Мемлекеттік құрылым формасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
1.МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ.
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен
қоғамның тіршілік – тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен
алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша
нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай – ақ өзіндегі аса
мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік саяси,
рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынасты маңызды
мәселерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде
әсер ете алады. Мемлекет өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен
әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны
қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен инститтуттарда әрекет ететін басқалардан
ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси оргонизм ретінде
қабылдаймыз.
Мемлекет дегеніміз бұл – адамзат қоғамы дамуының маңызды
кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың
және басқа әлеуметтік субъектілердің іс - қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар
жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық – күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері
қамтамасыз ететін әкімшілік- мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет белгілі бір аумақта орналасқан, халқы бар, басқару
жүйесі бар, салық жүйесі бар және сол халықты өз ырқына көндіріп отыратын
саяси ұйым, аппарат. (Ф.Энгельс)

Мемлекеттің негізгі белгілері:
а) Мемлекеттік егемендік;
б) Тәуелсіздік;
в) Билеуші органдар;
г) Территориясы;
ғ) Армия;
д) Құқықтық жүйесі;
е) Салық;
ж)Аумақтық принцип бойынша бөлу;

Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі –
ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Мемлекет
өзінің ішкі және сырқы саясатын өзі қалыптастырып, өз еркімен жүзеге
асырады. Яғни, басқа мемлекеттерге жалтақтамай, өзінің ішкі және сыртқы
істерін өзі атқарады.
Тәуелсіздігі. Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып
саналады. Тәуелсіз мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің
стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз ісіне ешкімді
араластырмай, ішкі және сырқы саясатын өзі жасайды. Басқаның үстемдігіне
жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс
істейтін бірде – бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның, мемлекеттік
билігінің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға
міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа
мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым қатынасты сақтайды
дегенді білдіреді.
Билеуші органдар. Мемлекеттің ерекше билеуші, басқарушы
органдар болады.Мемлекет органдарында тек басқару қызыметімен шұғылданатын
қызметкерлер болады.
Басқару және мәжбүрлеу аппаратының (“жария – билік”) болуы. Бұл
белгі мемлекеттің рулық басқару ұйымынан басты айырмашылығы. Бұл қоғамнан
бөлініп шыққан, басқару негізгі жұмысына, кәсібіне, мамндығына айналған,
қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар. Ал мұндай басқарушы адамдар
ерекше тобын алғашқы- рулық басқару ұйымы білген емес. Ол тек қана
басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе.
Территориясы. Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол
аумақта мемлекет құрылады, өз қызыметін атқарады, билік жүргізеді. Өз
аумағының тұтастығын мемлекет барлық күш – қуатымен сақтап, қорғауға
тынымсыз әрекет жасайды. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді жүзеге асыру
үшін әкімшіліктерге бөлінеді. Халық әкімшілік – аумақтық бөліктерге
бөлініп тұрғандықтан олардың құқықтық жағдайы соған байланысты болады.
Армия. Қоғамда заңи тәртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекет ,
әскер , полиция құрады . Сыртқы жаулардың жансыздарынан қарсы барлау
ұйымдастырады.
Құқықтық жүйесі . Мемлекеттің күрделі белгілерінің бірі.
Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп оларды қажетті өалыпқа салып,
тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады. Оларда жасап, қабылдайтын
мемлекеттің тиісті өкілеттігі бар органдар болады. Сол құқықтық нормалардың
жиынтығы мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.
Салық жинау. Салық бұл мемлекеттің өмір сүріп тіршілік етуінің
экономикалық негізі; Салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының
жетіспеуінен немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі қиындайды. Салықты
мемлекеттің барық азаматтары, соларға қоса шетелдіктері мен азаматтығы жоқ
адамдар да төлейді: халық шамалы ғана салық төлеуден
босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу
аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі
саяси және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білм беру,
ғылым, мәдениет салаларын қолдауға экономиканы маңызды салаларын
ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және қылмыс пен
құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.
Аумақтық принцип бойынша бөлу. Бұл мемлекеттің ерекше
белгілерінің бірі. Мемлекет азаматтарға, өздеріне тиісілі құқықтарын бөліп,
оларға міндеттер жіктеу туралы мәселені шешкен кезде , оларды басқару,
ұйымдастыру, және басқа да шаралар тарту кезінде ең алдамен олардың
аумақтық тиістілігін, тұрғылықты жерін ескереді.

2.МЕМЛЕКЕТ ФОРМАСЫ.
Мемлекет формасы – мемлекеттегі жоғарғы биліктің
ұйымдастырылуын, территориялық қалыптасуын және сол мемлекеттте
қалыптасқан билікті жүзеге асырудың амалдарын көрсететін мемлекеттік
құбылыс.
Мемлекет формасы бір -бірімен тығыз байланысқан 3 элементтен
тұрады: 1. Басқару формасы.
2. Мемлекеттік құрылым формасы.
3. Саяси режим формасы.

1.Басқару формасы. Басқару формасы мемлекет формасы түсінігінің
анағұрлым кең мағынадағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол
биліктің жоғарғы органдарының жүйесіне, олардың арасындағы құзіретті бөлісу
мен өзара әрекеттестік принциптеріне баса назар аударады. Басқару формасы
бағыт таңдау мен мемлекеттік саясат басымдығына және оны жүзеге асырудың
тәсілдеріне, биліктің демократиялық дәрежесіне және оның халыққа түсінікті
болуына айтарлықтай ықпал етеді.
Басқару нысанын анықтау кезінде ескерілетін мәселелер:
∀ мемлекетте қандай органдар және лауазымды тұлғалар жоғарғы билікті
бейнелейді;
∀ олар қандай принциптер мен бастамаларда қалыптасады және олардың
арасындағы өзара әрекеттестікте тежемелік пен тепе – теңдік механизмі
қолданыла ма;
∀ олардың арасындағы мемлекеттік өмірдің негізгі саласын басқару жөніндегі
құзірет қалай бөлінеді;
∀ жоғарғы биліктің төменгі тұрған органдар мен халық үшін ашықтық дәрежесі
қандай.
Осы сұрақтардың жауабына қарап басқарудың монархиялық және
республикалық формасы екендігін айырады.
Монархия -мемлекеттегі жоғарғы билік атадан балаға мұра ретінде
беріліп отыруы . Әлемдегі ең алғашқы мемлекет монархия түрінде болды.
Монархтық міндетті атқарудың белгілі бір мерзімі жоқ, ол өмір бойы
атқарылады.
Монархия түрлері:
1.Абсолюттік монархия (шексіз)-билік монархтың қолында
болады және билік шектелмейді. Мысалы: Кувейт, Бруней
2.Конституциялық монархия(шектелген) – монарх билігі белгілі
бір органмен шектеліп отырады. Яғни, монархтың мемлекеттік
саясатты жасап, оны жүзеге асыруға, маңызды мемлекеттік
шешімдерді қабылдауға әсері әлсіз. Парламент монархтың
пікірін ескере алады, бірақ елемеуге де хақылы. Мысалы:
Англия, Швеция, Жапония, Бельгия, Норвегия , Нидерланды.
3. Дуалистік монархия – мемлекеттегі жоғарғы билік монархпен
белгілі бір органның қолында тең дәрежеде шоғырланған.
Қорытынды: Монархияға мынадай қоғамдық-саяси және мемлекеттік-
құқықтық ерекшеліктер тән:
∀ монарх (король, император, патша, хан, шах) бейнесінде мемлекеттің дара
басшысының болуы;
∀ монарх өзінің функциясын мұралық жолмен, туыстық құқығы жолымен, кейде-
сайлау жолымен алуы;
∀ монархтың өз қызметін мерсімсіз, яғни өмір бойы атқаруы;
∀ монархтың ішкі және сыртқы қатынастарда мемлекетті кепілдік бойынша емес,
өз құқығы бойынша көрсетуі:
∀ монархтың өзінің әрекеті мен қылығына заңмен көзделген жауаптылығының
болмауы.
Республика-мемлекеттігі жоғарғы билік сайланбалы және ауыспалы
болып келеді.
Республика түрлері:
1. Президенттік республика -жоғарғы билік президент

қолында шоғырланады. Мемлекет басшысын
халық тура

немесе жанама сайлаулар жолымен сайлайды.
Мысалы: АҚШ, Швейцария.
2.Парламенттік республика-жоғарғы билік парламент
қолында шоғырланады. Ол заңдар қабылдайды және
жалпымемлекеттік маңызды мәселелерді шешеді.
3. Аралас республика- жоғарғы билік президент пен парламент
қолында тең дәрежеде шоғырланады. Мысалы: Ресей,
Қазақстан.
Қорытынды: Республикаға мынадай қоғамдық-саяси, мемлекеттік-
құқықтық ерекшеліктер тән:
∀ мемлекеттің жоғарғы органдарының сайланатындығы;
∀ бұл органдардың қызметінің дәл мезгілдік параметрлермен шектелуі;
∀ мемлекет басшысының кейбір әркеттеріне жауапкершілік белгілеу.

2.Мемлекет құрылымдық формасы – мемлекеттің территориялық
ұйымдастыру:
1. Унитарлы мемлекет (unitas – бірлік, біртұтас деген латын
сөзінен шыққан )- біртұтас, өзінің құрамында автономды мемлекеттік
құрылымдар жоқ, өз алдына дербестігі жоқ әкімшілік аумақтық бөліністерден
тұратн мемлекеттер. Осыған қарай жоғары билік орындары, басқару және сот
бүкіл ел үшін біртұтас болып табылады. Әкімшілік аумақтық бөліністердің
өкілдік, атқару және сот органдары унитарлық мемлекеттің жоғары орындарына
бағынады. Олар унитарлық мемлекеттің жоғары билік органдарының нұсқауларын
орындайды. Мысалы: Франция, Жапония, Түркия, Венгрия, Украина , Беларусь,
Қазақстан, Қырғызстан.
2. Федеративтік (feoderare – одақпен нығайту деген латын
сөзінен шыққан ) мемлекет- бұл құрамына екі , үш және одан да көп
мемлекеттер немесе бірқатар дербестік дәрежесі бар мемлекеттік құрылымдар
кіретін одақтас мемлекеттер. Мемлекеттердің немесе мемлекеттік
құрылымдардың федерацияға бірігуі олардың шексіз құқығының кейбіреуінен
айырылуына әкеліп соғады, ол құқықтар федерацияға көшеді. Федерацияның
өзіне тән ерекшелігі, онда тек қана жоғары жалпы федералдық органдар
(мемлекет басшысы, парламент, үкімет, жоғарғы сот, министірліктер,
ведомстволар) ғана жұмыс істеп қоймайды, сондай – ақ одақтық армия
құрылады, одақтық азаматтық белгіленеді.
Бірақ, федерацияның субъектісі болып табылатын мемлекеттер мен
мемлекеттік құрылымдар соның шеңберінде белгілі бір дербестігін сақтайды.
Олардың өздернің жоғары заң шығару, атқаруын және сот органдары бар, кебір
жағдайларда шағын әскер құрамасын құрады, кеде өзінің азамматтығын
енгізеді. Конфедерация (confoederatio – одақ, қоғамдастық, бірлестік-лат.)
Ол белгілі бір мақсаттар үшін (әскери, экономикалық, дипломатиялық)
құрылған мемлекеттер одағы . Мысалы: АҚШ (1781 жылға дейін).

3.Саяси режим-мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі.
Саяси режимнің белгілері:
_саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу
тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай
ұйымдастырудың жолдары;
_ мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық
құқықтарының арақатынасы;
_жеке адамның бостандығының кепілдігі;
_қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты;
_халықпен саяси билікті тікелей іске асыру деңгейі;
_ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі және
мемлекеттік аппараттың ашықтығы ;
_мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны
және рөлі;
_ заң шығару мен атқару биліктерінің арақатнасы.

Саяси режимдердің негізгі бөлінуі: демократиялық және
демократияға қарсы.
1. Демократиялық режим. Бұл хплықтың құқықтарына кепілдік
берген, демократиялық әдістерінің көбін мемлекет басқару процесінде
қолданған режим. Демократиялық режимдері жақсы дамыған мемлекеттер –
Ұлыбритания, Бельгия, Исландия. Демократия әдістері жаңа қалыптасып келе
жатқан мемлекттер - Қазақстан, Оңт. Корея
2 Демократияға қарсы режим. Халық басқару процесіне қатыспйтын
және оның еркімен санаспайтын режим.
Фашистік режим – халықтың саяси құқықтары шектеледі,жалғыз
партия мемлектті ақпаратты басқарады. Мысалы: Германия
Автолитарлық режим – бір адамның билігімен байланысты болады.
Мысалы: Стаоин, Наполеон.
Татолитарлық режим – билік бірнеше топтың қолында болады.

3.МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫ.
“Мемлеке функциясы” деген атау, мемлекет жұмыстарындағы
мақсаттардың негізгісі, өте маңызды бағытттарын айқындауғапайдаланылады.
Себебі, сол арқылы оның әлеуметтік рөлі көрінеді. Заң шығарушы, атқарушы
және сот қызметтеріндегі негізгі бағыттарының табиғаты бір болады. Олардың
ең бірінші мақсаттарына қоғам өмірінің бір қалыпты дамуын қамтамасыз ету
кіреді.
Мемлекет функциясында оның мәнін көрсетімен қатар, қоғам
дамуындағы негізгі мәселелерді шешудегі рөлін және ең алдымен, ел
тұрғындарының әр түрлі мүдделерін қамтамасыз ететіндігі айқындалады.
Функция – заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған
мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және
оның әдіс-тәсілдерін анықтап іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан
мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген атау деген
заңды ұғым қалыптасады.
Мемлекет функциясы тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді.
Тұрақты функция мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде іске асырылады.
Уақытша функция өзіне белгіленіп берілген жұмысты орындағаннан кейін өз
жұмысын бітіреді. Яғни, төтенше сипатта болады (стихиялық жағдайды түзеу,
үлкен апаттар, конституцияға қарсы көтерілістер жатады).
Мемлекеттің барлық бағыттағы негізгі қызметтері, қоғым өмірінің
қандай ортасында өтетініне байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

І ш к і ф у н к ц и я л а р:
1. Экономикалық функция -мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі
стратегиялық ьбағыттарын наықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін
көрсеті. Экономиканың дамуын реттеудің негізгі 4 тәсілі болады:
бірінші-салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеу-басқару;
екіншісі-экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп дамыту;
үшінші-ғылым мен техниканы дамытып экономиканы көтеру;
төртінші-мемлекеттік өндірісті дамыту.
2. Әлеуметтік функция-мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі-халықтың
әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы жәрежеде дамыту.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты 2 бағытқа бөлінеді:
бірінші бағыты-адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге,
зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы жанұяларға, студенттерге
мемлекеттік көлемде жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын
жақсарту;
екінші бағыты-адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға,
мәдениетті дамытуға, халықтың жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап,
мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру.
3. Қаржы реттеу функциясы - қоғамдағы барлық азаматтардың,
бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін
реттеп-басқарып отыру. Бюджеттің (шығысы мен кірісін) дұрыс пайдалануын
Қаржы министрлігі мен Парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады.Жергілікті
басқару аппараты өз бюджетінің дұрыс пайдалануын өзі бақылап, тексереді.
Шекарадан заттың шығуын, кіруін, одан түсетін кірісті мемлекеттік кеден
аппараты тексеріп, бақылап отырады.
4. Мәдениет функциясы - Адамдардың денсаулығы, рухани сана-сізімі,
білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, әдебиет, өнер, музыка, ғылым,
тәрбие, т.б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде
дамытып отырады.
5. Экологиялық функциясы-бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема. Сонымен
бірге жеке мемлекеттер де, жеке ұйымдар да өздерінің үлесін қосуға
міндетті. Себебі табиғатты, адамды қоршаған ортаны қадірлеп, қорғау жалпы
әлемдік мүдде-мақсат, кезек күттірмейтінміндет. Табиғатты ластау адам
қоғамының болашағын жою. Сондықтан, бұл мәселс БҰҰ бақылауында, халықаралық
құқық шеңберінде біраз нормативтік актілер қабылданып, мемлекетаралық
бағдарлама бекітілді.Жеке мемлекеттер де өздерінің бағдарламасын қабылдады.
Қазақстанда қоршаған орта туралы проблемаларды шешетін, бақылайтын және
реттейтін арнайы министрліктер мен ведомстволар жұмыс істейді. Қоршаған
ортаны бұзғандарға қолданатын заңдар бар. Табиғатты қорғау туралы заңдардың
барлық жерлерде бірдей орындалуын қадағалауын прокуратура органдары
жүргізеді.
6. Құқықтық тәртіпті қорғау функциясы-қоғамда мемлекеттің,
бірлестіктің, жеке адамдардың мүдде-мақсаттарын қорғайтын әділетті,
инабатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек. Оны қалыптастыратын,
реттеп-басқаратын мемлекет, оның органдары.Сонымен бірге, бұл іске
бірлестіктер мен жеке адамдар да зор үлес қосулары, белсенді түрде
қатынасулары керек. Қоғамдық тәртіпті жақсартудың, нығайтудың 2 әдіс-тәсілі
бар: біріншісі-заңдардың, норматифтік актілердің сапасын, әділеттігін
көтеру;
екіншісі-құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету.
Егер норма дұрыс орындалмаса немесе бұзылса қатаң күрес жүргізу, жауапқа
тарту. Ал қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы -адамдардың бостандығын,
құқықтарын қамтамасыз етіп, жақсы өмір жасауға мүмкіншілік қалыптастыру.
С ы р т қ ы ф у н к ц и я л а р .
Мемлекеттің сыртқы қызметі-оның қызметінің халықаралық
ортадағы негізгі бағыты.Олар мемлекеттердің мынадай сыртқы мақсаттарын
шешуге тиісті: басқа мемлекеттермен достық ынтымақтастықты сақтау, елімізді
сыртқы жаудан қорғауды ұйымдастырады. Осы міндеттерге байланысты
мемлекеттің негізгі 2 функциясы бар: барлық басқа жер бетіндегі мемлекеттік
қауымдастықтармен пайдалы ынтымақтастық жасау және отанды сыртқы жаудың
шабуылынан қорғау.
1. Басқа мемлекеттермен екі жаққа да пайдалы ынтымақтастық-
мемлекеттің тең құқықты экономикалық, саяси, мәдени және басқа қатынастарды
белгілеуге және дамытуға бағытталған әр түрлі қызмет. Мұнда бұл мемлекеттің
белгілі мүддесі, барлық мемлекеттердің мүдделерімен қабысуы қажет.
а) Экономикалық ынтымақтастық. Халықаралық экономикалық
ынтымақатстықты маңызды орынды халықаралық еңбек бөлінісі, өндірісті
кооперативтендіру және арнайыландыру, жаңаша технологиялар мен айырбастасу,
тауар айналымын реттеу, қаржы-кредиттік байланыстарын дамыта алады. Жалпы
халықаралық ынтымақтастықты Біріккен Ұлттар Ұйымы және оның арнайы
мекемелері іске асырады. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және
әлеуметтік кеңесінің құрамында бірнеше органдар бар. Олар дүниежүзілік
көлемдегі қауымдастықта мемлекетаралық экономикалық қатынасты реттейді,
атап айтқанда: сауда және даму кеңесі, экономикалық комитет, аймақ бойынша
экономикалық комиссия, тұрғын үй туралы комитеті, құрылыс және жоспарлау,
табиғат ресурстары, ғылым және техника комиттері. Халақаралық экономикалық
және әлеуметтік ынтымақтастықпен БҰҰ – ның арнайыланған мекемелері
шүғылданады. Оған: Халықаралық еңбекті ұйымдастыру, тамақ және
ауылшаруашылық ұйымдары, халықаралық валюта қоры, халықаралық қайта құру
және даму банкісі жатады.
Экономикалық ынтымақтастық бір – бірімен таяу шекаралас
мемлекеттерде тиімді түрде жүзеге асырылады. Экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Федеративтік мемлекет күрделі мемлекет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Мемлекет нысаны жайлы
Мемлекет нысанының түсінігі, оның құрылымы
Қазақстан Республикасының мемлекеттінің құрылымы
Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары
Басқару нысаны ретінде
Мемлекет нысанының түсінігі
Мемлекеттің белгілері, функциясы, органдары және нысандары
Мемлекеттің пайда болу теориялары
Пәндер