ЖАЛПЫ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ


ЖАЛПЫ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСІ КУРСОВАЯ
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
1. Жалны теорияның нәні, оның мазмұны 4
2. Жалпы теорияның әдісі, оның мазмұны 10
3. Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы тсорияның алатын орны 15
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 22
КІРІСПЕ
Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге, заң- дылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғы-дан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне-предметіне ай-налады. Мемлекет және құқық теориясы - қоғамдағы саяси -экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғам-дық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму зақдылықта-рын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді.
1. Жалпы теорияның нәні, оның мазмұны
Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы сан қырлы, күрделі карым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мсн мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.
Мемлекет пен құқықты бір-бірінен айыруға болмайды. Олар объективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ олар бір ғылымға жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамньщ саяси-экономикалық құрылысымен шұғылданады, құқық - нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.
Осы бірлестік ғісн дербестік олардың мазмүнын, мақсатьш, қызметінің әдіс-тэсілдерін, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білугс жағдай туады. 1
Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, қүл иелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде, бола-шақта мемлекет және құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік
және субъективтік заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін зерттейді. Осы үш деуірде болған және болашақ қоғамның, мемлекет пен құқықгың өздерінің даму процесінде болған жақсы тәжірибелерді жинақтап, қорытынды түжырымдар жасалып отырады.
Мемлекст және құқық теориясыиың пәні - адам қоғамының өміріндегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму обьективтік заңдылықтары мсн олардың мәні-маңызы, құрылымы және мақсаты.
Бұл түсіндірме үш тараудан түрады:
- қоғамның қалыптасу, мемлекет және құқықтың өмірге келу зандылықтары;
- қоғамның, мемлекеттің, құқықтың даму заңдылықтары;
- қоғаммың, мемлекеттің, күқықтың тарихи маңызы, күрылы-мы, мақсаты.
Мемлекет және куқық теориясы іргелі де терең ғылым ретінде бірнеше функциялар атқарады:
Онтологиялық функция - (грек . . . шын білім) адам қоғамының түрмысын, оның қағидаларын, қүрылымын, даму зандылықтарын зерттеу. Бүл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады.
Гносеологиялық функция - (грек . . . білім, теория) таным теори-ясы арқылы мемлекет және құқықтың қүрыльтмын, маңызын, мақсатын білуге болады.
Эвристикалық функция - (грек . . . табу) заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы қүбы-лыстардың даму процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.
Әдістемелік функция - мемлекет және құқық теориясы заң ғылымы салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми түжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына жағдай жасау.
Саяси функция - қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарығі белгілеу. Мемлекеггің ішкі-сыртқы саясатының ғылыми негіздерін жасап, оньщ ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.
Идеологиялық фуикция - жалпы теория қоғамдағы әртүрлі кезқарасты, саясаіты, идеяларды біріктіріп, ғылыми түрақты жүйе қалыптастырып, адамдардың сана-сезімін, құқықтықмәдениетінің сапасын жақсарту.
Тәжірибелік-үйымдық функция - төжірибелерге сүйене отырып, жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру ұшін ұсыныстар жасап отыруы қажет.
Болжау функциясы - жалпы қоғамдағы саяси- құқықтық қүбы-лыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп, басқару бағдарламасын дайындауы қажет.
Құқық және мемлекет теориясының функциялары бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зертте-генде жалпы теорияның қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жал-пы теория ез функцияларыы заң ғылымының басқа салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.
Мемлекет және құқық теориясының белгі - нышандары. Мем-лекет және құқық теориясы адам қоғамының бір саласын жан-жақты зерттеп, оның объективтік даму заңдылықтарын, өзара байланысын анықтап, оларды қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Сондықтан жалпы теория қоғамдық ғылымның бір сала-сы.
Жалпы теория қоғамдық ғылымдардың ішіндегі тек мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтін саласы. Сондық-тан жалпы теория заң ғылымының бір саласы.
Жалпы теория заң ғылымдарының барлық салаларының объективтік даму зандылыктарын зерттеп, оларды қалай қолдану жолдарын көрсетіп отырады және заң ғылымыньщ салаларының бірлесіп, дербестік даму бағыттарын анықтап отырады. Сондық-тан мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының ішіндегі ең терең түйінді ғылым, (фундаментальды ғылым) .
Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының салаларына бағыттаушы, ұйымдастырушы, әдістемелік ғылым. Мемлекет және құқык теориясы заң ғылымының салаларына тиісті әдістемелік жасап. оны ғылыми тұрғыдан қалай қолдану әдіс-тәсілдерін анық-тап отырады.
Жоғары мектепте студенттер кептеген пәндерді оқудан бүрын, ең алдымен "Заң ғылымы дегеніміз не?" "Мемлекет және құқық теориясы деген не?" Міне, осы сүрақтарға олар жауап алуы қажет. Толық жауапты студенттерге мемлекет және құқық теория пәні береді. Бүл пәнді студенттер бірінші курста оқып, мемлекет жөне құқық туралы толық білім алып, олардың қоғамды реттеп, басқа-рудағы рөлін, маңызын жақсы түсініп шығады. Сөйтіп, студенттердің жоғары курстарда заң ғылымының салалық пәндерін оқып, жақсы түсінуге мүмкіншілік жасалады.
Қоғамдағы ғылымдардың, соның ішінде заң ғылымының, даму процесінде сан қырлы қиындықтар кездесіп жатады. Оның себептері: қоғамның объективтік даму заңдылықтарының, мүдде-мақсаттарының күрделенуі. Әсіресе, бүл процесс қоғамның дағдарысқа ұшырау кезінде немесе өтпелі дәуірде өте қатты шиеленіске кездеседі. Бұл кезде қоғамдық ғылымдарға, соның ішінде заң ғылымына, талап күшейеді. Заң ғылымының, мемлекет пен құқықтың алдына қойылатын талап - қоғамды реттеп, басқаруды күрт жақсартып, қиыншылықтан, дағдарыстан тезірек алып шығу және қылмысқа қарсы күресті батыл, табанды жүргізу.
Қоғамдағы іргелі-фундаментальды ғылымдар өмірдің сұранысына, талабына жауапты тез, үстірт бере алмайды. Шын, сапалы ғылым бір күндік, бір айлық немесе бір жылдық іс емес. Ол көп жылдық ғылыми зерттеуден өтетін іс-әрекет, оны өмірлік-тәжірибелік сынақтан өткізу қажет. Осы процестерден кейін ғьшыми қорытынды түжырымдар жасап, қоғамды басқаруды жақсарту мәселесіне занды түрде кірісуге болады.
Қазіргі кезеңде нарықты экономика реформасы, қоғамның әлеуметтік саласындағы жаңа келеңсіз жағдайлар ғылымның ал-дына бүрын болмаған қиындықтарды, келеңсіз істерді үйіп-төкті. Осы қиын жағдайдан ғылыми тұрғыдан шығу жолын, бағытын тез, аз уақыт ішінде кәрсетуге болмайды. Және бүл қиындық, дағдарыс қоғамның бірақ саласын зерттеумен шүғылданады. Сондықтан қазіргі дағдарыстан шығу үшін қоғамдық ғылымның барлық саласы бірігіп ғылыми зерттеу жүргізу қажет. Мұндай зерттеу елімізде жүргізіліп жатыр, екі-үш жылда қорытынды тұжырымдар болуға тиіс.
Жалпы теория мемлекеттік - құқықтық проблемалармен бірге дүниетаным мәселелерін де зерттеп қоғамның әлеуметтік жағдайын қосып, ғылыми тұрғыдан қорытынды тұжырымдар жасап, құқықтық нормалар арқылы қоғамдық, топтық, жеке түлғалық мүдде-мақсаттарды іске асыруға, сапалы орындауға мүмкіншілік жасап отырады. Қүқық және мемлекет теориясының ғылыми даму бағыттары: Жалпы ерекшелік заңдылықтарды зерттеу; негізгі күрделі мәселелерді зерттеу; жалпы теорияны дамыту; жалпы те-орияның салаларын, жүйелерін біріктіріп зерттеу.
1) . Мемлекет және құқық теориясы (жалпы теория) заң ғылы-мының өзіне тән ерекшеліктерін, олардың объективтік даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл заңдылықтарды қоғамның экономикалық, әлеуметтік объективтік даму заңцарымен араластыруға болмайды. Мысалы, қоғамның саласының сапасы сол қоғамның материалдық тұрмыс жағдайына байланысты - бұл тарихи материализмнің объективтік даму заңы. Қоғамдағы өндірістік қаты-настьщ өндіргіш күштің деңгейіне сәйкес болу заңы экономика-лық теорияның пәніне жатады.
Мемлекет және құқықтьщ зерттеу мәселелері заң ғылымының объективтік даму зандары, олардың өздеріне тән ерекшеліктері және бұл зандардың қоғамның объективтік даму зандарымен бай-ланысы.
2) . Заң ғылымының негізгі күрделі зерттеу мәселелері: мемле-кет пен құқықтың сапалы дүрыс дамуы, олардың салалық құқықта-рымен, құқықтық санамен, құқықтық мәдениетпен арақатынасы т. б.
3) . Мемлекет және құқық теориясы жан-жақты дүрыс, сапалы салаларының атқаратын қызметтеріне зор әсер етеді. Жалпы тео-рия заң ғылымыныц жетекші саласы, әдістемелік жүмыстарды үйымдастырушы, бағыттаушы күш деуге болады.
4) . Мемлекет және құқық, олардың салалары бірлікте және дербестікте дамып зерттеледі. Олардың бірлестігі: өмірге бірге келуі және оның себептері де бірдей; мемлекет пен құқықтың даму процесі, өзгеруі, жаңаруы да бір-біріне үқсас; атқаратын қызметтері бірдей - қоғамды реттеп, басқару.
Қорыта айтсақ, құқық және мемлекет теориясының ғылыми зерттеу мәселелері:
- мемлекет және құқықтың өмірге келу, даму және қоғамды реттеп, басқаруының объективтік даму зандылықтары;
- мемлекет және құқықтың мазмүны, түрлері, нысаны, функ-циялары, қүрылымы, механизмы және құқықтық жүйе;
- заң ғылымындағы мемлекеттік - құқықтық тусіыіктер.
2. Жалпы теорияның әдісі, оның мазмұны
Методология - дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі - материализм мен диалек-тика. Ғылымныд методологиясы - оның ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселсні қамтиды, екі ба-ғытты біріктіреді - теория және методика. Теория - ғылым нені зерттейді? - деген сүраққа жауап береді. Методика - ғылым кандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді? - деген сүраққа жауап береді. Теория мен методика өмірде тығыз байланыста дамиды. Бүл объективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәжірибеде дәлелденген.
Қоғамның мазмүнын, объективтік даму процесін ғылыми зерттеуде теория мен методиканың маңызы өте зор. Онсыз ғылым-ды дүрыс зерттеу, дүрыс ғылыми қорытынды жасау мүмкін емес. Методологияның екі түрі болады: Жалпы ғылыми әдіс-тәсіл және жекелік ғылыми әдіс-тәсіл. Жалпы ғылыми әдіс-төсілді - ғылым-ды зерттеудің методологиялық негізі деп атайды. Қазіргі заман-дағы ғылыми зерттеулер философияның материалистік және ди-алектикалық заңдарына сүйене отырып жүргізіледі. Кейбір дамы-ған елдерде ғылыми зерттеулер философияның діни, позитивизм, экзистеционализм, утилитаризм т. б. бағыттарына сүйенс отырып жүргізіледі.
Материализм - философияның бір бағыты. Ол материя, таби-ғат, болмыс алғашқы, ал сана, рух, ой материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қара-ма-қарсы ғылыми философиялық бағыт. Материализм адам са-насын, ойын сыртқы дүниенің бейнесі деп қарастырып, дүниені, табиғатты, қоғамды танып білуге болатынын дәлелдейді. Матери-ализм ғылым мен практиканың жетістіктеріне сүйене дамиды және білімдердің есуіне, ғылыми методтардың жетілуіне, адамзат прак-тикасының, қоғам өндіріс күштерінің артуына ықпалын тигізеді.
Диалектика - табиғаттың, қоғамның және адам ойының дамуы мен қозғалысының жалпы заңдары жайындағы ғылым, дүниені танудың әдісі мен теориясы. Диалектика объективті реалдылықтың күрделі зандылықтарын, қажеттігін қарама-қайшылыққа толы табиғатын зерттейді. Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі; сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы; терістеуді терістеу заңы.
Диалектиканың заңдары табиғаттың, қоғамның объективтік дамуының қайнар көзін, ішкі қозғалысьш және бағытын көрсетеді. Диалектикалық категориялар (анализ мен синтез, мазмүн мен форма, қүбылыс пен мән, шындық пен мүмкіншілік т. б. ) таным-ның дәйектілігін, зандылығын бейнелейді.
Материалистік диалектика методологиясының негіздеріне сәй-кес мемлекеттік-құқықтық құбылыстар қоғамның өмірімен бірге зерттелуге тиіс. Сондықтан қоғам, мемлекет, құқық - осылардың арасындағы қатынастарының түрлерін білу қажет. Қоғамның мем-лекет-құқықпен үш түрлі байланысы бар: қоғамның базисы мен қондырмасы арқылы, қоғам мен мемлекет-құқықтың байланысы, қоғамның мүдде-мақсатының күқық-мемлекетпен байланысы.
1) . Қоғамның экономикалық базисы өзінің қондырмасымен байланыста дамиды. Қондырманың бір саласы құқық пен мемле-кет. Қондырма - базис арқылы қоғам, құқық және мемлекетпен тығыз байланыста болады. Қоғамды реттеп, басқаратын құқық пен мемлекет.
2) . Қүқық пен мемлекет қондырманың бір күрделі саласы, олар қоғамның барлық саласымен үздіксіз байланыста болады және құқық пен мемлекеттің қызметі қоғамдағы адамдардың сана-сезімімен де байланыста дамиды. Бүл екі жақты объективтік про-цесс.
3) . Мемлекет пен құқық қоғамның жалпыхалықтық және тап-тық мүдде-мақсаттарын реттеп, басқарып іске асырып отырады. Бүл да екі жақты объективтік процесс.
Сонымен, материалистік және диалектикалық методқа сәйкес мемлекет пен құқық қоғамның экономикалық, саяси, рухани жағ-дайларымен тығыз байланыста, үздіксіз қозғалыста, дамудағы объективті іпындық күбылыстар. Мемлекет пен құқықтың өздерінің даму зандары болады. Бүл зандылықтарды ғылыми тұрғы-дан зерттеп білуге болады. Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеудің жалпы методологиялық алдын ала шарттары:
- Қүқық пен мемлекет объективті шындық құбылыстар ретінде ғылыми анализ жасаудың объектісі бола алатыны;
- Мемлекет пен құқықгың үздіксіз қозғалыста, өзгеруде және тарихи даму процесте болатынын ескеру;
- Мемлекет пен құқықты зерттеу процесінде қоғамның салала-рында сан қырлы болып жататын байланыстарды, қатынастарды ескеру қажет. Кейбір жағдайда сол байланыс қатынастар заң ғылы-мын дамытудың негізгі бағытына айналуы да мүмкін;
- Қүкьіқтық - мемлекеттік қүбылыстарды зерттеуде міндетті түрде заңды төжірибелермен, өмірдің талаптарын ескере отырып жүргізген нәтижелі болады. Өйткені теорияның дүрыстығы тәжірибе арқылы анықталады. Бүл тұрғыдан зерттеу әділетті бо-луы қажет.
Жалпы ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерінің ең күрделісі материалистік диалектика. Ол қазіргі ғылыми танымның теориясы мен әдісі. Танымның мақсаты-зерттеліп отырған заттың, мәселенің терең мәнін, қайшылықтар жүйесін ашу. Таным -объективті шындықтың адам санасындағы белсенді және қайшы-лықты бейнеленуі. Бүл процесте логиканың атқаратын рөлі зор. Логиканың негізгі мақсаты мен зерттеу пәні танымның ақиқат-тылығы, танымдық тәсілдер мен әдістердің дүрыс жүйесін қалып-тастыру.
Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады.
- теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі объектілерді талдау, құрамды бөліктерді жіктеп ажырату. Синтез -сол талданған бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір объектіні, затты құрастыру. Мысалы: жалпы теорияда мемлекеттік органдарды, оның функцияларын, құқықтық нормаларды, қаты-настың субъектілерін жүйе-жүйеге, сала-салаға топтастырып зерттеу, немесе оларды біріктіріп зерттеу жүргізу.
Нақтылы ғылымдардың теориялық және методологиялық негіздері тек философиямен ғана емес, олардың өздері арқылы да зерттелуде. Мысалы, мемлекет және құқық теориясы зерттеудің жалпы әдістерімен азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыс-тық т. б. құқықтарды жабдықтандырады.
Ал, жалпы құқықжәне мемлекет теориясы философияға сүйе-не отырып, заң ғылымының барлық табыстарын пайдаланады. Оның барлық саласына бірдей қатысты методологиялық мәселелерді зерттейді. Осы типтес қарым-қатынас басқа ғылым-дарда да бар.
Жекелік ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдерінің түрлері: жүйелік, функционалдық, статистикалық, социологиялық, үлгілік, салыс-тыру-теңестіру т. б.
Жүйелік тәсіл - қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық қүбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.
Функционалдық тәсіл - қоғамдағы заңды қүбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу. Бүл әдіс мемлекеттің аппаратын, функциясын, құқықтық қүрылымын, жүйесін, құқықтық сананы, жауапкершіліктің түрлерін т. б. күбылыстарды зерттеуде пайдаланылады.
Статистикалық әдіс - занды қүбылыстардың санды деректеріне, фактілеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу. Оның кезендері: ба-қылау, деректерді, фактілерді жинақтау, жиналған материалдарға 12
Қ. Д. Жоламан, А. Қ. Мухтарова, А. Н. Тәукелев
анализ жасау.
Үлгілік әдіс - болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің мазмұнын, көлемін жобалап барып зерттеу жүргізу.
Социологиялық тәсіл - жүйелік, функционалдық, статистика-лық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытын-ды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.
Салыстырмалы-теңестірмелі әдіс - бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестеріиде теңестірмелі әдіспен зерттеу жүргізу.
Математикалық әдіс - ЭВМ, компыотер, автоматика, телеме-ханиканы қолдаыып зерттеулер жүргізу. Осы аталып өткен зерттеулердің әдіс-тәсілдерін барлық қоғамдық ғылымдар пайда-ланады. Бүл әдістерді жеке сирек қолданады. Олар көбінесе біріктіріліп, зерттеу барысында бірін-бірі толықтырып отырады.
Мемлекет және құқық теориясының оқулығы студенттерді заң ғылымының күрделі салаларымен, мемлекеттік-құқықтық қүры-лымымен, функцияларымен т. б. таныстырады. Бүл оқулықтың алдында екі міндет түр: біріншісі - заң ғылымының, заң маман-дығының негізін қалыптастыру, сол арқылы салалық заң пәндерін жақсы оқып - білуге мүмкіншілік жасау; екіншісі - жоғары заң мектебін бітіріп, жақсы маман болуды қамтамасыз ету.
3. Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы тсорияның алатын орны
Әлемнің материалдық және рухани түтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның езара байланысын дәлелдейді. Әсіресе бүл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бүл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қаты-насын, сана - сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты - адам-ның бостандығы, құқығы, қадір-қасиеті, ар-намысы.
Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі - мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бүл проблемаларды жалпы тео-рия қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, эко-номика, социология, политология т. б. ) бірігіп зерттеп отырады.
Философия - адамзаттың дүниедегі алып отырған орнын анық-тап, соның негізінде адамның дүниеге деген танымдық, қүнды-лық, этикалық және эстетикалық қатынастарын зерттейді. Фило-софия дүниеге теориялық тұрғыдан көз жіберіп, ерекше логикалық, танымдық критерийлерге сүйене отырып, адамның дүниеге деген көзқарасын түжырымдайды.
Экономикалық ғылым - қоғамның экономикалық базисын, өндірістік қатынастарды, өндіруші күштерді, меншіктің түрлерін зерггтеп, олардың қоғам дамуындағы маңызын жан-жақты анық-тап отырады.
Тарих - адамзат қоғамының еткен дәуірлерін барлық қыры-нан жан-жақты зерттеп, көптеген төжірибе жинақтады, соның ішінде мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы, қоғамды басқару зандылықтары.
Социология- қоғамның әлеуметтік жағдайының дамуы, оны басқару әдіс-тәсілдерін, адамдардың өлеуметтік төртібін, қатынастарын зерттейді.
Барлық қоғамдық ғылымдар өз тұрғысынан адамзаттың тари-хын зерттеуге тиісті үлес қосады. Бүл ғылымдардың жүйесінде мемлекет пен құқық теориясының алатын орны өте жоғары. Заң ғылымы мемлекет пен құқықты жете танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Ол төрт топқа бөлінеді:
1) . Жалпы теория - мемлекет пен құқықтық қоғамды реттеп, басқаруын, мазмүнын, қағидаларын, белгі нышандарын, функ-цияларын, зерттейді.
2) . Мемлекет пен құқықтың, құқық пен саясаттың тарихи даму процесін зерттеу пәндері. Шет мемлекеттерінің тарихы.
3) . Салалық заң ғылымдары: азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, конституциялық, қаржы, отбасы т. б. құқықтар.
4) . Арнаулы заң ғылымдары: криминалистика, соттық медици-на, психиатрия т. б.
Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының барлык сала-сының объективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланы-сын зерттеп, жалпылама түжырымдар жасап отырады. Бүл түжы-рымдарды салалық ғылымдар пайдаланып отырады. Ал жалпы теория салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz