ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ОТБАСЫ ЗАҢДАРЫ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЗАҢДАРЫ

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.

Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық Құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік Қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы қүқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы қүқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міңдеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.

Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сөз қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О. С. Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыда нормалаудың объективтік мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқынан шығып кетеді.

Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипаты да неке-отбасы қатынастарының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу бала асырап алушы мен асырап алынушының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе.

ҚР отбасы құқығының қайнар көзі ҚР-дың 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969 жылғы 6-тамызда Республиканың Жоғарғы Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды.

«Неке және отбасы туралы» Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан Көне 213 баптан тұрады.

«Неке және отбасы туралы» Заңның, 3-бабы ҚР-дың, неке-отбасы заңдары мынадай принциптерге негізделетінін белгілейді:

1) Еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;

2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі.

3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-уақатты болуына қамқорлық жасау;

6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру.

7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарыг кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері.

Отбасы құқығы бойынша неке бұл «ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең, құқықтық одақ» (Заңның 1-бабы) .

Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы заңдарының негіздерінің бірі болып табылады («Неке және отбасы туралы» Заңның 2-бабының 3-тармағы) .

Қазақстан аумағында қолданылып жүрген неке және отбасы туралы заңда некені міндетті түрде тіркеу барлық кезде талап етілмеді. Мұндай ереже 1926 жылға дейін болды да, кейін 1944 жылғы 8-шілдедегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығы болды. Бұл Жарлық бойынша іс жүзінде некеде болып, бірақ тіркелмеген адамдардың некесі мойындалмады. Ал, мұндай қатынастағыларға бірге тұрған кездерінің уақыты отырып АХАЖ органдарында тіркеу жолымен рәсімдеу құқығы берілді.

Некеге түсу үшін заңда белгіленген шарттарды (9-11-баптар) сақтау қажет. Аталған шарттарды оң (позитивтік), теріс (негативтік) деп бөлу қабылданған. Басқаша айтқанда, оңды жағы көбірек болып, теріс жағы болмаған жағдайда некеге тұруға болады.

Оның біріншісіне мыналар жатады: некеге тшратын еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығы, ұғымы негіздері мен принциптері жайлы ақпарат
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖҰБАЙЛАРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Ежелгі Шығыс елдерінің құқықтық мұралары
Неке және отбасы құқығының түсінігі
Азаматтық іс жүргізу құқығы жайлы
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша неке шарты
Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы
Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының бастаулары
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЗАҢДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz