Мемлекет типологиясының түсінігі, жіктеудің әдіс - тәсілдері


МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ
ЖОСПАРЫ
І. Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері
Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типология - қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмүны мен нышандарын түсіну үшін қолданатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүниежүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз - бүкіл тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс.
Бүл даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мә-дени, саяси мазмүнымен және алдында түрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономика-лық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғам-ның дифференциациялау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы мемлекет қай топтардың мүдесін қорғайды, халықтың қан-дай демократиялық қүқықтары мен бостандықтарын қорғайды, басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданатынын көрсетуге тиіс.
Мемлекет және қүқықтың тарихи типі қоғамның, экономика-ның дамуымен байланысты болса да, мемлекеттің ерекше даму заңдары бар. Мысалы, Рим күқығы туралы айтатын болсақ, Кор-пус Юрис Цивилис деген ірі кодификациялық заң қабылданған кезде мемлекет ыдырап, басқа халықпен жауланып, экономика-сы терең дағдарысқа үшыраған еді. Батыс Рим империяны фран-ктер басып, өздерінің Франк империясын қүрған кезде, Византи-яда император Юстиниан жүйелеу жүмыстарын басқарып, қүқықтық кодекстің жазуын басқарды. Бүл кезеңце экономика-ның, мемлекеттің және құқықтың дамуы бір біріне сәйкес болған жоқ. Қүқықтың дамуы мемлекеттен көп жоғары болды.
Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі. Бүл пікір қоғам-ды зерттеуде таптық мәселесімен байланысты. К. Маркс, Ф. Эн-гельс, В. И. Ленин мемлекет үстемдік таптың мүддесін қорғайтын қүрал деп түсіндіреді. Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт түрге бөлінді: қүл иеленушілік, феодалдық, бур-жуазиялық және социалистік мемлекеттер. Бірінші рулық қоғам-да мемлекет әлі болған жоқ, ал соңғы коммунистік қоғамда мемлекеттің орнына коммунистік езін-өзі басқару жүйесі келуге тиіс. Бір тарихи типтен екіншісіне революция арқылы өтеді. Мемлекеттің негізгі мақсаты - бір таптың диктатурасын орнату. Таптық мінездеме экономикалық, әлеуметтік жағдаймен байла-нысты. Марксизм мемлекетті - бір таптың екінші тапты қанау аппараты деп анықтады. Типті осындай белудің прогрессивтік те, негативтік те жақгары бар. Бір жағынан мемлекет таптың қүры-луымен байланысы анық көрінеді, топтар және таптар қүрылма-ған қоғамдарда мемлекет болмайды. Негізінде мемлекеттің ал-дында мақсат екіге бөлінеді: бір жағынан бүкіл қоғамның мүдделерін корғап, жалпы қоғамдық мәселелерді шешу, ал екінші жағынан - таптардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдету. Қоғамда таптар анық қүралмаған кезде де мемлекет пайда болған жағдайлар кездеседі. Мысалы, шығыс мемлекеттерді марксизм қүл иеленушілік мемлекеттерге жатқызады, ал негізінде бүл мемле-кеттерде қүл иеленушілік қарым-қатынастар әлі қалыптасқан жоқ еді, мемлекеттерді туғызған басқа жағдай - географиялық жағ-дайлар мен қоғамның жалпы экономикалық функциялары мен қызметтері (мысалы, Египет мемлекетінде - Ніл өзенімен байла-нысты жер суару жүмыстары) . Сонымен, марксистік типология-сының негізін қалыптастыратын қоғамның экономикалық базисі мен таптық қүрылысы. Марксизм мемлекеттің тарихи типтерін қоғамның даму құрылысымен және экономикалық формация де-ген түсінікпенен байланыстырады. Экономикалық формация ба-зис (бүл қоғамның белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық қүры-лыс) пен қондырмадан (әрбір базистің өзінің қондырмасы бола-ды) түрады. Базисті өндірістің тәсілі белгілейді. Өндіріс өндірістік қатынастар мен өндіруші күштерден түрады. Осы формацияларға марксизм құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттерді сәйкес келтіреді. Мемлекеттің тарихи типтері осы экономикалық- қоғамдық формациямен тығыз бай-ланыста дамуға тиісті.
