Мемлекет пен құқық теориясының негіздері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
1. Пәні, әдісі және заң ғылымы3
2 Мемлекет пен құқық теориясының негіздері4
Қолданылған әдебиеттер тізімі13
КІРІСПЕ
Адамдар біздің қоғамымыздың түпкілікті өркендеуін құқықтық мемлекетпен, адам құқықтарымен, әділ соттылықпен, құқықпен байланыстырады. Бірақ мемлекет қалай пайда болды? Осы қоғамдық құбылыс, қазіргі таңдағы өркениеті қоғамдағы алмастырылмайтын осы реттегіш қалай пайда болды, оның мәнінеде? Бұл сұрақ көпшілікке қызық, оның ішінде өзінің болашақтағы немесе қазіргі кәсібін заңгер деп таңдағандарға аса маңызды болып табылады.
Бастапқы айта кететін жайт мемелекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді: мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Әрине, соншама ауқымды тақырыпты бірден түпкілікті саралау қиынға соғады.
1. Пәні, әдісі және заң ғылымы
Ғылымның немесе оқу құралының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық пәнi - қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтiк құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмiрдегi қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдiс-тәсiлдерiн, объективтiк заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнiн терең түсiнуге мүмкiндiк бередi. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттiк органдардың құрамын қалыптастырудың ретiн, жұмыс тәртiбiн және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекiтедi және қорғайды.
Методология (әдiс-тәсiл) - дүниенi философиялық тұрғыдан түсiндiретiн iлiм. Ғылыми методологияның негізі - диалектикалық материализм. Мемлекет және құқық теориясының методологиясы философияның обьективтiк заңдарына, теориялық қағидаларына сүйене отырып, логикалық әдiс-тәсiлдер арқылы мемлекет пен құқықтың өмiрге келу, даму заңдылықтарын зерттейдi. Бұл зерттеу процесiнде теория мен тәжрибенiң бiрлестiгiне сүйене отырып, қортынды ғылыми тұжырымдар жасалады. Сонымен мемлекет және құқық теориясының әдiсi-диалектикалық материализм методологиясы және заң ғылымдарының зерттеу тәжірибесiнен қалыптасқан әдiс-тәсiлдер.
Адам қоғамының тарихын, даму процесiн, мазмұнын, болашағын зерттейтiн ғылымдарды қоғамдық ғылым дейдi. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т. б. Бұлардың iшiнде мемелекет пен құқық теориясына кеңiрек көңiл бөлетiн философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтедi.
Заң ғылымы - қоғам ғылымдарының бiр саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнiнде заң дүниесiн, заң құрамын жете танитын ғылым болып Х1Х ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың өмiрге келуiн, мазмұнын, атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесiн т. б. мәселелерiн зерттеумен шұғылданады. Заң ғылымдары үш топқа бөлiнедi:
1. Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, құқық пен саясаттың тарихи дамуы;
2. Салалық заң ғылымдары (азаматтық, қылмыстық, еңбек т. б. )
3. Арнаулы заң ғылымдары (криминалистика, соттық медицина, халықаралық құқық т. б. ) .
2 Мемлекет пен құқық теориясының негіздері
Құқық дегеніміз - мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы қоғам мен жеке тұлғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады. Құқықты анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері бар.
Нормативтік амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтағанда аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: құқық нормаларының мемлекеттік-ерікті, нормативтік, шартты анықталған және биліктік сипаттары.
Кең ауқымды амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтаған кезде аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті мінез-құлық ережелерінің өзара пайдалылығы, олардың әділдігі; құқықтық қатынастарға құқық ұғымына әлі шартты түрде бекітілмеген нормаларды енгізу, қолдану, құқық пен заңдарды бөлу.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл атқарады. Құқық қағидаттары - оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін негізгі бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм жатады.
Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары. Құқық функциялары ішінара ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі (жалпы) функцияларға мыналар жатады: саяси, экономикалық, әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқыларға (заңдық) мыналар жатады: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық, ережелері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтың қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары негізінде ең алдымен мінез-құлықтық рұқсат етілмейтін ережелер жатады.
Құқық, мемлекет сияқты, қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі болып табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға иелік ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Осылардың көмегі арқылы аталған әлеуметтік топтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүдделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен тығыз байланысты: мемлекет белгілі бір кезеңде аса маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді, сонымен бірге құқықтың жаңа нормаларын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді.
Қоғамдық қатынастар негізінен әлеуметтік нормалармен реттеледі. Әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде мораль нормалары, корпоративтік нормалар, әдет-ғұрыптар, құқық нормалары және мінез-құлықтың басқа да ережелері ерекшеленеді. Мораль нормалары дегеніміз - ізгілік пен зұлымдық, әділет пен әділетсіздік, ар-ождан және т. б. тұрғысынан алып қарағанда қоғамда қалыптасқан мінез-құлық ережелері. Корпоративтік нормалар дегеніміз - мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған шешімдерде, ережелерде және басқа құжаттарда белгіленген мінез-құлық ережелері. Әдет-ғұрыптар - тұрғындардың етене тұрмыстық сүраныстары болып келетін және көп рет қайталануы себепті қалыптасып кеткен мінез-құлық ережелері. Құқық нормаларын барлық басқа әлеуметтік нормалардан мыналар ерекшелейді: нормативтік құқықтық акт түріндегі шартты анық-танықтығы; мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен қамтамасыз етілген әлеуметтік қатынастардың барлық субъектілері үшін жалпыға бірдей міндеттілік; мінез-құлықты құқықтылық немесе құқықсыздық тұрғысынан, заңдылық немесе заңсыздық тұрғысынан бағалау.
Құқықтық реттеу заңдық жүйе арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастарға нәтижелі түрде құқықтық ықпал етуді білдіреді. Құқықтық реттеу әдістері бірыңғай сапалы қоғамдық, қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын амал-тәсілдер ретінде ерекшеленеді. Құқықтық реттеудің негізгі әдістеріне мыналар жатады:
1) императивтік (авторитарлық, өзара қатынасты берік ұстау, билік пен бағыныштылық), мұны пайдаланған кезде бір тараптан билік жүргізуші субъект ретінде мемлекет, екінші тараптан - оның ерік-жігерін орындауға міндетті құқықтың басқа субъектілері әрекет етеді;
2) диспозициялық (автономиялық, үйлестірушілік, тепе-теңдік), мұны пайдаланған кезде өзара келісім негізінде субъектілер өз қалаулары бойынша құқықтар мен міндеттерді белгілейді, өзгертеді және тоқтатады. Құқықтың бастаулары деп материалдық тұрғыда қоғам өмірінің материалдық жағдайлары, ғылыми тұрғыда - осы уақытқа дейін сақталып келген, заңдық нормалардан тұратын тарихи құжаттар ұғынылады. Шартты-заңдық тұрғыда бұл құқық, нормаларын білдірудің сыртқы формасы. Құқық нормалары ретінде: құқықтық әдет-ғұрыптар, заңдық прецедент, нормалық келісім-шарт, нормативтік құқықтық актілер ерекшеленеді. Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз - мемлекетпен рұқсат етілген және қамтамасыз етілген әдет-ғұрыптар. Заңдық прецедент - мемлекеттің нақтылы мәселе бойынша, осыған ұқсас мәселелер бойынша одан кейінгі шешімдер үшін үлгі болған және құқық нормасы ретінде мойындалған шешімі. Нормативтік келісім-шарт- нормативтік құқықтық актілердің ерекше бір түрі, ол екі жақтың келісімге келуі нәтижесінде құқықтық норма мазмұнына ие болады. Нормативтік құқықтық акт - құқық, нормалары мазмұнына ие, тиісті мемлекеттік органның құжаты. Нормативтік құқықтық актілер заңдылықты және заңға бағынышты болып ішінара екіге бөлінеді.
Заң - заң шығарушы биліктің ең жоғарғы органы (парламент) немесе халық (референдум) қабылдаған, аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғары заң күшіне ие, нормативтік құқықтық акт. Заңдылықты актілерге Конституция, конституциялық заң, кодекс, заң, заң күші бар президент жарлығы, және басқа жоғары заң күшіне ие және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер жатады. Заңға қарасты актілерге заңдылықты актілерді жүзеге асыру үшін жағдай жасау мақсатындағы толықтырушы және нақтылаушы нормативтік құқықтық актілер жатады. Мысалға, президент жарлықтары, үкімет қаулылары, министрлік пен водомостволардың бұйрықтары мен өкімдері. Барлық заңға қарасты актілер заңдылықты актілерде көзделген құқықтар мен міндеттерге қатысты, бірінші кезекте Конституцияға қатысты, кең ауқымды немесе шектелген күйде түсіндірілуге және қолданылуға тиісті емес деген бағытта, заңдылықты актілерге сәйкес болуы қажет.
Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі - нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты (құқықтық институт) және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты - бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Мысалға, азаматтық құқықта - сыйға тарту, сатып алу-сату институты, конституциялық құқықта - азаматтық институты. Құқық саласы - бір-бірінен құқықтық реттеудің заты және әдісімен ерекшеленетін бірыңғай құқықтық қатынастарды реттеуші құқық нормаларының жиынтығы. Құқықтық реттеудің заты - реттеу қажеттілігі белгілі бір тарихи мезеттегі қоғамдық сұраныстармен негізделген бірыңғай сапалы қоғамдық қатынастардың бір бөлігі. Құқықтық реттеу әдістері - олардың көмегі арқылы негізделген қоғамдық қатынастарды реттеу жүзеге асырылатын амал-тәсілдердің жиынтығы. Ол тікелей қоғамдық қатынастарды, құқықтық және ұйымдық қатынастарды реттейтін процессуалдық нормаларды қамтитын құқықтың материалдық салаларын білдіреді. Қазіргі кезеңдегі құқықтың негізгі материалдық салаларына: конституциялық құқық, қылмыстық құқық, еңбек құқығы, отбасылық құқық, жер құқығы, экологиялық құқық, кедендік құқық жатады. Процессуалдық салаларға: азаматтық-процессуалдық құқық, қылмыстық-процессуалдық құқық, әкімшілік-процессуалдық құқық жатады. Бұл аталған барлық нормалар сол немесе басқа мемлекеттің ұлттық жүйесін құрайды. Құқықтың ерекше саласы ретінде халықаралық құқық айқындалады, өйткені, оның негізгі субъектілері мемлекет пен халықаралық ұйымдар болып табылатындықтан, ол ұлттық құқық жүйесіне енбейді. Қазіргі заманғы халықаралық құқық, нормалары шарттық және императивтік сипатқа ие және халықаралық келісім-шарттарда, халықаралық әдет-ғұрыптарда және халықаралық ұйымдардың резолюцияларында айшықталады.
Құқық нормасы - мемлекетпен рұқсат етілген немесе белгіленген, жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыру барысындағы міндетті немесе мүмкін құрал ретінде шартты түрде бекітілген жалпыға бірдей міндетті мінез-құлықтардың ережелері. Құқық пен құқық нормасы тұтастай және жартылай өзара қатысты. Құқық нормасының құрылымы - гипотеза, диспозиция, санкция. Гипотеза - аталған норма әрекетке түсетін мән-жайлар. Диспозиция - тікелей мінез-құлық ережелері. Санкция - нақтылы диспозицияны орындағаны немесе орындамағаны үшін қолданылатын жазалау немесе көтермелеу шараларының түрі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz