Мемелкеттің негізгі белгілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекет деген не?

1. Мемелкеттің негізгі белгілері мыналар:
Мемлекет базистің қондырмасы. Осы сияқты диалектикалық байланысын,
өзара тәуелдігін айқындамайынша мемлекеттің шыққан тегін генезисін, оның
бір тарихи тұрғыдан екінші бір тарихи тұрғыға өту заңдылығын түсіну мүмкін
емес. Тарихтың барысында мемлекет бірте-бірте базистен біршама дербестік
алды. Оның қоғам өмірінің негізгі салаларына ықпалы өте қомақты және ол
қоғамдық қатынастардың дамуына әсер ете алады, немесе бөгет болуы мүмкін.
Қоғамның ұйымдастырылуы күрделіленген сайын мемлекеттің оған ықпал жасау
рөлі арта түседі.
Міне, мемлекеттің пайда болуы, соған байланысты атының терминнің
шығуы, оның мәні мен белгілері туралы қысқаша түсінік осылай. Енді мемлекет
туралы ілімнің қалыптасуына біраз зейін аударайық...

2. Мемлекет түрлері және атқаратын қызметі
Ал бұл күнде демократияны оған қарама- қарсы автократиядан айырып алуға
тура келеді. Бұл жерде демократияны конститутциялық мемлекет дейтін болсақ,
парламенттік үкімет пен президенттік басқару жүйесін ажырату да қажет.
Қазіргі дүниеде тағы бір ескеретін жай конситутциялық мемлекеттер түріне
жатпайтын, бір мемлекеттік жүйеге біріктіруге болмайтын толып жатқан
плюралистік тұрғыдағы мемлекеттер бар. Мәселен, бұрынғы КСРО-ның
пролетариат диктатурасы мемлекеті дегеніміз шын мәнінде коммунистік партия
басшылығының олигархиясы болды. Ал үшінші дүниенің көптеген мемлекеттері
өздеріне не батыстық, не шығыстық, мемлекеттік үлгіні алса да оларда
бұрынғы ескі басқарушылық түрі араласып отырды. Оның бірі бір адамның, не
бірнеше кісінің үстемдік етуі. Автократиялық мемлекеттің өзіндік бір типі-
ол авторитарлық пен тотальдық түрлер қосылған тотаритарлық мемлекет. Мұның
үлгілерін Ленин, Сталин, Гитлер нақты жасап берді.
Саяси құрылыс дегеніміз – бұл мемлекеттік өкімет билігін жүргізу
әдістерінің біртұтас жүйесі, жеке адамдардың демократиялық құқы мен
бостандығын іске асыру дәрежесі. Өкіметтің өз қызметінің өз құқылық
негіздеріне қатысты ресми конституциялық және құқылық нормалардың нақты
саяси өмірге сәйкестігі. Осы кездегі адамзат қоғамында демократиялық,
авторитарлық, диктаторлық, фашистік т.б. саяси құрылыстар бар. Осы тұрғыдан
Қазақстанда егеменді мемлекет болғаннан кейін қабылдаған алғашқы
конституциясында қоғамда құқықтың, заңның үстем болуын басты принцип етіп
жариялады. Оның 127 бабы: Қазақстан Республикасының принциптері мен
ережелерін жүзеге асыру қоғамды және мемлекетті демократиялық тұрғыдан
ұйымдастыру. Конституцияның жоғарғы заң күші заңның үстемдігі арқылы
қамтамасыз етіледі, - деп тұжырымдайды. Осы тұжырымды одан ары айқындай
түскен Декларация өзінің үшінші бабында: Әрбір адам өмір сүруге, еркін
болуға және жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы, - деп жер жаһанға
паш етті. Бар адамзат мойындап отырған осы аса маңызды халықаралық құжаттың
айтылып өткен қағидалары Қазақстан конституциясында толығымен өз бейнесін
тапты. Конституцияның кіріспесінде Құқықты мелекет құруға бекем бел
байлап, азамттық татулық пен ұлтаралық келісімді, өзіміз үшін және өз
ұрпақтарымыз үшін лайықты өмірді қамтамсыз етуді басты міндет етіп
санайтынымыз атап көрсетілген.
Конституциялық кепілдіктерді заңның үстемдігін, соған байланысты құқық
үстемдігін қамтамасыз етіп отыру Конституциялық сотқа жүктелген. Сонымен
қатар, Конституциядағы: Мемлекеттік қызметшілер азаматтар құқықтары мен
бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекет пен оның органдарының
беделін қолдауға тиіс 61-бап - деген тұжырым лауазымды адамдардың
азаматтық құқықтық қорғауға жауапкершілігін де арттырған. Ал енді еркіндік,
бостандық деген ұғымды шексіз деп түсінбеу керек. Кісі қоғамда өмір сүрген
соң белгілі жағдайда сол қоғамдық ортаға тәуелді болады. Мұның белгілі
шегі, өлшемі бар. Қоғам өмірінде бостандық өлшемі құқылық формада көрінеді.
Ал ол өлшем жұрттың бәріне бірдей болу керек. Мәселен, Конститутцияның 8-
бабында Өмір сүру құқығы әрбір адамның табиғи да ажырамас құқығы. Ешкімді
де өмірден еріксіз айыруға болмайды,- деп бекітілген. Өзі өмір сүруге
құқығы бола тұрып, кісі екінші бір адамның өміріне қауіп төндіруге, тіпті
қастандық жасауға құқықылы емес. Олай болмаған күнде бір адамның құқықтығы
екінші кісінің құқықтылығын жоққа шығарар еді. Сөйтіп, құқық бір кісінің
ғана игілігіне арналған болар еді. Адам құқығы өмірдің әр саласында:
экономикалық, саяси, мәдени-әлеуметтік және жеке басының әрекет жасауынан
білініп отырады. Құқық неғұрлым кең, неғұрлым кепілденген болса, кісі
соғұрлым еркін болады. Қазақстан Конституциясында кепілдендірілген
азаматтық құқық пен бостандыққа алты бап 8-13, саяси құқықтар мен
бостандыққа төрт бап 14-17, экономикалық және әлеуметтік құқықтарға он
бап 18-27 арналған. Біз жоғарыда оның бір-ақ бабының мазмұнын аштық.
Барлық баптарының мазмұнын ашып жатпай, оны оқырмандардың өздерінің оқуына
қалдырайық. Бірақ, айтатынымыз конституцияның жиырма бабында адамдардың
табиғи құқықтары мен бостандығын қорғау жан-жақты қамтылған. Ол адамдардың
шығармашылық жігерінің артуына бағытталған. Ол адамдардың шығармашылық
жігерінің артуына бағытталған. Егер кісінің табиғи құқығы аяққа тапталса,
ол адам өзін кемсіткенге налиды, жалтақтап жігерсіздікке, тоғышарлыққа
ұшырайды. Ал енжарлық пен құлықсыздық қоғамның, мемлекеттің дамуына кедергі
келтіреді. Адамдардың құқығының өрескел бұзылуы бұрынғы КСРО мемлекетінде
кең өріс алды. Мемлекет қауіпсіздігі комитеті оның жергілікті органдары
адамдардың ізін бағып, олардың телефонмен сөйлесулеріне шейін құпия тыңдап,
адамдардың жеке өмірлерін де бақылап отырды. Мұны сезген жұрт қорқынышта,
жасқанып өмір сүрді. Ал қорқынышта өмір сүру – бақытты өмір сүруге
жатпайды.
Бұл – мемлекет адамдардың автономиялы екендігін танып, оларға өзінің
меншігіндей қарамайтынын, өзімен оларды серіктес деп қарайтынын көрсетеді.
Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі ол мемлекет пен жеке адам арасында
өзара жауапкершілік принципінің қалыптасуында. Оны біз жеке кісінің белгілі
бір шектеуге барып, мемлекеттің нұсқауларына бағынуға міндеттенуінен және
мемлекет тарапынан кісінің құқын қорғауға жауапты болып, оның өмірлік
қызметіне кепіл болуынан көреміз. Осыған байланысты мемлекет адамдардың
мүддесіне сай әлеуметтік бағдарламаларды да іске асыруға тиісті. Сондықтан
да, қазір құқықты, әлеуметтік мемлекет туралы да жиі айтылатын болды.
Мәселен, Қазақстан Конституциясының Конституциялық құрылыс негіздері
деген бөлімінде былайша негізделген: Қазақстан Республикасы бойынша: Бұдан
біз бірде-бір мемлкеттік органға толық түрде өкімет билігі берілмейтінін
және олардың әрқайсысы өзінің билігі көлемінде қызметтерін атқаратынын және
ешқайсысы бірінің қызметін бірі қайталамайтынын көреміз. Бұл – қағида
қызмет бабын пайдаланып, адамға қиянат жасаушылыққа кедергі болуға
бағытталған. Өйткені, сол ғана ішкі және сыртқы саясаттың негізгі
бағыттарына заңдылық негіз, күш береді, қоғамда заңның үстем болуын
қамтамасыз етіп отырады. АҚШ сияқты елдерде парламент екі палатадан тұрады,
ал Қазақстанда Жоғарғы Кеңес түріндегі парламент бір палатадан тұрады.
Қазақстанның жаңа Конституциясында оның өкілеттігінің ауқымы толық
белгіленген. Онда: Жоғары Кеңес Қазақстан республикасының бірден бір заң
шығарушы және ең жоғары өкілді органы болып табылады, - деп сипатталған.
Барлық құқықты мемлекеттерде заңдардың Конституциялығын бақылап
отыратын Конституциялық соттар құрылған.
Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары
Олар көбіне-көп тарих қойнауының шырғалаң шатқалдарында шырмалып,
цивилизация дамуының сарабдал жолдарының түрлі себептермен тыс қалып қойды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранында жазылғандай:
Жаралған намыстан қаһарман халықпыз
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.
Ол мыңжылдық тарихымен ерекшелігі және өміршеңдігімен, адам еркіндігін
жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы Далада, көшпелі
цивилизацияның негізін құраған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте
құлдырауы, тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен ролінің
құлдырамауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата
заңының аумағы кең даланың еркіндік қабілетінің сақталуымен оқшау
орналасуымен түсіндіруге болады. Дегенмен де, ортағасырлық қазақ
даласындағы мәдени-шаруашылық тоқыраудың белең алуы, өркендеп өскен басқа
елдерден көш-құрым артта қалуы қоғам дамуына да әсерін тигізбей қоймады.
Ұланбайтақ Орталық-Азия аумағы тарих сахнасының соңғы шебіне ысырылып
тасталды да, ұзақ ұақыт бойына ұмыт қалды. Жат елдердің көшпелілер даласына
отарлау саясатының іске асуымен байланысты қазақ қоғамы тарих бетіне қайта
ене бастады. Бұл өзгерістер қазақ құқығының кейінгі тағдырында да және оған
баға беруден де көрініс тапты.
Ол жоқтан бар етіп, біреулердің ойдан шығара салған қиялы болған жоқ.
Сондықтан да халық арасында: Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық
кісінің ары, білімі бар деген түсінік қалыптасқан.
Ол: Істі қарастыру кезінде би және ақсақал дауласушыларға асқан
әділдік танытуды өзінің қасиетті парызы санайды. Ол екі жақтың да
дәлелдемелерін әбден тыңдап болған соң ғана өзінің әділ шешімін жариялаған
және ол шешім міндетті түрде орындалған,- деп жазды. XIX ғасырдағы
қазақтың көрнекті ғалымы және зерттеушісі Ш. Уалиханов былай деп
тұжырымдайды: Билердің беделі Европадағы ақындар, ғалымдар мен адвокаттар
сияқты өздерінің жеке бастарының қасиеттеріне байланысты болған.
Зерттеушінің пікірінше Шекспир мен Гетенің ақындық ұлылығы үкімет
декреттерінен тумаған, өздерінің дарындылығынан туған. Сол сияқты билердің
де беделдері реттелген. Жаулап алушылық, жорықтар этномәдени шеңберінде
қорғау және өзін-өзі нығайту идеяларына ұласты. Көптеген мыңжылдықтар
бойына қазақ сахарасында ауысып отырған ірілі-ұсақты мемлекеттік
құрылымдар, әсіресе түркілер мен түркіленген одақтар ұлан-ғайыр далада
өздерінің қалыптасқан түрдегі әділеттік, еркіндік идеяларын мұра етіп
артына қалдырды.
Қазақ көне заңдарының ережелері бекіген кеңістік шегі Қазақия атты
көшпелі халқының этномәдени аумағын қамтиды. Яғни ол ешбір қазақ халқының
нақты билігінің аясымен өлшенбейді. Демек, Қазақ мемлекеттігі деген
ұғымда бір хандықтың шеңберіне сыймайды. Қазақ қоғамы үнемі феодалдық
бытыраңқылықта және ұлыстар мен жүздердің Қазақияны иеленуі үшін күрес
жағдайында өмір сүрді. Елдің саяси бірлігі тек халық басына ауыр күн
туғанда, қиын-қыстау жылдары ғана бой көрсетіп, басқа кезеңдерде уақытша
сипатта болды десек шындықтан қияс кетпеспіз. Ал қазақ құқығы этникалық
аумақтардың жалпы мәдени жетістігі болып қала береді.
Қазақтың көрнекті мәдениет қайраткерлерінің бірі жазғандай: Мықты
билер тілін алмаған хандарды бір кезде тақтарынын қуыршақша алып тастап
отырған
Би халықтың сана-сезімінде ақиқаттың ақ туын көтеруші ретінде
сипатталады. Оған дәлел ретінде билердің мына кәсіптік ұрандарын келтіреді:
Шыннан өзге құдай жоқ, Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы.
Билердің негізгі ісіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Египет тарихын дәуірлеу
Қосөзен аралығында мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
Батыс өркениеті жалпы сипаттама
Экономикалық әлеуметтану туралы қысқаша мағлұмат
Қаржылардың жалпы түсінігі
Банк қызметі
Әлеуметтік құбылыстағы музыкалық өнер. Дәріс және тәжірбиелік сабақтар
Мемлекеттік және жергілікті бюджеттер: қалыптастыру және орындалу мәселелері
Республикалық бюджет – мемлекеттің бюджет жүйесінің басты буыны ретінде
Жетім балалар мәселесінің өткір тұстары және оның шешілу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz