Қылмыстық құқықтың принципі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Қылмыстық құқықтың принциптері2

Қорытынды12

Қолданылған әдебиеттер тізімі13

Кіріспе

Кез келген заң бұзушылық мінез-қылық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. ал, қылмыс дегеніміз - қоғам үшін қауіпті құбылыс. жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді.

Сонымен, қылмыс дегеніміз не? қылмыс - қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі, ол заң тыйым салған, қылмыстық заңмен жазаланатын, әрекетті немесе әрекетсіз өрескел қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып кездеседі.

Қылмыстық құқықтағы принциптер туралы жұмыс жаза отырып біз оларды толық пайымдадық. Бұл жағдай келешекте қылмыстық құқық пәнін айқын меңгеруімізге септігі тиеді әрі сонан кейін де жұмысымызда қолданылады деп ойлаймын.

Қылмыстық құқықтың принциптері

Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық сақтандырушылык және тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық принциптерді сақтау арқылы ғана жүзеге асыра алады.

Қылмыстық-құқықтық принциптер - заң шығарушыға, ғылымға, құқық қорғау және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады.

Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылдаған қылмыстық заңның құқық қолдану тәжірибесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында да, сөз жоқ үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық талаптардың жиынтығынан құралады. Оның біріншісі - Республика Қылмыстық кодексінің халықаралық қылмыстық құқықтын жұрт таныған принциптері мен нормаларын басшылыққа алуы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының үшінші тармағында Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады деп көрсетілген. Адам құқықтары жөніндегі 1948 жылғы Жалпыға бірдей декларация, 1986-1989 жылғы Вена келісімі, наркоманияға және террорлық актіге қарсы күрес туралы халықаралық Конвенция және осы сияқты басқа да халықаралық құжаттар халықаралық аймақта істелетін қылмыстар үшін жауаптылық белгілейді. Мысалы: 1986 жылғы Вена келісімінде көптеген халықаралық қылмыстық-құқықтық нормалар белгіленіп, кеңеске қатысушы елдерге ұсынылған. Осы келісімнін. “Қағидалар” деген тарауының №, 107 баптарында террорлыкқа қарсы күрес, 23-бабында БҰҮ қабылдаған тұтқындармен қарым-қатынастың төменгі стандартты ережелерін сақтау; сондай-ақ БҰҰ бекіткен лауазымды адамдардың құқық тәртібін сақтаудағы мінез-құлқы жөніндегі Кодекс туралы; 23б бабында адамды оның құқығын бұзатын психиатриялық немесе басқадай дәрігерлік тәжірибеден қорғау; 24бабында өлім жазасын қолдану туралы қылмыстық заңды қолдану жөніндегі ұсыныстар туралы мәселелер көрсетілген.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы осындай халықаралық құқық нормаларын қастерлейді және осындай халықаралық шарттар Республикада бекітілген уақыттан бастап басшылыққа алынады. Заңдылық қағиданың екінші бір талабы - қылмыстық заңның Конституциялық заңға негізделуі болып табылады. Конституцияда көрсетілген негізгі ережелерді қылмыстық заң сөзсіз басшылыққа алуы тиіс. Өйткені Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады (4-бап, 2-тармақ) . Мысалы, Конституцияның 15-бабының 2-тармағында өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, делінген. 17-бапта адамнық қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны, ал 16-бапта әркімнің жеке басының бостандығына құқы бар екендігі көрсетілген. Қылмыстық кодекстің көптеген баптары осы Конституциялық заңдарға негізделіп қабылданған. Заңдылық принциптерінің тағы бір талабы “арнайы заңда көрсетілмейінше қылмыс та, жаза да жоқ” деген тұжырымға негізделген. Заңдылық принциптерінің осы талабына сәйкес жазба, жария түрде қабылданған қылмыстық заң қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі болуға тиіс. Барлық қылмыстық-құқықтық нормалар бірыңғай жүйеге келтіріліп, Қылмыстық, кодекске біріктірілуі қажет. Қылмыстық жауаптылыкты көздейтін өзге заңдар оларды осы Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс (ҚК-тің 1-бабы) .

Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді (ҚК-тің 9-бабы 1-бөлігі) . Адамның ойы, пиғылы, дүние танымы, көзқарасы Конституциялық нормаға қаншалықты қайшы келсе де ол белгілі бір нақты іс-әрекетпен ұштаспаса қылмыс ретінде қаралуға тиіс емес. Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы, кінәлі іс-әрекеттер заң шығарушы орган арқылы қылмыс деп табылады. Қылмыс пен жаза туралы мәселелер қылмыстық заңдарда тікелей көрсетіледі және оларға тиісінше заңдылық анықтама беріледі. Қылмыстық заңда арнайы көзделмеген ретте адамның іс-әрекеті қылмысқа жатпайды. Қылмыс жоқ жерде жаза да болмайды.

Қылмыстық құқықтын, екінші бір қағидасы - азаматтардың заң алдындағы теңдігі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 1-тармарында - заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деп аталған. Қылмыс жасаған адам оның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, саяси сеніміне, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, кәсібінің түрі мен сипатына, сондай-ақ тұрғылықты жеріне және басқа да жағдайларга қарамастан жауаптылыққа тартылады. Азаматтардың қылмыстық заң алдындағы теңдігі істеген қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылуы болып табылады. Бұл жерде заң алдындағы теңдікті бір түрлі қылмыс істеген кінәлі адамдардың барлығына бірдей етіп жаза тағайындау деп түсінбеу қажет. Жаза кінәлінің қылмысының ауырлығы мен түріне, оның жеке басының касиеттеріне, жауаптылықты ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайларға байланысты дараланып тағайындалады. Қылмыс істеген адам тек қана қылмыстық заңда көрсетілген негіздерге сәйкес қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылуы мүмкін. Жасы кәмелетке толмағандар және жүкті немесе емшекте жас балалары бар әйелдерге, кәрі адамдарға қылмыс істеген басқа субъектілерге қарағанда ізгілік кағидасы басшылыққа алына отырып, жеңілдеу жаза тағайындалуы мүмкін.

Қылмыстық құқықтың үшінші бір принципі-жауаптылықтан құтылмайтындық принципі. Бұл принцип бойынша әрбір кез келген адам лауазымдық, басқа да жағдайларға қарамастан өзі істеген қылмысы үшін сөзсіз, міндетті түрде жауапты болады. Яғни, қолымен істеген қылмысты мойнымен көтереді. Бұл үшін қылмыстық-құқықтық жауаптылықты белгілейтін заң, нормалары тайға таңба басқандай анық түсінікті болуы керек. Сөйтіп, ол істелген қылмыс үшін нақты жауаптылықты айқындау қажет. Жауаптылыктан құтылмайтындық принципінің жүзеге асырылуы үшін бұл өте керек. Сондай-ақ осы принциптің жүзеге асырылуы құқық қорғау және құқық қолдану органдарына үлкен міндет жүктейді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген қылмыстардың ашылмай, кінәлі адамдардың жазасыз қалуы, жасалған қылмыстардың тіркелмеуі, тіркелген қылмыстардың біразының ашылмауы осы принциптің жүзеге асырылуындағы келеңсіз көріністерді көрсетеді. Мұның өзі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік деңгейінін, азаматтардың қылмыспен күресудегі белсенділік дәрежесінің, қолданылып жүрген заңдардың әлі де болса пәрменділігінің жеткіліксіздігінің көрінісі болып табылады. Бұл жерде айтылатын басты мәселе сол қылмыс істеген адам ерте ме, кеш пе бәрібір қылмыстық жауапка тартылады, заң бойынша тиісті жазасын алады. Бұл қағиданың түпкі мәні осында.

Қылмыстық заңның төртінші принципі - жеке кінәлі жауаптылығы қағидасы болып табылады. Адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана қоғамға қауіпті әрекеттер (әрекетсіздік) және бағытталған қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл принципке сәйкес адам өзінің жеке істеген немесе қылмысқа бірлесіп қатысуы арқылы істеген қылмысы үшін сол адамның өзі дербес, жеке жауапты болады. Жеке жауаптылық принципіне сәйкес қылмыстың субъектісі болып, есі дұрыс, заңда белгіленген жасқа толған жеке адам танылады. Мұндай тұлғаны қылмыстық құқықта қылмыстық субъекті деп атайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі заңды тұлғаларды қылмыс субъектісі деп танымайды. Материалдық, моральдық немесе басқа жағынан келтірілген зияндары үшін тек азаматтар ғана қылмыстық заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Қылмыстық құқықтың бесінші принципі кінәлі жауаптылық принципі болып табылады. Бұл қағиданың мәні сол, кінәсіз қылмыс та болмайды дегенді білдіреді. Қылмыстық жауаптылықта оны істеген адамның іс-әрекетінде кінә болған жағдайда ғана, яғни қылмыс істеген адамның өзінің іс-әрекетіне қасақаналық немесе абайсыздық түрде білдірген саналы, психикалық қатынасы жатады. Қылмыстың зардабы қанша ауыр болса да, егер ол кінәсіз жағдайда істелсе, ол қылмыс болып табылмайды. Жазықсыз зиян келтіру - қылмыс емес, оқыс оқиға болып саналады (ҚК-тің 23-бабы) .

Кінәнің түсінігі Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің арнаулы баптарында берілген (19, 20, 21, 22-баптар) .

Қыдмыстық құқықтың алтыншы принципі әділеттілік принципі болып табылады. Бұл принциптің мәнісі сол қылмыстық жауапқа және жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Бұл қағиданың жүзеге асырылуы үшін ең алдымен қылмыстық заңның өзінің әділ болуы және істеген қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның және қылмыстық құқық ықпал ететін өзге шаралары соған сай әділ болуы керек. Қоғам мүшелерінің, халықтық шын еркін білдіретін қоғамдық мүддеге сай, әлеуметтік қажеттілікке сай қабылданған заңдар ғана әділетті болып табылады. Қылмыстық заңды қабылдау кезінде кеткен ағаттықтар, қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді дер кезінде қылмыс қатарына қоспау немесе ондай қоғамға қауіптілігі жоқ іс-әрекеттерді қылмыс қатарынан алып тастамау да заңның әділетсіздігін көрсетеді. “Маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмейтін қылмыстар” деген Қылмыстық кодекстегі (9-бап, 2-бөлігі) кағиданы басшылыққа алып, қылмыстық заңның қолданылуындағы әділетсіздіктерге жол берілмеуі керек. Қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылыктың негізі болуы тиіс. Әділеттілік кағидасының жүзеге асырылуы әділ жаза тағайындауға тікелей байланысты. Соттар әділ жаза тағайындау үшін қылмыс істеген кінәлі адамға жазаны даралауға негіз беретін: іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігінің мәні мен дәрежесін, кінәлінің жеке басын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, қылмыстың істелуінің себептерін есепке ала отырып, оның түзелуіне және қайтадан қылмыс істемеуіне қажетті және негіз болатын, әділетті жаза тағайындауы керек.

Әділеттілік принципі бойынша бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға болмайды (3-бап) .

Қылмыстық құқықтағы тағы бір принцип - ізгілік принципі болып табылады. Ізгілік принципінің жүзеге асырылуы ең алдымен қылмыстық заң арқылы азаматтардың жеке басын, олардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын қылмыстық, қол сұғушылықтан қорғау арқылы көрініс табады.

Жаңа Қылмыстық кодекстің 2-бабында адам мен азаматтың жеке басы, олардың құқықтары мен бостандықтары қылмыстық құқық қорғайтын объектілердің ең алғашқыларының бірі ретінде көрсетілген. Қылмыстық заң әрбір азаматқа қажет болған жағдайда қорғануға құқық береді, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мұндай мән-жайлар қылмыс болып саналмайды. Қылмыстық заңның бұл нормасы әрбір азаматтың әлеуметтік белсенділігін арттыруға өзінің Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, мүддесін батыл қорғауға тікелей жағдай туғызады. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде азаматтардың өмірін, денсаулығын, ар-намысын олардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған арнаулы тараулар бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық құқықтың түсінігі. .Қылмыстық құқықтың принциптері(қағидалары)
Қылмыстық құқық - құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым
Конституциядан қылмыстық құқық
Қылмыстық құқық. Қылмыстық құқық принциптері
Қылмыстық құқықтың санаттары
Қылмыстық құқық жайлы мәлімет
Қылмыстық құқық принциптері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРI МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Қылмыстық құқықтың ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz