Мемлекеттің түсінігі мен белгілері
Мемлекеттің түсінігі мен белгілері
Мемлекет дегеніміз – белгілі бір территорияда орналасқан, сол
аумақтағы халықты өз ырқына көндіріп отыратын, салық жүйесі, құқық жүйесі,
басқару жүйесі қалыптасқан, күштеу механизмі бар саяси аппарат. Мемлекет
тек өзіне ғана тән функциялары, әср ету нысандары мен әдістері мен
нысандары бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында осы
қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан
ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде
қабылдаймыз.
Мемлекет дегеніміз – адамзат қоғамы дамуыныңмаңызды кезеңдеріне тән
саяси ұйым :
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың
және басқа әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау,
олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
ә) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі
және биліктің ұйымдастырушылық күш құралдары бар;
б) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері
қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекеттің рулық басқару ұйымнан басты айырмашылығы, онда арнаулы
кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуы немесе оқу және
монографиялық әдебиеттерде айтатындай, “жария-биліктің” болуы тән.
Республикамыздың мемлекеттік құрылымына саяси күшті адамдардың
қызметі жіне жүргізген саясаты әсерін тигізеді : Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс
хан, Абылай, Петр (, Ататүрік.
Мемлекеттің дамуына діни факторлар да әсерін тигізеді. Мұсылман, католик,
христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар.
“Мемлекет нысаны” санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай
ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік құрылымы қалай қызмет істейді, ол
аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар
мемлекетпен қандай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен
саяси билік жүргізетіндігін көрсетеді
Мемлекет пен құкықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы
құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм
мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді.
Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа — қанаушы
және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардын арасында шешілмейтін
қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз
күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси
кұрылым — мемлекет пайда болады. Мемлекет аталған кайшылықтарды шешу үшін
емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай
туғызу үшін кұрылған. Сондықтан қандай да мемлекет болсын тек қанауды
мақсат тұтып, бай, үстем таптық игілігін көздеп, мүддесін қорғайды.
Социалистік мемлекет те таптық мемлекет. Бірақ ол сан жағынан коғамның
басым көпшілігін құрайтын енбекші таптың мүддесін қорғайды.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті
мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне
бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсап келеді. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан
пайда болды, қалай дамып келеді? — деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми
зерттеу жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың
мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория — мемлекет пен құқық Алланың өмірімен қалыптасып,
дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория дұрыс-бұрыс деуге болмайды.
Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі,
иманы ретінде қалылтасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл
теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы
басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы — әке,
мемлекеттің басшысы — монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі
Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер,
Михайловский т.б.).
Органикалық теория — бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (
б.з. I V - III ғ.), Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты.
Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т.б. XIX ғасырдағы ғылымның
жетістіктеріне сүйене отырып бұл теория — адам қоғамы да табиғаттың
объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады.
Мемлекеттің Үкіметі - адамның басы, миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы
тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.
Табиғи құқықтық теория — XVII-XVIII ғғ. қалыптасқан теория.
Өкілдері: Г. Троцкий, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж.Ж Руссо, Б. Спиноза, А.И.Радищев
т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады
(бостандық, теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян
келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында
қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті,
теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың
мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория — XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л.И.
Петражипкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық
біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп ұжымдық
түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму
заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы – XIX ғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л.
Гумготович, К. Каутский, Е. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар
өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық, озбырлық жасап
өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады — деп
түсіндіреді.
Материалистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын
экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі,
қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі
тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың
мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып,
өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік
факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық,
әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде
мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен
жетістіктері бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда
болуы, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін — тарихи материалистік
теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды — қоғамның
антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол
дұрыс.
Кемшілігі – мемлекет пен құқықты тек экономикалық базиспен шектеуі,
жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын
шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктері.
МЕМЛЕКЕТ ФОРМАЛАРЫ
Мемлекет формасы дегеніміз - сол мемлекетті басқарудың жүйесі, оның
территориялық ұйымдастырылуын және билікті жүзеге асырудың әдістерін
үйретеді.
Мемлекеттерді типке бөлудің, екі тәсілі бар:
1)Формациялық тәсіл; 2)Өркениеттік тәсіл. Мемлекеттерді
формацияға бөлу қоғамның экономикалык және әлеуметтік құрылысының,
ерекшеліктеріне байланысты. Мұндай тәсілді қолдану нәтижесінде қоғам
таптарға бөлінеді де, олардың әрқайсысының экономикалық жүйеде өзінің
ерекше орны болады. Құлдық дәуірде қоғамда, негізінен, екі үлкен тап: құл
иеленушілер мен құлдар болған. Жеке меншік кұл иеленушілердің қолында
болып, құлдар тек жүмыс істейтін құрал ретінде пайдаланылған. Сондықтан
мемлекетте, негізінен, құл иеленушілердің еркін білдіріп, мүддесін
қорғаған. Ондай мемлекетті құл иеленушілік мемлекет дейді. Қоғам феодалдар
мен шаруаларға бөлініп, ол қоғамның экономикалық негізін феодалдық және
шаруалардың жеке меншігі құраған қауымды феодалдық қоғам деп атайды.
Феодалдық қоғамда да екі негізгі тап: феодалдар және оларға басыбайлы
шаруалар бар. Мұндай қоғамдағы мемлекет феодалдық мемлекет деп аталады,
Себебі, ол негізінен, феодалдардың еркін білдіріп, солардың мүддесін,
меншігін қорғайды, шаруаларды феодалдарға бағынуға мәжбүрлейді.
Капиталистік қоғам да, негізінен, екі таптан тұрады: капиталистік жеке
меншік иелері және өз енбегінің күшімен ғана өмір сүретін жұмысшылар,
шаруалар, ой қызметкерлері. Мұндай қоғамда мемлекет, негізінен, жеке меншік
иелерінің мүддесін қорғайды. Сонымен қатар қоғамда таптардың арасында
қайшылықтардың асқынып кетпеуі үшін шаралар қолданылып, құқықтық тәртіп
орнатуға кажетті әрекеттер жүзеге асырылады.
Марксизм-ленинизм ілімі негізінде XX ғасырдың басында социалистік
мемлекет дүниеге келді. Мұндай мемлекеттің типі әр түрде калыптасты. Оның
басқа типті мемлекеттерден түбегейлі ерекшелігі — енбекшілердің жұмысшы
табы мен шаруалардың еркін баянды етіп, солардың мүддесін қорғайтын
мемлекет ретінде жариялануы.
Мемлекетті өркениетті тәсілмен сипаттағанда оның қоғамды басқару
жолдары қандай екені, экономиканы, мәдениетті дамытудағы атқаратын қызметі
айқындалады. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекеттер алғашқы өркениеттегі және
кейінгі өркениеттегі мемлекеттер деп екі топқа бөлінеді. Алғашқы өркениетте
мемлекет шексіз билікке негізделеді де, біріктіруші және ұйымдастырушы күш
ретінде қоғамның әлеуметтік және экономикалық кұрылымын анықтайды. Бұл —
көне грек, шумер, ассиро-вавилон, иран, бирма, жапон, т.б. елдердегі саяси
ұйымдар. Кейінгі өркениетте мемлекеттік билік алғашқы өркениеттегідей аса
қуатты барлық қоғамды қамтып, басқарған күш емес. Мемлекет көп жағдайда
мәдени-діни жүйеге бағынған. Мемлекет басшысы заңдарды, қағидаларды
бекіткеннен кейін оларды өзі сақтауы керек, әйтпесе, оның билігі заңсыз
болып саналады. Бұларға Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, т.б.
мемлекеттері жатады.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРПАТТАРЫ
Мемлекеттің тұрпаттары үшке бөлінеді: басқару тұрпаты, мемлекеттік
кұрылым тұрпаты және саяси (мемлекеттік) режим.
