Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы, түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы мен түрлері

1. Азаматтық кұкықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
азаматтық құқық объектісі деп аталады. Мүліктік және жеке
мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық
объектілері бола алады.
Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық кұқық объектілеріне кеңінен
тізбе келтірілген: а) мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке)
жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар,
жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтердің объектігіне
айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды
дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік
жатады; ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады:
жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік
бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім
алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа
материалдық емес игіліктер мен құқықтар.
Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалық (шаруашылық) және
физикалық қасиеттерінің азаматтық құқықта үлкен маңызы бар. Затқа қатысты
туындайтын заңдылық қатынастардың сипаты күні бұрын белгіленеді. Сондықтан
азаматтық құқықтың ғылыми негізі заттарды тиісті физикалық немесе
экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді.
Азаматтық құқықтың объектілерінің көбі айналым қабілеті болып
келетіндігінен өзгеге еркін түрде беріліп, бір тұлғадан екіншісіне ауыса
береді. Азаматтық кодексте басқа біреуге беруге болмайтын материалдық емес
игіліктер жөнінде арнайы талап бар. Мұндай игіліктер тізімі Азаматтық
кодекстің 115-бабының 3-тармағында көрсетілген: олар - өмір, денсаулық,
тұлғаның ар-намысы және т.б.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның табиғатына тән
нәрсе (АК-тің 120-бабы). Бөлінетін зат бөлген кезде өзінің бастапқы
қасиетінен айырылмайды. Бөлінбейтін зат бөлінгенде мәнін (өзінің шаруашылық
мақсатын) жоғалтып алады, сондай-ақ құжаттарында көрсетілгендей, бөлуге
жатпайтын заттар кездеседі (мәселен, ескерткіш).
Азаматтық кодексте затты басты керек-жарақ (қосалқы) беп бөледі (Ак-
тін 122-бабы). Басты зат деп дербес алатын және азаматтық құқықтық
қатынастың тікелей пәні болып табылатын затты айтады. Керек-жарақ (қосалқы)
зат басты затқа қызмет етеді, өйткені, олардың шаруашылық мақсаты бір
болады, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, басты затқа
ілесіп жүреді (мәселен, құлыптың кілті, скрипканың қылшыбығы, т.б.).
Азаматтық кодексте ерекше объектілердің бірі ретінде азаматтық
немесе заңды тұлғаның интеллектуалдық меншігін қарастырады, оған
интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері және оларға теңестірілген
заңды тұлғаны дараландыру құралдары жеке немесе заңды тұлғаның өзі
орындайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдері (фирмалық атау, тауар
белгісі, қызмет көрсету белгілері және т.б.) жатады. Шығармашылық
интеллектуалдық қызметтің нәтижелері мен ерекше құқықтардың объектісі
болуы мүмкін даралану құралдарын пайдалануы үшінші жақтар құқық
иеленушінің келісімімен ғана жүзеге асырады.
Азаматтық құқық объектісі ретінде ақшаның бірысыпыра өзгешіліктері
бар. Ақша төлемінің заңды құралы болып табылады: ақшаға шағылып жасалған
міндеттемелердің қандайын болсын ақша төлемі етуге болады. Тектес
қасиеттері бар заттардың ішінде ең өтімдісі (ауыстыруға қолайлысы) ақша.
Ақшалай сама төлегенде ақшаның саны есепке алынады, ал ірі-ұсақты
білдіретін белгісіне мән берілмейді. Мысалы 100 теңге қарызды жиырма
теңгемен немесе екі елу теңгемен және т.с. беріп өтуге де болады.
Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша
қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады (АК-тің 127 бабы).
Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың
реттері, тәртібі мен шарттары заңдарда белгіленеді. Валюталық қазыналар деп
танылатын мүлік түрлері және олар арқылы мәліметтер жасау тәртібі заң
құжаттарында белгіленеді. Валюталық қазыналарға меншік құқығы Қазақстан
Республикасында жалпы негіздерде қорғалады (АК-тің 128 бабы).

Бағалы қағаздар
Азаматтық құқық объектілерінің бірі – бағалы қағаздар болып табылады.
азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген нысан мен
міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде
ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз
болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты
шығады, ол атап айтқанда:
а) бағалы қағаздар - түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң
бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың
түрлері, бағалы қағаз нысанына және басқа да қажетті талаптар заң
қүжаттарымен немесе соларда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық объектісінің түрлері
Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде
Азаматтық құқық обьектісінің түсінігі
МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР
Азаматтық құқықтар объектілері
Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы мен түрлері
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
Азаматтық құқықтың обьектілері
Мүліктік құқықтар
Азаматтық құқықтық қатынастар жайлы ақпарат
Пәндер