Мүлiктi тегiн пайдалану шарты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Мүлiктi тегiн пайдалану

Мүлiктi тегiн пайдалану шарты алдында қарастырылып өткен негiзгi шарттармен қатар рим құқығына да commodatum ретiнде белгiлi болған. Осы орайда бұл шарттың заем, сыйға тарту сияқты бiрқатар “қазiргi заманғы” шарттарға қарағанда еш өзгерiске түспегенiн атап өту қажет. Бiздiң ойымызша, бұл коммерциялық құқықтың қарқынды керiсiнше олардың тарылуы үшiн барлық себептер пайда болған сияқты (бұл сырттай көрiнiс) .

Сонымен қатар, ол азаматтардың “кәсiпкерлiк айналымынан шығарылған” мүлiктiң өзара қарым-қатынастарының аясына қызмет көрсету үшiн дәстүрлi түрде бейiмделген. Несие шартының қалыптасқан қолданысы да бар. “Әдетте шарттық тараптары оны бекiткенге дейiн ерекше жеке аралық қатынастарды орнатады осы қатынастарда дамыту үшiн мүлiктi тегiн пайдалануға жол беру жүзеге асырылады немесе несие берушi гуманитарлық ағартушылық немесе қайырымдылық сияқты әлеуметтiк маңызы бар мақсаттарды көздейдi”. 1

Сондай-ақ мүлiктi тегiн пайдалану шартының жаңартылғаны да байқалады. Республикада жүзеге асып жатқан макроэкономикалық процестердiң одан арғы динамикасы кооперацияның жаңартылған түсiнiгiн қалыптастыруға алып келетiнi сөзсiз және ол нәтижесiнде әдеттегi қабылдауға қарағанда, неғұрлым сапалы жоғары деңгейде қалыптасады. Осы бағытта белгiлi бiр шынайы процестер жүзеге асып жатыр. Тиiстi заң шығарушылық реакциялар да көрiнiс беруде.

Нарық субъектiлерi арасында көлденең байланыстарды дамыту мен нығайту, салалық мүдделер мен белгiлi бiр нарықтық конгломераттарды қалыптастыру кезiнде уақытша бос тауарлы - материалдық құндылықтарды бiр шаруашылық субъектiлерден басқаларына көшiру қажеттiлiгi де пайда болады. Сол себептi тегiн пайдалану шарты еш қиындықсыз кәсiпкерлiк қызметтi реттеу аясында да көрiнiс тауып, “нарықтың азаматтық-құқықтық құралдарының арсеналында” лайықты орынға ие болады.

Бұл шартты бекiтудiң заңдық ниеттерiнiң аса адалдығын ерекше атап өткiмiз келедi. Мүлiктi тегiн пайдалану шартында меншiк иесi құқықтарының мазмұны, экономикалық және құқықтық түсiнiгiндегi меншiк динамикасы толық ашылады. Бұл шартты, мұқият қарастырған кезде, құқықтық нысанға енгiзiлген шаруашылық iскерлiктiң мүмкiндiктерiн де суреттейдi.

Мұндай түсiнiктеме бұл шарттың заңдық құрылымы, сырт көзге қарағанда өте қарапайым және қазiргi нарықта жеткiлiктi экономикалық негiздерге ие емес болып көрiнгеннен кейiн берiлiп отыр (бiз бұл туралы сыйға тарту туралы шартқа да қатысты айтқанбыз, сондағы ерекшелiк сыйға тарту шарты нарықтық қатынастарға бейiмделмеген) . Әрине, ол соңғы экономикалық процестерден көрiнiс беретiн сияқты заң шығарушымен қайта шығарылған шарттар ортасында ұтылып қалады. Дегенмен, мүлiктi тегiн пайдалану шарты нарық субъектiлерiнiң экономикалық ынтымақтастығының ең күрделi және алдыңғы қатерлi нысандарының техникалық құқықтық құралы ретiнде де болуы мүмкiн.

Мүлiктi тегiн пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бiр тарап (несие берушi) мүлiктi екiншi тарапқа (несие алушыға) тегiн уақытша пайдалануға бередi, ал соңғысы сол мүлiктi алған күйiнде, қалыпты тозуын ескере отырып, немесе шартта көрсетiлген күйiнде қайтаруға мiндеттенедi (ҚР АК 604-бабының 1-тармағы) .

