Меншік құқығы: экономикалық және құқықтық негіздері, иелену, пайдалану және билік ету


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.

Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.

Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелсй ықпал жасап отырган біздің экономикалық заңдарымыз.

Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алганда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтыгы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқықтары тиесілі. Меншік құқығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке-жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.

Азаматтық Кодекстің 188-ші бабында анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз-субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және тнесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы,

Иелену құқығы дегеніміз-мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқаңда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мыс: азамат ұзақ командировкаға ксткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену қүқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал, Мысалы: жалға беру және т. б. шарттар. Азаматтық зандарда көрсетілгендсй иелену занды, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.

Пайдалану құқығы дегеніміз-мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысаидарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомобилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға беру арқылы пайда табуга болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмхін. Мысалы: жалга беру шарт. Негізінен, найдалану қүқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік иесі пайдалану құқығында басқа біреуге берместен бұрын ол субъектіге мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.

Билік ету құқығы дегеніміз-мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез-келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т. б. Сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмсн қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарга жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауга, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлгалардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруга, өзі меншік иссі болып қала отырып, оларга мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларга өзгеше түрде билік етуіге құқылы.

Меншік құқығының мерзімі шексіз, ягни меншік иесіне уақыт кезеңімен анықталатын шектеулср қойылмауы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығы: анықтамасы, мазмұны, нысандары және иелену мен тоқтатылу негіздері
Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы: ұғымы, нысандары, иелену негіздері және тоқтатылуы
Меншік құқығы және оның маңызы: жалпы ережелер, меншікті иелену және ортақ меншік
Қазақстандағы меншік құқығы: көздері, объектілері, иелену, шектеу және қорғау
Мемлекеттік меншік құқығы: иелік пен билік арасындағы құқықтық тепе-теңдік
Меншік құқығы мен оралымды басқару құқығы: экономикалық және құқықтық аспектілері
Меншік құқығы: ұғымы, Римдік дамуы, түрлері және иелену мен қорғау тәсілдері
Экономикалық институттар: меншік қатынастары, иелену және кәсіпкерлік
Табиғат объектілеріне меншік құқығы: ұғымы, мазмұны және құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы жерді пайдалану және меншік құқығы: құқықтық негіздер мен рәсімдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz