Картоп зиянкестері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Картоп зиянкестері
2.2 Картоп зиянкестерімен күресу шаралары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Картоп, картофель (немісше Kartoffel), түйнекті алқа, ақтүйнек -- алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл. * 150-ге жуық түрі белгілі. * Отаны - Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. * Бір жылдық дақылдық негізінен, 2 жақын түрге бөлінеді. * Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі. * Чили (Еуропа) Картобы (tuberosum) климаты қолайлы елдерде өседі. * Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі. * Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл.
Биіктігі 40 - 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 - 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ темп-расы 5 - 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы темп-ра 10 - 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды.
Зиянкестері: картоп түн көбелегі, колорадо қоңызы, тағы басқа.
Картопты вегетативтік тәсілмен, картоптың түйіндері арқылы көбейтеді. Картопты бірнеше бөліктерге бөліп, 5-10 см тереңдікке егеді. Егілген түйіндер өну үшін, 15-20 °C температурада ұстау қажет. Ал сабағының өсуіне, жапырақтардың өсіп шығуы мен гүлдеуі үшін 16-22 °C температура жеткілікті. Картоп гүлдеу кезінде және түйін салу кезінде суды көп мөлшерде қажет етеді. Дегенмен, судың шамадан артық болуы да картопқа зиян. Картоптан көп өнім алу үшін, сабағын топыраққа көміп 2-3 рет түптеу қажет. Картоптың жер бетіне өсіп шығуы үшін және гүлдеу, түйін салу уақытында өте көп тыңайтқыш пайдаланылады. Мысалы, 1 гектар жерден өсіп шыққан 200-250 ц картопқа 100-175 кг азот, 40-50 кг фосфор және 140-230 кг калий жұмсалады. Сонымен қатар қопсыту жұмыстарын жиі жүргізу керек.

2.1.Картоп зиянкестері.
Картопты көп қоректілермен қатар, бейімделген зиянкестер де зақымдайды. Жер бетіндегі мүшелерін гамма көбелектердің жұлдызқұрттары, карадрина, колорадо қоңызы, бітелер, цикадалар, қандалалар қоректенеді. Картоп түйнектерін бұзаубастар, сымқұрттар, тақта мұртты қоңыздардың, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, егістік шырышы және сабақ нематодасы зиян келтіреді. Көп қоректі болыпты табылатын бітелердің, қандалалар мен цикадалардың көптеген түрлері картопты зақымдайды және вирустық ауруларды таратушылары болып табылады.
Картоптың колорад қоңызы - Leptinotarsa decmlineata Say. (Coleoptera отряды, Chrysomelidae тұқымдасы).

Картопты, қызанақты, бұрыш пен темекіні зақымдайды, сондай ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қоректенеді 7-сурет. 7-сурет. Картоптын колорад қоңызы - Leptinotarsa decmlineata Say Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті. Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында 11 қара дақ болады, ортасында дақ V рим цифріне ұқсайды, ал әр бір қанат қабығында бес-бестен ұзынша қара жолақтар орналасқан. Дернәсілдің ұзындығы 15-16 мм, бүкір денелі, басы мен аяқтары және денесінің бүйіріндегі ұзынша екі қатар дөңестер қара түсті. Бір жастағы дернәсіл қара-сұр, екі жастағы-қызыл, үш пен төрт жастағылар - қызғылт-сары түсті болады. Қоңыздар топырақта 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде 20 см тереңдікте топырақта 14-150С дейін қызғанда, қоңыздар оның бетіне шығады. Олар картоп пен басқа өсімдіктердің жер үсті бөліктерімен қоректенеді. Қорек іздеген қыстап шыққан қоңыздар ұша алады, олар 1-1,5 км қашықтыққа дейін жете алады. 170С жоғары температурада жұптасып, жұмыртқа салады. Аналық қоңыздар жұмыртқаларын картоптың жоғары жапырақтарының астында, әрбір ұяға 30-40 жұмыртқадан салады. Өсімталдығы 900-ден 2000 жұмыртқаға дейін ауытқып тұрады. Ұрықтық даму қошаған орта жағдайына қарай 7-14 күнге созылады. Колорад қоңызының құрттары 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топыраққа, 8-10 см тереңдікке кетіп, сонда қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады, олар картоп жапырақтарымен қоректенеді. Бірінші екінші жастағы құрттар жапырақтары қисық формадағы саңылаулар тесіп шығарады. Ересек жастағы құрттар мен қоңыздар жаппай жапырақтар мен сабақтарын жейді де нәтижесінде өсімдіктің өсуі баяулап, картоптың түсі төмендейді. Күн қатты ысып құрғақшылық болғанда жекеленген қоңыздар диапаузаға кетеді, ал кейбіреулерінің 2-3 66 жылдан 5 жылға дейін диапаузаға кете алатын қабілеттері бар. Тіршілік кезеңінің өзгергіштігі колорадо қоңызының әртүрлі қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады. Таралу аймағына байланысты колорадо қоңызы жылына 1-3 ұрпақ бере алады. Күреу шаралары: Картоптың аз зақымданған сұрыптарын пайдалану. Тыңайтқыштар енгізу, топырақты уақытылы қопсыту, картопты түптеу және арамшөптерді отау. Әртүрлі мерзімдерді қатарлап арасына сөлді өсімдіктер егіп, пайдалы энтомофагтарға қолайлы жағдайлар туғызу. Кішірек алқаптарда қоңыздарды, құрттарды және колорадо қоңызының жұмыртқаларын қолмен жинап, жоюға болады. Вегетация кезеңінде сынаманы алу үшін 10 қатардан 100-ден 500-ге дейін түптер немесе алқап диагоналі бойынша әр қатардан 2 түп алынады. ЭЗШ саны картоптың шанақтану-гүлдену кезеңінде 1 түпте 20 дернәсілдер кездессе немесе мәдени өсіктердің 5-8 пайызы түптерінде ересек қоңыздар мен олардың дернәсілдері қоныстанады. Картоп егістерін Тізімде... келтірілген инсектицидтердің бірімен өңдейді.
Картоптың сабақ нематодасы - Ditylenchus destructor Thorne. (Nemathelminthes түрі, Nematodo класы, Tylenchida отряды, Tylenchidae тұқымдасы).

Картоптың сабақ нематодасы - Ditylenchus destructor Thorne Картопты, шамамен түрде асшұршақты, сәбізді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картоп дақылының, мақта дақылының, техникалық дақылдардың карантинді зиянкестері және таралған аймақтары
Картоп көкеніс дақылдарының зиянкестері
Картоп және көкеніс дақылдарының зиянкестері
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы мәлімет
Картоп шаруашылығы өсімдіктерінің аурулары және олардың симптомдары
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы
Картоп және көкеніс зиянкестері
Қызанақ дақылын өсіру
Қызанақ дақылын өсіру технологиясы. Көкөніс дақылдарына зиян келтіретін бунақденелілердің таралуы, биологиясы,зияндылығы
ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ БИДАЙДЫҢ ҮНДІ ҚАРА КҮЙЕСІ
Пәндер