Бүлардан басқа марксизмде өтпелі дәуірдің мемлекеті деген үғым бар. Бүл типтерге рулық қоғамиан қүл иеленушілік қоғам арасындағы, күл иелеушілік және феодалдық қоғам арасындағы, феодалдық және буржуазиялық типтің арасындағы, буржуазия-лық пен социалистік типтердің арасындағы өтпслі мемлекеттер жатады. Қазіргі дәуірді алатын болсақ, бірнеше континенттердің мемлекеттері осы өтпелі мемлекеттің типтеріне жатады. Латын Америкасының, Азияның, Африканың XX ғасырда тәуелсіздігін алған мемлекеттер осы өтпелі тарихи типке кірді. Олардың тарихи типтері социалистік те емес, буржуазиялық та емес, олар тек қана социалистік немесе капиталистік бағытта болуы анықталады.
1991 жылдан кейінгі социалистік мемлекеттерде социалистік жүйе ыдырап, нарықтық-экономикалық елдерге айналып, демок-ратиялық қоғам құру саясатына көшті. Кейбір мемлекеттер социалистік жолынан тайған жоқ (Куба, Солтүстік Корея, Қытай, Вьетнам) .
Мемлекеттерді цивилизациялық, өркениеттік критериймен де бөлу қазір жиі кездеседі. Цивилизациялық әдістің және форма-циялық бөлудің айымашылықтары көп. Формациялық критерий көбіне қоғамның таптық құрылысы мен өндірістік тәсіліне көңіл аударады. Бұл типологияның сыңар жақ түсіндірілуі. Мемлекеттердің ерекшеліктерін білу үшін қоғамның барлық са-лаларының жағдайларына ықылас салу қажет. Мемлекеттің эко-номикалық базисін зерттегенде оған қоса қоғамның мәдени, ру-хани деңгейін зерттеп, орнын көрсету қажет және қанаушы тап-тан басқа қоғамды құрған барлық топтарды зерттеп орындарын, рөлін, маңызын түсінген дүрыс. Қоғамның әдет-ғүрыптарын, әр топтың саналары мен қүқықтарының деңгейін білу өте қажет. Ал, зерттеудің ең маңызды мақсаты - жеке адамның, бостандығы мен қүқықтарын, әлеуметтік жағдайын және еңбектегі қарым-қаты-настарын жақсы білу - мемлекетке мінездеме беру үшін өте ке-рек нәрселер. Қоғам бірнеше топтарға бөлінетін болса да, мемлекеттің алдында түрған мақсат сол топтардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетіп бүкіл халықтың мүддесін қорғау. Осы әдісті біз цивилизациялық әдіс деп атаймыз. Цивилизациялық әдіс мемлекет өзінің елінде түратын адамдар үшін қандай жақсылық істеді, экономикалық, саяси, әлеуметтік, енегелі коғамның да-муы үшін қандай шара колданды деген сүрақтарға жауап береді.
Цивилизациялық пікір бойынша мемлекеттің тарихи типі өзгеру үшін экономикалық базисқа қосымша қоғамның мәдени және рухани сана-сезімі жоғары деңгейде болуы қажет.
2. Мемлскетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері
Мемлекеттік типология әдісінің хронологиялық түрі. Бүл әдістің бірнеше түрлері бар. Мысалы, иллюстрациямен істелген дүниежүзілік тарих кітабында ағылшын тарихшысы Маргарет Олифант бүкіл тарихты былай бөледі: Ежелгі цивилизациялар, Рим және ежелгі тарих, орта ғасырлар, ғылыми жаңалық ашу кезендері (1555-1650), өзгеріс және дағдарыс кезендері (1650-1800), одан кейін XIX ғасыр және қазіргі дәуір. Сонымен, мемлекеттің даму-ын бүл тарихшы сегіз кезеңге бөледі. Ал, кейбір шет елдердің ғалымдары мемлекеттің дамуын келесі кезеңцерге бөлетіні жақсы мәлім:
1) . Ежелгі мемлекеттердің тарихы, бүл кезең екіге бөлінеді: Шы-ғыс мемлекеттердің тарихы оған біздің дәуірге дейін төртінші мың жылдығында пайда болған Египет мемлекетінен бастап, Вавилон, Қытай, Ассирия, Үндістан, Персия және басқа шығыс мемлекеттері жатады. Бұл кезеңнің мемлекеттері шығыс деспотияларға жата-ды. Бүдан кейін көне дәуірдегі антикалық мемлекеттерінің кезендері басталады, бүл кезең біздің эраның 476 жылына дейін созьшады.
