Қылмыстық топтың психологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Қылмыстық топтың психологиясы 2
Ұйымдасқан қылмыстың психологиясы 5
Қолданылған әдебиеттер 9

Қылмыстық топтың психологиясы

Әрбір қылмыстық топ – шағын әлеуметтік топтың бір түрі. Ол бірнеше
жекелеген адамдардың тосыннан топтасуы емес. Әлеуметтік психология
тұрғысынан алғанда бірнеше адамның қылмыстық әрекеті өте күшті криминалдық
жағдай тудырады. Мұндай топта жеке қылмыскерге тән емес жаңа мақсаттар,
мүмкіншіліктер, қасиеттер пайда болады.
Бірлескен қылмыстық әрекетте қылмыскерлердің жеке қабілеттері, әдет-
ғұрыптары, білім-тәжірибелері бірігеді. Қылмыстық топтың мына түрлерін
ажыратуға болады:
а) қарапайым ұйымдасқан топ;
б) күрделі ұйымдасқан топ;
в) ұйымдасқан қылмыстық топтану;
г) бандалық құрама;
д) қылмыстық ұйым;
е) мафия.
Қарапайым ұйымдасқан топ – қылмыскерлердің топқа бірігуінің тұрпайы
формасы, онда 2-4 адам болады. Мұндай топтар ұйымдасқан, тұрақты, бірлескен
және іс-әрекеттері жоспарланған болса да, олардың күрделі құрылымы,
билігімен көзге түсетін басшылары жоқ.
Мұнда қылмыскерлердің әрқайсысы қылмыс жасау әдістерін толық меңгеріп
алған. Шешімдерді барлығы бірге қабылдайды, қылмысты бірлесіп жасайды.
Мұндай топтарға ұрылар, алаяқтар, пәтерге түсетін ұрылар, тонаушылар,
кәмелетке толмаған балалар кіреді. Топтың ең ұзақ өмір сүру мерзімі үш
жылдан аспайды.
Күрделі ұйымдасқан топ – алдыңғы топқа қарағанда тұрақтылығымен,
иерархиялық құрылымымен ерекшеленеді. Мұндай топқа, көп болса 5-10 адам
кіреді. Олардың қылмыс жасауы әдетке айналып кеткен, мүліктік және зорлық-
зомбылық көрсететін қылмыстармен айналысады. Бұл топты бір ғана адам
басқарады, ол іс-әрекеттің негізгі бағыттарын белгілеп жоспарлайды,
жасалатын қылмысты дайындайды, қатысушылар арасында рөлдерді бөледі. Мұндай
топ кәсіби тонау, ұрлау, қарақшылық, күшпен тартып алушылық сияқты
қылмыстармен айналысады.
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың ішіне өте көп адамдар кіреді – адам саны
100-300, тіптен 500 адамға дейін баруы мүмкін. Бұл қылмыстық топ ұлттық
ерекшелік бойынша, іс-әрекет әдістері бойынша екіге бөлінеді: а) топ; б)
қауымдастық. Біріншісі – топтың негізінде аумақтық белгілер бойынша
бірігеді. Екіншісі – ұлттық, рулық белгілер бойынша бірігеді. Басшылары
бірнеше адамнан тұрады, олар осы топтың 10%-ын құрайды, осылардан кейін
шешімдерді қабылдайтын адамдар қатарына криминалды бағытымен көзге түсетін
жастар кіреді.
Келесі топ – бандалық құрама. Ұйымдасқан қылмыстың мұндай түрі жеке
адамдарға, мемлекеттік, қоғамдық кәсіпорындарға шабуыл жасауды мақсат
тұтқан қарулы топтардың пайда болғандығының белгісі. Бұл топтың басқа
топтардан айырмашылығы оның қарулы және ашық шабуыл жасауында. Қоғамға,
жеке адамға бандалық құраманың қаупі өте жоғары. Оның кұрамындағы адамдар
саны 10-нан аспайды. Басқа топтарға қарағанда оның ұйымдық деңгейі жоғары,
басшыларына қатаң бағынады, жәбірленуші, құрбан болған адамға артық
қатыгездік көрсетеді. Ол дербес жұмыс істейді. Бандалық құраманың қылмыстық
іс-әрекетінің объектісі – ақша, валюта, құрал, алтын, асыл тастар.
Келесі топ – қылмыстық ұйым – тұрақты, күрделі иерархиялы қылмыстық
құрама. Бұл топтың басты белгілері:
1) қызметтегі лауазымды адамды сатып алу үшін және біріне-бірі көмек
жасау үшін жұмсалатын ортақ ақша қорының болуы;
2) басқарудың алқалы түрі, яғни басшылардың бір-бірімен тепе-теңдігі;
3) топтың өз жарғысының болуы. Осы жарғының нормаларын, дәстүрлерін,
заңдарын бұзған адамдарға жазалау шараларының белгіленуі;
4) жұмыс жүргізудің иеархиялық жүйесі, яғни қылмыстық ұйымның ішінде
шағын топтар бар, олар аймақтың шеңберінде байланыс жасайды, топ мүшелері
арасында міндет бөлініп беріледі (басшылар, сақтаушылар,
байланыстыратындар, ақша ұстайтындар және т.б. болады).
5) ақпаратты базасы бар, яғни, әртүрлі мәліметтер жинайды, барлау, қарсы
барлау жұмысымен айналысады. Осындай ұйымдасқан топтың ішіне іріктелген
қалаулы топ ретінде мафия кіреді. Олар басқа қылмыстық топтармен қарым-
қатынаста болып, біріне-бірі көмек көрсетеді. Мысалы, қаржы қымқыратын
алаяқтарды рэкеттерден қорғайды, сыбайлас жемқорларға (мемлекеттік
чиновник, құқық қорғау органында істейтін адамдарға) құлақ аспаған, жұмысты
дұрыс атқармаған гангстерлерді ұстап береді.
Мафия – жасырын қылмыстық ұйым, оның қылмыстық ортамен сыбайлас жемқорлық
байланысы бар және осы ортада өктемдік жасайды. Ұйымдасқан қылмыстық
қауымдастыққа мынадай ерекшеліктер тән:
- оның құрылымы өте күрделі болып келеді. Қылмыстық әрекеттерінде әртүрлі
көптеген аспектілер бар: қылмысты жасап ғана қоймайды, оны алдын ала
жоспарлайды, қылмыстық әрекеттің тактикасын анықтайды, қауіпсіздікті
қамтамасыз етеді, керекті мәліметтер жинайды, басшылар қылмыс жасауға
қатыспайды;
- параға сатып алу, адам өлтіру, қорқыту тәсілдері қолданылады. Бұл –
мафияның тәртіпті қамтамасыз етуінің, кез келген қылмыстық мақсатқа
жетуінің негізгі әдістері;
- қылмыстық іс-әрекеттің құралы ретінде қыруар қаржы жұмсайды. Бұл ақша
лауазымды адамдарды сатып алу үшін, қылмыстық істі материалдық,
идеологиялық, саяси қамтамасыз ету үшін пайдаланылады;
- қылмыстық топтың қылмыстық қауымға бірігуі бір мемлекеттің ішінде және
халықаралық масштабта болады, яғни, әртүрлі қылмыстық топтар бірімен бірі
байланыс орнатады. Кәсіби қылмыс басшылары өзара бірлесіп әрекет етеді.
Өзіндік ерекшеліктері: а) олардың белгілі бір орындары мен аумағы
болмайды; б) мәртебелері тең болады; в) ортақ бір қылмыстық идеямен
бірігеді.
Қылмыстық топтың пайда болуы дегеніміз – әлеуметтік қауіптің сапа жағынан
күшеюі.
Қылмыстық топтың пайда болуының факторлары:
а) қылмысты жеке дара жасаудың мүмкін болмауы;
б) қылмыстық мүдделердің ортақтығы;
в) бірін бірі жеке ұнату сену;
г) мінез-құлықтағы ортақ қалыптар, ортақ сенімдер, құқықтық санадағы
кемістік ұқсастығы.
Қылмыстық топтың белгілері:
– ұйымшылдық;
– тұрақтылық;
– бірлік – қатысушылардың бірлігі, тығыз байланысы;
– қорғалғандық, құрылымда қорғаныс қалқанының болуы;
– психикалық ықпал ету мен күш көрсету құралдарының болуы.
Қылмыстық топтың қызметі мына бағыттарда жүзеге асады:
1) қажетті мәліметтерді әрдайым жинау, қылмыстық әрекеттің пайдалы
бағыттары туралы мәліметтерді жинау;
2) құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың сыбайлас
жемқорлыққа қатысы;
3) өз әрекеттерінің заңдылығын сырттай көрсету мақсатында елдегі
әлеуметтік-экономикалық институттар мен жағдайларды кәсіби пайдалану;
4) өздерінің қуаттылығы жайында лақап тарату, себебі ол куәлар мен
жәбірленушілердің үрейін алады.
Қылмыстық топтың басшылары, әдетте, сотталмаған, ақылды, жоғары білімді,
ұйымдастыру қабілеті бар адамдар болады, кеңесші ретінде олар өздеріне
тәжірибесі бар “беделді адамды”, “заңдағы ұрыларды”, кәсіби қылмыскерлерді
алады.
Ұйымдастырушыларға өмірдегі тәжірибе, қулық, жігерлілік (мақсатқа жетуде
табандылық таныту, басқалардың сағын сындыру, оларды өзіне бағындыру),
өндіріс процесін жақсы білу (елдегі орын алған экономикалық, саяси жағдайды
түсіну, саладағы жағдайды білу) тән. Басшының жұмысы билікке негізделеді.
Билік үшін – қабілет, жігер, білім керек. Биліктің қайнар көзіне – билік
субъектісінің басқа біреудің талабын қанағаттандыруда немесе тойтаруда
қолданатын құралы жатады.
Қылмыстық топқа қатысушылар арасында шиеленісті жағдай туындауы мүмкін.
Шиеленіс – өзара қатынастағы субъектілердің қарама-қарсы бағытталған
көзқарастарының, мақсаттарының, мүдделерінің қақтығысы. Шиеленісті
жағдайдың негізгі себебі – қылмыстық топ әрекетінің өзегі болып табылатын
пайдакүнемдік ниеттер.
Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан алғанда қылмыстық топтағы шиеленістік
жағдай сол топқа қатысушылардың ниеті мен талаптарының үйлеспеуі, сәйкес
келмеуі нәтижесінде пайда болады, өзара байланыс нормалары бұзылады. Қандай
да бір қайшылық топ мүшелерінің қайсы бірінің материалдық мүдделеріне, оның
моральдық құндылығына нұқсан келтіретін болса, қалайда шиеленісті жағдай
туындайды.
Шиеленістің негізгі себебі – иерархиялық құрылымдағы теңсіз-дік, тапқан
табысты теңдей бөліп таратпау.

Ұйымдасқан қылмыстың психологиясы

Қылмыскер болмысына жасалған психологиялық талдауды қарастыра отырып
ұйымдасқан қылмыстың психологиясына қысқаша тоқталып өтейік. Бұл криминалды
шындықты құрайтын өте маңызды мәселе болғандықтан өзінше бөлек зерттеуді
талап етеді.
Ұйымдасқан қылмыс – қоғамға ерекше қауіпті әлеуметтік құбылыс, қылмыстың
шегі. Бұндай ұйымдардың ішкі бірлігінің негізінде пайдакүнемдік,
идеологиялық және, тіптен, саяси тұжырымдамалар, идеялар, платформалар
жатады.
Ұйымдасқан қылмыстың ерекшелігі – ол жоғары кәсіби деңгейде басқарылады,
оның басқару шыңында негізгі басшы отырады, одан төменде негізгі шешімдерді
қабылдайтын шағын иерархиялық құрылымы болады.
Қатысушылары әртүрлі міндеттер атқарғанмен оларда ортақ мақсат болады,
белгілі бір қоғамдық қағидаттарды басшылыққа алады. Ұзақ мерзімді қылмыстық
әрекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық топ
АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ МЕН НАҚТЫЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Заң психологиясы жайлы түсінік жайлы
Заң психологиясының теориялық және практикалық міндеттерін өзара байланысы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымының қалыптасуы
Пенитенциарлық психология
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың психологиялық ерекшеліктері
Қазіргі Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымының қалыптасуы
Әлеуметтік жұмыс туралы
Қылмыс оқиғасын қайта қалпына келтіру психологиясы
Пәндер