Құнды қағаздар нарығындағы инвестор қызметінің құқықтық реттелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Заң институты

БАЯНДАМА
Құнды қағаздар нарығындағы инвестор қызметінің құқықтық реттелуі

Астана 2004

Құнды қағаздар нарығындағы инвестор қызметінің құқықтық реттелуі

Эмитенттің инвестициялық капиталға сұранысты нысандауы мен инвестордың
өзінде бар қаражатты ұсынып, онымен құнды қағаздар немесе басқа да туында
қаржы құрал-саймандарға деген сұранысты нысандауына байланысты олар бір-
біріне қарсы тұрады деп айтуға толық негіз бар. Егер эмитент капиталды
тартуға мүдделі болса, инвестор керісінше - өзінде бар қаражатты салуға
мүдделі. Олардың алдарына қойған мақсаттарына жетулері өзара тығыз
әрекеттесулері арқылы ғана мүмкін.
Инвестициялық қызмет, инвестициялар, инвестор ұғымдары тек қаржы нарығы
мен құнды қағаздар нарығымен ғана тығыз байланыста емес. Аталған
категориялар, жалпы, күллі нарықтық экономикаға тән категориялар болып
табылады. Сондықтан да, инвестициялық қызмет, инвестициялар, инвестор
ұғымдары нарықтардың түрлілеріне ортақ бола тұрып, қаржы нарығы мен құнды
қағаздар нарығының елеулі ерекшеліктерін ескере отырып, осы нарықтарда
пайда болатын қатынастарға қатысты күрделі талдауды қажет етеді.
Эмитент әрдайым да тек құнды қағаздар нарығының субъектісі болса,
инвестор тауар және басқа да нарықтардың субъектісі бола алады.
Инвестор ұғымының мазмұнындағы бастысын салым категориясы құрайды.
Салымның өзі ол – инвестициялар, капиталсалымы дегенді білдіреді. Инвестор
ұғымы инвестициялар және инвестициялық қызмет ұғымдары арқылы ашылады.
Инвестициялық қызмет – пайда табу және (немесе) басқа да пайдалы эффектке
қол жеткізу мақсатында инвестицияларды салу мен практикалық маңыздылығы бар
әрекеттер жасау. Инвестициялар – пайда табу және (немесе) басқа да пайдалы
эффектке қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік және (немесе) басқа да қызмет
объектілеріне салынатын қаражат (ақша құралдары), құнды қағаздар, басқа да
мүлік, оның ішінде меншік құқықтары, ақшалай бағаланатын басқа да құқықтар.
Осы анықтаманы күллі нарықтық экономикадағы инвестициялық қатынастарға
қатысты жалпы анықтама ретінде қарастыру керек.
Қаржы нарығы мен құнды қағаздар нарығының елеулі ерекшеліктерінің болуы
инвестициялық қызмет, инвестициялар, инвестор ұғымдары да нақтылауды қажет
етеді.
Қаржы нарығы мен құнды қағаздар нарығында инвестициялар ретінде құнды
қағаздар мен ақша құралдары (қаражат) қолданылады. Ақша құралдары инвесттеу
объектісі ретінде қарастыруға болатын құнды қағаздарға инвесттеледі. Құнды
қағаздар – эмитент пен инвестор арасындағы байланысты жүзеге асыратын,
экономиканың салалары мен сфераларына қаржы ресурстарының келуін қамтамасыз
ететін қаржы нарығының құрал-сайманы. Бұл жерде назар аудартар жайт – құнды
қағаздар деп құжаттандырылған және құжаттандырылмаған нысанда шығарылған
құнды қағаздарды айтамыз.
Инвестициялар түрлері мен инвесттеу тәсілдерінің түрлілері ажыратылады.
Осылайша, инвесттеу – инвесторларға толығымен ие кәсіпорындар және олардың
филиалдарын құру арқылы; инвесттеу орнындағы заңи және жеке тұлғалармен
бірлесе құрылған кәсіпорындарға жарналық қатысу арқылы; кәсіпорындарды,
құрылыстар мен ғимараттарды, кәсіпорынға қатысу жарналарын, акцияларын,
облигацияларын және т.б. (24.12.1993 жылғы Инвестициялық қызмет
саласындағы ынтымақтастық туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттер Келісімінің 4 бабы) сатып алу арқылы жүзеге асырылуы
мүмкін. Осылай, инвестициялардың реалды, тікелей (кәсіпорындарды,
құрылыстар мен ғимараттарды сатып алу, несие ресурстарын ұсыну) және
портфельды (құнды қағаздарға инвесттеу) түрлерін ажыратуға болады.
Инвестор – тауар, жұмыс және қызмет нарығының дамуына қаражат салатын
тұлға. Құнды қағаздар нарығындағы инвестор – құралдарды құнды қағаздар мен
портфельдік инвестицияларға салатын тұлға.
Тауар, жұмыс және қызмет нарығында қызмет істейтін инвестор белгілі бір
тәсілмен инвесттеуді жүргізіп қана қоймай, сонымен бірге оларды жүзеге
асыруға бағытталған практикалық іс-әрекеттерді де жасайды. Құнды қағаздар
нарығындағы инвестор болса, ол кәсіпкерлік инвесттеумен тура байланысты
емес, шаруашылық қызметтен елеулі дәрежеде алыстатылған.
Инвестициялардың керекті құралы бола тұрып, қаржы құрал-саймандары құнды
қағаздар нарығындағы инвесторды материалды игіліктерді өндіру үрдісінен
алыстатады. Инвестордың қызметі мен өндіріс үрдісінің арасында көзге
көрінер байланыстың болмауы әсересе құнды қағаздардың қайталама нарығында
байқалады. Бірақ та, қайталама нарығында инвестордың өндіріспен тікелей
және тура байланысы жоқ, шаруашылық-өндіріс қызметін дамытуға қаржы
ресурстарын салудың тікелей қажеттілігін сезінбейтін тұлғамен қатынасқа
кіргенде осы көзге көрінер байланыстың болмауы оны инвесторлар тізімінен
шығаруға еш негіз бермейді.
Құнды қағаздар нарығындағы, сонымен бірге қайталама нарығындағы инвестор
өндіріс үрдісімен қаржы құрал-саймандары мен қаржы делдалдары арқылы жанама
байланыста болады. Бұнемен қатар қайталама нарығының құнды қағаздар
нарығының тұрақтылығын, атап айтсақ, тәуекелдерді хедждеу жөніндегі
келісімдерді жасасу, ұсыныс пен сұранысты нысандау, түрлі қаржы құрал-
саймандарының іс жүзіндегі құны мен құнды қағаздардың ликвидтілігін анықтау
арқылы қамтамасыз ететін бүкіл қатынастар жүйесінің керекті элементі
ретіндегі ролі мен маңыздылығын ескеру керек. Бастапқы нарық қайталама
нарығынысыз эффективті түрде қызмет жасамас еді.
Құнды қағаздар нарығындағы инвесторлардың мақсаттары олардың
қажеттіліктерімен анықтала отырып, бір жағынан басқа нарықтардығы
инвесторлардың мақсаттарынан айырмашылығы бар, екіншіден – елеулі
түрлілікпен сипатталады. Құнды қағаздар нарығындағы инвестордың басты
мақсаттары – салымдарының қауіпсіздігін инфляциялық шығындардан қорғалуын
қамтамасыз ету, салымдарының өсуі, салымдар негізінде тұрақты кірістерді
алу.
Инвесттеудің мақсаттарына қарап инвесторлардың типтерін (түрлерін)
ажыратады: консервативті, агрессивті, шамалы-агрессивті, алғыр, стратегтік.
Қазірде Қазақстан экономикасында стратегтік инвесторлардың маңызы аса
жоғары болып отыр. Өйткені олардың қызметіне экономикамыз дамуының
эффективтілігі тәуелді. Стратегтік инвестор қызметінің мақсаты құнды
қағаздар табыстылығы мен құнының өсуінде емес, мақсаты – корпорацияны өз
бақылауына алу, өндіріс-шаруашылық қызметінің эффектілігін көтеру негізінде
табысқа қол жеткізу.
Инвесторларды келесі индивидуалды түрлеріне сыныптау жиі кездеседі: жеке
тұлғалар, заңи тұлғалар мен мемлекет, мемлекеттік және муниципалды
құрылымдар. Индивидуалды инвестор кәсіпкер мәртебесі жоқ тек жеке тұлға
ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар да бола
алады.
Инвестор ретіндегі заңи тұлғалар қатарынан құнды қағаздар нарығында
инвестор ретіндегі қызметі басты қызмет болып келмейтін коммерциялық
ұйымдар мен институционалды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздар нарығын құрастырудағы және дамытудағы ролі
Банктердің бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығын талдау
Қазақстан Республикасының қор нарығының даму ерекшеліктері
Қазақстандағы қор нарығы: даму перспективасы және экономикалық құқықтарының аспектілері
Қаржы нарығының мәні мен механизмі
Қор биржасы мәні, міндеттері және операциялары туралы ақпарат
Отандық корпоративті бағалы қағаздар рыногының жағдайына талдау
Банктердің инвестициялық қызмет жүйесі
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негізі
Пәндер