Мемлекет функциясының түрлері, орындалу нысаны


МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫ
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
1. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері 4
2. Мемлекет функциясының түрлері 8
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 13
КІРІСПЕ
1. Мемлекет фуикциясының түсінігі, оның белгілері
Өткен тақырыптарда мемлекеттің пайда болуын, оның мазмү-нын, типологиясын, нысанын, әкімшілік-аймақтар қүрылысын, саяси, әкімшілік баскдруын жан-жақты кдрастырып өттік. Бүның бәрі мемлекеттің статистикалық көрінісі. Енді мемлекеттің дина-микалық процесінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін қалай орындауына, қандай қызмет атқаруына назар аударайық. Осыларға толығырак, тоқтап, түсінуіміз керек. Міне осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын күрады.
Функция - заң ғылымында мемлекет пен құідықтың алдында түрған мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы түрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппа-ратының функциясы деген занды үғым қалыптасады.
Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пай-даланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмүнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бүрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмүнына сәйкес қарастыру дүрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор өсер етеді. Бүл дүниежүзілік саяси көзқарас.
Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функция-сын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмү-нын терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жүмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тари-хи даму процесін зерттеп, дүрыс түсінуге кеп үлес қосуы. Функ-ция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бүл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республика-сының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
Мемлекеггің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Со-лардың бірі - функция көп өзгеріске үшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функция-лар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: түрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; завды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функ-цияны ішкі және сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дүрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін
- мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар фун-кцияның мазмүнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптасты-рады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция - орган
- аппарат - мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғам-ның алдында түрған мүдде - мақсаттардың мазмүнын, оның орын-далу бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жүмыстарының імазмүны және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне үқсамайды. Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жүмыстарының әдіс-тәсілінен айыра білуге болады;
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке түлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, үйымдар өздерінің қүзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дүрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет функциясы орындалуының қүқықтық және үйымдас-тырушылық тәсілдері болады. Қүқықтық тәсілдің өзі үшке бөлінеді: қүқық шығармашылық, қүқықты қолдану, орындау; қүқықты қорғау. Үйымдастырушылык төсілдің түрлері: экономикалық (до-тация, кредит, баға т. б. ) ; саяси симпозиум, семинар, конферен-ция, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу.
Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан на-қты қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан қызметтерін мемлскеттік биліктің орында-луының құқык^ық нысаны дейді.
Бүл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының күқықтык нысаны екі түрге бөлінеді:
1) . Нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны;
2) . Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу ныса-ны.
Нақты нысанның өзі үшке бөлінеді:
1) . Қүқық шығармашылық:
2) . Қүқықты орындаушылық;
3) . Қүқықты қорғаушылық.
Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нак?ы түрі - әкімшілік шарт арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі жағының субъектісі мемлекеттік орган бола-ды.
Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілерінің орындалу нысаны бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологи-ялық, үйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық т. б.
Мемлекеттік билікті орындау қүқықтық нысандармен шектелмейді. Бүл іске мемлекеттің үйымдастыру қызметі көп үлес қосады. Мемлекеттің үйымдастыру қызметі заңға тәуелді іс-әре-кет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бүл қызметке на-қты нормативтік актілердің қажеті жоқ.
Мемлекеттің үйымдастыру қызметінің түрлері:
- жаңа шыққан зандарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;
- мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;
- материалдық-техникалық операциялар жүргізу, баяндамалар, іс-қағаздарын дайындау, зандарды, нормативтік актілерді басып шығару т. б. қүжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;
- әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;
- мемлекеттік органның тәжірибелерін жинақтап, қорытынды жасау;
- мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық үйымдардың, еңбек үжымдарының ой-пікірлерін, үсыныстарын жинақтап, қорытын-ды жасау;
- мемлекеттік органның жүмысына халықты, қоғамдық үйым-дарды, саяси партияларды қатыстыруды үйымдастыру.
- шет елдермен қарым-қатынасты үйымдастырып, басқару т. б. қызмет істері.
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жүмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерек-ше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып қүрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:
а) . Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шы-ғару, заңцы орындау, заңды қорғау органдары) .
б) . Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.
в) . Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік - билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды түлғалар 3 топқа бөлінеді: категория «а» Президент, Премьер-Министр, Палаталардың бас-шылары, Министрлер, т. б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың бас-шылары; категория «б» бірінші топтағы лауазымды түлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория «в» екінші топтағы лауазымды түлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды түлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі мүдце-мақсаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, руха-ни, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамта-масыз ету. Жеке түлғалардың мүдделерін орындау арқылы мем-лекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-қатынастарды дүрыс реттеп, басқарады.
Сонымен, мемлекеттің функциясы - қоғамды әлеуметтік басқа-рудағы мемлекеттің атқаратын жүмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.
Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде үғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақ-саттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бүл мәселені оқып, білуде езгешілік кездеседі.
Біздің пікіріміз - функциянын өзін жеке оқып, білген дүрыс. Оны мемлекеттің мүдде-мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау дүрысқа жатпайды. Себебі, бүл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың мазмүны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.
Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыр-тқы деп бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген дүрыс, функцияның басым көпшілігінің шекарасы белгілі.
2. Мемлекет функциясының түрлері
Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп-басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық қатынас-ты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бүл функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі функциялары:
1. Экономикалық функция - мемлекеттің экономикалық даму-ының негізгі стратегиялық бағыттарын анықгау, олардың орын-далу жолдары, тәсілдерін көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:
бірінші - салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп, басқару;
екінші - экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп, дамыту:
үшінші - ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көте-ру (бүл екі жақты процесс) ;
тертінші - мемлекеттік өндірісті дамыту.
2. Әлеуметтік функция - мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақгы қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты - адамдардың қоғамдағы еңбегіне қара-май мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы жанүяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты - адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамы-туға, халықтың жақсы түрып, жақсы демалуына қамқорлык жа-сап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру.
3. К^ржы реттеу функциясы - қоғамдағы барлық азаматтардың, бірлестіктердің, үйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп, басқарып отыру. Бюджеттің (кірісі мен шығысын) дұрыс пайдалануын қаржы министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады. Жергілікті басқару аппараты өз бюджетінің дүрыс пайдалануын өзі бақылап, тексереді. Шекара-дан заттың шығуын, кіруін, одан түсетін кірісті мемлекеттік ке-ден аппараты тексеріп, бақылап отырады.
4. Мәдеииет бағытындағы функция - адамдардың денсаулығы, рухани сана-сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, әде-биет, өнер, музыка, ғылым, тәрбие т. б. мемлекеттің түрақты ба-қылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады. Бүл күрделі функцияға жеке адамдар да, бірлестіктер де тиісті деңгей-де үлес қосып отырады.
5. Экологиялық функция - бүл дүниежүзілік көлемдегі пробле-ма. Сонымен бірге жеке мемлекеттер де, жеке үйымдар да, жеке адамдар да өздерінің үлесін қосуға міндетті. Себебі, табиғатты, адамды, қоршаған ортаны қадірлеп, корғау жалпы әлемдік мүдде-мақсат, кезек күттірмейтін міндет. Табиғатты ластау адам қоғамы-ның болашағын жою. Сондықтан бүл мәселе БҮҮ бақылауында, халықаралық қүқық шеңберінде біраз нормативтік актілер қабыл-данып, мемлекетаралық бағдарлама бекітілді. Жеке мемлекеттер де өздерінің бағдарламасын қабылдады.
6. Қүідықгық тәртіпті қорғау фуикциясы - қоғамда мемлекеттің, бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде-мақсаттарын қорғайтын әділетті, инабатты, парасатты, қүқықтық тәртіп болу керек. Оны қалыптастыратын, реттеп, басқаратын мемлекет, оның органда-ры. Сонымен бірге бүл іске бірлестіктер мен жеке адамдар да зор үлес қосулары, белсенді түрде қатынасулары керек. Қоғамдық тәртіпті жақсартудың, нығайтудың екі әдіс-тәсілі бар. Біріншісі - заңдардың, нормативтік актілердің сапасын, әділеттілігін көтеру. Екіншісі - қүқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету. Егер норма дүрыс орындалмаса немесе бүзылса, қатаң күрес жүргізу, жауапқа тарту.
7. Қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы - бүл мемлекет орган-дарының кызметінің ең күрделі, жауапты түрі. Осы функция арк-ылы адамдардың бостандығын, қүқықтарын қамтамасыз етіп, жақсы өмір жасауға мүмкіншілік қалыптастыру.
8. Ғылыми - техникалық прогресті дамыту функциясы. Қазіргі заманда қоғамның жақсы даму бағыты: ғылым мен техниканы» қарқынды түрде дамуына толық мүмкіншілік жасау, барлық қаржыны мемлекеттік бюджетке тапсыру. Өйткені бүл істі бір орта-лықтың басқаруы қажет.
Мемлекеттің сыртқы функциялары.
1. Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, үжымдар қүру, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу т. б. іс-әрекеттер жасау. Бүдан мемлекеттер үтылмайды, керісінше, үтыстары мо-лаяды.
2. Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақ-сарту. Барлық мәселені бейбітшілік жолмен шешу. Бүл байланыс үш түрлі деңгейде жүргізіледі: парламентаралық, үкіметаралық және жергілікті басқару аппараттарының байланысы. Мысалы, Еуропалық одақты және тәуелсіз мемлекеттердің достастығын келтіруге болады.
3. Мәдени және ғылыми- қалып-тастыру. Ғылыми-техникалық мәдени жетістіктерді пайдалану, алмастыру т. б. жолдарын іздестіру. Бүл жүмысқа мемлекеттік емес үйымдар да кеңінен қатысып жүр. Мысалы, дүниежүзілік демок-ратиялық әйелдер, жастар, студенттер, кәсіпшілер, архитектор-лар, суретшілер, сазгерлер одағы; халықаралық ғылым одақтарын-ның кеңесі; БҮҮ-ның ЮНЕСКО Комитеті т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz