ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 4
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ 6
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ЖҮЙЕСІ 8
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ 11
Қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттері 14
ҚОРЫТЫНДЫ 16
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 17

КІРІСПЕ

Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу кодексімен және басқа құқықтық-нормативтік
кесімдермен реттеледі.
Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды
жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот
талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады. Қылмыстық
істер бойыншя іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі:
- адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан,
олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден
қорғауды;
- кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда
оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуді;
- заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуды;
- қылмыстың алдын алуды;
- құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз
етуге тиіс.
Қылмыстық процестің бұзылуы (оның сипаты мен мәніне қарай),
жүргізілген істі жарамсыз, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған
шешімдерді бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ
деп тануға әкеліп соқтырады.
Қылмыстық процеске соттың сот төрелігін іске асырудағы қызметі,
қылмыстық іс қозғауы, анықтауы және алдын ала тергеу шаралары кіреді. Бұдан
басқа да, процеске қатысушылардың іс-қимылы заңмен анықталады.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Қылмыстық іс жүргізу құқығы құрылымы жағынан Жалпы және Ерекше
бөлімдерге бөлінеді. Мұндай бөлудің екі ұдай сипаты болады. Бір жағынан
Қылмыстық іс жүргізу кодексі құрылымының ерекшелігін білдіреді, мұның өзі
қылмыстық Іс жүргізу құқығы ұғымынан тар. Екінші жағынан мұндай саралау
әдістемелік тұрғыдан орынды.
Жалпы бөлім қылмыстық іс жүргізудің құқық жүйесіндегі мақсаттары,
міндеттері және орны көзқарасы тұрғысынан оның тұжырымдамасын айқындайтын
негізгі, принципті түрде маңызды және елеулі ережелерді ашып көрсетуге
арналған. Жалпы бөлім құқықтың қызмет түрі мен саласы ретінде қылмыстық іс
жүргізудің мәні мен мазмұнына тұтас түсінік береді. Жалпы бөлімнің
тұжырымдамалық ережелері Ерекше бөлімді құрудың іргетасы және әділ сот
мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланынатын әдістермен тәсілдерді
түсінудің кілті болын табылады. Жалпы бөлімде қаланған категориальдық,
институционалдық ұғымдар Ерекше бөлімде ортақ мақсаттағы бірқатар істердің
ұғымдары түрінде, яғни, белгілі бір Іс жүргізу әрекеттерінің
(операциялардың, рәсімдердің) тәртібімен дәйектілігі туралы нақты құқықтық
ұйғарымдар түрінде өзінің дамуын табады.
Сонымен, Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдері
өзара тек пен түр ретіндегі қатынасын тектік басталуы (анағұрлым кең
ауқымды, жан-жақты қамтитын) Жалпы бөлімге тиесілі болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдерінің
біртұтастығы қылмыстық іс жүргізу заңдарының мәні мен мазмұнының
біртұтастығымен әр түрлі деңгейде болғанымен екі бөліммен де реттелетін
тәсілдер мен әдістер арқылы қол жеткізілетін және шешілетін мақсаттар мен
міндеттердің ортақтығымен алдын ала белгіленген.
ҚІЖК-нің Жалпы бөлімі басты, негізге алынатын ережелердің жиынтығын
білдіре отырып, Ерекше бөлім ауқымында қылмыстық іс жүргізу тәсілдері мен
әдістерін құралдық тұрғыдан дамытуға арналған негізді құрайтын институттар
мен ұғымдардың тізбесін де қамтиды. ҚІЖК-нің Жалпы бөлімі бес бөлімнен
тұрады, олар: 1. Негізгі ережелер; 2. Қылмыстық процеске қатысушы
мемлекеттік органдар мен тұлғалар; 3. Дәлелдемелер және дәлелдеу; 4. Іс
жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары; 5. Қылмыстық процестегі мүліктік
мәселелер. ҚІЖК-нің Ерекше бөлімі жеті бөлімнен тұрады: 6. Қылмыстық іс
бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу; 7. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу; 8.
Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау; 9. Сот
шешімдерін орындау; 10. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау
жөнінде іс жүргізу; 11. Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша Іс
жүргізудің ерекшеліктері; 12. Айрықша Іс жүргізу.
Аталған бөлімдердің әрқайсысы тарауларға бөлінген Олардың ҚІЖК-індегі
саны — 56. Әр тарауға баптар біріктірілген олардың саны реттелетін құқықтық
қатынастардың көлеміне байланысты өзгеріп отырады.
Кодекстің құрылымы қылмыстық іс жүргізу құқығын құрылымдаудың негізі
болып табылады.
Сонымен бірге ҚІЖК мен құқықтың тиісті саласының құрылымдары толық
көлемде сәйкес келмейді, соңғысы мазмұны тұрғысынан әлдеқайда күрделі әрі
бай.
Құрылым сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізуді реттейтін заңдар
жинағындағы не Кодекстің бөлігіндегі нақты норманың орнын белгілеуді
білдіреді, мұның айта қаларлықтай әдістемелік және практикалық манызы бар.
Біріншіден, бұл реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесінің иерархиясын
тәртіптеу үшін жағдайлар туғызады. Екіншіден, орын нормативтік
ұйғарымдардың кезектілігін де білдіреді, өйткені кезектілік сақталмаса іс
жүргізу құбылыстарын түсінуде хаос тууы мүмкін. Үшіншіден, қылмыстық іс
жүргізудің құқықтык қатынастарына қатысты нақты көріністердің ережелердің
жалпы жинағындағы орнын білу тікелей іс жүргізу қызметінде уәкілетті
органдардың қажетті ұйғарымдарды таңдау кезінде практикалық дұрыс бағдар
ұстануына көмектеседі.
Біз бұрын қылмыстық іс жүргізу құқығы курсының құрылымы құқықтың осы
саласының негізгі көзі ретіндегі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің
құрылымымен өзара байланысты болады.
Мазмұны жағынан да, құрылымы жағынан да күрделі болып келетін құқық
саласы айта қаларлықтай үлкен міндеттер ауқымын шешуге бағытталған.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

Қылмыстық іс жүргізу құқығы — толып жатқан түрлі жақтарды, жай-
жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр
түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі
көзқарас — қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер (нормалар) заңында
көрсетілген қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу
мақсатында қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті
реттейтін әлеуметтік, шартты жүйе деп түсіну.
Кеңестік кезеңдегі құқық дамуының энциклопедиялық анықтамасы мынаған
салды: қылмыстық іс жүргізу құқығы — өз нормалары қылмыстық істерді
қозғауға, алдын ала тергеуге, сотта қарауға байланысты қызметті, оның
тәртібі мен мазмұнын реттейтін құқық саласы; оның тәртібі мен мазмұны; бұл
жағдайда пайда болатын құқық қатынастары. Ал құқық саласы — өздері
реттейтін бір тектес қоғамдық қатынастар ортақтығы біріктірген құқық
нормалары мен институттардың ерекшеленген тобы. Басқа салалар арасында
Қылмыстық іс жүргізу құқығы іргелі салаға жатады.
Құқықтық реформа кезеңіндегі энциклопедияда қылмыстық іс жүргізу
құқығы — қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын
ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының қылмыстық
іс қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау
және сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі деп
белгіленген.
Осы анықтамалардың бәрі бір-біріне қайшы келмейді. Олар әлдебір жақты
жеткілікті түрде терең ашып көрсетіп, басқа жай-жапсарларды жанамалап қана
өтеді. Акцент таңдау нақты құқық мектебінің айқындамасына байланысты,
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мынадай тен мәнді
элементтерден қалыптасады;
— бұл дербес құқық саласы;
. — іргелі сала, яғни ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі, басты
салалардың бірі болып табылады;
— өз ішінде тұтас ғылыми теорияны (доктринаны) нормалар түріндегі
нақты іс жүргізу құқықтық нұсқамалармен ұштастырады, оларды қолдану
қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы және арнаулы міндеттерін шешуге
мүмкіндік береді.
Осы баяндалғандар тұтас, аяқталған (сыртқы және ішкі) құрылым тән
қылмыстық Іс жүргізу құқығының дербес нысанасы да бар екенін көрсетеді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығына бұдан бұрын келтірілген түсініктемелерді
негізге ала отырып осы сала нысанасы деп мыналарды санау қажет:
— өкілетті органдардың қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі, ол
қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген;
— өкілетті органдардың қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне
негізделген қызметі;
— олардың субъективті құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың
барысында қалыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны және бағыты,
Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде құқықтық реттеу әдісі елеулі
орын алады. Өз реттеу әдісінің болуы сала ретіндегі қылмыстық іс жүргізу
құқығы дербестігінің аса маңызды белгілерінің бірі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге салалар жүйесіндегі орнын анықтау
оның өзге іргелі салалармен және ғылыми пәндермен арақатынасы айқындалғанда
ғана мүмкін болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орнын анықтау үшін ең
елеулі болып табылатындары:
а) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңының;
ә) қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының;
б) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процестің арақатынастары.
Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен орнын түсіну
үшін оның азаматтық іс жүргізу құқығымен криминалистикамен,
криминологиямен, сот статистикасымен, прокурорлық қадағалау теориясымен,
сот этикасымен, сот медицинасымен, сот психиатриясымен арақатынасының зор
маңызы бар.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ерекшелігі — адамның құқыққа қарсы
әрекет жасауына байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының
ерекшеліктерімен айқындалады және қайшылық феноменінің ықпалынан байқалады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы — өзге құқық салаларымен міндеттер мен
принциптер ортақтығы, ішкі үйлесімділік пен ізгілікті бағыт біріктіретін
біртұтас, өзара байланысты құқық жүйесі.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ЖҮЙЕСІ

Қылмыстық іс жүргізу құқығы — білімнің іргелі салаларына жататын
дербес құқық саласы. Бұл оның (құқықтың) өз жүйесі бар екенін білдіреді,
оның өзара байланыстары мынадай. 1) құқық нормасының элементтері арасында;
2) құқық институттарына біріккен нормалар арасында; 3) қылмыстық процесс
құқығы саласының институттары арасында; 4) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен
құқықтың өзге де сабақтас салалары арасында. Сонымен, қылмыстық іс жүргізу
құқығы құрылымы сыртқы қасиеттерді көрсетсе, жүйе оның мазмұнды жағын
бейнелейді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының іргелі салаларға жатқызылуы олардың
диалектикасындағы ішкі заңдылықтарды танып-білуге, іс жүргізу нұсқаулары
логикасының ғылыми тұрғыдан әзірленуіне, нақ соған (қылмыстық іс жүргізу
құқығына) тән әдістер мен құралдар көмегімен құқық қолдану практикасының
қажеттеріне ғана емес, сондай-ақ нақты құқық қатынастарының даму дәрежесіне
сай келетін іс жүргізу новеллаларын конструкциялау мүмкіндігіне байланысты
мақсаттар мен міндеттердің болуымен айқындалады, бұл жердегі даму дәрежесі
қоғамдық қатынастардың даму дәрежесінің туындысы болып табылады. Қылмыстық
процесті қызмет түрі ретінде де, ғылым ретінде де, құқық саласы ретінде де
дамытудың басты бағыттарын тандау өзіне негізделген қажетті теориялық база
жасау іргелі білімдер саласына жатады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының
іргелі сипаты оның өз дамуында "криминалистика" сияқты қолданбалы саладан
"жедел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы
Мамандықтың пәндер каталогы
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Қылмыстық іс жүргізу және тоқтату
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары
Сотта істі қараудың ауызшалығы
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Пәндер