2) . 476 жылдан басталған кезең орта ғасырларға жатады, бүл кезең шығыс мемлекеттердің тарихында қараңғы ғасырлар деп аталады, ол ислам цивилизациясымен байланысты, бүл араб ха-лифаттың көлеңкесінде пайда болған ислам мемлекеттерінің та-рихы. Европа мемлекеттерінде бүл кезең феодалдық мемлекеттердің тарихы, ол ағылшын буржуазиялық революция-сына дейін жалғасады.
3) . Келесі кезең XX ғасырдың басына дейін жаңа ғасырларға жатады.
4) . Ал қазіргі XX ғасыр қазіргі дәуір деп аталады.
Хронологиялық бөлудің басқа да түрлері бар: ежелгі ғасырлар, орта ғасырлар, жаңа ғасырлар және қазіргі дәуір. Бүл хронологи-ялық бөлудің көп прогрессивтік жақтары бар. Мемлекет қай тап-тың мүддесін қорғайды немесе оның экономикалық жағдайының ерекшеліктері бар ма деген сүрақтарға жауап бергеннен басқа, бүл даму кезеңінің, дәуірдің жалпы ерекшеліктері бар екенін анық-тайды.
Шығыс мемлекеттері. Оған біздің дәуірге дейінгі 4 мыңжыл-дықтың соңында Египет мемлекеті, одан кейін 3 мыңжылдықта - Шумер, Ассирия мемлекеттері, 2 мыңжылдықта - Үндістан, Қытай, Хеттердің патшалығы пайда болғаны белгілі. Марксизм бүл мемлекеттерді күл иеленушілік мемлекеттерге жатқызады, бірақ бүлардың қүлиеленушілік мемлекеттерден айырмашылығы өте көп. Олар шығыс деспотия деген ерекше мемлекеттік типті қүрады. Бүл мемлекеттерді біріктіретін жалпы негізгі нышандары бар: эконо-микасында рулық қоғамның қалдықтары көпке дейін сақталғаны белгілі. Сондықтан жеке меншікпен қатар қоғамдық және мемлекеттік меншігі қалыптасты. Экономикалық жағдайға кли-маттьщ ерекешеліктері өзінің әсерін тигізді. Қоғамның мүддесін қорғау үшін жер суару және басқа жалпы жүмыстар жүргізілді. Осы мемлекеттер үлы өзендердің Хуанхе, Тигр, Евфрат, Ніл жа- ғасында орналасты. Бүл елдердің саяси жағдайларын дүрыс түсіну үшін осы ерекшеліктерді ескеру қажет. Құлдық институтының ерекшеліктері болатын. Қүлдар көбіне мемлекеттің, қауымның және әрбір жанұяның жеке меншігінде болады. Жердің жеке меншігі күшті дамыған жоқ. Шығыс мемлекеттерде көбіне мо-нархия түрінде дамыды. Қүқықтың жазулы түрлері де пайда бола бастады, мысалы, Ману, Хаммурапи зандары. Шығыс мемлекет-тер тарихтағы бірінші мемлекеттердің типін қүрады.
Келесі тарихи типтерге Греция және Рим солармен қатар да-мыған антикалық мемлекеттер жатады. Бүл мемлекеттердің ерекшеліктері: қүлиеленушілік өндірісі шығыс мемлекеттерден көп жоғары, рулық қоғамның қалдықтары сирек кездеседі, қүлдар-дың еңбегін қанап пайдалану экономиканың негізін қүрады. Қоғам негізінде қүл иеленушілерге және қүлдарға бөлінеді. Қүлдардың бірнеше түрлері қүл иеленушілердің жеке меншігін қүрады. Олар-дың жеке меншігінде құлдар, жер және басқа өндіріс қүралдары (кедей таптан) болатын. Қүлдардың құқықтық жағдайлары ашық айтылатын, олар сөйлей алатын қүралдарға жатады. Қүлдардың ешқандай қүқықтары жоқ, ол езінің мырзасының жылжымалы заты. Қоғамның негізгі байлықтарын осы топ жарыққа шығара-тын, олардың еңбегін өндірісте, ауыл шаруашылықта, қүрылыс-та, жалпы жүмыстарда, спортта, басқа да жерлерде пайдалана-тын. Сонымен, антикалық мемлекеттерде қүл иеленушілер мен қүлдар екі негізгі таптарды қүрды. Ал олардан басқа топтарға са-удагерлер, қоленершілер, шаруалар жатты. Қүл иеленушілік мемлекеттің негізгі мақсаттары қүлдарды, басқа топтарды езгіге салып, олардың еңбектерін пайдалану. Оның осындай негізін мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары дәлелдейді: мемлекеттің негізгі ішкі функциясына қүлдарды және басқа ке-дей топтарды қанау және сол үшін тиісті жағдай туғызу. Мемлекеттің өзі жерлердің, қүлдардың, кен шығаратын жерлердің, басқа байлықтардың иесі болатын. Сондықтан ол жеке меншікті қорғау қызметіне қатты көңіл бөлетін. Қүлдардың көтерілістері катаң соққымен басылатын, тарихта бүндай жағдайлар өте жиі болды. Антикалық мемлекеттердің сыртқы функциялары да соғыс - күрес-пен байланысты (Рим мемлекеті) . Осы сыртқы және ішкі функци-яларын жүзеге асыру үшін мемлекеттің аппараты ыңғайлы еді, оның демократиялық формалары да кездесетін.
Көне дәуірдегі антикалық мемлекеттер республика және мо-нархияға бөлінеді. Греция, Рим, Спарта республика және монар-хия болғаны мәлім. Республика аристократиялық және демокра-тиялық түрінде болатын, ал монархияның тек шексіз монархия болғаны анық белгілі.
Қүл иеленушілік антикалық мемлекеттердің арасындағы ең ірі және соңғы мемлекет - Рим мемлекеті. Оның патшалық, респуб-лика және империя кезеңдері болды. Рим мемлекетінде жақсы белгілі қүқық жүйесі қүрылды. Рим қүқығы бүкіл дүниежүзіне әсерін тигізді.
Орта ғасырлардың мемлекеттері. Феодалдық мемлекеттердің қүрылуының екі жолы бар: біреулері қүл иеленушілік мемлекеттердің дамуынан пайда болды (Үндістан, Қытай, Визан-тия), екіншілері рулық қоғамнан пайда болды (Ресей, Араб хали-фаты, Франк мемлекеті) . Оларды да екіге бөлуге болады - Азия, Африканың және Еуропаның мемлекеттері. Орта ғасырлардың дамуы 476 жылдан басталады, бүл Рим империясының қүлаған жылы. Рим империясының орнында Франк мемлекеті пайда бол-ды. 628 жылы мүсылмандар мемлекетінің пайда болған жылы. Еуропадағы феодалдық мемлекеттердің дамуының үш кезеңдері белгілі: ерте-феодалдық монархия, сословиелік-өкілдік монархия және шексіз монархия. Шығыс мемлекеттер осындай кезендерге бөлінбейді. Феодалдық мемлекеттердің негізгі нышаны - жерге жеке меншіктің қалыптасуы. Феод - деген сөз - толық жеке меншіктегі жер. Феодалдық жеке меншіктің тағы екі түрі бар: аллод және бенефиций (аллод - жерге жеке меншіктің мүрагерлік жолмен көшуі; бенефийде - мүрагерлік жерге қүқық жоқ) . Бүл иерархиялық баспада (жүйеде) әрбір топ өзінің жеке орнын ала- ды, сол орны қүқықтық жағдайды белгілейді және жер иеленушілігімен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz