Азаматтық құқық негіздері, қатынастар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4
Азаматтық құқық негіздері 4
Азаматтық құқықтық қатынастар 4
Азаматтардың, кәсіпкерлердің және тұтынушылардың құқықтарын қорғау 6
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері 8
Өкілдік және сенімхат 9
Талаптың ескіруі 10
Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар 10
Міндеттемелік құқық 12
Шарттар туралы жалпы ережелер 13
Интеллектуальдық меншiк құқығы 16
Мұрагерлік құқық негіздері 17
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21

Кіріспе

Азаматтық құқық — құқықтың тауарлық-ақшалай қатынастарды және
қатысушылардың мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген, сондай-ақ
мүліктікпен байланысты, жеке мүліктік емес басқа да қатынастарды реттейтін
саласы, нормалардың жиынтығы. Азаматтық заңдылықтармен реттелуші
қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ
әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады.
Азаматтық құқықтың негізгі бастауы Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексі болып табылады, ол 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімнен және
1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық құқық нормалары
сондай-ақ арнаулы заңдарда және заңға қарасты актілерде мазмүндалған, олар
Азаматтық кодексте белгіленген ережелерді толықтырады, реттейді,
нақтылайды. Мұндай нормативтік актілерге төмендегідей заңдар жатады: 1997
жылғы 14 шілдедегі "Шаруашылық, серіктестіктері туралы", 1998 жылғы 10
шілдедегі "Акционерлік қоғамдар туралы", 1997 жылғы 21 қаңтардағы
"Банкроттық туралы", 1997 жылғы 19 маусымдағы "Жеке кәсіпкерлік туралы",
т.б.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Азаматтық құқық негіздері

Азаматтық құқықтық қатынастар

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың
теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік
қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық
заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол
сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен
араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз
жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды
соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері
мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға
тәуелді кесімдер болып табылады.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке және
заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады.
Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің
азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары мен
іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы
тиіс. Азаматтың құқықтық қабілеттілігі - бұл азаматтық құқық пен азаматтық
міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып және
адам өлгенде барып тоқтатылады.
Құқықтың қабілеттiлiгiнiң негізінде азаматтар:
– өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;
– мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады;
– заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады;
– заңды тұлға құра алады;
– заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге
қатыса алады;
– тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады;
– әдебиет пен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа
да заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға;
– басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.
Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын
қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыра алады.
Тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп
танылады.
Азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi - азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық
құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық
міндеттемелер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда,
яғни 18 жастан пайда болады.
Жасы толмағандардың әрекет қабілеттілігі - жасы 18-ге толмағандар
әрекет қабілеттілігі бойынша екі топқа бөлінеді:
– он төрт жасқа толмағандар;
– он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.
Он төрт жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата-
аналары, бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды. Өздігінен
бұл жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы
жасалған кезінде орындалатын ұсақ келісімдерді жасауға хақылы. Он төрт
жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата-аналарының, бала асырап
алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды. Өздігінен олар
табысын немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық
құқықтарын жүзеге асыруға, сондай-ақ күнделікті тұрмыстағы келісімді
жасауға хақылы.
Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің
мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет
қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қамқоршылық
белгіленеді.
Заңды тұлға құрмай-ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған кезден бастап,
азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және де осы кезден жеке
кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Түрлері: өзіндік, бірлескен
кәсіпкерлік. Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне
тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға немесе оған билік
етуге жол беретін езге де құқыққа, ал бірлескен кәсіпкерлікті жеке
кәсіпкерлер ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде,
сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін
өзге де құқықтарға байланысты жүзеге асырады.
Түрлері:
– ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзге
асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;
– шаруа фермерлік шаруашылығының ортақ меншігі немесе
жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде
жүзеге асырылатын отбасылық көсіпкерлік;
– кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге
асырылатын жай серіктестік.
Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтарды
мемлекеттік тіркеу, өзі барып тіркелетін сипатта, оның тұрғылықты жері
бойынша аумақтық салық органында (тіркеуші орган) есепке алынуы арқылы
жүзеге асырылады. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге
асырса, осындай қызметті істейтін болса, онда оны атқаруға лицензиясының
болуы міндетті болып табылады.
Азаматтардың жеке кәсіпкерлігінің мәселелерін Қазақстан
Республикасының 1997 ж. 19 мамырдағы Жеке кәсіпкерлік туралы, 1998 ж. 31
наурыздағы Шаруа (фермер) қожалығы туралы Заңдары және т. б. құқықтық-
нормативтік кесімдер реттейді.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес жеке қүқықтар мен міндеттерге ие болып,
оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым
заңды тұлға деп танылады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық
серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында
құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық
қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды
тұлғалар бірлестіктер құра алады ассоциациялар, одақтар.
Заңды түлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 17
сәуіріндегі заң күші бар "Заңды түлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы"
Жарлығымен реттеледі.
Азаматтық құқықтың тағы бірден-бір субъектілері коммерциялық емес
ұйымдар болып табылады. Олардың құқықтық мәртебесін 2001 жылғы 16
қаңтардағы Коммерциялық емес ұйымдар туралы ҚР Заңы реттейді. Осы Заңның
2-ші бабына сәйкес кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және
алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға
коммерциялық емес ұйым деп танылады. Коммерциялық емес ұйымдар: әлеуметтік;
мәдени; ғылыми; білім беру; қайырымдылық; басқару мақсаттарына қол жеткізу;
азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау;
даулар мен жанжалдарын шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін
қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау; қоршаған ортаны қорғау;
дене шынықтыру мен спортты дамыту; заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ
қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін
қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін. Олардың
қызметтерінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік
қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық одақ
нысанындағы, заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң актілерінде
көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

Азаматтардың, кәсіпкерлердің және тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелік сот немесе аралық сот
атқарады:
- құқықтарды мойындату;
- құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайларды қалпына келтіру;
- құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге
тыйым салу;
- залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу;
- мәмілені жарамсыз деп тану;
- моральдық зиянның өтемін төлету және басқа әдістермен жүзеге асыру
(Азаматтық Кодекстің 9-бабы).
Кәсiпкерлердiң құқықтары мына төмендегi тәсiлдер арқылы қорғалады:
- лицензия берiлетiн қызмет түрлерiн басқа кәсiпкерлiк қызметтiң
кiмнiң болса да рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкiндiгi арқылы;
- экономиканың барлық салаларындағы кәсiпкерлiктiң барлық түрiн бiр
ғана тiркеушi органда тiркеудiң барынша қарапайым өз бетiмен
жүргiзетiн тәртiбiмен;
- кәсiпкерлiк қызметке мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерулердi
заң құжаттарымен шектеу арқылы;
- кәсiпкерлiк қызметтi заң құжаттарында көзделген негiз бойынша
шығарылған сот шешiмi бойынша ғана ерiксiз тоқтату арқылы;
- жеке кәсiпкерлiк үшiн тыйым салынған, экспорт немесе импорт үшiн
тыйым салынған немесе шек қойылған жұмыс, тауарлардың түрлерi мен
қызмет тiзбесiн заң құжаттарында белгiлеу арқылы;
- мемлекеттiк органдарды, лауазымды адамдарды, сондай-ақ өзге де
жақтар мен ұйымдарды кәсiпкерлердiң қызметiне заңсыз кедергi
жасағаны үшiн олардың алдындағы заңдарда белгiленген мүлiктiк
жауапкершiлiкке тарту арқылы;
- заңдарда көрсетiлген өзге де амалдар арқылы.
Шаруашылық жүргiзу барысында субъектiлердiң жауапкершiлiгi туындауы
және оларға санкциялар қолданылуы мүмкiн. Санкциялар деп заңда немесе
келiсiм бойынша шартта белгiленген мiндеттемелердi, тауарды жеткiзiп
берудiң негiзгi шарттарын, қаражат және несие келiсiмдерiн бұзушыға
қолданылатын шараларды айтады. Санкциялар:
- тараптың өз жағынан қолданатын (заңмен және шартта алдын ала
көзделсе);
- Ұлттық банк және екiншi деңгейдегi банктер, мемлекеттiк стандарт,
монополияға қарсы комитет т. б. өкiлеттi мемлекет органдары
қолданатын;
- соттың шешiмiмен қолданылатын санкциялар болып бөлiнедi.
1. Шаруашылық қатынастарды тиiмдi реттеуге бағытталған құқықтық
құралдардың бiрi – дауды сотқа дейiн реттеу.
Бұл – кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң шаруашылық шарттарды
орындау барысында және басқа да негiздер бойынша туындаған шаруашылық шарт
жасасу, оны өзгерту мен бұзу кезiнде туындайтын келiспеушiлiктердi реттеу
тәртiбi. Осы реттеу тәртiбiн дұрыс ұйымдастыру тараптардың бұзылған
құқықтарын тез арада қалпына келтіруге, көлденең шығындардың алдын алуға
ықпал етеді.
Мүліктік құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келгенде
кәсіпорындардың осы құқықтар мен мүддені бұзған кәсіпорындарға белгіленген
тәртіппен наразылық хат беруге құқығы бар. Наразылық хат туралы Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексінің 8 бабының 1-ші бөлігінде Азаматтар мен
заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды қорғау құқығын өз
қалауынша пайдаланады" - деп көрсетілген.
2. Шаруашылық дауларын сот арқылы шешу. Шаруашылық дауларынан
туындайтын істерді қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Азаматтық іс
жүргізуші Кодексі және т. б. құқықтық-нормативтік актілер реттейді. Талап
қою бағасы арыз берілген кезде заңда белгіленген 5000 есептік айлық
көрсеткіштен асқан жағдайда, тараптары заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметті
заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын азаматтар болып табылатын мүліктік
дауларды облыстық және оларға теңестірілген бірінше сатыдағы соттар, ал
қалған шаруашылық даулары аудандық (қалалық) соттарда қаралып, шешіледі.

Азаматтық құқық қатынастарының объектілері

Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық
құқық объектілері бола алады.
Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, оның ішінде
шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық
қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық
белгілер және басқа да мүлік жатады. Заттар өз кезегінде жылжымайтын және
қозғалатын мүліктер болып бөлінеді.
Жылжымайтын мүлікке: жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық
екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың
мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу
кемесі, ғарыштық объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі. Заң
құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге де мүліктер де жатқызылуы
мүмкін.
Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы
қағаздар қозғалатын мүлік деп танылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен
басқа реттерде қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал
қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа құқықтар, бұл құқықтарға шек
қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге
тиіс.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар: жеке адамның
өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік, бедел, жеке
өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасының құпиясы, есім алу құқығы,
автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы, басқа да мүліктік емес
игіліктер мен құқықтар жатады.
Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны, бұл - біріншіден, осы құқық
қатынастары субъектісінің субъективтік құқығы мен міндеттері және
екіншіден, субъектінің өз субъективтік құқығы мен міндеттерін іске
асырудағы іс-қимылы. Мысалы, жасалған шарттың негізінде сатушы сатып-
алушыға мүлікті береді, ал сатып-алушы келісім бойынша ақысын төлейді.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін
белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп
танылады.
Жоспарлы экономика кезінде барлық шаруашылық жүргізу орталықтандырылып
атқарылған, жоспарланып, әкімшілік әдіспен жүргізілген. Сондықтан мәміленің
аса қажеттілігі және маңызы болмаған. Ал нарық жағдайында мәмілелер
субъектілердің арасындағы қарым-қатынастың негізі болып отыр.
Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін.
Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың
ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақгы деп
есептелінеді. Шарт жасасу үшін екі тараптың (екіжақты мөміле) не үш немесе
одан да көп тараптың (көпжақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады.
Жасалған кезде атқарылатын (егер тараптар жазбаша жасаймыз деп өзара
келіспесе), жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын
белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады. Мұндай мәмілелер адамның
мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де
жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде
көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді.

Өкілдік және сенімхат

Басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің)
сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне, не әкімшілік құжатқа негізделген
өкілеттілігі күшімен жасалған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық
құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т. б.)
әрекет жағдайынан да көрінуі мүмкін.
Өкілдiктiң түрлері: әрекет қабілеттілігі жоқ адамдар үшін өкілдік;
өкілеттілігі жоқ өкілдік; коммерциялық өкілдік.
Сенімхат - бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік жасау үшін
басқа адамға (сенім алушыға) беретін жазбаша өкілдігі.
Сенімхат сенім алушының өкілеттілігінің мөлшерін анықтайтын бір жақты
келісім, ол тікелей сол сенімхатты беруге белгіленген құқықтар мен
міндеттерді тудырады.
Берілетін өкілеттілігіне қарай сенімхат: бір сәттілік немесе бір ғана
әрекет жасауға (мысалы, жалақы алуға); арнаулы немесе бір тектес көптеген
әрекеттерді жасауға (мысалы, ұйым заңгері сотта қаралатын істерге қатысып
отыруға); жалпы немесе сенушінің мүлкін тұрақты пайдаланып отыру үшін
беріледі.
Сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Егер сенімхатта одан
ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жылға дейін, ал егер күшінде болатын мерзімі
көрсетілмесе, берген күннен бастап бір жылға дейін заңды болып табылады.

Талаптың ескіруі

Талаптың ескіруі - бұзылған құқықты қорғау мақсатында заң қорғау
органдары үшін (соттар) заңмен белгіленген мерзімдер. Талаптың ескіру
мерзімі үш жыл. Заңда жалпы мерзімнің қысқартылған немесе ұзақ арнаулы
мерзімдер белгіленуі мүмкін. Талап мерзімі өтсе, сот арқылы іс жөніндегі
іздену, арызды қарамай тастай алады.
Егер талап мерзімі дәлелді себептерге байланысты өтсе, сот мерзімді
өтпеді деп тауып, істі қарай береді. Егер борышқор талап мерзімін өтіп
кеткенін білмей, алған қарызын екінші жаққа қайтарып қойса, кейін ол мұны
білмей қалыппын деп оны қарсы жақтан кері ала алмайды. Талап мерзімін және
оны есептеу тәртібін екі жақ өзара келісіп қалай болса солай өзгерте
алмайды.
Талап қою:
- материалдық емес игіліктерге және мүліктік емес өзіндік
құқықтарды қорғау туралы талаптарға;
- банкке салған салымдарға;
- азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның
орнын толтыру туралы талаптарға. Алайда, талап қою мерзімі
өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар талап қойыла бастаған
соң үш жылдан асырмай қанағаттандырылады;
- егер меншік иесінің немесе өзге заң иеленушінің өз құқығының
бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмаса (Азаматгық
Кодекстің 264, 265-баптары), онда олардың осы құқық
бұзушылықты жою талабына;
- заң құжаттарында белгіленген реттерде басқа талаптарға да
қолданылмайды.

Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар

Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын
және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және
оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық
жүктемелерімен басқа адамға берілетін атай кеткені жөн болар еді.
Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы
болады. Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды
заң жүзінде қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы мүліктен оны пайдалы табиғи
қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз
етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы
мүмкін. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын
белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
Осылардың бәрі азаматтық құқық институты - меншік құқығын құрайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (6-бап) мемлекеттік меншік пен
жеке меншікті таниды және бірдей қорғайды.
Жеке меншік - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен
олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Заң құжаттарына сәйкес
азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік
түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншік болуы мүмкін. Жеке меншікте
болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып
бөлінеді. Жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да
табиғи ресурстар тек қана мемлекеттік республикалық меншікте болады.
Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына:
- жерді пайдалану құқығы;
- шаруашылық жүргізу құқығы;
- оралымды басқару құқығы;
- заңдарда көзделген басқа да заттық құқықтар жатады.
Жерді пайдалану құқығы арнайы жер туралы заңнамалық кесімдермен
реттеледі.
Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде
алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын
заңмен белгіленген текте жүзеге асыратын мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуының негіздері
Азаматтық - құқықтық қатынастар
Азаматтық құқықтың түсінігі
Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері
Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
Азаматтық құқық қатынастары туралы
Азаматтық құқықтың түсінігі және жүйесі
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің негіздері
Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
Пәндер