Несие шартына Азаматтық кодекстiң жеке 31-тарауы, 604-тен 615-ке дейiнгi баптар арналған. Несие шарты мүлiктi жалға алу шартымен өте ұқсас болғандықтан 604-баптың 2-тармағында арнайы сiлтеме нормалар бар, соған сәйкес мүлiктi жалға алу туралы кейбiр ережелер несие қатынастарына да таралады. Мәселен, мүлiктi жалға алу туралы нормаларға сәйкес шарттың мәндi жағдайлары (547-бап), мүлiктi ақысыз пайдалану жағдайлары; мүлiктi пайдалану бойынша сауда алушының мiндеттерi (550-бап), шартты қайтадан бастау мүмкiндiктерi туралы жағ-дайлар (558-бап) анықталады. 2

Несие шарты мүлiктi жалға алу (аренда) шартымен ұқсас мазмұнға ие бола отырып, одан тегiн сипатымен ерекшеленедi. Өз кезегiнде оның бұл қажеттi несие берушiнiң мiндеттерiне белгiлi бiр ерекшелiк енгiзедi. Яғни оның мiндеттерi мүлiктi жалға алу шартына қарағанда тар болып келедi.

Ресей Федерациясының заңнамасы бойынша несие шарты реалды да консенсуалды да шарт бола алады (РФ АК 689-бап, 1-тармақ) . Қазақстандық заң шығарушы басқа жолды таңдады. Заем, сыйға тарту сияқты басқа дәстүрлi реалды шарттардың құрылымы елеулi өзгерiстерге (ендi олар не реалды, не консенсуалды бола алады) ұшырағанына қарамастан, несие шарты нормативтi бекiтiлуде таза реалды шарт болып қалды.

Осы шамалы белгiнiң өзiнен заң шығарушының осы шарттың қазiргi жағдайлардағы рөлi мен маңызын бағаламағандығы туралы ой түюге болады және несие шарты туралы нормалар Азаматтық кодекс жүйесiнде “дәстүр көрiнiсi” ретiнде орын алып отыр.

Сонымен қатар, шарт еркiндiгi қағидасына және орын алып отырған ұқсастықтарға сүйене отырып, несие шартының консенсуалдығы туралы да толығымен ескертуге болады. Шарттық құқықтың дамуының қазiргi деңгейi осындай түсiнiктер беруге мүмкiндiк етедi. Тұрмыстық деңгейде бекiтiлетiн шарттар үшiн бұған деген қажеттiлiк болмауы мүмкiн, ол мүлiктi тегiн пайдалану шартын пайдаланудың мүмкiн перспективалары оның көмегiмен реттелетiн қатынастардың тұрақтылығын күшейтудi талап етуi мүмкiн.

Несие шарты, оның реалды немесе консенсуалды болатынына қарамастан, екi жақты шарт болып табылады. Несие шартының бұл белгiсi тараптардың құқықтар мен мiндеттердi өзара алдын ала келiсiп алуынан айқын көрiнедi.

Несие шартының нысаны. Заңнама мәмiле нысанына қатысты арнайы талаптар туралы ескертпейдi, сол себептен ол жалпы талаптарға бағынады. Оның реалды сипаты мен мазмұнының ерекшелiктерi, 3 ешқандай жазбаша шарт жасалмаған кездiң өзiнде де, даулы жағдайларда несие берушiге мүлiктiң өзiне заңды түрде тиесiлi екендiгiн, мүлiктi несие алушыға беру фактiсiн дәлелдеу жеткiлiктi және тiкелей Азаматтық кодекстегi нормаларды толық көлемде басшылыққа алуға болады.

Несие шартындағы мерзiмдер. Мүлiктi тегiн пайдалану шарты мүлiктi уақытша пайдалануға беру мәселесiн шешетiндiктен, ол осы шарт бойынша мерзiмдер категорияларын пайдалануды талап етедi. Бiрақ оларды қолдану мүлiктi жалға алу (аренда) шарты бойынша мерзiмдердi қолданумен салыстырғанда, кейбiр ерекшелiктерге ие. Шарттың реалды сипаты мүлiктi беру мерзiмiнiң маңызын жояды. Сондай-ақ, жалға алу ақысын тану мерзiмдерi де болмайды. Несие шарты бойынша, мүлiктi қайтару мерзiмiне бара-бар келетiн, шарт күшiнiң жалпы мерзiмi туралы сөз қозғауға болады. Мүлiктiң жекелеген бөлiктерiн қайтарудың аралық мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.

Анықталмаған мерзiмдер де қолданылуы мүмкiн, бiрақ мү-лiктi пайдаланудың тегiн сипаты несие берушiнiң несие-шарттық қатынастарының тоқтатылуы туралы несие алушыны алдын ала ескерту мiндетi орындалуға тиiс уақыт кезеңiн қысқартуға себепшi болуы мүмкiн. Сондай-ақ, олардың, дәл сол тегiн сипаты несие шарттары бойынша, несие берушiнiң тарапынан талап ету сәтiмен анықталатын, мерзiмдердi (мүлiктi қайтару бойынша мiндеттердi орындау) қолдануды ойға қонымды етедi.

Несие шартының элементтерiн қарастырмас бұрын заңдық анықтамада мүлiктi уақытша пайдалануға беру көзделетiндiгiн және ол несие алушымен мүлiктi иеленудiң заттық-құқықтық табиғатын болғызбайтындығын атап өтейiк. Сонымен бiрге, мүлiкке қатысты оған берiлетiн құқықтар қарама-қайшылықты дәлелдейдi. Осындай пiкiрге алдыңғы қатарлы қазақстандық цивилистер де келiп отыр, олар жалға алынған затқа деген құқықтарды, басқа шарттар негiзiнде берiлген затқа құқықтар сияқты, заттық құқықтарға жатқызады. 4

Бұл бiрқатар құқықтық салдарға алып келедi, бiрiншi кезекте несие алушыға оның мүлiктi иеленуiне заттық-құқықтық қорғау берiледi, оның сипатымен тәсiлдерi туралы азаматтық құқық бойынша бiрқатар оқулықтарда жеткiлiктi түрде жазылған.

Екiншi жағынан, несие алушыға шарттық әрекет ету кезеңiнде несие алушының мiндеттерiне трансформацияланған меншiк ауыртпалықтары да жүктеледi.

Несие шартының элементтерi. Мүлiктi тегiн пайдалану шартының пәнi. Мүлiктi тегiн пайдалану шартының пәнi ретiнде жылжитын да, жылжымайтын заттар бола алады. Мүлiктi жалға алу шартындағыдай несие шартының пәнi болып жеке белгiлi бiр тұтынылмайтын заттар табылады. ҚР АК 604-баптағы мүлiк терминi өзiнiң тар мағынасында қолданылған. 5 Дәл сол пәннiң ерекшелiктерi, яғни оның жеке белгiлi бiр заттар болатындығы, кезiнде рим заңгерлерiн заем шарты (ақысыз) сияқты дәл сондай функцияларды атқаратын шартты жасап шығаруға мәжбүр еткен. Бұл шарттардың пәнiндегi ерекшелiктер олардың мазмұндарында елеулi айырмашылықтардың болуына ықпал етедi.

Шарттың тараптары - несие берушi мен несие алушы ҚР Азаматтық кодексiнiң 605-бабы несие берушi түсiнiгiнiң кейбiр қырларын анықтайды. Несие берушiнiң берiлетiн мүлiктiң меншiк иесi болуы маңызды заң шығарушылық талап болып табылады. Бiрақ бұл айтылған сөз басқа заттық құқық иелерiнiң де несие берушi бола алу мүмкiндiгiн жоққа шығармайды. Алайда бұл субъектiлер бұған заңнамамен немесе меншiк иесiнiң өзiмен уәкiлеттi болуға тиiс.

Мүлiктi бөтен бiреудiң тегiн пайдалануына берумен байланысты қызмет, қызметтiң арнайы түрлерiне жатпайды, сол себептi несие берушi ретiнде кәсiпкер және кәсiпкер емес жеке тұлғалар, коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар бола алады. Заңнамада бұған қатысты тiкелей тұжырымдама болмағанмен, меншiк иесi еместер мүлiкке билiк еткенде меншiк иесiнiң мүддесiн ескерудiң көзге көрiнбейтiн қажеттiлiгi тұрады. Меншiк иесi ретiнде мемлекет болған жағдайларда өндiрiстi заттық құқықтық қатынастарда оның мүддесiн, яғни қоғамдық мүдделердi, ескеру қажет. Сондықтан азаматтық айналымға мемлекет атынан түсетiн ешқандай уәкiлеттi орган, заңды немесе жеке тұлға мүлiктi тегiн пайдалануға беруге құқылы емес. Бұған заңнамаға сәйкес мемлекеттiк мүлiк қоғамдық мүдделердi қанағаттандыру үшiн арнайы берiлетiн жағдайлар жатпайды (мысалы қарт адамдар үшiн үйлер, баспанасыздарға арналған үйлер, кiтапханалар мен мүлiктiң кейбiр басқа түрлерi) .

Мемлекеттiң осындай түрдегi азаматтық-құқықтық қатынастарға тiкелей немесе жанама түрде қатысуы туралы сөз болған жағдайларда, заңнамада меншiк иесi ретiндегi мемлекет мүдделерiнiң заңмен қорғалатын түсiнiгiн тұжырымдау қажет. 6

Жария-құқықтық нормалар әрекетiмен тоғысқан жерде ҚР Азаматтық кодексiнiң 605-бабы 2-тармағының нормасы тұр. Коммерциялық ұйым өзiнiң құрылтайшысы, қатысушысы (акционер), директор, өзiнiң басқару немесе бақылау органдарының мүшесi болып табылатын тұлғаға мүлiктi тегiн пайдалануға беруге құқылы емес.

Заңнамада несие шарты бойынша құқық мирасқорлығының негiздерi мен тәртiбi көзделген, оның нәтижесi тараптардың өзгеруi болып табылады. Солардың бiрi болып несие берушiнi алмастыруға алып келетiн сингулярлық құқық мирасқорлығы табылады. Ссуда несие берушi еш шектеусiз тұрақты негiзде мүлiктi алып қоя алады немесе оны ақылы пайдалану үшiн үшiншi тұлғаға бере алады. Осы кезде жаңа меншiк иесiне немесе пайдаланушыға несие берушiнiң берiлген мүлiктi тегiн пайдалану туралы бұрын бекiтiлген шарт бойынша құқықтары мен мiндеттерi де берiледi. Осылайша, оның мүлiкке қатысты құқықтары несие алушының құқықтарымен қиындатылады.

Несие берушi - азамат шеттетiлгенде не несие берушi заңды тұлға жойылғанда немесе қайта құрылғанда мүлiктi тегiн пайдалану шарты бойынша несие берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi мұрагерге (құқық мирасқорына) немесе мүлiкке меншiк құқығы, не мүлiктi тегiн пайдалануға беруге негiз болған басқа құқық, берiлген басқа тұлғаға өтедi.

Несие алушы жеке тұлғалар қайтыс болғанда құқық мирасқорлығына жол берiлмейдi (тек жеке өздерiне арналған мiндеттемелерге қатысты) . Сондай-ақ, заңды тұлға жойылған кезде несие алушының құқықтарына қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы мүмкiн емес. Егер несие алушы заңды тұлға қайта құрылса, оның құқықтары мен мiндеттерi, егер шартпен өзгеше көзделмесе, өзiнiң құқық мирасқорына (заңды тұлғаға) өтедi.

Мүлiктi тегiн пайдалану шартының мазмұны. Несие алушы мүлiктi тегiн пайдалануға алатынына қарамастан несие берушiде мүлiктi берумен байланысты белгiлi бiр мiндеттер болады.

ҚР Азаматтық кодексiнiң 606-бабының 1-тармағына сәйкес несие берушi мүлiктi шарттағы жағдайларға және мүлiктiң мақсатына сай келетiн күйде беруге мiндеттi. Аталған норма несие шартының консенсуалдығына бағытталып құрастырылғаны анық. Әйтпесе мүлiкке қойылатын талаптар қалайша шартпен анықталады, егер шарттың өзi мүлiктi бергеннен кейiн орын алатын болса.

Мүлiк тегiн пайдалануға өзiне тиiстi барлық керек-жарақтармен және құжаттармен берiлуге тиiс. Оларға мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын пайдалану тәртiбiн және т. б. куәландыратын құжаттар жатады. (АК 606-бап 2 т. ) . Сонымен қатар, сауда шартының тегiн сипатына сүйене отырып тараптар құжаттар мен (немесе) керек-жарақтардың меншiк иесiнде (басқа несие берушiде) қалатындығы туралы ескертуi мүмкiн. Алайда тараптардың бұл шешiмi несие алушының мүлiктi пайдаланумен байланысты құқықтарын шектемеуге тиiс.

Құжаттар мен керек жарақтарды беру шартпен жоққа шығарылмаған, бiрақ олар мүдделерi шектелген несие алушыға берiлмеген жағдайларда белгiлi бiр құқықтар берiледi. Егер мүлiк құжаттар мен керек-жарақтарсыз мақсатына сай пайдаланыла алмайтын болса не оны пайдалану несие алушы үшiн қомақты түрде құндылығын жоятын болса, онда ол өзiне керек жарақтарды және (немесе) құжаттарды берудi не шартты бұзып, өзiне келтiрiлген нақты шығынды өтеудi талап етуге құқылы. Бiз несие берушiнiң жауапкершiлiгi белгiленгенiн көрiп отырмыз, бiрақ ол мүлiктiң тегiн берiлетiнi ескерiле отырып нақты шығын келтiрумен шектелген, бұл өз кезегiнде несие шарты мазмұнының жалға алу шарты мазмұнынан бiр ерекшелiгi болып табылады. Несие берушi сауда алушыны берiлетiн мүлiктiң кемшiлiктерi туралы ескертуге тиiс (ҚР Азаматтық кодексiнiң 607-бабы, 1-тармағы) .

Затты берумен байланысты аталған мiндеттер несие берушiнiң негiзгi мiндеттерi болып табылады, ал қалғандары негiзiнен бiр шеңберден аспайтын сипатқа ие, оларды жекелеген мәселелердi қарастырған кезде атап өтермiз.

Ендi несие алушының мiндеттерiн қарастырайық. Несие туралы - нормаларда тiкелей көзделмесе де, оның негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып, алған мүлiктi шарт талаптарына және мақсатына сай пайдалану болып табылады (мүлiктi жалға алумен ұқсас) . Мүлiктi тегiн пайдалану оған несие алушы тарапынан қандай да болмаса билiк етудi болғызбайды, егер тараптар арасында басқа жағдай тiкелей шартпен көзделмесе.

Несие алушыға мүлiктi ұстау жөнiндегi барлық ауыртпалық жүктеледi. Ол тегiн пайдалануға алған мүлiктi дұрыс күйiнде ұстауға мiндеттi. Оның мiндетiне ағымдағы және күрделi жөндеу жүргiзу кiредi. Сонымен қатар, ол мүлiктi ұстау жөнiндегi барлық ағымдағы шығындарды көтеруге тиiс (ҚР Азаматтық кодекс, 609-бап) . Шартпен несие алушы бұл мiндеттен босатылуы да мүмкiн.

ҚР Азаматтық кодексiнiң 610-бабы “Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi” деп аталады. Алайда оның мазмұны атауына толық сәйкес келмейтiндiгiн атап өту қажет. Оның мазмұнына сәйкес несие алушы тегiн пайдалануға алған мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупiн өз мойнына алады, егер ол тегiн пайдалану шартына сәйкес емес немесе мақсатына сай емес пайдаланудың не несие берушiнiң келiсiмiнiң оны үшiншi тұлғаға берудiң нәтижесiнде мүлiк жойылса немесе бүлiнсе. Мұндай жағдайларда кем дегенде несие алушы тарапынан жол берiлген өрескел абайсыздық туралы айтуға болады, нақты жағдайларда несие алушының кiнәлiгi де көрiнуi мүмкiн. 7 Сондай-ақ, оның әрекетi мен мүлiктiң жойылуы, бүлiнуi арасындағы заңдық маңызы бар себеп-сал байланысы да ескерiледi. 8

Аталған баптың екiншi бөлiгiне сәйкес несие алушы мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупiн өз мойнына алады. Егер ол орын алған жағдайларды ескере отырып оның жойылу немесе бүлiнуден өз мүлкiн құрбан ете отырып, алдын алуға мүмкiндiгi болса бiрақ өз мүлкiн ондай құрбандыққа салмаса. Бұл жағдайда несие алушы мүлiктiң жойылу мүмкiндiгiн түсiне отырып оған жол берген және оның жойылуының алдын алуға нақты мүмкiндiгi болғандығы айқын. Заттың кездейсоқ жойылуы немесе бүлiндi дегенде ол объективтi және субъективтiк құқықтық қатынастарға түсетiн қатысушыларға тәуелсiз себептерден болады. Азаматтық кодекстiң 610-бабынын екiншi бөлiгiнде сипатталған жағдай мәнiсi жағынан аса қажеттiлiк жағдайларында бөтеннiң құқықтары мен мүдделерiне зиян келтiруге (АК 920-бап) жақын, алайда оған ұқсас емес және мүлiктiң кездейсоқ жойылуы мен бүлiнуiнен анағұрлым алшақ. Мүлiктi тегiн пайдалануға берудiң ерекшелiгi оның үшiншi тұлғалардың құқықтарына әсер етпеуiнде, бұл АК 608-бабының мағынасынан көрiнедi. Жалпы мұра ету құқығы заттық құқықтардың белгiсi болып табылады және олар, әрине, кез келген құқық мирасқорлығы кезiнде сақталады.

Аталған нормада тек заттық қана емес сонымен қатар мiндеттемелiк құқықтарды да сақтау көзделген.

Мүлiктi тегiн пайдалануына қарамастан несие берушi несие алушыны осы мүлiкке қатысты үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары туралы ескертуге тиiс. 608-баптың 2-тармағыда заттық құқықтар туралы айтылған. Олардың қатарына несие алушымен мүлiктi пайдалануға ықпал етуi мүмкiн үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары да кiруге тиiс. Мүлiкке қатысты үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы ескерту мiндеттемесiн орындамау несие алушыға шартты бұзуды және келтiрiлген нақты шығынды өтеудi талап етуге құқық бередi. 9

Несие шарты бойынша жауапкершiлiк. Несие алушының жауапкершiлiгi туралы айтқанда оны мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн көзделген жалпы нормаларға сәйкес анықтауға болады. Сондай-ақ оның құқық бұзушылықтары оларды бағалау, осыдан туындайтын несие алушының мiндеттерiн жалға алушының жауапкершiлiгiн көздейтiн нормаларға сүйене отырып бағалауға болады. Алайда, бұған қатысты тiкелей заңнамалық нормалар болмаса да несие алушының жауапкершiлiгiн анықтауда соттың қарап шешуi көзделетiн кезде оның жауапкершiлiгiнiң мөлшерi, егер жауапкершiлiк туындауының тең жағдайы орын алып отырса, жалға алушы жауапкершiлiгiнiң мөлшерiне қарағанда бiршама артық болуға тиiс. 10

Несие шартына арналған нормаларды талдау барысында байқағанымыздай онда негiзiнен несие берушiнiң жауапкершiлiгi туралы айтылады. Мұны несие алушының жауапкершiлiгiн жалға алушының жауапкершiлiгi көзделген нормаларға негiздеуге болатындығымен түсiндiремiз. Несие шарты бойынша несие берушi үшiн шектелген жауапкершiлiктi қолданады, бұл шығындар үшiн толық жауапкершiлiк үстемдiк ететiн азаматтық құқық үшiн тән емес. Несие алушының жауапкершiлiгiнiң негiзiнде барлық жағдайларда кiнә тұрады, өйткенi оның тарапынан шарт кәсiпкерлiк емес (яғни пайда табуға бағытталған емес) болып табылады. Ал, мүлiктi кәсiпкерлiк қызметте пайдалану үшiн алған несие алушыға кәсiпкерлiк шартты орындамағаны үшiн кiнәсi жауапкершiлiк те жүктелуi әбден мүмкiн.

Мүлiктi тегiн пайдалануға берген несие берушi мүлiктi беру кезiнде қасақана немесе абайсызда айтпаған болса осы мүлiктiң кемшiлiктерi үшiн, егер ол несие алушыға нақты шығын келтiрсе, жауап бередi.

Жауапкершiлiк мiндеттемесi аясында несие берушiге альтернатива берiледi. Несие алушының талаптары туралы немесе мүлiктiң кемшiлiктерiн несие алушының есебiнен түзеу жөнiндегi ниеттерi туралы хабарландырылған жағдайда ол дереу бұзылған затты тиiстi күйдегi басқа баламалы затқа ауыстыра алады.

Несие берушi мүлiктiң шартын бекiту барысында ескертiлмеген немесе несие алушыға алдын ала белгiлi болған, не мүлiктi қарау барысында немесе шартты бекiту кезiнде оның дұрыстығын тексеру барысында немесе затты беру кезiнде несие салушы анықтауға тиiс болған кемшiлiктерi үшiн жауап бермейдi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүлікті тегін пайдалану
Мүлiктi жалға алушыға беру, тараптардың құқықтары, бостандықтары мен жауапкершіліктері
Мүлікті тегін пайдалануды сипаттау, саралай зерттеу
Жылжымайтын мүлік нарығында жасаланатын мәмілелер
Жылжымайтын мүлік нарығының жалпы моделі
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Ақысыз шарттар
Жалгерліктің мәні мен мазмұны
Мүлік жалдау шарты туралы мәлімет
Сыйға тарту шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz