Мемлекеттік қызметтің ұғымы, принциптері


Жоспар
Мемлекеттік қызметтің ұғымы2
Мемлекеттік қызметтің принциптері. 3
Мемлекеттік лауазым. 4
Мемлекеттік қызметшілердің ұғымы және оларды жүйелеу. 5
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері. 6
Мемлекеттік қызметті өткеруді әкімшілік - құқықтық реттеу7
Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу және олардың жауапкершіліктері. 12
Мемлекеттік қызметтің ұғымы .
Ғылыми және оқулық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік қызметті кең және қысаң мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін (жұмысын) мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарында, мекемелерде, өзге де ұйымдарда атқаратын қызметі; қысаң мағынада - бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін тек мемлекеттік органдардағы атқару қызметі.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы кысаң маынада берілген. Онда мемлкеттік қызмет, - делінген, - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Аталған заң - мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың қалыптасуы үшін құқықтық негіз болған бірден бір құқықтық акт.
Заң «мемлекеттік лауазымы» ұғымын пайдалануға енгізді, мемлекттік қызметшілер лауазымдарын топтар мен санаттарға бөлуді белгіледі, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің ұғымын айқындады, мемлекеттік қызметшінің құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін белгіледі және мемлекеттік - қызметтік қатынастармен байланысты бірнеше өзге де мәселелерді реттейді.
Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Конституция, жоғарыдағы аталған Заң, республиканың өзге де нормативтік-құқықтық актілері жатады.
«Мемлекеттік қызмет туралы Заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың Еңбек туралы заңдар кодексімен және өзге де заңнамалармен реттеледі».
Мемлекеттік қызметтің принциптері.
Олар мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен оны нақты жүзеге асырудың негізіне жатқызылған. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен мемлекеттік қызметтің төмендегідей принциптері белгіленген.
1. Заңдылық. Бұл принцип ешкімді де тыс қалдырмайтын әмбебап принцип болып табылады. Мемлекеттік өкімет органдары, лауазымды адамдар Қазақстанның Конституциясы мен заңдарын сақтауға міндетті.
2. Қазақстандық патриотизм. - Отанға деген сүйіспеншілік.
3. Мемлекеттік өкіметтің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы.
4. Мемлекеттік қызметтің жалпыға ашықтығы, яғни Республика азаматтарының өз қабілеттері мен мен кәсіби даярлағына сәйкес мемлекеттік қызметке кіруге және мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқылығы.
5. Азаматтар құқықтарын, бостандақтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы.
6. Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз қабылдаған шешімдердің бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі.
7. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі.
8. Мемлекеттік қызмет қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы. Бұл қызметке кіретін азаматтардың алдындағы мемлекеттің өзіне алған міндеттемелерін сөзсіз орындау және мемлекеттік қызметшіге заңсыз тиіспеуге құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету болып түсініледі.
9. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу.
10. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы.
Аталған Заңда және оқулық заң әдебиеттеріінде мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың бұлардаң өзге де принциптері айтылған.
Мемлекеттік лауазым.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда мемлекеттік лауазым - нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттердің белгілі тобы жүктелген мемлекеттік органның құрылымдық бөлігі делінген.
Мемлекеттік лауазым - оны атқаратын адамның өкілеттігінің мазмұны мен көлемін қамтып көрсетеді.
Лауазым мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерінің, құқықтарының көлемін және жауапкершілігінің шеңберін, оның кәсіби - мамандық даярлығына қойылатын талаптарды белгілейді. Ол қызметшінің атқаратың жұмысының мазмұның көрсетеді, оның құқықтық жағдайын анықтайды.
Әрбір лауазым өкімдік тәртіппен құрылады, ол басқару органның штат кестесіне енгізіледі және тиісті мамандарды орналастыруға жатады.
Лауазымды адам, - деленген «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда, - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйыдастырушылық - өкім етушілік немесе әкімшілік - шаруашылық қызметтерді орындайтын адам».
Заң әдебиеттерінде лауазымды адам деп өз құзіретінің шеңберінде заңдық салдар туғызатын биліктік іс-әрекет жасауға құқығы бар мемлекеттік қызметшіні айтады.
Әрбір лауазым, оны атқаратын адамға қызметтік міндеттердің, құқықтар мен өкілеттіктердің белгілі бір көлемін берумен қосталады. Бұлардың ішінде өкілеттік мемлекеттік қызметшіні, оның құқықтық мәртебесін Заң тұрғысынан сиппатаудың басты элементі болып табылады. Сондықтан айтылып отырған Заңда лауазымдық өкілеттік - бұл заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік деп айқындалған.
Мемлекеттік қызметшілердің ұғымы және оларды жүйелеу.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда мемлекеттік қызметші ұғымы берілген. Ол бойынша мемлеекттік қызметші болып заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын және лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазіргі кезеңнің талаптарына сәйкес аталған заңда мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын жаңадан жүйелеу енгізілген. Ол бойынша жүйелеудің негізгі белгілеріне қызметшілердің мемлекеттік қызметі жүзеге асыратын органның ұйымдық - құқықтық деңгейі, олардың нақты лауазымдағы құзіретінің көлемі мен сипаты, лауазымның мемлекеттік орган құрылымындағы рөлі мен орны жатады.
Осыған орай Заңда мемлекеттік қызметшілерді екі топқа бөліп, түсініктеме берген.
Бұлардың бірі мемлекеттік әкімшілік қызметші деп аталады. Оған мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші жатады.
Енді бір тобы - мемлекеттік саяси қызметші. Мұндай қызметші болып тағайындалауы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси - айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері.
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі мынадай элементтерден тұрады: құқықтары, негізгі міндеттері, шектеулер, кепілдіктер, көтермелеу; еңбек ақы төлеу; зейнетақымен қамтамасыз ету; жауапкершілік.
Мемлекеттік қызмет туралы заңның 8 - бабында қызметшілердің едәуір көлемде қызметтік құқықтары бекітілген. Олардың ішінде аса маңыздылары мыңалар: өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындаудын талап етуге; негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізіліуін талап етуге; әлеуметтік және құқықтық қорғалуға т. б. құқығы бар.
Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктеріне байланысты және оның тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында заңдармен мемлекеттік қызметшілер үшіін құқықтық шектеулер қаралған. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік билікті жүзеге асырудың құралы. Сондықтан бұл билікті қашан да теріс пайдалану мүмкін болатындықтан, оған белгілі, оның ішінде құқықтық тосқауылдыдар болу керек.
Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамалармен белгіленген кепілдіктер маңызды рөл атқарады. Оларға: лаузымдық міндеттерін толық атқаруын қамтамасыз ететін еңбек ақы мен өзге де төлемдер төлеуге, олардың индекстелінуіне және жұмыс жағдайына; мемлекеттік орган таратылған жағдайда жұмыспен қамтамсыз етуге не төрт айлық жалақысы мөлшерінде, органның штаты қысқарған жағдайда да осындай мөлшерде жәрдемақы төлеуге; қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшілерінде бір жолғы жәрдемақы төлеуге және т. б. кепілдіктер беріледі.
Мемлекеттік қызметті өткеруді әкімшілік - құқықтық реттеу
Мемлекеттік қызметке кірудің тәртібі мына жағдайларды:
а) мемлекеттік органдар мәртебесінің ерекшеліктерін ;
б) осы органдар кіретін аялар мен салалардың ерекшеліктерін;
в) мемлекеттік лауазымдардың санаттарын;
г) тиісті лауазымға орналасудың тәсілдерін ескере отырып құқықтық актілерімен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге бәрі бірдей тең құқылы деген Конституциялық принцип ( Конституцияның 33-б. 4-т. ) бұл қызметке кіру немесе нақтылы мемлекеттік лауазымға тұру үшін белгілі шектеулер болмайды деген ұғым туғызбайды. Ондай шектеулер, мысалы, мемлекеттік құзырет туралы Заңда белгіленген.
Азамат мемлекеттік қызметке мына жағдайларда қабылдауға тиіс емес:
а) егер ол белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі кем деп танылған болса;
ә) егер оны сотпен белгілі бір мерзімге мемлекеттік лауазымдар атқару құқығынан айырған болса;
б) лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтіретін медицина мекемесінің қорытындысымен анықталған науқасы болса;
в) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құықы бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданған болса;
г) мемлекеттік қызметке кіру уақытында өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған сотттылығы бар болса.
Аталған мәліметтерді табыс етпеген немесе бұрмалаған жағдайда мемлекеттік қызметке алуға жатпайды.
Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар мынадай тараптарға сәйкес келуге:
1) Республиканың заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше жас белгіленбесе, жасы он сегізге толған Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
2) Тиісті біліктік талаптарына сәйкес келетін қажетті білімі мен кәсіби даярлық деңгейі, сондай - ақ заңдарда көзделген жағдайларда жұмыс өтілімі болуға тиіс;
Мемлекеттік қызметке кірген кезде азамат салық қызметі органдарына өзінің алған табыстары мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы мәліметтер тапсыруға міндетті.
Азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін барып мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналаса алады.
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына орналасу тағйындау, сайлау, конкурс, контракт арқылы жүзеге асырылады. «Мемлекеттік қызмет туралы заңда мемлкеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау немесе сайлау негізінде, сондай - ай заңдарда белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес басқа жағдайларда да жүзеге асырылады делінген.
Мемлекеттік лауазымға тағайындау - осы лауазым бойынша белгіленген функцияларды, міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыруды қызметшіге ресми түрде жүктеу кезін айқындайтын өкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңдық актісі.
Мемлекеттік аппараттың көпшілік лауазымдарына қызметшілер тағайындау арқылы орналастырылады. Тағайындауды мемлекеттік өкіметтің органдары мен лауазымды адамдары өздерінің құзыретінің шегінде белгілі санаттың лауазымдарына орналасудың тәртібін сақтай отырып жүргізеді.
Сайлау мемлекеттік лауазымдарға орналасудың ең демократиялық формасы ретінде сайланатын адамның келісімі болуын, оның кандидатурасын ұсынуды және сайлану актісін мезгейді.
Конкурс мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға таңдау арқылы орналастырудың нақты нысаны болып табылады. Ол конкурсқа қатысушылар арасында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға неғұрлым сай келетін адамдарды анықтау үшін өткізіледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы және қызмет бойынша жоғары тұрған санаттағы лауазымға жоғарылауы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен өзгедей көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу жөніндегі конституциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге конкурс мемлекеттік қызметке кірген және қызмет бойынша жоғарылаған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ықпалды шара болып табылады.
Мұндай конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі мемлекеттік қызмет туралы заңның талыбына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының 1999 жылғы 24 - қарашадағы А - 202 бұйрығымен бекітлген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің қағидасында қаралып айқындалған.
Бұл қағида бойынша конкурс ашық және жабық жағдайда өткізіледі. Ашық конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азамттары қатысуға құқылы. Жабық конкурсқа тек әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ғана қатысуға құқығы болады.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар берген мемлекеттік қызмет атқарғаны туралы және басқа қажетті құжаттарды қарап, соңғы нәтижесінде тестілеуге жіберілген үміткерлердің білімі мен қабілетін, одан кейін әңгімелесу арқылы кәсіби және жеке басы қасиеттерін әділ бағалаудың негізінде тиісті шешім қабылдайды.
Конкурс комиссиясының оң қорытындысына ие болған үміткерді мемлекеттік органның басшысы жарияланған қызметке қабылдауға міндетті.
Конкурс комиссиясының әңгімелесуден өткен үміткерлердің әрбір бос лауазымға біреуін ғана кадр резервіне есепке алуға уәкілетті органға ұсыныстама жасауға құқығы бар.
Кейбір лауазымды адамдардың мемлекеттік әкімшілік қызметке конкурс арқылы орналасуы міндетті емес. Бұларға мемлекеттік саяси қызметшілер, сондай - ақ тұрақты негізде жұмыс істейтін, өз өкілеттігін тоқтатқан және қойылатын біліктілік талаптарға сай келетін Парламент депутаттары, мәслихат депутаттары жатады. Мұның тәртібін Президент айқындайды.
Контракт. Мемлекеттік лауазымға орналасу контрактісі мемлекеттік те, азаматтық та қызмет жүйесінде қолданылуы мүмкін.
Контракт жасаудың тәртібі, оның шарттары, тараптардың міндеттері әртүрлі құқықтық актілермен, олардың ішінде еңбек заңдарының актілерімен, Үкіметтің 1996 жылғы 21 мамырдағы қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметке қабылдаудың үлгі контрактісімен белгіленген.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мемлекеттік қызметте болған кездерінде әр кезде аттестациялаудан, арнайы құрылған мемлекеттік оқу орындарында, курстарда тағы сол сияқты біліктіліктерін арттырудан өтіп отырады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің кәсіби даярлығының, құқықтық мәдениетінің азаматтармен жұмыс істеу қабілетінің деңгейін анықтау мақсатында олар аттестациялаудан өтеді.
Президенттің 2000 жылғы 21 - ші қаңтардағы Жарлығымен «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелері» бекітілген болатын. Бұл құжат бойынша қызметшілер мемлекеттік қызметте болудың әрбір кезекті үш жылы өткен сайын, осы мерзім келген уақыттан бастап алты айдың ішінде аттестациядан өтеді. Жүкті әйелдерден басқа барлық қызметшілер аттестациялауға жатады.
Біліктілігін көтеру. Мемлекеттік қызметшілер біліктіліктерін әр түрлі оқу орындарында көтереді, қайта даярлаудан өтеді.
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекетік қызметті тоқтатуы. «Мемлекеттік қызмет» туралы заңда белгіленген. Бұл заңда мемлекеттік саяси қызметшілердің және мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуының негіздері ажыратылып бөлек көрсетілген.
Мемлекеттік саяси қызметшілер отставкаға шығуы және қызметтен босатылуы мүмкін. Отставка, мемлекеттік саяси қызметшінің жазбаша арызының негізінде жүзеге асырылатын тиісті мемлекеттік лауазымдағы міндеттерін атқаруды тоқтатуы. Мемлекеттік саяси қызметшілер Конституцияда,
«Мемлекеттік қызмет» туралы Заңда және өзге де заңдарда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша отставкаға шығады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz