Мемлекеттiң механизмi оның анықтамасы және түсiнiгi



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кiрiспе.
Негiзгi бөлiм:
а) Мемлекеттiң механизмi оның анықтамасы және түсiнiгi.
ә) Мемлекеттiк аппарат және орган анықтамасы және олардың
белгiлерi мен жiктелуi, принципi.
б) Қазақстан Республикасының Үкiметi (министрлiктер).
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кiрiспе
а) Мемлекеттiң механизмi оның анықтамасы және түсiнiгi.

Механизм — дегенiмiз бiрнеше бөлiмдердiң жиынтығы бұл бөлiмдер бiр-
бiрiмен тығыз байланыста болады және бiрдей жұмыс жасайды.

Мемлекеттiң сан қилы қызметiн атқаратын механизмi (аппараты) болады.
Мемлекет механизмi – бұл мемлекеттiк органдар жүйесi, бұлар меммлекеттiк
жұмыстар мен қызметтерiн атқарады. Мемлекет механизмi—белгiлi түрде
ұйымдастырылған, iшкi тұтастығымен және өзара байланыстылығымен
сипатталатын мемлекет органдарының жүйесi. Мемлекет механизмi бұл
құрылымдық және материалдық күш, осының арқасында мемлекет билiк жүргiзедi
және саясатын жүргiзедi.
Әр мемлекеттiң механизмi оның тарихи, әлеуметтiк, ұлттық,
экономикалық, географиялық т.б. ерекшелiктерiне байланысты құрылады.
Дегенмен, барлық мемлекеттерге бiрдей тән органдар болады. Негiзiнен,
олар—құқықтық тәртiптi сақтайтын, мемлекеттiң iшкi қауiпсiздiгiн, сыртқы
тәуелсiздiгiн қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде
барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизмiне тән заңдылық—оның
органдары тек мемлекет қызметiн атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Және
осы құрылым арқылы мемлекеттiк аппарат өз iсiн жүргiзедi.
Мемлекет механизмiнiң өзiне тән белгiлерi:
▪ реттелген мемлекеттiк органдар;
▪ оларды бiрлiгiн қамтамасыз ететiн алдына қойған мақсаты;
▪ оның негiзгi элементi болып мемлекеттiк органдар тұрады;
▪ ол ұйымдық және материалдық күш жүйесi, осының арқасында мемлекеттiк
билiктi жүргiзедi, алдына қойған мақсатына жетедi.
Екiншi заңдылығы—бiрiнiң қызметiн бiрi қайталамайтын органдардың болмауы.
Демократиялық құқықтық, әлеуметтiк мемлекет ғасырлар сынағынан өткен
принциптерге негiзделiп құрылады.
Мұндай мемлекеттердiң механизмi мынадай органдардан тұрады: 1. Өкiлдiк
органдар. Қазақстан Республикасында өкiлдiк органдар екiге бөлiнедi: 1)
Жоғарғы өкiлдiк орган—Парламент. 2) Жергiлiктi өкiлдiк органдар—облыстық,
аудандық, қалалық мәслихаттар. 2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет
басшысы—Президент. Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп
жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiгiн
қамтамасыз етедi. 3. Атқарушы орган. Қазақстанда жоғарғы атқарушы
орган—Үкiмет. Жергiлiктi атқарушы органдар—әкiмшiлiктер. 4. Орталық басқару
органдары. Қазақстанда оларға: министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер,
комиссиялар, ведомстволар жатады. 5. Сот органдары. Қазақстанда оларға:
Жоғарғы Сот, жергiлiктi соттар, әскери соттар жатады. 6. Прокуратура. Ол
заңдардың бiркелкi орындалуын қадағалайтын орган. 7. Әскер. Оған
мемлекеттiң әр саладағы қарулы күштерi жатады. 8. Барлау, қарсы барлау
органдары. 9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын
орындар.
МЕМЛЕКЕТ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕХАНИЗМI.

Мемлекеттi басқару формасының екi түрi бар:
а) Монархия
ә) Республика
Монархия–деген бiр адамның билiгi, билiк атадан балаға мұра ретiнде
қалады және ешкiммен шектелмейдi, ең жоғарғы билiк бiр
адамның қолында болады.
Монархияның үш түрi бар:
1) Шексiз абсолюттiк монархия
2) Шектеушi конституциялық монархия
3) Дуалистiк монархия

Республика–деген мемлекеттiң ең жоғарғы органдарының сайлануы және
белгiлi уақытқа дейiн жұмыс атқаруы.

Республиканың түрлерi:
1) Президенттiк
2) Парламенттiк
3) Аралас
4) Аристакратиялық Республика
5) Демократиялық Республика
Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Президент—ол барлық
органдардың үстiнен қарайды және бiр-бiрiмен келiсiм бойынша жұмыс жасауын
қамтамасыз етедi.
Заң шығару органы: негiзi Парламент оның негiзгi мақсаты заң шығару,
бюджеттi тағайындау және ең жоғарғы лауазым иелерiн бақылау, олардан есеп
алу. Парламент Президентке импичмент жариалай алады. Импичмент—жұмыстан
мерзiмсiз босату және жауапқа тарту.

Заң атқару органдары.
Мемлекеттiң ең негiзгi мықты органы—себебi олардың қолында нақты билiк,
мәжбүрлеу күштер, материалдық құралдар болады.
Сондықтан осы заң атқару билiгiнiң өкiлеттiлiгiн шектеу ең үлкен мәселе
болып табылады.
Сот органдары.
Соттың негiзгi мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтiру және жазалау.
Бақылау-қадағалау органдары.
Бақылау-қадағалау оргадарының негiзгiсi прокуратура.
Прокуратура—барлық субъектiлердiң заңдарды орындыуын бақылайды.
Сотта мемлекеттiң мүддесiн қорғайды және құқық бұзылған жағдайда соны
қайтадан қалпына келтiретiн орган.
Конституциялық Кеңес атқаратын орган.
Қазiр Қазақстан Республикасында ғана бар. Конституциялық кеңестiң
негiзгi мақсаты парламент қабылдаған заңдардың конституцияға сәйкес
келетiндiгiн қадағалау.
Конституциялық кеңес жетi адамнан тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға
созылады, экс-Президенттер мүшелерi болып табылады. Конституциялық
кеңес—конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi.
Егер Үкiмет, президент басқа да министрлiктер, әкiмдер және тағы басқа
органдар заңға қарсы актiлердi қабылдаса онда прокуратура бұл заңдарды
қадағалайды және қарсылық көрсете алады.
Әскери күштер.
Бұл мемлекеттiң ерекше органы. Бұл мемлекеттiк шекараны,
Мемлекеттi қорғау органы.
Құқықты қорғау органдары.
Олардың негiзгi мақсаты, мiндетi адамдардың:
✓ құқықтары мен бостандықтарын қорғау
✓ қоғамдық тәртiптi нығайту
✓ қылмыспен күресу
✓ бұзылған құқықтарды қалпана келтiру.

МонарПрезиМемлеМе
х дент кет мл
басшыек
сы ет
ме
ха
ни
зм


сх
ем
ас
ы.
МәжiлСенатПарлаЗаң
iс мент шығар
у
орган
ы
ЖергiлВедомКомитМинисҮкiмеЗаң
iктi стар еттертр т атқар
органд у
ар орган
ы
ЖергiЖоғарСот
лiктiғы орган
соттасоттаы
р р
ПрокуКонстБақыл
ратуритуциау
а ялық қадағ
кеңесалау
орган
ы
Флот АвиацАрмияӘскер
ия и
кҮште
р
Сот ПрокуПолицМилицҚұқық
ратурия ия тық
а орган
дар

ә) Мемлекеттiк аппарат және орган анықтамасы және олардың белгiлерi мен
жiктелуi, принципi.
Мемлекеттiк аппарат–қоғамды басқару үшiн арнаулы құрылған мемлекет
органдарының бiртұтас жүйесi.
Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен
шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттiк аппарат мекеме және органдардың
байланыс жүйесi; мемлекет органдардың қызметi ұйымдастырушылық, материалдық
және әкiмшiлiк кепiлдiктерi мен қамсыздандырылады; мемлекеттiк аппарат
азаматтардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғау үшiн құрылады. Қазақстан
республикасы Мемлекеттiк қызмет туралы Заңның екiншi бабында:
Мемлекеттiк қызмет – азаматтардың мемлекеттiк органдар мен олардың
аппаратында конституциялық негiзде жүзеге асырылатын және мемлекеттiк
басқаруды басқаруды жүзеге асыруда, мемлекеттiң өзге де мiндеттерi мен
функцияларын iске асыруға бағытталған кәсiби қызмет делiнген.
Мемлекеттiк аппараттың ерекше iшкi құрылысы бар: олардың арасындағы
қатынастар бiр жүйеге бiрiктiрiледi. Бұл жүйенiң негiзiн экономика, саяси
қарым-қатынастар, сана-сезiм құрады. Осы жүйеде әрбiр органның өзiнiң
орыны, бiр-бiрiмен қарым қатынастары, қызметiнiң негiзгi принциптерi
көрсетiледi. Дамудың әрбiр кезiнде мемлекеттiк органдардың орындайтын
қызмет бабы және істерi өзгерiп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкiл
аппаратты бiр орталыққа бағындыратын – патшаның билiгi орнаған Парламенттiк
республикада негiзгi функциялар парламенттiң парламенттiң қолында болады.
Мемлекеттiк аппараттың объективтiк бағыттары байқалады: бюрократизация,
диффиренцация, профессионализiмнiң өсуi. Мемлекеттiң әрбiр типiне
мемлекеттiк аппараттың ерекше нышандары сәйкес келедi. Мемлекеттiк қызмет –
конституциялық негiзде баянды етiлетiн азаматтардың мемлекеттiк органдар
мен оның аппаратындағы мемлекеттiк басқаруды, бсқа да мемлекеттiк мiндеттер
мен қызметтердi атқаруды жүзеге асыратын кәсiптiк қызметi.
Қазiргi мемлекеттiк аппараттың қызметi мынадай принциптер мен
реттеледi: мемлекет аппаратының iшкi құрылысы және құзыретiнiң нәтижелi,
тиiмдi болуы.
Ол үшiн оның қызметi демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге
сәйкес болуға тиiс. Мемлекеттiң лауазымды адамдары, қызметкерлерi
нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттiк аппарат
халықтың мүддесiн қорғап, соны iске асыруға мiндеттi. Халықтың мемлекеттiк
басқару процессiне қатысуының демократиялық жолдары – олардың сайлауға
қатысуы, Халықтың өкiлдерi мемлекеттiк аппаратты құрады, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепiлдiк бередi. Халық мемлекеттiк
аппараттың қызметiне көмек беру үшiн қоғамдық ұйымдарды құрады, олар
мемлекеттiк аппаратпен байланысатын саяси жүйенi құрады. Конституцияның 33
бабында Азаматтардың тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекеттiң өкiлдiк,
атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс iстеуi жөнiндегi әрекетiн
жүзеге асыру мүмкiндiгi делiнген. Қатысудың түрлерi былай деп белгiленедi:
мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жеке және
ұжымдық өтiнiштер жолдау: мемлекеттiк органдар мен өзiн өзi басқару
органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттiк
қызметке кiру.
Мемлекеттiк қызметтердiң принциптерi: заңдылық; мемлекеттiк билiктiң
заң шығарушы, атқарушы және тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк
қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен
заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдында басымдылығы; мемлекет
қызметiне кiруге, қатысуға ерiктiлiгi; өз өкiлеттерi шегiнде жоғары тұрған
мемлекеттiк органдар мен лауазымда адамдар қабылдаған шешiмдердiң төменгi
мемлекеттiк органдар қызметшiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттiлiгi;
мемлекеттiк қызметкерлердiң кәсiпқойлығы мен жоғарғы билiктiлiгi.

Билiк бөлiну принциптерi. Қазақстанның бiртұтас мемлекеттiк билiгiнiң
тармақтарға бөлiну принципi Конституцияда белгiленген негiзгi принциптердiң
бiреуi ғана емес, ең күрделiсi. Республикадағы мемлекеттiк билiк бiр тұтас,
өйткенi бiрден бiр бастауы Қазақстан халқы және мемлекеттiң егемендiгi
бөлiнбейдi. Бұл билiк өзiнiң принципiне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және
сот жүйесiне бөлiнедi және билiктер бiр бiрiн шектейдi.
Мемлекет аппараты өз қызметiн ашық және жариялық iстеуге тиiстi.
Мемлекеттiк органдардың қызметтерiнiң кәсiпшiлгi, тәжiрибесi және
хабарлардығы өте жоғары болуға тиiстi. Мемлекеттiк аппарат өзiнiң
қызметiнде бар заңдардың талабын мүлтiксiз орындауға тиiстi.
Мемлекет аппаратының iшкi құрылысы – қатаң тәртiптi, субординацияны,
олардың бiр бiрiмен байланысын жақсарту. Мемлекеттiк аппарат бiртұтас
күрделi жүйе, ол бiрнеше салаларға бөлiнедi: атқару және сот жүйелерi;
құқықты қорғау және қорғау және қарулы күштер жүйесi. Бұл мекемелердiң
алдында тұрған мақсаттары, iшкi құрылыстары, қолданатын әдiстерi мен
принциптерi. Оларды бiрiктiрiп, қызметтерiн жақсы атқаруға жағдай
қалыптасады.
Мемлекеттiк аппарат – алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны
орындау үшiн құзыретi бар мемлекеттiк аппараттың бiр буыны. Мемлекеттiк
аппараттың құрылуы мен қызметi, негiзгi өкiлеттiлiгi Конституцияда және
конституциялық актiлерде көрсетiледi. Әрбiр мемлекеттiк аппарат өз қызметiн
мемлекеттiк, материалдық, ұйымдық және зорлау күшiмен қорғайды. Мемлекеттiк
аппарат мемлекеттiң атынан функцияларын атқарады, әр қайсысының алдында
тұрған мақсаттары заңда анық белгiленген. Басқа мемлекеттiк органдары мен
қалай қатынасатыны, iшкi құрылысы, құрылысы, құзiретi белгiленген.
Мемлекеттiк аппараттың негiзгi нышаны оның мемлекеттiк билiгi. Бұл
мемлекеттiк билiктi былай түсiнуге болады: олар мемлекеттiң атынан барлық
субъектiлерге мiндеттi нормативтiк актiлердi шығарады, немесе құқықтық
нормалардың орындалуын тексередi, ал кейбiр кезде жазаға тартуға құқықы
бар. Мемлекеттiк заңдарға сәйкес мемлекеттiк мiндеттерi мен функцияларын
iске асыру мақсатында мемлекеттiк аппарат өкiлеттiктi жүзеге асыратын
жатқан қызметтер атқарады. Мемлекеттiк қызметкерлердiң өкiлеттiктерi
мемлекеттiк органдар алдында тұрған мақсаттарға және мiндеттерге сәйкес
анықталады. Мысалы, прокуратура органдары, сот жүйесi, МВД, КГБ құқықты
қорғау қызметiн атқарады. Бұл органдар бiр бiрiмен байланысты. Бәрi бiрге
жалпы құқық қорғау жүйесiне жатады.
Мемлекеттiк аппарат қызметкерлерiнiң негiзгi мiндеттерi: ҚР
Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда
белгiленген т„ртiп пен азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар жөнiнде
қажеттi шаралар қолдануға; өздерiне берiлген құқықтар шегiнде заңды
мiндеттерiне сәйкес өкiлеттердi жүзеге асыруға; мемлекеттiк және еңбек
тәртiбiн сақтауға; өздерiнен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн,
шығарылған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; өз өкiлеттiгiнiң шегiнде
мәселелердi қарауға және солар бойынша шешiмдер қабылдауға, белгiленген
тәртiппен лауазымдық мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi ақпарат пен
материалдарды алуға құқықтары бар.

Мемлекеттiк орган анықтамасы мен түсiнiгi.
Мемлекеттiк органдар бiнеше топқа бөлiнедi, олар атқаратын қызметтерiне
сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жiктеледi. Мемлекеттiк орган
өкiлеттiлiгiнiң шеңберiне қарай үш топқа бөлiнедi:
1.Мемлекеттiк билiк органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар;
2.Мемлекеттiк атқару органдары: Үкiмет, министрлiктер, ведомстволар,
жергiлiктi басқару органдары, әкiмдер. Мемлекеттiк органдарының құрылу
тәртiбi мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттiк органдар үш топқа
бөлiнедi:
— өкiлеттi органдар;
— атқару органдар;
— сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Президентi мемлекеттiк аппаратта ерекше орын алады, ол үш
билiктiң бiрiне де жатпайды. Ол мемлекет билiгiнiң барлық тармағының
келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы
жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Президент – мемлекеттiң басшысы,
мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел
iшiнде ж„не халық аралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн
жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттiң билiк бiрлiгiнiң,
Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
Өкiлеттi органдар. Жоғарғы өкiлеттi органдарды халық сайлайды.
Парламент—заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы
өкiлдi органы. Оның өкiлеттiк мерзiмi – төрт жыл. Парламент тұрақты негiзде
жұмыс iстейтiн екi палатадан: Сенат және Мәжiлiстен тұрады.
Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан
екi адамнан тиiсiнше барлық өкiлдi органдары депуттарының бiрлескен
отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутатты Президент
тағайындайды.
Мәжiлiс Республиканың әкiмшiлiк аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып
құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бiр мандатты аумақтық сайлау
округтерi бойынша сайланатын 67 депутатардан тұрады. Негiзiнде заң шығару
тек парламенттiң құзiретi, бiрақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа
кiрiседi. Парламент кейбiр заңдарды қабылдау құқықын Президентке бередi,
оны Делегаттылық заңдылық деп айтады. Қазақстан тарихында екi палаталық
парламен 1995 жылы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттiң
қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламенттi бiр шама тұрақты және
орнықты органға айналдыру үшiн қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесi
Мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл
палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан парламентiнiң
ерекшелiгiн жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетедi.
Депутаттардың бiр жартысы екi жылға, ал екiншi жартысы төрт жылға сайланды.
Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негiзгi
заң шығарушы орган. Парламенттiң сесиясы оның палаталарының бiрлескен және
бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi. Парламенттiң үйлестiрушi органдары –
бюро, жұмыс органдары – тұрақты комитеттерi, бiрлескен комиссиялары болып
табылады. Президент мемлекеттiң жоғарғы қызметкерлерiн тағайындағанда
парламент келiсiмiн бередi, олардан есеп алады, соғыс және бiтiм
мәселелерiн шешедi, халық референдум тағайындау туралы бастама көтередi,
конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын таңдайды, өзiнiң iшкi
сұрақтарын шешедi, және басқа да Конституция жүктеген өзге де
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Парламенттiң әр палатасының бөлек отырысында шешетiн құзiретi бар.
Сенат тағайындау мәселелерiнiң көбiне өзi қатысатын болса, Мәжiлiс заң
қозғау және қаржы мәселелердi шешедi. Парламент қабылдаған заңдарға
Президент қол қояды да, заңды осыдан кейiн жариялайды. Заң шығару жұмысын
президенттiң өзi де атқара алады. Бұл екi жағдай да бола алады:
Парламенттiң екi палатасының депутаттары уақытша заң шығару билiгiне
Президентке 23 дауыспен рұқсат берсе (Конституцияның 53 бабы), Президент
заң жобалардың қарау басымдылығын белгiлейдi, Парламент осы жобаны
енгiзiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде қарауы тиiс. Заң шығару жұмысын
тiкелей халықтың өзi де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады.
Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы осылай алынды.
Атқару билiк. Атқару билiк өкiметтiң қолында жиналған. Президенттiк
республикаларда өкiмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік механизм
Мемлекеттің түсінігі, түрлері, белгілері
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Мемлекет пен құқық теория негізі
Сайлау жүйесінің түсінігі және түрлері
Саяси билік теориясы
Мемлекет механизмі және мемлекеттік аппараты. Қазақстан Республикасының Үкiметi
Қаржы саясаты және механизімі
Мемлекет түсінігінің пайда болуы
Аристотель - ғұлама ойшыл жайлы
Пәндер