Мемлекет егеменді болғандықтан жоғары мемлекеттік билік органдарынын
құрылымын, оның қызмет істеу тәртібін анықтайтын басқару тұрпатын құрады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында республикалық басқару тұрпаты
баянды етілген. Оның негізгі анықтаушы белгісі — мемлекет басшысының
сайланып қойылатындығы және алмастырылғандығы. Бұл — республикалык басқару
тұрпатын монархиядан айыратын белгі. Монархияда мемлекет басшысының
мұрагерлік мәртебесі болады. Формалды тұрғыдан қарасақ, басқару тұрпатының
мемлекеттік құрылысқа шешуші әсер етпейтінін байқаймыз. Мысалы, монархиялық
Жапония немесе Ұлыбритания әлдеқашаннан демократиялық, құқықтық мемлекет
екені белгілі. Республикалық Кеңестер Одағы мұндай мемлекет бола алмады.
Патшалық Ресей демократиялық та, құқықтық та мемлекет болмаған еді. Ал
Франция Республикасында бұрыннан демократиялық басқарудан республикалық
басқару тұрпаты демократиялық, құқықтық мемлекеттің мазмұнына көбірек
сәйкес келеді.
Демократия республикалык басқару тұрпатына іштей жақын. Егер барлық
азаматтарға шынайы тең еркіндік беріліп, қамтамасыз етілсе, демократия
республикалык басқару тұрпатын халықтың игілігіне қызмет істеуге
бағыттайды.
Республика билігінің екі жолы бар: Президенттік және Парламенттік.
Президенттік республикада Президентті тікелей халық сайлайды және Президент
мемлекет басшысы бола тұрып, негізінен, үкіметті құрады. Қазақстан
мемлекеті — Президенттік басқару нысанындағы республика. Парламенттік
республикада мемлекет билігінің жоғары органдарының жүйесі Парламенттің
басымдылық принципіне негізделген. Парламенттің алдында үкімет өзінің саяси
қызметі үшін алқалы түрде жауап береді. Үкімет Парламенттің сеніміне
сүйеніп қызмет істейді. Парламент үкіметті қолдамаса, ол кызметін
тоқтатады. Кейбір мемлекеттерде Президенттік және Парламенттік
реслубликалардың белгілері аралас болады. Оларды жартылай Президенттік
(Парламенттік) республика дел атайды. Ресей Федерациясы осындай мемлекеттік
басқару тұрпатына жатады.
Әр мемлекеттің аумағы оның ішкі құрылысын анықтайтын кұрамды
бөлшектерге бөлінеді. Сол аумақтық құрылымның көлемінде мемлекеттік
аумақтык бөлшектерінің жүйесі қалыптасады. Солардан мемлекет, мемлекет
органдарының байланыс жүйесі тұрады. Мемлекеттің тұтастай және оның әрбір
аумақтық бөлшегінің құқықтық мәртебесінің сипаты соған байланысты болады.
Мемлекет аумағының аталған кұрылымын мемлекеттік құрылым дейді. Демек,
мемлекеттік құрылым — тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі
түрдегі құқықтык қатынастарын сипаттайтын мемлекеттік аумақтық
ұйымдастырылуы.
Мемлекеттік құрылымына байланысты барлық мемлекеттер унитарлық және
федеративтік болып екі топка бөлінеді.
Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтық құрылысында басқа мемлекеттер
болмайды. Осы мағынада унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет деп аталады.
Унитарлық мемлекет, әдетте, тек әкімшілік-аумақтық бөлшектерге бөлінеді де,
мемлекеттің әкімшілік-аумақтық кұрылымын құрады. Әкімшілік-аумақтық
бөлшектерге ерекше құқықтық мәртебе берілмейді. Мұндай мемлекетте бір
Конституция, бір заң шығаратын жоғары орган, бір жоғары басқару органы,
біртұтас азаматтық болады. Қазақстан Республикасы – унитарлық мемлекет.
Мемлекет құрылымының екінші түрі — федерация. Федерация — екі немесе
одан да көп мемлекеттердің бірлестігі. Федеративтік мемлекет күрделі
мемлекет. Онда федералды конституция, заң шығаратын, басқаратын органдар
бар. Сонымен қатар оның бөлшектері болып саналатын мемлекеттік
құрылымдарының да өз Конституциялары, жоғары заң шығаратын, басқаратын сот
органдары болады.
Тәуелсіз мемлекеттер конфедерацияға бірігуі мүмкін. Конфедерация —
тәуелсіз мемлекеттер одағы. Мұндай одақ бір немесе бірнеше: саяси,
экономикалык, әскери, т.с.с. мақсаттарды көздеп кұрылады. Тәуелсіз
мемлекеттер достастығы (ТМД) конфедерация белгілері бар құрылым. Оған
Еуропа Одағы да жатады.
Саяси режим — мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі. Мемлекеттік
билікті демократиялық жолмен жүзеге асырса, оны демократиялык, режим деп
атайды. Егер де мемлекеттік билік халықка, оның мүддесіне үйлестірілмей,
керісінше халықтың басым көпшілігіне қарсы ұйымдастырылып жүргізілсе, оны
демократияга қарсы режим деп атайды.
Мемлекеттің функциялары
Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге
бөледі: таптық кайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп-
басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес
бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық
қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл
функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде
функцияны ішкі жөне сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі
функциялары:
1. Экономикалық функция — мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі
стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін
көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:
бірінші — салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп-
басқару;
екінші — экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріл
дамыту;
үшінші – ғылым мен техниканы дамытып экономиканы көтеру (бұл екі
жақты процесс);
төртінші — мемлекеттік өндірісті дамыту.
2. Әлеуметтік функция — мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі —
халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде
дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты
— адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлерге,
науқас адамдарға, көп балалы жанұяларға, студенттерге мемлекеттік көлемде
жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты
— адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға,
халықтың жақсы тұрып, жақсы дем алуына қамкорлық жасап, мемлекеттік
бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру.
3. Каржы реттеу функциясы — қоғамдағы барлық азаматтардың,
бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін
реттеп-басқарып отыру. Бюджеттің (кірісі мен шығысын) дұрыс пайдалануын
қаржы министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады. Жергілікті
басқару аппараты өз бюджетінің дұрыс пайдалануын өзі бақылап, тексереді.
Шекарадан заттың шығуын, кіруін, одан түсетін кірісті мемлекеттік кеден
аппараты тексеріп, бақылап отырады.
4. Мәдениет бағытындағы функция — адамдардың денсаулығы, рухани сана-
сезімі, білімі, әдет-ғүрып, салт-дәстүр, мораль, әдебиет, өнер, музыка,
ғылым, тәрбие т.б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті
дәрежеде дамытып отырады. Бұл күрделі функцияға жеке адамдар да,
бірлестіктер де тиісті деңгейде үлес қосып отырады.
5. Экологиялық функция — бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема.
Сонымен бірге жеке мемлекеттер де, жеке ұйымдар да, жеке адамдар да
өздерінің үлесін қосуға міндетті. Себебі, табиғатты, адамды қоршаған ортаны
қадірлеп, қорғау жалпы әлемдік мүдде-мақсат, кезек күттірмейтін
міндет. Табиғатты ластау адам қоғамының болашағын жою. Сондықтан бұл мәселе
БҰҰ бақылауында, халықаралық құқық шеңберінде біраз нормативтік
актілер қабылданып, мемлекетаралық бағдарлама бекітілді. Жеке
мемлекеттер де өздерінің бағдарламасын қабылдады.
6. Кұқықтық тәртіпті қорғау функциясы — қоғамда мемлекеттің,
бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде-мақсаттарын қорғайтын әділетті,
инабатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек. Оны қалыптастыратын,
реттеп-басқаратын мемлекет, оның органдары. Сонымен бірге бүл іске
бірлестіктер мен жеке адамдар да зор үлес қосулары, белсенді түрде
қатынасулары керек. Қоғамдық тәртіпті жақсартудың, нығайтудың екі әдіс-
тәсілі бар. Біріншісі — заңдардың, нормативтік актілердің сапасын,
әділеттігін көтеру. Екіншісі — құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз
ету. Егер норма дұрыс орындалмаса немесе бұзылса қатаң күрес жүргізу,
жауапқа тарту.
МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕХАНИЗМІ
Мемлекеттің сан қилы қызметін атқаратын механизмі (аппараты) болады.
Мемлекеттің механизмі — белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен
және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр
мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық,
географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық
мемлекеттерге бірдей тән органдар болады. Негізінен, олар — құқықтық
тәртіпті сақгайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін
қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық
мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық — оның органдары
тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші
заңдылығы — бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы.
Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz