүниежүзілік қоғамның саяси-экономикалыққүрылысын, дамуын жақындастыру. Бұл ғаламдық құқықтық типологияны қалыптастырудың негізгі критериі болуға тиіс. Осы процесс арқылы бірнеше мәселе анық-талуға тиіс: бірінші - ұлттық құқықтық жүйелердің әлемдік көлем-де пайдалануға болатын нышан-белгілері; екінші - жартылай (бірнеше мемлекеттердің бірігуі) пайдалануға болатын белгілері; үшінші - қүқықтың семьялық жүйе көлемінде пайдалануға бола-тын белгілері; төртінші - тек үлттық қүқықтық жүйе шеңберінде ғана дамитын қүқық жүйесі. Бүлардың алғы үшеуі ғаламдық, қүқықтық типологияны қалыптастырудың негізгі бағыттары.

Қазіргі заманда үлттық қүқықтық жүйелер объективті прогрестік жолмен дамып, соған сәйкес занды типологияның мазмүны да өзгеруде:

- қүқықтың негізгі бағыты халықтың әлеуметтік жағдайы және адамдардың денсаулығына бет бүру;

- әлемдік глобальдық проблемалардың барлық мемлекеттерді біріктіруі, сол арқылы қүқықтық жүйелердің өзара бірігіп дамуы;

- қүқықтық мемлекетті қалыптастыру дүниежүзілік мүдде-мақ-сатқа айналуы.

Сонымен, заңцы типология - әлемнің қүқықтық картасына көп аспектілі жіктеп, көп қырлы анализ берудің алғы шарты. Филосо-фиялық түрғыдан заңды типология қүқықтың тарихи типтеріыің бірлестігін, қүқықтық семьяның ерекше маңыздылығын, үлттық құқықтық жүйесінің бірлігін көрсетеді.

Сондықтан қүқықтың мазмүны өзгеру үшін тек базистың өзгергені жеткіліксіз, оған қоса қоғамның мәдениеті, рухани сана-сезімі де дамып, өзгеруі керек. Қазіргі заманда дүниежүзінің ғалым-дары толығымен цивилизациялық пікірді дүрыс деп қолдауда. Цивилизациялық көзқарас қоғамның сонымен бірге адамның ру-хани сана-сезімін, мәдениетінің деңгейін және таптық мүдде-мақ-сатты қоғамдык мүдде-мақсатпен біріктіріп зерттейді.

2. Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны

Әлеуметтік нормалар тарихи дамудьщ белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін реттейтін талаптар. Әлеуметтік нор-малардың үш ерекшеліктері бар: 1) қоғамдық маңызы бар іс-әре-кеттерге ынталанудан шығады (мақсат, ой-арман, рухани қүнды-лықт. б. ) ; 2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін керсетеді; 3) қоғамдық үйғарым-ның (санкцияның) негізі болуы керек.

Әлеуметтік нормалардың мәнін ғылыми жолмен түсіну үшін, ең алдымен, оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп үғыну керек. Марксизм ілімі адамдардың іс-әрекеті мен әлеуметтік нор-малар арасындағы байланыстың өте күрделі диалектикалық сы- рын ашып, қоғам дамуының негізі экономикалық өмірге тәуелді екендігін ғылыми дәйектілікпен дәлелдеп берді. Әр түрлі қоғам-дық экономикалық формациялардың өздеріне тән әлеуметтік нормалары қалыптасады да, олардың қүрамы мен элементтерінің арақатынастарында ерекшеліктер болады. Бір қоғамдық-эконо микалық формацияның қалыптасуына сәйкес әлеуметтік норма-лардың кейбір компоненггерінің өзгеріп отыруына қарамастан, тарих сахнасына шыққан жаңа үрпақтар оны дайын күйінде қабыл-дап, болашақ іс-әрекетінің қажетті қүралы ретінде пайдаланады. Әрбір қоғамдағы әлеуметтік әртүрлі саланы қамтып, олардың жиынтығы сол қоғамдағы әлеуметтік нормалардың түтас жүйесін қүрайды.

Әлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін ат-қару үшін, олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес келуі қажет. Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік норма мен қоғамдық тәжірибе туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік болады. Мүндай сәйкессіздік, әсіресе, діни нормалар мен адамдардың күнделікті іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік нормаларға дәстүр, эдет-ғүрып, моральдық және қүқықтық нор-малар, саяси, діни, эстетикалық қағидалар және үйымдастыру-техникалық ережелер жатады. Әлеуметтік нормалардың компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке адамдардың әлеуметтік нормаларды қабылдап, ішкі сенім-ниетіне айналды-руы-қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды саласы. Әлеуметтік нор-маларды қабылдауға бейімдеу жолдарының бірі - нормаларды саналы түрде меңгеру, бүл процестің екінші практикалық жағы - сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі қажеттілігіне, нормасына, дағдысына айналдыру. Тарихи қалыптасқан әлеуметтік және қоғамдық үйымдар туғызған нормалар жаңа қоғамдық қаты-настарды жетілдіруге, болашақ адамдардың санасының калыпта-суына ықпалын тигізеді.

Қоғамдағы әлеуметтік тәртіптің дамып, нығаюына сан-қырлы құбылыстар мен толып жатқан факторлар өздерінің әсерін тигізіп жатады. Оларды үш топқа бөлуге болады:

- табиғи құбылыстардың, факторлардың, уақиғалардың тигізетін әсерлері: , халықтың миграциясы, адам-дардың емір сүруінің үзаққа созылуы, егіннің жақсы енім беруі т. б. ;

- нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы орындалуы;

- адамдардың өзара қатынастарын өздерінің сапалы орындауы. Қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормаларды төрт

топқа бөледі:

- табиғи нормалар - ғылыми түрғыдан зерттеліп, тәжірибеден өткен үсыныстар. Мүндай үсыныстарды ғылыми нормалар деп те атайды;

- ғылыми зерттеуден еткен, тексерілген техникалық және та-биғи ережелер, инструкциялар;

- әлеуметтік нормалардың көпшілігі осы топқа жатады;

- қүқықтық нормалар.

Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі қүрал - әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа үшырамай, біркелкі дүрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бүл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық про-цесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқы-лы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның езгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.

Әлеуметтік нормалардың белгі-нышандары:

1. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдықережесі. Жеке адамдар, үжымдар, бірлестіктер, одақтар, үйымдар осы ережеге сәйкес өмір сүруге, жүмыс жасауға тырысады.

2. Әлеуметтік нормалар - қоғамдық дәрежедегі ереже, бүл нор- маларды дүрыс, жақсы орындау бар азаматтардың, барлық үйым-дардың негізгі міндеті, орындамаса халықтың сөгісіне, сынына душар болады, жауапкершілікке тартылады.

3. Әлеуметтік нормалар жай ғана ереже емес, ол қоғамдык міндетті түрдегі ереже. Ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орында-луға тиіс ереже. Бүл қасиет қоғамның миллиондаған жылдар даму тәжірибесімен тексеріліп, сарапталып, қалыптасқан нормалар.

Осы көрсетілген белгі-нышандары, ерекшеліктері арқылы әлеуметтік нормалар қоғамды басқарудың, қатынастарды реттеудің негізгі қүралына айналды. Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:

- қүқық нормасы;

- моральдық нормалар - жақсы - жаман, дұрыс-бүрыс, әділеітік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық парасаттылық, адамгершілік т. б. қасиеттер;

- саяси нормалар;

- эстетикалық нормалар;

- қоғамдық үйым, үжымдардың ереже- қағидалары;

- адамгершілік нормалары - олар адамдарды жақсылыққа, ина-баттылыққа, парасаттылыққа, әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелейді;

- әдет - ғүрып нормалары - адамдардың көне дәуірден қалып-тасқан жақсы қасиеттері мен жақсы іс-әрекеттері;

- салт-дәстүр нормалары - әр үлттың, әр халықтың өздерінің ерекшеліктерінен қалыптасатын дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу, үйлену, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т. б. дәстүрлері;

- діни, имандылық, инабаттылық нормалар.

Осы әлеуметтік нормалар біріге келе - адамдардың қоғамдық өмір сүруінің ережесі деп аталады. Әлеуметтік норма - қоғамдағы адамдардың, үйымдардың, үжымдардың ара қатынасының, іс-әрекетінің, мінез-тәртібінің ережесі.

Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара ты-ғыз байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базисты, бір қоғамдық саясатты, бір әлеуметтік түрмысты, бір мәдениетті, бір мүдде-мақсатты қорғап, дамытады.

Әлеуметтік нормалардың мазмүнын екі түрғыдан түсіну керек: біріншісі - қоғамдық мүдде-мақсатты орындау, іске асыру бағыты; екіншісі - жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, дамыту ба-ғыты. Бүл объективтік бірлестік. Өмірде біржақты әлеуметтік норма болмайды.

Әлеуметтік нормалардың өмірге келу себептері қоғамның объективтік даму процесінде жаңа қарым-қатынастар қалыптас-тырады. Бүл объективтік процесс. Сол арқылы жаңа қүқықтық норма қабылданады. Бүл субъективтік процесс.

Әлеуметтік норма - қоғам қабылдаған адамдардың мінез-қүлқы-ның, іс-әрекетінің, тәртібінің ережелері мен оларды реттеп-басқ-ару нормалардың жиынтығы.

3. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың маңызы

Қүқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың ең күрделісі, ең көлемдісі, ең маңыздысы. Құқық адамзаттың әділдік және азат-тық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі.

Көне заманнан ғалымдар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып, оған сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың үш пікірін айтуға болады: 1) нормативті түрғыдан қарау бойынша - қүқықты заң нормалары-ның жүйесі деп санау; 2) социологиялық түрғыдан қарау бойын-ша - құқықты реттелетін қоғамдық қатынастармен үқсас деп са-нау; 3) философиялық түрғыдан қарау бойынша - құқықты бос-тандық пен әділдік деңгейімен байланыстыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың заңды типологиясы және әлеуметтік нормалар
Құқықтық қатынастардың классификациясы
Құқықтың пайда болуы
Құқық және заң аналогиясы
Құқықтың тарихи типтері
Құқықтың маркстік теориясы
Мемлекеттің құрылым нысаны
Құқықтың типологиясы
Топтар психологиясы.
Құқық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz