Соттар және сот төрелігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Мемлекеттік құрылыс1

І-бөлім. 1-9 баптар. Жалпы ережелер. 6

ІІ-бөлім. 10-39 баптар. Адам және азамат. 6

Әскери құрылыс6

Мәдени процестер7

ҚАЗАҚСТАН - 20308

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы8

Гейне8

КІРІСПЕ8

Әлеуметтік даму10

Нарықтық реформалары: қиыншылықтары мен табыстары11

Өнеркәсіптік өндіріс динамикасы12

Өнеркәсіп орындарының структурасы. 13

Сыртқы саяси байланыстар13

Қазақстан ТМД шеңберінде13

Мемлекеттік құрылыс

ҚР-ның Президенті - мемлекеттің сайланған басшысы, оның жоғарғы

лауазымды тұлғасы.

Президент институты ҚР-нда 1990ж. пайда болды ҚР Президентінің құқықтық мәртебесі Қаз КСР-ның 1990ж. 24 сәуірдегі “ҚазКСР Президенті міндетін тағайындау және ҚазКСР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заңымен белгіленген.

Президент Институты үлгісін мына концепция белгіледі: Президент - атқарушы билік басшысы, Республикалық Кеңестің шеңберінде. Бұл заң 5 жылға жасырын дауыс беру арқылы бүкілхалықтық, тең төте Президент сайлауын қарастырады. Президент депутат бола алмайтын, Жоғарғы Кеңестің, Жоғарғы Кеңес Президиумының жұмыстарына қатыса алатын; Министрлер кеңесінің мәжілістеріне төрағалық етуге құқылы болатын; Жоғарғы Кеңеске өз кандидатурасын Министрлер Кеңесінің Төрағалығына, Халықтық Бақылау Комитетінің Төрағалығына, Жоғарғы сот Төрағалығына, Бас мемлекеттік соттыққа ұсынуға; Жоғарғы кеңеске Жоғарғы Сот Төрағасынан басқа көрсетілген лауазымды тұлғаларды қызметтен босату туралы ұсыныстармен кіре алатын: Президент Жоғарғы Кеңес алдында Министрлер Кеңесін отставкаға жіберу шешімін, Министрлер Кеңесінің Председателімен кеңесу арқылы Үкімет мүшелерін Жоғарғы Кеңестің бекітуімен қызметке тағайындау мен босату құқығына ие болды. Президент Республика басшысы сайланғанда, Қазақстанның ішкі және халықаралық қатынастарын жүргізуге құқылы да міндетті: Қазақ мемлекеттігі шеңберінде Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ ҚСР-ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ ҚСР-ның “Қазақ ҚСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар еңгізу туралы” Заңы қабылданды.

1991ж. 1 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің 1991ж. 16 қазандағы шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті, қорытындысында мемлекет басшылығына 98, 7% Н. Ә. Назарбаев сайланды, ал Вице-Президент болып Е. М. Асанбаев сайланды.

1993ж. 28 қаңтарда Жоғарғы кеңес қабылдаған Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы және Республиканың тұтас атқарушы билік жүйесін басқарады; Жоғарғы Кеңес келісімі бойынша Премьер-министрді сайлау; Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастарда таныстыру; Қазақстан Республикасы келіссөздер жүргізу мен келісім шартқа қол қою; Республиканың келісім шарттарының дұрыс жүргізілуі мен міндеттерін; Қазақстан Республикасы халықтары мен оның Жоғарғы кеңесіне үндеуі; негізінде Қазақстан Республикасы Заңы мен Конституциясының өкімдері, қаулылары Қазақстан Республикасының барлық территориясына күшін иеленді; Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3 көпшілік дауыс шешімі бойынша тиым салу құқығын иеленді.

1995ж. Конституция. 1995ж. 30 тамыздағы республикалық референдумда мемлекеттік билік жүйесінің түпкілікті реформасы болды; Қазақстан мемлекеті Президенттік басқару формасын жариялайды.

Конституция шешімі бойынша, Президент Қазақстан Республикасыда туылған азамат, 35 жастан жас емес, 65 жастан үлкен емес мемлекеттік тілді толық меңгерген, Қазақстанда 15 жылдан астам тұрған болуы қажет. Президент мандаты - 5 жыл. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның жоғарғы қызмет адамы, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтаушы, Қазақстан Республикасын мемлекеті ішінде және халықаралық қатынастарда, мемлекет билігі мен халықтар бірлігінің (гаранты) кепілі, Конституция бойынша Қазақстан Республикасы барлық азаматтардың бірдей құқығы мен бостандығы, мемлекеттік билік пен биліктің жауапты органдарының халық алдындағы жауап-күшілігі.

Президент кең өкілдікпен қамтамасыз етілді; Парламент Премьер-министрінің келісімімен Үкіметті құрайды, оны қызметтен босатады, парламенттің Жоғарғы палатасын құруға қатынасады, заңдар мен өнімдер шығаруға құқылы, республикалық референдум өткізуге және оның шешімін қабылдайды, Республиканың Қарулы күштерінің Бас басқарушысы, Қарулы күштердің жоғарғы басқаруышысын қызметке тағайындау мен қызметтен босату, 5 жыл уақытқа қызметке сайлау, Санақ Комитетінің республикалық бюджеттін бақылау мен атқаруынының Председателі, төтенше жағдай сипаты барысында Қазақстан территориясының барлық жерінде төтенше жағдай жасауға құқылы, және т. б.

Президент парламентті таратуға 1) Үкіметке сенімсіздік білдіру. 2) Премьер-Министрдің тағайындау келісіміне екі реттен артық келісім бермеу. 3) парламент палатасы немесе парламентпен және мемлекет басқару саласы арасында саяси дағдарыс пен (алаусыздық) келіспеушілік туғанда.

1998ж. қазан айында Президент Н. Ә. Назарбаев конституциялық реформа өткізу ынтасын көрсетті. Парламентариялармен өткізген консультация (кеңестен) кейін, кейбір депутаттардың келіспеушіліктерінен соң парламенттің Мәжілісі мен Сенатының біріккен мәжілісінде 1995ж. Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер енгізілді. - Қазақстан Республикасы Заңы “Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен қосымшалар туралы” Президент, Парламент Үкімет сайлаулар конституциялы - құқықтық статусына байланысты.

Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде Мемлекеттілік қура отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге алып отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

(1995ж. )

1998 жылы 8 қазанда ҚР Президентінің ұсынысымен Парламент

Конституцияға парламент өкілеттігін, қоғамдық өмірдің демократиялық негіздерін кеңейткен жиырмаға жуық өзгертулер мен толықтырулар енгізді. ҚР Конституциясы преамбула, тоғыз бөлім және 98 баптан тұрады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы деп адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жарияланады. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады. Конституция бойынша, халық мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылады және халық билікті тікелей республикалық референдум, еркін сайлау, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдары береді. Мемлекеттік билік Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Биліктің бұл тармақтары тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасайды . Конституция әр түрлi саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктер құруға жол беретiн идеологиялық және саяси әр-алуандылық жариялайды. Мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiктiң танылуы және бiрдей қорғалуы туралы ереже мәндi болып табылады. Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Мемлекеттiк тiл қазақ тiлi болып табылады.

Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену және дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

“Адам және адамзат” бөлiмiнде азаматтық алыну және тоқтатылуы туралы азаматтардың жеке, экономикалық, саяси, әлеуметтiк және мәдени құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ мiндеттерi туралы нормалар берiледi 2-51. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуының материалды (қаржылық), саяси және құқықтық кепiлдемелерiне, сондай-ақ ұлтаралық татулықты бекiтуге ерекше көңiл бөлiнедi. Үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi бөлiмдер Президент, Парламент, Үкiмет, Конституция, Кеңес мәртебесiне және соттарға (қараңыз. олар туралы баптар) арналған. Ерекше бап заңдардың, Президент жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл және бiркелкi қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiретiн прокуратураға арналған. Қылмыстық iстер бойынша анықтама жүргiзу мен алдын ала тергеу арнаулы органдармен жүзеге асырылады және бұлар сот пен прокуратурадан бөлiнген. Ерекше бөлiм жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзiн-өзi басқаруға арналған. Жергiлiктi мемлекеттiк басқаруға мәслихаттар - жергiлiктi өкiлдi органдар және акимат - жергiлiктi атқарушы органдар жатады. 2001 ж. 24 қаңтарда мәслихат пен акимат құзыретiн, олардың құрылуы мен қызметi тәртiбiн бекiткен “Жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы” жаңа заң қабылданды.

ҚР Конституциясы ең жоғары құқықтық күшке ие. Бұл барлық заңдар, Президент жарлықтары, үкiмет шешiмдерi басқа да барлық мемлекеттiк органдардың жарлықтары.

Конституцияда көрсетiлген нормалар негiзiнде iске асып, оған қайшы келмеуге тиiс деген сөз. Конституция Республика территориясының барлық жерiнде тiкелей құзырын жүргiзе алады. Бұл, азаматтар Конституциядағы ережелерге жүгiне отырып сотта және басқа да органдарда өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқылы деген сөз. Ал мемлекеттiк органдар даулы мәселелердi шешуде Конституция нормаларын қолдана алады. Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерi Конституцияға қайшы келмеуге тиiс деген сөз. Конституция Республика территориясының барлық жерінде тікелей құзырын жүргізе алады. Бұл, азаматтар Конституциядағы ережелерге жүгіне отырып сотта және басқа да органдарда өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқылы деген сөз. Ал мемлекеттік органдар даулы мәселелерді шешуде Конституция нормаларын қолдана алады. Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері Конституцияға қайшы келмеуге тиіс.

І-бөлім. 1-9 баптар. Жалпы ережелер.

ІІ-бөлім. 10-39 баптар. Адам және азамат.

ІІІ-бөлім. 40-48 баптар. Президент.

ІV-бөлім. 49-63 баптар. Парламент.

V-бөлім. 64-70 баптар. Үкімет.

VІ-бөлім. 71-74 баптар. Конституциялық Кеңес.

VІІ-бөлім. 75-84 баптар. Соттар және сот төрелігі.

VІІІ-бөлім. 85-89 баптар. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.

ІХ-бөлім. 90-98 баптар. Қорытынды және өтпелі ережелер.

Әскери құрылыс

Қазақстанның және басқа да республиканың әскери қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын кеңестік жылдары ортақ және көп ұлтты, қарудың қазіргі заманғы барлық түрлерімен жақсы жарақталған және бөлімдерінен есебінен, экипажынан бастап жоғарғы командалық-штабтық инстанцияларға дейін жақсы дайындықтап өткен КСРО Қарулы Күштері қамтамасыз етіп келген. Олардың өмірлерінде қиындықтар мен проблемалар болды, бірақ оларды жеңуге болатындай көрінді және шындығында да солай еді.

1991 жылғы тамыз Одақтың құлауын теңдетті, ал желтоқсан осы істі соңына дейін жеткізді. Басталап кеткен дербестендіру мен демократияландыру эйфориясында радикалды әскери реформа мәселесі бірінші орынға шығып кетуге шақ қалды. Алғашында оның мәні әскердің партиясыздандырылуы мен саясатсыздандырылуына, құрылымдар мен қару-жарақтық санын қысқарту мен жаңартуға келіп тірелді. Әскери қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынасты гуманизациялау, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын жақсарту туралы да көп айтылды. Дегенмен ең басты мәселе Қарулы күштерді ортақ күйінде, немесе тым болмағанда біріккен қалыпта сақтаудың көзделуінде болды.

Алайда 1991ж. қазанда-ақ Украина, одан кейін Әзербайжан мен Молдавия өз әскерлерін құруға бекінді. Бұған жауап ретінде Президент Б. Н. Ельцин “Ортақ бақылаудағы Егемен Мемлекеттер Достастықтың Біріккен Қарулы Күштері” ымырашылдық идеясын ұсынды. Олардың ядросын ядролық күштерді, ерте қолға түсіру, зымыранға қарсы қорғаныс пен ғарыштық барлау жүйелерін қамтитын стратегиялық күштер құрауға тиіс болатын. Стратегиялық құрамалары жоқ ұлттық күштер де ортақ жедел стратегиялық жоспарлар бойынша жұмыс істейтін және кадрлар даярлаудың, қару-жарақ пен әскерлерді басқарудың ортақ жүйесі бар ортақ басқаруға біріктіріледі.

Ахуалды 1991 жылғы 8 желтоқсандағы Ресей, Украина және Белоруссия президенттерінің КСРО-ның өмір сүруін тоқтату туралы шешімі күрт асқындырып жіберді. 1991 жылғы 21 желтоқсандағы Тәуеліздік Мемлекет Достастығын құру туралы шешімде ортақ әскери-стратегиялық кеңістік пен ортақ басқаруды сақтау және қолдау жөнінде сөз қозғалды. Алайда сол жылы желтоқсанның ортасында-ақ Украина президенті артынша Әзербайжан мен Молдавия прездиенттері өздерін бірқатар стратегиялық күштерден басқа осы республикалардың аумағында орналасқан әскерлердің бас қолбасшысы деп жариялады. 1992ж. басында ортақ қана емес, сонымен бірге ТМД-ң біріккен Қарулы күштерін құру мүмкіндіктері жойылды. Бұл басқа бұрынғы одақтас республикаларды да егемен әскерлерін құруға мәжбүр етті.

“Қазақстан мәселенің оң шешімін табуға болатын соңғы сәтке дейін ортақ Қарулы Күштер концепциясын қолдап келді” - деп жазды С. К. Нұрмағамбетов. Қазақстан Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев соңғы мүмкіндік сарқылғанша жеке әскер құруға кіріспейтіндігін айтты.

Мәдени процестер

Мәдениетті қолдаудың ұлттық қоры

Қазіргі заманғы мәдени процес қарама-қайшы тенденцияларға ие. Халықтық білім беру, ғылым мен мәдениет өзін-өзі дамыту, идеологиялық догмалар мен стереотиптерден арылу үшін қанатын кеңге жая түсті. Бұл схематизм мен барлық құрылымдық элементтер және рухани өмір шеңберлеріндегі біркелкілілікті жеңіп шығуға мүмкіндік ашты. Осылайша біртұтас еңбек мектептерінің орнына мектептік білім беру плюрализмі қалыптасуда. Гимназиялар, лицейлер, колледждер, жеке және авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Тарих, зоология және басқа да мектептік пәндер бойынша жаңа оқулықтар жарыққа шығуда.

Алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орындары - Әл-Фараби атындағы ҚазМҰ, Абай ат. АМУ, Қаз. Политехникалық институты және басқалар - ҚР-ның тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізудегі жауапты тапсырмаларды өз мойнына ала алатын кадр мамандар дайындауға қажетті жаа факультеттер ашты. Түркістандағы Қ. А. Яссауи ат. Халықаралық қаз. -түр. Университеті, Оралдағы Мәдениет институты, т. б. жоғарғы оқу орындары өздерінің алғашқы студенттерін қабылдады.

Халықтық білім беру жүйесінің халықаралық байланыстар кебейе түсті. 1991ж. 1000-нан астам Қазақстан оқушылары, студенттер мен аспиранттары оқуларын шет елдерде жалғастырды.

Жаза талаптарға сай ҚР ҰҒА-ның ғылыми ізденістерінің құрылым мен тематикасы енгізілуде. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археологиялық Институт, ғарыштық зерттеулер, механика мен машина ісі, информатика мен басқару мәселелер, физика-техника, т. б. сияқты жаңа ғылыми-зерттеу институттары ұйымдастырылды.

Салалық ғылым академияларының байланыстары кезеңіде ҚР-ның Инженерлік және Ауылшаруашылық академиялары жұмыс істей бастады. Ғылыми стипендиялар тағайындау, ғылыми атақтар беру және диссертациялық жұмыстардың сапаларын қадағалау үшін республикалық Жоғарғы аттестациялық комиссиясы құрылды.

Құғынға ұшыраған ғалымдар мен жазушылар және мамандарды елге таныстыру қарқынды жүріп жатыр. А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхаметовтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың кітаптары жарық көрді.

Қазақ тілінің қайта жанжану мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналды. ҚР Конституцияның тіл туралы заңына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Іс жүргізуді қазақ тіліне көшіруге байланысты көптеген шаралар белгілініп, жүзеге асырылуда. Екі жыл ішінде 654 қазақша мектепке дейінгі балалар мекемелері және 292 жалпы білім беретін қазақ мектептері ашылды. Мемлекеттік тілдің бұқаралық ақпарат құралдары жұмысындағы ролі арта түсуде.

ҚАЗАҚСТАН - 2030

БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨСІП-ӨРКЕНДЕУІ, ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ АРТУЫ

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңағасыр табалдырықтан аттайды, басқа дәуір туып келеді

Вергилий.

Әр дәуірдің өз міндеттері бар

Гейне

КІРІСПЕ

Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ.

Қазақтың халық мақалы.

Қадірлі халайық!

Мен сіздерге, Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап отырмын. Мен Сіздерге осынау болашаққа қол жеткізіп, өз мұратымызды іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын стратегияны ұсынғым келеді.

Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзімнің ой-толғаныстарыммен бөліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.

Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп-жетілді.

Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екендігін анық білуге және ұғынуға тиіспіз.

Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз.

Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз. Бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен үміттен айырмауға тиіс. Перспективаларымызды айқын ұғыну, жолымызда тұрған қиындықтар мен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі.

Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.

Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді?

Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді-білікті бола ма?

Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?

Олай бейбіт-татулықта өмір сүре ме?

Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола алар ма, көшелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар ма?

Біз оларға қуатты, мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба?

Біз осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз.

Бір данагөй: егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін деген екен. Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бағдар етіп ұстауға тиіспіз. Мұның өзі қандай да бір іс-әрекетке кірісе отырып - біз дұрыс бағытпен жүріп келеміз бе әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге оздық па әлде шабандап қалып келеміз бе - ұдайы таразылап отыру үшін қажет.

Бүгінгі күнді ертеңгі күнмен ойша салыстырған кезде, бұл процесті сан рет қайталай отырып, проблемалардың ауқымы мен олардың маңызын өзгеше қабылдайсың. Өзімізді әлем мен бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түйсіне отырып, біз жаңа дәуір мен жаңа уақыттың тынысын және олардың жуықтай түскенін сезінеміз.

Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттоман, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда - Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.

Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз.

Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.

Әлеуметтік даму

Тәуелсіздік негізінде Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрі өрледі, ұлттық сана-сезімі өсті. Қазақ ұлты топтаса бастады; қазақ тілі мемлекеттік тіл болды; қазақ халқының таңдаулы өкілдерінің есімдері орала бастады, тарихи топонимика қалпына келтірілуде; ұлттық мәдениеттің гүлденуі үшін жағдай жасалды, көші-қон және азаматтық туралы заң қабылданды. 1992ж. күзде Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өткізіліп, оған 10 миллион қазақ халқының өкілдері жиналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судья мәртебесі
Сот төрелігі ұғымы және Қазақстан Республикасындағы сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы институты
Сот билігінің ұғымы
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Құқық қорғау органы – Сот жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің жүйесі
Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы ақпарат
Сот төрелігі
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz